Бұл қай керекші? #2 (Эстафета)
1. Керекинфо дегенде ойыңа ең алдымен не келеді, немесе кім келеді?
Атына сай «еркін блог». Керекинфо десе — әрбір құбылыс пен оқиғаның біз ойламаған тұстары келеді. Оның үстіне айтылғандардың көбі шындыққа жанаспаса да жанға жақын. Нағыз троллингтің ордасы дер ем.
2.Керекинфоға қалай келдің?
2012-ші жылдың басында мінбердің семинарында болдым. «Казжурдан» блог та ашып қойдық. Артынша онда спам көбейді. Оқитындар да аз. 1 ай өтпей өзімді керемет блогшы сезініп, оқырманы көп орта іздей бастадым. Керекинфо сабама түсірді.
3. Керекинфода кейбір адамдар сынды қабылдай алмай кетіп қап жатады. Кейбір адамдарға сын айтылса сын айтқан адаммен ұрсысады. Сынды қалай қабылдайсың?
Ең алғашқы жазбамды жұлым-жұлым қылғанда 2-3 күн кірмей кеткен едім. Есте қалғаны @satibaldi -ның пікірі. Кейін бейімделгендей болдым.
4. Өткен 2013 жылдың сен үшін басты оқиғасы
Керекинфошылардың басқа да тұғырнамаларды ашып жатқанын айтар едім.
5. Керекинфода 2013 жылдың ең үздік посты, ең үздік пікіршісі және жыл жаңалығы деп кімдерді атар едің?
2013 жылдың ең үздік посты деп @batyr браттың мына шедеврін айтар едім. Көптен жазбай кеткен қолданушылар да осы жазбаға пікір жазды ғой. Ал үздік пікірші атануға @AKY лайық мен үшін. Ал жылдың жаңалығы — @Ispek92. Айналасы 1 жылға толмай жатып 80 жазба жазды. Асыға күтетіндердің біреуі болды.
6. Қай жерде туылдың, қайда оқыдың, немен айналысасың және қазір қай қаладасың?
Қостанай облысы, Амангелді ауданының тумасымын. Сол жерде мектеп бітіріп, Астанадағы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ға түстім. «Кәсіптік оқыту» мамандығымен диплом алып, дағдарыстың сергелдеңімен біраз жұмыссыз жүрген жайым бар. Жұмыссыздықтан қашып әскерге де барып келдім. Қазір журналист болып жүрмін. Астанадамын.
7. Бір әнек айтып берсең
Бір қызтеке жолға шығып такси тоқтатып тұрса керек. Бірінші тоқтаған көлікке жақындап «До конгресс-холла бесплатно довезите...» дееееп сызылыпты. Жүргізушінің түрі түтігіп «Кети нақ» деп кетеді. Екіншісі де дәл солай қайталанады. Содан басқа әдіске көшеді. 3-ші джип тоқтайды. Рульде еңгезердей еркек отыр екен. Қызтеке барынша даусын жуандатып «До конгресс-холла довези!!!» деп дүңк еткізіпті. Сонда алып жүргізуші «садись грубиян...» деп кірпігін қағып-қағып жіберіпті
Сұхбат берген адамның пунктуациясы сол қалпында берілді
Сурет мына жерден алынды
31 пікір