Astana.Live - жаңа блог-платформа

BlogCamp: Astana.Live - жаңа блог-платформа

Қазақ блогосферасына жаңа блог-платформа қосылды — Astana.Live

Astana.Live — Астаналық блогерлерге арналған блог-платформа.

Түрлі тақырып, айдарларда Астана қаласындағы жаңалықтар, мақалалар, афишалар, мультимедиа (фото, видео, аудио) жарияланады.

Кез келген пост түріне сауалнама қосуға болады және тіпті 1 сауалнама емес, бірнеше.

Қолданушылар барлық посттарға пікір жаза алады. Пікір жазу үшін тіркелу қажет.

Қолданушылар әр постқа баға бере алады. Үздік посттар, яғни 8+ алғандар автоматты түрде алғашқы бетке шығады.

Бір постты бірнеше айдарға салуға болады. Ол үшін алдымен өзне қажет айдарларға (блогтарға) қосылу керек.

Жеке немесе корпоративтік блог ашуға болады. Яғни Астанадағы мекемелер өз жаңалықтарын өз блогтарына жариялай алады.

Астаналық блогерлерге түрлі конкурстар ұсынылатын болады. Белсенді блогерлер сыйлықтармен марапатталады.
Әрі қарай

Блогқұрылтай: жаңа жоспар

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Алтыншы құрылтай да аяқталды.
Қарап тұрсаң, тәулік сайын ауысып, апта сайын түрленіп тұратын қазіргі заманда аз уақыт та емес. Ауыз толтырып айтатын жетістігіміз де жоқ. Сол, майда жеңіс(шік)тер. Ия, жастар көптеп тартылып жатыр, спикерлердің деңгейі өскен, құрылтайға министр келді… бірақ… жазбаның деңгейі өсті ме? Қай блогшы инфографиканы қатырып жасайды? Кім фотошедевр түсірді? Құдай ауу, видеоблогтың өзін күнделікті түсіріп жүрген адам таппайсың ғой..

,-деп жылап бастасаң постты :)
Кеше блог әлемінің ақсақалы бар, қарасақалы бар (Mikhael емес), Көкбөрісі бар ақылдастық. Отыра қалып биылға, келесі жылға жоспар құрып та тастадық. Келесі жылғы блогқұрылтайдың форматын да анықтап тастадық. Бұл мәселелерді негізі құрылтай кезінде (бәріміз бірігіп) айтылуы, талқылануы керек еді, алайда белгілі бір себептерге байланысты өтпеді. Сонымен…

ФОРМАТ

— Келесі жылы блогқұрылтай ақылы негізде өтеді.
Спонсорлар табамыз, қосымша қаржы табамыз, алайда символикалық болса да жарна төлеп келеді қатысушылар.
— Тек блогшылар ғана қатыстырылады.
Әлеуметтік желі мен интернет қолданушылардың жиылысы емес, блогшылардың шарасы болғандықтан, осы бастан блогқа тіркеліп жазба жазуды бастасаңыздар. Мүмкін шектеу де қоярмыз. Мәселен, блогыңызда кемі 20 жазба болуы тиіс деген секілді.
— Блогшылар арасында рейтинг жүреді.
Өзін-өзі мойындатқан блогшыларға артықшылықтар беріледі. Ол жарна төлемеу, жатын орынды ұйымдастырушылар көтеру, жол ақысын ұйымдастырушылар көтеру секілді тағы да басқа жеңілдіктер берілуі мүмкін.
— Үздіктер анықталады.
«Жыл блогері», «Жыл жаңалығы», "Үздік видеоблогер" секілді тағы да басқа номинациялар беріліп үздіктерді анықтап отырамыз.
— Қай өңірде өтетінін өзіміз анықтаймыз.
Әкімшіліктермен хабарласып, қай өңір қабылдауға дайын екені анықталған соң дауыс беру арқылы өңірді анықтаймыз. Әкімшілік спонсор емес, қолдаушы (орын, автобус т.б.) ретінде қатыстырылуы мүмкін.

Онан бөлек...
Блогкемп аясында тағы да 4 шара ұйымдастыруға тырысамыз.

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Шара Астана қаласында мамыр мейрамдары кезінде өтеді. Әзірге 8-9 мамыр деп отырмыз, бірақ датасы өзгеруі мүмкін. Аты айтып тұрғандай тақырыптар видеоға арналады. Ішіне: видеоблог, сценарий, жарық қою, ютюб баптаулары, монетизация секілді көптеген тақырыптар кіреді.
Шара ақылы. Суммасы 5000 теңгенің жобасында болуы мүмкін. Онан асырмауға тырысамыз. Қатысушылар шектеусіз (яғни тек блогшылар ғана қатысады деген шарт жоқ).

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Шара тамыз-шілде айларында Шымкент қаласында өтеді. Форматы былтырғы «Жазғы мектеп» секілді. Тақырып: мәтін. Яғни, мәтін жазу, тақырып қою, пост құрылымы, СММ тағы да басқа мәселелерге арналады.
Шара ақылы. Нақты сомасын қазір айта алмаймыз, бірақ 20-25 000 шамасында болады. Қатысушылар шектеулі. 50-60 адамнан аспауы тиіс. Бұл шараға да кез-келген адам қатыса алады. Тек қана блогшылар болсын деген шектеу жоқ.

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Шара Алматы қаласында қазан айында өтеді. Фото түсіру, ракурс, фото жанрлары, жарық таңдау тағы да басқа мәселелерге арналады. Шара ақылы. Шамамен 5000-10000 жобасында болады. Бұл шараға да кез-келген адам қатыса алады. Тек қана блогшылар болсын деген шектеу жоқ.

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Барлық шараның қорытындысы есебінде «Астана интернет форумы» өтеді. Бұл жерде тек қана блог емес, интернет мәселелері, ақпараттық қауіпсіздік, ІТ секілді көптеген мәселелерге арналады. Шара ақылы. Шамамен 5000-10000 жобасында болады. Бұл шараға да кез-келген адам қатыса алады. Тек қана блогшылар болсын деген шектеу жоқ.

Әзірге осы. Жаңалықтар болса хабарландырып тұрамыз ;)
Әрі қарай

Блогер деген кім, Блог-Құрылтай деген не?

BlogCamp: Блогер деген кім, Блог-Құрылтай деген не?

Таразда Блог-Құрылтай атымен өткен іс-шарадан кейін кей түсініктерді қайтадан қарау керек деген ойға келдім. Жиын өтті. Жақсы өтті. Бірақ, формат басқа, қатысушылар басқа, блогерлер аз. Неге бұлай болды, бізден қандай қателер кетті, енді не істейміз деместен бұрын алдымен негізгі терминдерді бір шолып шығайық.

БЛОГ
Адамның интернеттегі жеке күнделігі, түрлі тақырыптарда ойларын жазатын алаңы. Бұл алаңқай дербес стенделон домендегі блог немесе КерекИнфо, Массагет, Айтабер, Блогтайм, Wordpress.com, Blogspot, ЖЖ, Ювижн сияқты блог-платформаларда ашылған блог. Әлеуметтік желілердегі жеке апарақшалармен шатастыруға болмайды. Ол әр адамның виртуал әлемдегі паспорты. Ал, блог — күнделігі, дәптері.

БЛОГЕР
Алдыңғы пункттен түсінгеніңіздей Блогер — блог жүргізетін адам. Оны стилінен, никнеймінен, тақырыптарынан көпшілік онлайн немесе оффлайн танитын адам. Көбіне блогер бірнеше жерде емес, тек бір платформада жазады.

БЛОГГИНГ
Блог жүргізу, пікір жазу, блогосфера өміріне белсене қатысу.

БЛОГОСФЕРА
Блогерлердің тіршілік аймағы. Блогерлер ортасы. Блогерлер жиыны, түрлі іс-шаралары.

БЛОГКЕМП
Блогерлер жиналатын қала сыртындағы лагерь жиыны. Түрлі мастер-класстар және демалыс. Еркін форматта пікірталас. Негізгі мақсат — блогерлерді бір жерге жинап, һәм дәріс, һәм демалыс өткізу. Қатысу үшін жарна төленеді.

БЛОГ-ҚҰРЫЛТАЙ
Жылына бір рет өтетін кең көлемдегі жиын. Мақсат — танысу, білісу, тәжірибе алмасу, бірге қыдыру, қаламен танысу. Қатысу үшін жарна алынбайды, шығындары демеушілер тарапынан жабылады, сәйкесінше олардың да талаптары орындалады. Мысалы блог-турлар, экскурсиялар, пиар мақалалар, репортаждар арқылы.

БЛОГ-ТУР
Блогерлер арқылы жарнама жасауды көздейтін экскурсия түрі. Тапсырыс беруші жақтың талаптары бойынша блогерлер көрген білгендерін репортаж, сұхбат форматында жазады.

БЛОГИАДА
Берілген тақырыптар бойынша арнайы жүлде үшін жазылатын посттар жарысы.

Енді бастапқы тақырыпқа оралайық. Тараздағы Құрылтай Жамбыл облысы әкімдігінің демеушілігімен өтті, ұйымдастыру да олардың мойнында болды. Біз тек қонақ қатысушы ретінде бардық. Сондықтан қонақ «дастарханын» сынап кетуден аулақпыз. Тек блогерлікті өмір стилі ретінде ұстанатын топ ретінде негізгі түсініктердің өзгеруі, негізгі форматтан алшақтануы әлбетте жанымызға батты. Бұлай бұларын алдын ала білдік те. «Бұл кең көлемдегі соңғы құрылтай болуы мүмкін» деп жаздым да. Бірақ, бардық, көрдік, өз ортамызда жиналдық, өз құрылтайымызды да өткіздік. Бұл тұрғыда өте жақсы жиын болды. Көптен көрмеген достармен бас қостық, тәжірибе бөлістік, білмегенімізді үйрендік, бірге қыдырдық. Біздің негізгі мақсат та осы еді.

Жанымыз ашитыны — блогерліктің сөз ретінде де, іс ретінде де қадірі кете бастағаны. Ойлап қарасақ шын Құрылтай 2011, 2012 жылдары Алматы мен Астанада ғана өтіпті. Блогерлік те осы жылдардан кейін ұйқыға кете бастады. Басты себеп ретінде әлеуметтік желілердің танымал бола бастауын айтамыз. Сол жылдары Твиттерге тіркеле бастаған саясаткер, қоғам қайраткерлеріне блогер аты беріле бастауы осы үрдістің басы болды. Блогосфераны жандандыру мақсатында 2014, 2015 жылдары Блогиада жарысы өткізілді. Бірақ, бұл да тек уақытша нәтиже берді. Жарыстан соң қайтадан сылбырлық басталды. Керісінше адамдар тек ақшалай мотивация болмаса жазғысы келмейтіндей болып қалғандай болды.

Бірақ, бәрі өз қолымызда. Блогосфераны қайтадан тірілту үшін бір әрекеттер жасауымыз керек. Ең алдымен мына постта жазған негізгі түсініктерді өз орындарына қойып, әр нәрсені өз атымен атау керек. Блогерлікті қайтадан тренд, престиж ұғым қылуымыз қажет. Блогерлік өлді, бұрынғылар енді жазбайды, қазір жазатындар жастар деген оймен келіспеймін. Керісінше блогерлік 30 жастан кейін басталады деп ойлаймын. Адамның ойы да, тәжірибесі де қалыптасқан кез. Нағыз сапалы мақала, тұшымды ой жазатын кез. Ендеше не тұрыс? Кеттік, блогтарымызды қайтадан қолға алайық!
Әрі қарай

"Астана интернет форумы - 2015": Ақпараттық қауіпсіздік

BlogCamp: Астана интернет форумы - 2015: Ақпараттық қауіпсіздік

2015 жылғы 4 желтоқсанда Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде ІІІ Астана Интернет форумы өтеді. Шараны «Нұр Отан» партиясы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика мәселелерін зерттеу институты, Ұлттық Интернет Ассоциациясы ұйымдастырып отыр. Сонымен қатар, форумға «Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық қоры ресми қолдау білдірді.
Форумға Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi Берік Уәли, «Жігер. Абырой. Сана» Қоғамдық Қорының директоры Есен Елеукен, Ұлттық интернет ассоциациасының президенті Серікқазы Кәкібаланов, сонымен қатар IT-саласының мамандары, танымал блогерлер қатысады.
Әрі қарай

Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Иә, шынымен, мерейтойға бергісіз өтті. Банкет, мол дастархан, табақ тарту, бас ұсыну, сыйлық сыйлау, шапан жабу… Додасы бар, доданың жеңгені бар, ән, би… Көңілді. Бірақ әңгіме онда емес.

1-күн

20-түнгі препатиден титықтап шыққан біздер, шаршағанымызға қарамастан 21 күні «Талдықорған, қайдасың» деп тартып отырдық. «Шаршағанымызға қарамастан» деп қоям өзімше, дайын автобус тұрғанда. Жол ұзақ екен. Жолай тау арасына бұрылып, Шоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік музейіне соға кеттік. Шоқанның көзіндей боп қалған эксклюзив экспонаттарды тамашаладық.
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Сол жерден түскі ас ішіп алып, кешке облыс әкімінің атынан берілген асқа топ ете қалдық. Оркестр…

2-күн

BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Таңғы асты іше сала наурыз тойлауды бастап кеттік, алаңда мерекелік шаралардың куәсі боп, концерт көрдік. Одан кейін Алматы облысы өлкетану мұражайы, Алматы облысы көркемөнер галереясы,

BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

Тіл сарайы, медиаорталық
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
т.б. жерлерді аралап, жаңадан салынған спорттық кешенде волейбол, футбол ойындарына кірістік. Тіпті су жаңа формамызға дейін дайын екен.
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

Жалғас пен Абылайдың бойындағы жауапкершілікке ризамын, автобуста «ертеңгі ресми бөлімнің форматына уайымдаймыз» деп отырған, кешкілік әлі де көп нәрсенің мәнісіне жете алмай жүрген жастарды жинап алып, жақсылап инструктаж өткізді. Жастармен жақынырақ таныстық. Ертеңгі мастер-кластарда жасқанбай сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісуге кеңес берілді. Тура сол отырыс дұрыс шешім болды, себебі қыз-жігіттердің кескіндерінен «уфф» деген бір жеңілдік байқағандай болдым.

3-күн

Тіркелдік. Папкідегі бұйымдарды көріп жымыңдасқан жамағат. Мына жақта додекаэдр үстел, ана жақта сессиялар. Кешегі отырыстан соң ба, Жалғастың мастер-классына қызығушылық танытқандар көп. «Жалғас ағай, Жалғас ағай» болды да қалды оЧм. Абылай «HTML шәйнектерге» тақырыбына мен аздап көмектескен болдым. Гастаның мастер-классы интервьюге ұласты.
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Өзгелердікіне қатыса алмадым.
Ресми бөлімдегі сессиялар аздау секілді, бірақ бірдеңе үйренем деушілерге жеткілікті болды деп ойлаймын. Әрі қарай өз қабілеттеріне қарай көре жатар.

Ұнағаны: жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық, қонақжайлылық, жастар саясаты басқармасының кез-келген уақытта жанымыздан табылуы, әкімшіліктегілердің қарапайымдылығы, бізге көрсетілген зор құрмет.

Ұнамағаны: тағы да жастар саясаты басқармасының қыз-жігіттерінің кез-келген уақытта (тіпті, қажетсіз кезде) жанымыздан табылуы, балабақшаның балаларындай қақпайлауы, еркін жүріп-тұруға мүмкіндік бермеуі. Оларды да түсінуге болады дегенмен біз де есі дұрыс адамдармыз ғой.

Осы бары. Негізі бұл формат шаршаған. Блогкемптен блогтурға қарай ауысып бара жатыр. Бір тың серпіліс керек.
Әрі қарай

"Бес рет естігенше, бір рет көр"

BlogCamp: Бес рет естігенше, бір рет көр

Үш жылға бергісіз үш күн.

Алғашқы танысу, алғашқы көрісу, алғашқы қатысу, алғашқы қоштасу, алғашқы, алғашқы… Шынымен барлығы мен үшін алғашқы рет орын алып жатыр. Өмірімдегі ең қызықты күндерімнің қатарына тағыда үш күн қосылды. Маған салса, тағы үш күн, тіпті, одан да көп күндерге соза берер ем.

Жер жәннаты Жетісудағы Талдықорған қаласында БлогҚұрылтай алғашқы рет өткізілді. Бұл құрылтайдың ерекшелігі — Қазақ хандығының 550 жылдығымен қатар келуі. Арнайы жоспар бойынша алдымен қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уалихановтың мұржайы мен ауылына бас сұқтық. Тағы бір ескеретін жайт — биыл Шоқан Уалиханов 180 жасқа толып жатыр. Жоңғар Алатауының бөктерінде орналасқан мұражай әлемдік маңызға ие мұражайлардың қатарында.

BlogCamp: Бес рет естігенше, бір рет көр

Ертесі наурыз мерекесін Талдықорғандықтармен бірге қарсы алдық. Олбыс әкімшілігінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шаралар мен әр түрлі көрмелерді тамашаладық (наурыз көже де іштік). Кешке Жастар спорт сарайында спортың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылды.

BlogCamp: Бес рет естігенше, бір рет көр

Әрмен қарай қызықты сәттер — қонақ үйдегі мафия ойнымен жалғасты. Жылда келіп жүргендер біраз тәжірибе жинап алған екен, мен сияқтыларды ойнатпай тастады.

Бүгінгі құрылтайда өзімізге маза бермей жүрген сауалдарға жауап таптық, білікті мамандардан ақыл-кеңес алып, семминарлар тыңдадық.
BlogCamp: Бес рет естігенше, бір рет көр
Үлкендердің батасын алып, сеніміне де ие болдық.

«Бұл құрылтай бұрынғыдан өзгерек».

Осыған дейінгісін сырттай бақылағандықтан ба, әлде өзім алғашқы рет келгендіктен бе маған солай көрінді. Талдықорғанға деген алғысымыз шексіз.

ПЫСЫ: Алғашқы демекші, бұл менің керек инфодағы алғашқы посым.
Әрі қарай

Блогерлер күні

Құрметті блогерлер! Мереке құтты болсын!!!

BlogCamp: Блогерлер күні
Сіз білесіз бе? Blog сөзі 3108 деген сандарға ұқсас екен. Сондықтан, блог (блогерлер) күні 8 айдың 31 күніне белгіленген екен.

Ұсыныс:
1. Өзіңіз жақсы көретін 5 блогерді атап өтіңіз;
2. Өзіңіз жақсы көрген, осы жылдағы 5 үздік жазбаны атап өтіңіз;
3. Блогер күніне орай, 1 жазба жариялау қиын деп есепетемесіңз, 1 жазба жариялаңыз!
4. Өзіңіз үшін үздік 5 блогплатформа;
5. Жоғарыдағы пункттерге #blgoday2014, #блогкүні2014 хэштегтерін қосуды ұмытпаңыз. Іске сәт!
Әрі қарай