"Бес рет естігенше, бір рет көр"

BlogCamp: Бес рет естігенше, бір рет көр

Үш жылға бергісіз үш күн.

Алғашқы танысу, алғашқы көрісу, алғашқы қатысу, алғашқы қоштасу, алғашқы, алғашқы… Шынымен барлығы мен үшін алғашқы рет орын алып жатыр. Өмірімдегі ең қызықты күндерімнің қатарына тағыда үш күн қосылды. Маған салса, тағы үш күн, тіпті, одан да көп күндерге соза берер ем.

Жер жәннаты Жетісудағы Талдықорған қаласында БлогҚұрылтай алғашқы рет өткізілді. Бұл құрылтайдың ерекшелігі — Қазақ хандығының 550 жылдығымен қатар келуі. Арнайы жоспар бойынша алдымен қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уалихановтың мұржайы мен ауылына бас сұқтық. Тағы бір ескеретін жайт — биыл Шоқан Уалиханов 180 жасқа толып жатыр. Жоңғар Алатауының бөктерінде орналасқан мұражай әлемдік маңызға ие мұражайлардың қатарында.

BlogCamp: Бес рет естігенше, бір рет көр

Ертесі наурыз мерекесін Талдықорғандықтармен бірге қарсы алдық. Олбыс әкімшілігінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шаралар мен әр түрлі көрмелерді тамашаладық (наурыз көже де іштік). Кешке Жастар спорт сарайында спортың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылды.

BlogCamp: Бес рет естігенше, бір рет көр

Әрмен қарай қызықты сәттер — қонақ үйдегі мафия ойнымен жалғасты. Жылда келіп жүргендер біраз тәжірибе жинап алған екен, мен сияқтыларды ойнатпай тастады.

Бүгінгі құрылтайда өзімізге маза бермей жүрген сауалдарға жауап таптық, білікті мамандардан ақыл-кеңес алып, семминарлар тыңдадық.
BlogCamp: Бес рет естігенше, бір рет көр
Үлкендердің батасын алып, сеніміне де ие болдық.

«Бұл құрылтай бұрынғыдан өзгерек».

Осыған дейінгісін сырттай бақылағандықтан ба, әлде өзім алғашқы рет келгендіктен бе маған солай көрінді. Талдықорғанға деген алғысымыз шексіз.

ПЫСЫ: Алғашқы демекші, бұл менің керек инфодағы алғашқы посым.
Бөлісу:

4 пікір

Ispek92
Алғашқы әсер осылай болатынын сезген едім, ашылып жазыпсың… Ал грамматикалық қателерді көптеп жіберуіңді сол қобалжудың әсері деп білейік… Жазып тұр және жекеге жазармын, қарап жібер.
Makos
Раxмет, әлбетте!
esilerkesy
«Ойнатпай тастады» дегені нес, ойнадың ғо)
Makos
Негізі мықты ойын болды, ұйқымнан ояна сала «Баубек мафия» дейтін жағдайға дейін жеттім ғой!