Arular.kz
image image

Менің екімыңонбесім

Бұл эстафетада өзімнің бір жылыма қорытынды жасау керек-ау деймін.
image image

Гастарбайтердің 2014-і

Бұрын жыл соңында қорытынды пост жазу, өз алдыңда есеп беру үшін болса да, блогер үшін расында да маңызды дәстүр болатын. Бүгінде арнайы сервистер мен әлеуметтік желілердің арқасында қорытынды жасау, біріншіден, барынша жеңілдесе, екіншіден, қажеттілігін де жойғандай. Дегенмен, эстафета бұтағы маған берілді, ал...
image image

Бұл қай Керекші? #9

Бұл эстафетаның таяғын жұма күні Korkem маған ұстатты. Интернетке тек жұмыс күндері ғана қол жеткізетін мен: уақыттан ұтылдым. Кешіккеніме кеңпейілділік танытып, «ерунда, ештеңе етпейді» деп қойып,, келесі жасырылған керекшіні тауып көріңдер. Дұрыс жауабын осы жазба жарияланған уақыттан бір тәулік өткен соң барып,...
image image

Бұл қай керекші? #4 (Эстафета)

1. Менің ең сүйіп оқитын блоггерларымның бірісіз. Жазбаларыңызды оқып жатқанда сізді қандай адам болды екен деп ойлаймын. Басқалар сияқты профиліңізге сурет те қоймадыңыз.Өзіңізді құпия ұстауыңыздың сыры неде?
image image

Бұл қай керекші? #2 (Эстафета)

1. Керекинфо дегенде ойыңа ең алдымен не келеді, немесе кім келеді? Атына сай «еркін блог». Керекинфо десе — әрбір құбылыс пен оқиғаның біз ойламаған тұстары келеді. Оның үстіне айтылғандардың көбі шындыққа жанаспаса да жанға жақын. Нағыз троллингтің ордасы дер ем.

Эмоциялар фото-мемі

КерекИнфода бір сурет бөлісіп, кейін Фейсбукке қойған едім. Сол суретті Adiletshu жалғастырған екен.

Әнуарбек құданың қызымен сұхбат

Таныс болыңыздар: Anuarbekkyzy Қала: Ақсай, БҚО Сала: Аударма — КерекИнфоға қалай келдің? Негізі студент кезімде тарих пәнінің оқытушысы «Керек Инфо» газетіне жазылыңдар, оқыңдар деп жүретін. Сол газетті іздеп осы сайтқа тап болдым. Шынымды айтсам, сол студент кезімдегі дебат ойындарына, түрлі конференция, жастар мәслихатының қатысушылары болған жастармен аралас-құралас болған уақытты жоқтаймын. Сол жоғымды осы блог жүйесінен тапқан секілдімін. — КерекИнфода не ұнайды, не ұнамайды? Бұл жерде қазақтар жиналған. Маған сонысы ұнайды. «Бұл не айтып отыр, айналасында қазақ аз ба?» деп ойлап отырған шығарсыз. Шынымен де, қазақтар жетеді, бірақ олардың біразы орыстілді. Рухани шөлдеп жүремін, сол шөлімді КерекИнфода қандырып аламын қолым бос уақытта.

Блиц-сұхбат: Tyulpan

Жылды қортындылау және жаңа қолданушыларды таныстыру мақсатында жаңа эстафета басталды. Бір қызығы бұл эстафетаны тек бір жерден емес әр жерден бастап кетуді ұсынамын. Яғни басқа қолданушылар өздері бастап кетсе болады, алдымен бір қолданушыдан сұхбат алып, соны сайтқа шығарады. Одан кейін кезекті сұхбат берген қолданушы алып, өзі қалаған басқа қолданушыға сол сұрақтарды қояды. Тек сұрақтар өзгермесін. Мен Tyulpan -нан бастадым. Tyulpan Қала: Атырау (уақытша) Сала: Атырау болса, әрине, мұнай — КерекИнфоға қалай келдің? — керекинфоға таксимен келдім деп айтат дит шақырушылар болды алдында. қазақ тілді жылы ортаны сағынғаннан, өзім іздеп келдім…

Тепси кебап

Естеріңізде болса, былтыр Теріскей амиго маған эстафета таяғын ұсынған еді. Содан бері дені дұрыс бірдеңе жариялаудың еш ыңғайы болмады да, бір жылға жуық уақыт өтіп кетіпті. Опшым, кеш те болса, үрдісті жаңғыртып жіберсек Ұсынайын деп отырғаным — тепси кебап деген түріктердің тамағы. Ескі офисте әбет уақытында күнделікті түскі ас ішіп жүрген түріктердің асханасында осыны алып жеп тұрушы едім. Енді өзім де бірдеңе қылып үйреніп алдым. Үйдегі ас мәзіріне алуандық қосу үшін жақсы ма деп қалдым.

БЛИЦ-СҰХБАТ: E_ZHALGAS

1.Сіздің жазғандарыңыз күрделі, түсіну қиын, бұл көп оқығаныңыздан ба? Әлде сізде вундеркиндтің белгілері бар ма?)) Бұны сының деп қабылдайын. Негізі, жазу көңіл күйге бағынады. Өзгені білмеймін, өзімде сондай. Көңіл күйім еден жағалап, құлазығанда шегіп кете алмаймын. Өкпемді тым аяймын. Сыралату да қызықсыз, — ол көңілге бағынбайды. Жер қазып, астын паналап кеткім-ақ кетеді кейде, бірақ оған қарағанда, іш пыстырмайтын жол тапқандай болғанмын. Қысқасы, көп оқымағанмын да, күрделі жазбаймын да. Ал, біреулерге түсініксіз болып бара жатса, ол менің бас ауыртатын мәселем емес деп есептеймін. Иа-иа, білемін, менікі дұрыс емес, бірақ барым сол.

Блиц-сұхбат: Esmeralda

1. Алматыда туғансың ба? Қай мектепке бардың? Қай универде оқып жатырсың? Алматыда туып-өстім, қазақ гуманитарлық өнер гимназиясын бітірдім, қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде оқимын.

Блиц-сұхбат: monti

1. Үй жануарларынан нені ұнатпайсың? Неге?

Блиц-сұхбат: qisyq

1. Сынды қалай қабылдайсың? Қанша түсіністікпен қабылдадым дегеннің өзінде, іштей «Лібәд, жеген екенсің» дегендей қарсы ойлар мазаламай ма? Сынды әртүрлі қабылдаймын. Баж-баж етіп, түкірігі шашырап, қалшылдап-селкілдеп айтылған негізсіз сынды сабырлы кейіппен, түсіністік көзқарасымен тыңдаған күннің өзінде, іштей сол «Лібәд, жеген екенсіңнің» маңында жүретінім бар. Эгоистігім мен нарцистігім асқынған кезде, тіпті де қыстыра алмаймын. Алайда, күнәһар жанымды жұбататын жалғыз дүние — конструктивті сынды толықтай қабылдай алатыным. Кемшілігімді шұқыған адамнан оны (кемшілік мәселесін) шешу жолдарын да мүмкіндігінше көрсетіп кеткенін өтінер едім. Әйтпеген жағдайда, құр қыршып алған адамды а) әшейін бақастық мақсатында тістеп қалғысы келген жанмен, ә) "Ұлт/тіл/дін/дәстүр құрып барады! Өлдік! Қырды! Жойды!" деп байбаламдаған, алайда «Ал, енді осыдан шығар жолды көрсетіп...

Блиц-сұхбат: patick

balzaminka: Гендерлік саясат кімге керек? Ол өзі өзекті ме?

Блиц-сұхбат: Бальзаминка

— Сеніңше, "қыздық" мәселесі әлі күнге өзекті ме?

Блиц-сұхбат: AKY

— Рок музыка тыңдайсың ба? — Жоқ ))) Линкин Паркты аздап тыңдайтынмын