Блиц-сұхбат: patick
balzaminka: Гендерлік саясат кімге керек? Ол өзі өзекті ме?
patick: Маған тошны керек емес. Өзекті ме дейсің бе? Әлгі «Гендерлік саясат» деп шұлық жеп жүрген белсенділердің ісіне шынымен сеніп жүргендер болғаны ма шынымен? Жалпы гендер-пендер деген ауыр сөздермен онсыз да күрделі өмірді одан сайын шытырман етіп қайтеміз? Қандай саясат қолдансақ та (қолдамасақ та) еркек еркек болып, әйел әйел болып, педик те сол педик күйінде қала береді. Гендерлік саясат деп есекмияны кептірмей шегіп жүргендің мақсаты орындалып: жыныстар арасындағы тепе-теңдіктің арқасында әйелдер шахтада көмір қазып, еркектер бала туып жатса, қоғамдық моншада жерге түсіп кеткен сабынды еңкейіп көтеруден қорқатын жағдайға жетер едік қой. Сондықтан, қорытынды жауап: гендерлік саясаттың маған да, саған да қажеті шамалы.
balzaminka: Дәруішөлгеннің азаматы екеніңді құрмет тұтамысың?
patick: Дәруішөлгеннің азаматы етші деп ешкімнен сұраған емеспін. Бәрі өз-өзінен болды. Бұрынғы блогымнан тұрақты/тұрақсыз оқырмандар сондай қорытынды шығарып жатыр. Сондықтан мақтаныш-өкініш сезімдерін нақты анықтау қиындау бұл жерде. Бірақ, қалай дегенмен де «Нұр Отанға» мүше болғаннан гөрі анағұрлым қуантарлық нәрсе екенін ұқтым. Бұл жерде қосалқы сұрақ туындайды: «Сен не „Нұр Отанның“ мүшесің ба?» деген. Кетей, қайдағы мүше, басың жасай ма?!
balzaminka: Отбасы құрғаныңның куәсі болдық, қашан "әке" болуыңмен деп құттықтай аламыз?
patick: Тұрақты мекен-жайың түгіл, өзімдікі деп меншіктеген плащ-палаткамның да болмауына байланысты жуық арада ондай атақ бұйырмайтын сияқты.
balzaminka: Маған қандай сын айтып, кеңес берер едің?
patick: Сын айтайын десем, ойға сенің жаман жақтарыңды әшкерелейтін ештеңе келмей тұрғаны. Кеңес те айтар едім, бірақ арамыздағы қарым-қатынас әмпәй-жәмпәй боларлық деңгейге де жеткен жоқ тым құрығанда. Өмірімде сені тек Блокқұрылтайда көре алдым. Өзіңді аса бір жақсы танымаймын. Сондықтан дос болайықшы а? Сол кезде мүмкін кеңес түгіл, айтылатын сын да табылар…
balzaminka: Әрине плейлистіңдегі топ шығарманы көрсете кетсең
patick: Қо… көтек, енді қәйттім? Ең қиыны мен үшін осы шығар — талғамыңның топын анықтау. Соңғы бір-екі айдың ішіндегі ұнап қалған әндердің бірін салайын.
balzaminka: Рахмет, сәттіліктер мен табыспен Бальзаминка
patick: Кідай жірек
Бірақ епті, аздап қобалжытады екен.
Бір көргеннен құлаю сүю дейсің ғой
Мен өзімнің бұрынғы бастығыма ұқсаттым. Жауап беру мәнеріңіз де сол кісіден аумайды…
«Несібесіз жан жаратпас» демекші, жаным сол, шалашыңа қарамай балалы бола бер, бір қозы дүниеге келсе, бір түп жусан артық өседі деуші мед, ощым құттай Патиктердің өмірге келуіне тілектеспін)
Кэптік мәселен бұл жерде былай… Патикке дейінгі коментте мен жазып қойгам ТШОның қасында деп… міне Кэптік
непига КЭПсін сен))))
1.дәл қазір бос уақытыңда немен айналысып жүрсің?
2.қандай кітаптар оқисың?
3.жақын уақытта шет елге демалу ойыңда бар ма? қай жаққа?
1. Бос уақытымды киноға жұмсаймын.
2. Кітап оқымағалы көп болды, кітап іздеуге мойын жар бермейді.
3. Жақын уақытта шетелге шығу жоспарда бар. Шығыс Азия елдерінің біріне баратын шығармыз.
Бальзаминка жетпейді маған керекинфода