Эстафета: сыйлығымның сықпыты

Daniar-Alan , ұялдырдың-ау адамды!

Барша жұртқа бір секірет айтайын, шейір жасап жүрмеңдер тек: оу бастан сыйлық беріп, сыйлық алу дегенге нәрсеге жоқ адам екенмін ғой. Берген сыйлықтарымның бәрі туған күн, мереке кезіндегі формальды сыйлықтар екен. Себебі де жоқ емес: сыйлықты бергеннен бұрын, таңдауда қиналамын. Мәселе сыйлықтың бағасында емес, шын көңілмен бергеніңде дегенді көп естимін. Бірақ бар ғой, тым арзан емес пе екен, ұнамай қалса ше, ондай заты бар болып шықса ыңғайсыз болып қалатын шығар деген сияқты ойлар жеп қояды да. Сөйтіп уайымдап алған сыйлықты қайбір жетіскен шын көңілмен береді дейсің, осы постты жазып отырған бейбақтарың
Рас, мен соншалықты қатты да емеспін. Заттай сыйлықтан гөрі, көбінесе гүл () сыйлаған екенмін.
Кішкене кезімде балабақшаға барған жоқпын. Үйде жүріп өстік қой. Әке-шешем — сапқоздың жұмысында. Көктем кезінде шешемнің бригадасы ауылдың шетіндегі жылыжайларда темекінің көшетін дайындайтын. Ол жер үйден алыс та емес. Сондай кезде жұмысына іздеп баратынмын. Жол-жөнекей қызғалдақ, сарғалдақ, тағы бір көк гүл бар, атын білмеймін, опшым, сондай гүлдерді теріп апарып, бүкіл бригаданың әйелдеріне таратып беруші едім

Опшым, бар жентелмендігім осымен тәмам болған сыңайлы. Ұят болғанда, әйеліме әлі күнге дейін бір сыйлық алып бермегенім есіме түсіп отыр, даЧы. Ұят-ай!

Эстафетаны bazuka ханымға ұсынсам деймін.
Әрі қарай

Эстафета: Сыйлығымның сықпыты

Дәл қазір «сыйлықтар сезоны» болғандықтан, актуалдылығы бар тақырып деген ойдамын. Бұл эстафетада қабылданған/қабылданбаған, бірақ кейіннен өзіңнің күлкіңді келтіретін, мүмкін болса өз қолыңмен жасалған сыйлықтарыңыз һақында қалам тербесеңіздер деген өтінішім бар. Мүмкін жаңа жылға бір жақын адамына ерекше сый дайындағысы келіп жүрген біреу-міреу осы жерден идея тауып қалар…
Сонымен… ал кеттік..


Сүгірет

6-сынып болуы керек. 8-наурыз. Ол кезде мамамнан басқа әйел затын мойындамайтын кезім. Сыйлық жасағым келді. Жасымнан ақша жинай алмаймын. Сондықтан да қалтам бос. Қолдан сыйлық жасамасам…
Қолда бар заттардан тек қалам мен ақ қағаз ғана бар. Өлең шығарам деп біраз әурелендім. Алайда, тіпті 6-сынып оқушысының өзі ырза болмайтын өлең-сымақ шадыр-шұтпақ шықты. Қоя салдым сол жерден. Сәл ойланып, мамамның студент кезде түскен әдемі бір суретін алып, соны сала бастадым. Ұқсамады. Сосын, мына ойына келгенін істей салатын (көбіне кейіннен опық жейтін) басқа бір ой сап ете қалды ғой… Суреттің астына қағазды қойып суреттің бетіне қаламмен сызып шықтым. Із қалдыру үшін. Із түскеніне түсті ау… Бірақ… Мына бас суреттің құртылуын ойламапты.
Кешке мама келгенде бердім енді суретін. Әрине қуанды. Анау сурет қоқыс жәшігіне кетті амалсыз

Кактус

2 курс. Тағы сол 8-наурыз. Бұл жолы қызыма сыйлық жасау керек болды. Оған көөп ойланып жүріп не сыйлады деп ойлайсыздар?!.. Дұрыс! Кактус. Кактус болғанда да жәй кактус емес, ақ кактус, бетінде қызыл гүлдері бар. Ал, 2003-жылдары ондай кактусты Шымкентте табу қиын болатын.
Алды. Рахметін айтты. Бірақ кейіін, 2-3 айдан кейін айтады: — Ана құрбымның жігіті алтын жүзік сыйлады, ана құрбымның жігіті телефон сыйлады… Ал менің жігітім… Кактус…
Айттым енді… былай… типі өлмейтін гүл, өлмейтін махаббат деп келтіріп ))))))

Қобдиша

2007-08 жылдар ау деймін… Тағы сол 8-наурыз. Әлі студентпін. Сырттай оқимын. Жұмыс істеймін. Ақша бар енді… Бірақ өз қолыммен бірнәрсе жасағым келді. Жұмысым жарнама агенттігінде тұғын. Құрал сайманның, қажетті материалдың бәрі бар. ПВХ-дан қосылған екі жүрек формасындағы қобдиша істеп, қызылмен боядым. Жүрегім жүрек емес, жел шығаратын жерге ұқсап кетті енді былай )) Бірақ, түсінеді деп ойладым.
Кешке алып барып бердім. Ол рахметін айтты. Со «күчтііі» деген сөздер. Бірақ…
Құрбысымен жақсы араласатынмын. Сол абайсызда айтып қалды, қобдишам қоқыс жәшігіне тоғытылыпты ))
Ол қыз да алдыңғы посттағы қыздың кебін киді амал жоқ. Тойыс, ляхтырылды… Менім қобдишам секілді ))
Содан бері өз қолыммен сыйлық жасамаймын, және сыйлықты көбінесе қаржылай ғана беремін. Тіпті гүл де сыйламаймын ешкімге. Уоотт…

Эстафета басталды Ханымдар мен оның жанында жататындар! Бұтақ omarbirat -та!
Әрі қарай

Тепси кебап

Естеріңізде болса, былтыр Теріскей амиго маған эстафета таяғын ұсынған еді. Содан бері дені дұрыс бірдеңе жариялаудың еш ыңғайы болмады да, бір жылға жуық уақыт өтіп кетіпті. Опшым, кеш те болса, үрдісті жаңғыртып жіберсек

Ұсынайын деп отырғаным — тепси кебап деген түріктердің тамағы. Ескі офисте әбет уақытында күнделікті түскі ас ішіп жүрген түріктердің асханасында осыны алып жеп тұрушы едім. Енді өзім де бірдеңе қылып үйреніп алдым. Үйдегі ас мәзіріне алуандық қосу үшін жақсы ма деп қалдым.

Әрі қарай

Блиц-сұхбат - Аршат Оразов

Сонымен, Аршат Оразов



— Өзіңнің диплом алған мамандығың бойынша, жұмыс ұсынылса, барар ма едің?
— Барар едім. Әлі күнге дейін үмітім бар бір күні туризм саласында жұмыс істеймін ау деген.

— Футбол жанкүйерлері (шын жанкүйерлері) натурасында консерваторлар дегенмен келісесің бе?
— Келісемін, қалыптасқан дәстүрді ұнататын халық футбол фанаттары.

— Ойыңдағы бір арман орындалатынына (мәселен, өлген адамның тіріліп келуі т.с.с.) 100 пайыз кепілдік болса, отбасыңды құрбан ете аласың ба?
— Жоқ, құрбан ете алмаймын. Жалпы, мистикаға сенбеймін. Сондықтан болар, діннің кей нүктелерін қабылдай алмай, логикаға беріліп кететінім.

— Футбол командасын жинайын деватқан жоқсың ба?
— Арманымда бар бір футбол командасын құру. Атлетико Бильбао моделінде болса мысалы. бірақ, бұл тек арман әрине.

— Жоқ, соңғы сұрағым балаларыңның санына қатысты айтылған еді, негізі


Сүйікті әні:
Әрі қарай

Блиц-сұхбат - Сатыбалды

Сұрақ қоюшы юзверь: salta .

— қолыңыздағы сағаттың маркасы қандай?

— Осы «Сәуе» деген сөз бар ма екен қазақта, болса — не мағына береді екен деп ойлайм мен. Ал «гей» дегеннің мағынасын түсіндік қой кейін шоубиздің арқасында.
Жалпы, қолында сағаты бар, ендеше — пиджагы да бар, шешемебельді рестораннан ғана тамақтанатын респектабелді мұжық елестеткеніңіз үшін нақметтен басқа айтарым жоқ. Дегенмен, сағатты жұрттан сұрамсақтанып, кейде ерінбей вокзалдан қарап қайтып жүрген кездерім болды,
Әрі қарай

МАҒАН НЕ ҰНАП, НЕ ҰНАМАЙДЫ...

ҰНАЙДЫ:
Суда жүзу;
— Форель шаруашылығындағы түрлі балықтар;
— Қазіргі қазақ поэзиясынан Н.Бердалының әр түрлі тақырыптағы өлеңдері;
— М.Түсіпбаева оқитын Н.Бердаланың «Тағы бір күн»монологы";
Редакцияға келетін оқырмандардың (өз қолдарымен жазылған) пошта арқылы жіберген түрлі тақырыптағы хаттары, оларға жауап қайтару;
Коллективтің жиындары;
— Кеш ұйықтау, ұйқыдан күліп ояну;
Сергек кездегі жұмыс, таңертең немесе түнде
— Тып-тыныш кезде жазылған мақала;
— Тап-таза ауа. Көрікті аула. Табиғаттың тылсым сырлары;
— Әдемі сурет көру немесе әсерлі шығарма оқу;
Классикалық туындылар;
— М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы, Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» туындысы, Шекспирдің сонеттері, М.Гумеровтің «Құпия дәптер» шығармасы, Джонатан Свифттің «Путешествия Гулливера» атты кітабы;
— Кенеттен келген жақсы идеялар;
Тосын сый;
— Күтпеген кездесу;
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: Dinara

Динара Талдыбаева — Dinara

6 қазан 1983 жылы Түркістан қаласында, көп балалы отбасыда туылған.
2000 жылы сол Түркістандағы ХҚТУ-не халықаралық қатынастар мамандығына оқуға түскен.
Қазіргі уақытта Түркияда Анкара қаласында магистратурада оқып жатыр, сол мамандық бойынша.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Қазіргі керекке Аршаттың шақыруымен келдім. Боямасыз қазақи жастардың ортасын тапқаныма қуаныштымын, келгендегі мақсатым да сол, замандастарым не ойлайды, оларды нендей мәселелер толғандырады екен деген ой еді :) Барлығы да сен тұр мен атайын деп тұрған тұлғалар екен, оларды біріктіріп отырған осындай орта болғанына қуанамын.
Әрі қарай

Ең алғашқы тамағым.


Ең алғаш тамақ істегенім 7 сыныпта болатын. Алдын мамам жас, өзі істеп қоятын немесе әжем де бақуат кісі еді, кейде сол әжем жасай салатын. Сол жылы әжем қайтыс болып, анашым қатты сырқаттанып қалған себеп, үй тірлігі өзіме қалды. Сонымен, тамақ істеу керек болды. Макарон қуырайын деген ой келді
Әрі қарай

Ең...Ең...Еңңңңңң Қисық

«Еңнің» ыңыршағы шықпай тұрғанда жазып тастау дұрыс қоғҰә?

Ең бірінші және ең ұзақ ұстаған телефоным 2004 жылдың жазында әпкем алып берген Samsung N620 трубкасы. Жарықтыққа «Ауған соғысының» ардагері атағын беруге болатын, себебі көрмеген құқайы жоқ-ты. Тілерсегі тілерсегіне соғылып, тілі салақтап, көзі айналып, «көн шалбары көтіне қатқан» (батырлар жырынан) сол «соткам» осы жылы жазда «жығылып» тынды. Онда да «батарейкасы» істен шығыпты, ауыстырайық десек, «бұл телефонның өзін де, қосымша құрыл-жабдықтарын да өндірістен шығарып тастаған» деді.
Әрі қарай

Гастарбайтердің ең көп күткен айлығы

20-21 жаста едім.

Өзімді престижді универститеттің түлегі сезініп, кез-келген жұмыс менің келуіме қос аяғын көтере қуанатын шығар дегем. Басында сондай көрінді. Соған масаттанып, ананы таңдаймын, мынаны таңдаймын деп жүргенде, ақшам таусылып қалды.
Таныс емес камоктан қарызға 800 теңге ақша алдым (тамаққа, жолға). ЕРтең бір шабашка ұрып тастап қайтарып берем деп, залогқа диплом, удостоверение (лох-ай десейш), аттестат (оның не қатысы бар еді), РНН, СИК бәрі салынған папкіні тастап кеттім.
Әрі қарай

Гастарбайтердің алғашқы жұмыс орындары

30 минут уақытым бар, ойлануға уақыт жоқ, сондықтан қарғап-сілемеңдер бір бірлеп жазам.

Ең алғашқы бір күндік табысым:
400 теңге. 16 жастамын шамамен. Ақшадан тарығып, бір жездемнің мебель өңдеу зауытына барып, парталарды жинауға помошник боп тұрдым. Бір шуруп екі теңге. 3 сағат ішінде 200 шуруп бұраған болып тұрмын ғой сонда. Неге жұмсағаным есімде жоқ. Досыма телефон соғып мақтанғаным есімде.
Әрі қарай

Ең,ең,ең...Әбіләкім

Ең ессіз әрекетім — жұмыстас біреудің өтінішімен Астанаға (2007ж.) 500 000 теңгені жұқа күртешемнің қалтасына салып апару. Бұл жеердегі ессіздік, сол ақшаны Астанадағы соттың ішіне кіріп (үш бидің ескерткіші тұрған сот қалай аталады?) бір судьяға беруім. «Не үшін бердім?», «басым пәлеге қалмай ма?» деген ойлар миыма кірмепті сол кезде, жұмыстан үш күнге босатқанға мәзбін.

Ең бірінші басқарған тойым- шамалы адам жиылған құдалық (туған күн, анау-мынауды есептемегенде).Қарағандыдағы бір мектептің асханасында болып еді.

Ең бірінші рет трактормен жалғыз сапарым- 3-ші класта оқитын кезім. Үлкендер оталдырып берді. 30 км шамасы жердегі екінші жайлаудағыларға бардым. Трактордың шөп шабатын косилкасы және бар.
Әрі қарай

Ұнатамын/Ұнатпаймын

Ұнайды:
Кеш жатып, ертеңінде сағат он екіге дейін ұйықтау, жаңбырлы күні ешқайда шықпау, жақсы бір корей сериалының қызығына кіріп, күні бойы соны қарап тастау, жақсы бір тақырып тауып, блогқа жазба жазу, «бір адамның» қалжыңдары, жалпы суырып-салма қалжыңдайтын адамдар, отырыстарда гитарада, домбырада романтикалық әндерді тыңдау, өзімнің таңертең боянып шыққандағы түрім, ақылды, терең адамдармен әңгімелесу, адамдардың кішіпейілділігі, мейірімділігі, жұмыстан қарның ашып келгенде мамамның дәмді тағам жасап қоятындығы, бір әнді ұнатып қалып, соны мың рет тыңдау, істелген жұмысымнан ләззат алу, Сатыбалды.

Ұнамайды:
Аяқ астынан топас бола қалатын адамдар, жмоттар, өркөкіректер, бай адамдар (олардың жанында өзімді некомфортно сезінемін), мәдениетсіздік, мәмбеттер, асфальтқа түкіретіндер, кондукторлар, таңертеңгі қара суық, әділетсіздік, жаныңа кіруге құмар адамдар, мақтаншақтар, көп білгішсінетіндер, қыздардың мәселесін шешуге құмар жігіттер, мүлде кітап бетін ашпайтындар, агентке қате жазатындар, сонымен қатар агентте күнде «сәлем», "қал қалай" деп жаза беретіндер, қашан тұрмысқа шығасың деген сұрақтар, бой-бітімімді сөз қылатындар, мияу-қыздар, біреумен ұрсып қалып, келіп жалоб жасап, біраздан соң сонымен қайта шүйіркелесіп отыратын қыздар (оның алдында маған келіп не үшін жалоб жасадың?), өте түзу адамдар, "қазіргі жастар, қазіргі адамдар" деп сөйлейтіндер, мини юбка кисе бітті — бұзылған деп қорытынды жасайтын адамдар, радикал діншілдер.
Әрі қарай

Біз қандаймыз? Еріккен ойлар

Asaubota қолыма эстафета таяқшасын ұстатқан екен (айтпақшы, рахмет, аға!). Жалғастырайын.
Ұнайды:Алматы, Көктөбе, түнгі Алматы, Баунти, джинси, қолөнер бұйымдары, табиғат аясындағы кездесулер, құрбыларыммен кездесіп әңгімелесу, жаныма жақын жандардың жазған СМС хаттарын, қолжазбаларын жинау, комедия жанрындағы фильмдер, театрға бару, жұлдыздарға қарап жатып ұйықтап кету, тапшада отырып шәй ішу, Сәкен Майғазиев пен Юрий Аскаров:-)
Ұнамайды:Астана (суық болғандықтан), қыс мезгілі, лимон, өмірдің тез сырғып өтіп жатқаны, достардың сиреп жатқаны, сол бір жанның қазір алыста жүргені, Ақтауға көшу керектігім, өтірікшілер мен аферистер, жауапкершілікті сезінбейтін адамдар.

Эстафетаны жалғастыруға Nurgisa-ға ұсынамын.
Әрі қарай