Arular.kz


САЙТ ӘКІМШІЛІГІ КЕЗ КЕЛГЕН ҚОЛДАНУШЫ ОСЫНДА ЖАЗЫЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕРМЕН АЛДЫН АЛА ТАНЫСЫП АЛДЫ ДЕГЕН ҰСТАНЫМДА!


Зияткерлік меншік иелеріне!
Қадағалаушы органдар мен ақпараттық-сараптамалық орталықтардың өкілдеріне!
Қолданушыларға




Зияткерлік меншік иелеріне!

Қарақшылық оқиғаларыЕгер cіз осы сайтта:
- заңсыз жолмен алынған немесе көбейтілген, ағымдағы "Зияткерлік меншік туралы" Заңның, Қылмыстық немесе Азаматтық Кодекстің, Әкімшілік құқық бұзу туралы Заңның қандай да бір бабын немесе тармақтарын бұзатын;
- Creative Commons қызметімен қорғалғанымен, көшірілгені туралы иесі ескертусіз қалдырылған
жазба, мақала, әуен, видео, фотография және т.б. мультимедиалық контент тұрғанын білсеңіз - дереу хабарласыңыз.
Ескерту! Хабарласар алдында өзіңіздің зияткерлік меншік иесі екеніңізді немесе оның атынан іс жүргізуге өкілетті екеніңізді нақтылайтын дәлелдер керек екенін ұмытпаңыз. Электронды пошта, SMS, мессенджер арқылы жіберілген өтініштер есепке алынбайды! Бұған қоса, сайттар арасындағы бақталастықта - сайтты жаптыру үшін қолданушылар тарапынан әдейі заңсыз мультимедиалық мазмұн орнату практикасы барын еске саламыз.
мазмұнына кері қарай




Қадағалаушы органдар мен ақпараттық-сараптамалық орталықтардың өкілдеріне!

Қадағалаушы органдарғаСайтта жазылған пікірлер мен жазбалардағы көзқарастар Сайт әкімшілігінің көзқарасы болып табылмайды. Егер қандай да заңға немесе заңналмалық актке қайшы деп тапқан контент көрсеңіз, сайт әкімшілігіне хабарласып, жоюға болады.
Ескерту! Хабарласар алдында өзіңіздің cәйкесінше органның өкілетті өкілі екеніңізді нақтылайтын дәлелдер келтіруді ұмытпаңыз.Электронды пошта, SMS, мессенджер арқылы жіберілген өтініштер есепке алынбайды! Бұған қоса, сайттар арасындағы бақталастықта, сайтты жаптыру үшін қолданушылар тарапынан әдейі заңсыз пікір немесе жазба орнату практикасы барын еске саламыз.
мазмұнына кері қарай




Қолданушылар

Қолданушыларға1. Әкімшілік өз қолданушыларын сайттың ең қымбат, ең құнды мазмұны деп біледі. Оларға шарасыздықтан жасалатын қудалау, шектеу, жазбаларын жою сияқты санкцияларды тек қана елдегі Заңдардың бұзылуын алдын алу деп ұғу керек. Егер жер бетінде тіпті шектеуі жоқ сайт ұстау мүмкіндігі бар болса, оны басқалардан бұрын ең алдымен біздер іздеп жүр деп түсініңіз. Сайтымыз өз қолданушыларынсыз ештеңеге де тұрмайды.

2. Сайт әкімшілігі қандай да бір жаза үшін шешімді біржақты қабылдайтынын ескертеді. Шешім қабылдау,оның негіздемесі - ешқандай пікірталас, дауысқа салу елегінен өтпейді, сайт әкімшілігімен өз бетінше қабылданады. Бірақ сондай жәйт туралы пост ашып, талқылауға әрдайым ашықпыз. "Бәленшені неге банға жібердіңдер?" деген тақырыптағы талқылау сайттағы салмақты қоғамдық пікірге айналса - әкімшілік өз әрекетін мейлінше түсіндіріп, қажет жағдайда - қатесін мойындап, кешірім сұрауға да әзір.

3. Әкімшілік қолданушыға сайттағы әрекеттерден және ақпараттардан тікелей немесе жанама келген (мысалы, сайттағы ақпаратқа сеніп әрекет ету) материалдық-моралдық зиянды өтемейді, және ондай сұрақтың туындауы да мүмкін емес деп есептейді.Біздер "әркімнің өз басы бар" деген ұстанымдамыз.

4.Сайт әкімшілігі қолданушылар арасында туындаған дауларға ресми орындарда куәлік етпейді, хаттама мен көшірмелер жасамайды және бермейді.

Тағы да ескерту: Шарасыздықтан жасалатын қудалау, шектеу, жазбаларын жою сияқты санкцияларды тек қана елдегі Заңдардың бұзылуын алдын алу деп ұғу керек. Нәзік келетін: саяси, діни, мемлекеттік құрылым, ар-ождан, рушылдық, нәсілшілдік,жүзге бөліну, жерлестік, балағат, боқтық, жыныстық кемсіту, т.с.с. жазбалар мен пікірлерде әкімшілік мейлінше сарказм мен шаржды, әзіл,әжуа, параллельдер, меңзеу мен аллюзияларды, т.с.с. әдеби тәсілдерді - шынайы мәлімдемелерден айыруға тырысып бағады, және олай жасауға орташа есеппен білім алған азаматтар ретінде өздерін өкілетті деп есептейді.
мазмұнына кері қарай




© Аршат Оразов, Сатыбалды Кербабаев, 2012 жыл. Ережелерді көшіруге қатаң тиым салынған.