Ең,ең,ең...Әбіләкім

Ең ессіз әрекетім — жұмыстас біреудің өтінішімен Астанаға (2007ж.) 500 000 теңгені жұқа күртешемнің қалтасына салып апару. Бұл жеердегі ессіздік, сол ақшаны Астанадағы соттың ішіне кіріп (үш бидің ескерткіші тұрған сот қалай аталады?) бір судьяға беруім. «Не үшін бердім?», «басым пәлеге қалмай ма?» деген ойлар миыма кірмепті сол кезде, жұмыстан үш күнге босатқанға мәзбін.

Ең бірінші басқарған тойым- шамалы адам жиылған құдалық (туған күн, анау-мынауды есептемегенде).Қарағандыдағы бір мектептің асханасында болып еді.

Ең бірінші рет трактормен жалғыз сапарым- 3-ші класта оқитын кезім. Үлкендер оталдырып берді. 30 км шамасы жердегі екінші жайлаудағыларға бардым. Трактордың шөп шабатын косилкасы және бар.

Бәйгеге шауып жүргенде ұтып алған ең үлкен жүлдем-үш аяқты «Урал» мотоциклі. 1997 ж. Оған дейін кілем жабылған ат дегендей сыйлықтар болатын. ол кезде машина тігу деген болмаған біз жақтарда.

Ең бірінші тепкен екі аяқты мотоциклім — «Минск» мотоциклі. 1997ж. алып берді.

Ең бірінші айлығым -15 мың теңге.

Ең тозбаған киімім — мектеп бітіргенде алған ақ көйлегім.Сапасы мықты көйлек екен. Биылға дейін кидім.Әлде, ақ көйлек көп киілмейді ме,әйтеуір әлі үйде,әлі киетін шығармын. Сол кезде көйлек маған үлкендеу болған -ау сірә…
Бөлісу:

46 пікір

omarbirat
үш аяқты «Урал» мотоциклі
демекші. 1990 жылы ауылдың жанында бір слет болды. Сонда лотереядан «Урал» матасекілін ұтып алған мұжық қуанғанынан талып қалған.
a63a1
Ең бірінші айлығым -15 мың теңге.
қай жылы?
sammita
менің алғашқы зарпым 9 мың еді.
Abilakim
қай жылы? Негізі қазір аз көрінгенмен сол кезде сол ақша қыдыруыма былллай жететін.
sammita
аха құны бар еді, 1999 жылы. Ал 2004-те сол 15 мың шамасында болды.
a63a1
менікі 80 мың болған, қалай ә?
Abilakim
онда сен ақшаның құнын білмейсің десем,ә))))
sammita
біз тоғыз мыңды ұстап жүргенде, сен Бубли гумға тиын сұрап жүрген шығарсың мамаңнан)
a63a1
 мен нақты еңбек жолымды 2008 дің тамызынан бастадым
sammita
уот әңгімені содан баста балақай, 80 мыңмен құтырмай
a63a1
ол да көпке созылмады кризис жайпап, фирманы мужіп, мені лактырып кетті
omarbirat
Ең бірінші еңбекпен тапқан ақшам — 500 теңге.
Айлығым — 10 мың теңге шамасында болды.
Ең аз алған айлығым — 2 теңге. «Сдельник» болсаң, осындайды да көз көреді екен.
sammita
ана ессіз әрекетіңе өзімдікі есіме түсіп дірр еттім)
Ал ең тозбаған аяқ киімім 2003-те алғам, әлі бар биыл да кием аман болсам
Замша етік күшті, сапалы.
AKY
аяқ киім шақ келмейді маған 2 сезоннан артық киіп көрмеппін.
Abilakim
Мен өкшесін бір айға жетпей жұқартып жіберем. сосын «солдатский» өкше қаққызып алам
AKY
 сусып түскен көк-ала қағаз
sammita
 (басқа, соны жазу кк)
AKY
Одан да сорақысы бар? Парашалар өңшең
AKY
ең бірінші айлығым — 40000 тг, 3 курста ауылымды компутірге үйретіп тапқан ақшам. Туыстарыма по блату сертификат бергем
satibaldi
Ағартушылығыңдысс
AKY
Ағартушылық мұнымен біткен жоқ негізі. 4-курста бір оқыту орталығында корел мен потошоптан курстар жүргізгем. «Дизайнер болам» деп менен оқып кеткен «шәкіртімнің» 104 маршрутта кондуктор болып жүргенін көргенде шығарға есік таппай қалғам.
balzaminka
уақытша жүрген шығар  көместесіп пе
omarbirat
туған күн, анау-мынауды есептемегенде
дегеніңе қарағанда, ең бірінші ақшаға жүргізген тойың ба?
Abilakim
аха, 5000 алдым ғой деймін
Gastarbaiter
Балалық шағың қызық болған сияқты.
Abilakim
Ауыр балалықты өткердім дей алмаймын. Бірақ, жұрт қатарлы футбол ойнап, басқа да көп болып ойнайтын ойындарды ойнамадым. Каникул бола бергенде жайлауға ап кететін.Қыста да, жазда да
sammita
Қарағандының алыыыыыс қойшы ауылдарына ұрланған не іздеушісі жоқ адамдарды жұмысқа салады дейді ия? Үлкен облыс қой, іздеу қиын шығар(
Abilakim
көп қой ондайлар.
a63a1
менің нағашы атамның Иван, Костя деген орыстары болған, жарықтықтар суырдың етін жеп жүре беруші еді. Аштықтан емес. Суырды қуырып отырғанда сілекейінің суы құритын
a63a1
сілекейімнің)))
abdi111
Ең тозбаған киімім Мәйкі)2 жыл кидім арасында 1-2 айда моншаға түскенде тауып аласын десем иә
a63a1
Менің ең тозбаған кйімім распашонкам, сап сары болып кеткен екен
sammita
неден?
a63a1
білмимғой, кім айтты саған ақ мата сарғаймайды деп
Abilakim
Айтпақшы, ең алғашқы рет мұртымды әскерге кетіп бара жатып пойызда қырдым. Біртүрлі сезім екен. Қырылған тұстар өзімдікі емес тәрізденіп кетті
Aigolek
мурт бар суретинди корсетч?
Abilakim
қап-қара түрік мұрт емес сарғыш балапан мұрт еді ғой ол. Былайша, екі күн қырынбасақ көзіміз жүннен көрінбей қалады
Aigolek
Арине сары болады. Кара муртты клондап осиресн ба. Сурет сурадым го негизи.
Abilakim
ондай суретім жоқ екен
sammita
«балапан шаш деген не?»
"қай жаққа өсерін білмей, желкілдеп өсіп келе жатқан шаш") кім еді осылай жауап берген))))
omarbirat
Ауылдағы үйде тұрған сервантта 2-3 наклейка бар. Біреуінде — бір ергежейлі шегірткені ат қылып мініп алған.
«SU», «Soviet Union» деген де наклейкалар болатын. Оны көбінесе «Газ-53», «Зил-130» айдайтын шопырлар маңдай терезесіне жапсырып алатыны есте қалыпты.
Кейін үтіктелетін наклейкалар да шықты ғой. Ондай наклейкалардың ең өтімдісі Брюс Ли болды ғой деймін. Ауылдағы екі баланың біреуінің ақ киімінде сондай наклейка болатын. Менің де сабаққа киіп баратын ақ жейдемнің арқасында біреуі бар еді.
omarbirat
Басқа тақырыпқа жариялап жіберіппін. Қуды деген осы