Бұл қай керекші? #2 (Эстафета)

Эстафеталар: Бұл қай керекші? #2 (Эстафета)

1. Керекинфо дегенде ойыңа ең алдымен не келеді, немесе кім келеді?

Атына сай «еркін блог». Керекинфо десе — әрбір құбылыс пен оқиғаның біз ойламаған тұстары келеді. Оның үстіне айтылғандардың көбі шындыққа жанаспаса да жанға жақын. Нағыз троллингтің ордасы дер ем.

2.Керекинфоға қалай келдің?

2012-ші жылдың басында мінбердің семинарында болдым. «Казжурдан» блог та ашып қойдық. Артынша онда спам көбейді. Оқитындар да аз. 1 ай өтпей өзімді керемет блогшы сезініп, оқырманы көп орта іздей бастадым. Керекинфо сабама түсірді.

3. Керекинфода кейбір адамдар сынды қабылдай алмай кетіп қап жатады. Кейбір адамдарға сын айтылса сын айтқан адаммен ұрсысады. Сынды қалай қабылдайсың?

Ең алғашқы жазбамды жұлым-жұлым қылғанда 2-3 күн кірмей кеткен едім. Есте қалғаны @satibaldi -ның пікірі. Кейін бейімделгендей болдым.

4. Өткен 2013 жылдың сен үшін басты оқиғасы

Керекинфошылардың басқа да тұғырнамаларды ашып жатқанын айтар едім.

5. Керекинфода 2013 жылдың ең үздік посты, ең үздік пікіршісі және жыл жаңалығы деп кімдерді атар едің?

2013 жылдың ең үздік посты деп @batyr браттың мына шедеврін айтар едім. Көптен жазбай кеткен қолданушылар да осы жазбаға пікір жазды ғой. Ал үздік пікірші атануға @AKY лайық мен үшін. Ал жылдың жаңалығы — @Ispek92. Айналасы 1 жылға толмай жатып 80 жазба жазды. Асыға күтетіндердің біреуі болды.

6. Қай жерде туылдың, қайда оқыдың, немен айналысасың және қазір қай қаладасың?

Қостанай облысы, Амангелді ауданының тумасымын. Сол жерде мектеп бітіріп, Астанадағы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ға түстім. «Кәсіптік оқыту» мамандығымен диплом алып, дағдарыстың сергелдеңімен біраз жұмыссыз жүрген жайым бар. Жұмыссыздықтан қашып әскерге де барып келдім. Қазір журналист болып жүрмін. Астанадамын.

7. Бір әнек айтып берсең

Бір қызтеке жолға шығып такси тоқтатып тұрса керек. Бірінші тоқтаған көлікке жақындап «До конгресс-холла бесплатно довезите...» дееееп сызылыпты. Жүргізушінің түрі түтігіп «Кети нақ» деп кетеді. Екіншісі де дәл солай қайталанады. Содан басқа әдіске көшеді. 3-ші джип тоқтайды. Рульде еңгезердей еркек отыр екен. Қызтеке барынша даусын жуандатып «До конгресс-холла довези!!!» деп дүңк еткізіпті. Сонда алып жүргізуші «садись грубиян...» деп кірпігін қағып-қағып жіберіпті

Сұхбат берген адамның пунктуациясы сол қалпында берілді
Сурет мына жерден алынды
Бөлісу:
  • 10

31 пікір

ken
кім болды екен?
Соңғы түзету:
MamaAya
че то че то, данныйын жайып берсе де таба алмайтындай бұл кім екен а? демек....!
ken
өшірілген
Соңғы түзету:
Marco
Туған жерін айтқасын бірден танылып қалған сияқты
Adiletshu
Әйтпесе ешкім таба алмай қалама дедім. Эстафетаның таяғын алғын келмесе айтпаяқ қой
zholantai
танымадым, керекте Қостанайдың тумасы бар екенін енді біліп отырм,
Dzhonsaken
Ойындарың қызық екен. Жеңімпаздарға ұйымдастыру алқасы тарапынан бағалы сыйлықтар тағайындалса, атының ауыздығы көпіріп, шабандозы ақиланған «жыныс додаға» айналар ма еді…
Ispek92
Мен ғой ұйымдастырушы, спөнсөр боламын десеңіз пжәлістә
Dzhonsaken
. Ережеңнің соңына «Ойынға қатысушылардың ой шығыны мен темекі-семекісі қатысушылардың өз есебінен. Жеңімпаздарды жазбаша марапаттау ұйымдастырушылар есебінен» демексің ғой…
Adiletshu
Ертең түске дейін таппасаңдар эстафетаны белгісіз керекшіге беремін
Ispek92
Қайда асықтың ағасы? Тапқан адамға бересің ғой, табылар.
ken
таяқты мен беру керекпін ғой
MamaAya
маған берсен тек үлкендер қауымына лайық сұрақ болып адамды алалау боп кетеді, сондықтан бермеңдер! (деп сұрап отыр дей ма )
Adiletshu
Таяғыңды маған беріп қойғансың. Жасырылған адамды айт та ала бер
Ispek92
Неге ешкім вариант айтпаған, керекшілер эстафетаны жалғастырайық енД
MamaAya
жұмбақ адам өткендегі сияқты қызықты емес екен....
dark_nazgul
Мені мақтамапты. кім екенін тапқым да келмей қалды.
MamaAya
хахахааа  для приличия жаза салмай ма мені де…
Ispek92
Ал жылдың жаңалығы — Ispek92. Айналасы 1 жылға толмай жатып 80 жазба жазды.
 кім болса да рахмет, менікі әлі сол саны көп болса да сапасыз дүниелер ғой Сосын не ғой, менің тағы бір нұсқам бар еді, айтсам бола ма?
Daniar-Alan
түһ, 2 күн күттім ғой… Торғай очм бұл  адам деген туған жерін, барлық данныйларын жайып бере ма осындай жерде
Daniar-Alan
Ең болмаса әнеееуу басындағы суретке қарамайсыңдар ма