Қызыл календарь

Қабырғадағы календарь — қып-қызыл… Мерекелік демалыстар қызылмен белгіленгеннен ғой. Өз басым демалыстардан шаршап кетем кейде. Бітіріп алып жатқан шаруа да жоқ — барлық қызмет көрсету орындары жабық болса. Көңіл көтеру, ұйқы қандыру, қыдыру дегенге жыл он екі айдың үшеуі былайынан жетеді — бір жылда елу екі апта бар десек, уикенд артығымен үш ай. Былай күндері де үлгеріп жүр бүкіл әлем.
Англияда апта сайынғыларына қосымша сегіз ғана мерекелік демалыс беріледі екен.
Мерекенің ойынша: Қызыл календарь

Кореяда да он шақты ресми мереке болса, оның кейбіреуіне демалыс қарастырылмаған да.

Көп демалатындар көшін Қытай бастап тұрған сияқты: әр мейрамға төрт-бес күн демалып, ҚХР негізі қалануы, жаңа жыл сияқты ірі мерекелерді он-жиырма күнге шекараны жауып тастап тұрып атап өтеді.
Бұл көште біз де тым артта емеспіз-ау деп ойлаймын: өзге елдің жыл бойғы демалысын біз бір айда демала саламыз.

Демалысын ғылымға, білімін жетілдіруге, ағаш егуге арнап жатқандар бар шығар. Бірақ, олардан гөрі «Ұйқымды қандырайыншы бір» деген «қазанбастар» көбірек. Үйін шығару, әктеу, кір жуу — бұл о бастан демалысты дұрыс жоспарлауға жатпайды. «Бауыры бүтін, басы есен сағынар сауық күлкіні-ай», дос-жаранмен кездесу, отбасы ошақ қасына жиналу, той — ол үшін дәл мерекелік демалысты күтпейтініміз анық.
Жаспыз негізі. Жиырма бес жыл деген бір адамның ғұмыры да шығар, бірақ, бір мемлекеттің емес. Егер біз қазірден «қазанбас» болсақ, болашақты қамтамасыз ете аламыз ба?
Мерекенің көп болғаны жақсы ғой ) Бірақ, мерекелік демалыс десе — білім ордасына бармаған білім алушы, ауруды емдемеген дәрігер, қаражаты қараусыз бухгалтер, тоқтаған құрылыс/өндіріс, мимырт тіршілік елестейді. Әйтеуір, адамдар көңілді.
Анау түп негізі осылай қаланып жатса, мен не істеймін деймін кейде. Демала салам да. Алайда уәкілеті жететін адам болсам, реформа жасар едім ) Мен демалыс беретін мейрамдар:
Жаңа жыл (екі күн)
— 8-наурыз (бір күн)
— Наурыз (екі күн)
— Жеңіс күні (бір күн)
— #astanaday (бір күн)
— Ораза айт (бір күн)
— Кұрбан айт (бір күн)
— Тәуелсіздік күні (бір күн)

Православтық мейрам бар (бір күн)
Болды… Президент күні, Конституция күні біз демалмағаннан ешкім қиянат шекпейді. Мұғалімдер күні, дәрігерлер күні, Отан қорғаушылар күні, студенттер күні, аналар-мыналар күндері сол салаға қатысы бар мекемелер ғана бір-бір күннен демалсын. «Мейрам сенбі-жексенбіге келсе, алдағы аптаның күндері демалсын» дегенді мүлде алып тастар едім ;)
«Шаршадым» дегенді көп қолдана бермейік. Кондиционерленген кабинетте отырып не тәлпіштік? ))) Ал, шын шаршайтын жұмыстар көбіне «сдельно», сондықтан, көп демалу қаржы жағынан да тиімсіз.
Тәуелсіздіктің, байтақ жердің, ай-күн амандығының, Ұлы Жеңістің игіліне лайық болайық!

Бөлісу:

6 пікір

asaubota
жұмыстың темпын түсіред босқа мейрамдар
ken
Мұғалімдер күні, дәрігерлер күні, Отан қорғаушылар күні, студенттер күні, аналар-мыналар күндері сол салаға қатысы бар мекемелер ғана бір-бір күннен демалсын
Олай болмайд. Салалар бір-бірімен байланысты.
merekeee
Қатты тығыз байланыстылары қарастырылады ) Мен жазған күндері онсыз да өздері ғана демалады екен, жапа шегіп жатқан жоқпыз. 7-мамыр не себепті бүкіл ел болып демалатынымызды түсінбеймін.
ken
— деппін. Бірақ қазір сол кезде не айтқым келгенін түсіне алмай отырмын.
MamaAya
Маған негізі сенің жазбаларың ұнайды;)%)

Рас, үйде отырсам да, демалыстардан шаршадым))). Ертең шүкір сабақ екен. Демалыстарды мен тәуелсіздік күнінен бастап, жаңа жылды больницада өткізгенде ұнатпай қалғам. Құдайдан кейінгі ақ халатты :T поддержкамсыз өткен күндер мен түндер. Жұмыс күндерін ой күткенім-ай, мейрам ұнамай кетіп еді...%)
merekeee
«Мейрам сенбі-жексенбіге келсе, алдағы аптаның күндері демалсын» дегенді мүлде алып тастар едім ;)
деп едім