Жайдарманда Астана кубогін шымкенттіктер алды



Нұр-Сұлтанда қала күніне орай «Астана кубогі» үшін үздік топтар арасында жайдарман сайысы өтті.

Республикалық арнайы жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты аясында ұйымдастырылды.

Бейбітшілік және келісім сарайында өткен сайысқа барлығы 11 жайдарман тобы қатысты.
Жаңа толқын – Батыс Қазақстан Инновациялық – технологиялық университеті;
Ақпен бірге – Қазақ Ұлттық Университеті;
Дастан – Л.Н. Гумилев атындагы университеті;
«Қоғалыкөл құрамасы» – Қызылорда қаласы;
Евразиат – Л.Н. Гумилев атындағы университеті;
Бүгін.кз – Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достық университеті;
ОҚМПУ – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті;
Ару.кз – Арқалық;
Тұран–Астана – Тұран-Астана университеті, Нұр-Сұлтан қаласы;
«Миллион» — «Нұр-Үміт» өнер орталығы Шымкент қаласы.

Осы аталған 11 команданың ішінен әзілдері жоғары бағаланып, бағы жанғандары:

3-орын «ОҚМПУ» 2- «Қызылорда құрамасы» иеленсе, «АСТАНА КУБОГІН» яғни 1- орынды «Миллион» жайдарман тобы еншіледі.
Сонымен қатар, ойын барысында ширек финалдан сүрінген командаларға Жоғары лиганың жартылай финалына жолдама берілді.
Олар: — «Тұран-Астана» — «Қызылорда құрамасы» — «Миллион» жайдарман топтары.

Кіржиген көзқарастың жадырауы: Жайдарман, финал

Бар жанарды жаулаған жайдарман ашық!
Жоғары лигада соңғы рет осылай дегелі 1 ай өтіпті. Жайдарманның ақтық сайысы өткелі дегенім, әлбетте. Конгресс-холлдың балконы да лық толған сол күні кей жанкүйерлердің отырысынан тұрысы көп болған шығар.
Естелік ескіре бастағандай, еміс-еміс есімдегін жуырда болған эфир қайта жаңғыртты. Енді? Шоламыз ба, қайтеміз?
Ок. Сонымен, бұл күні ойнаған ұжымдар мынадай атаулармен топтасқан жастар еді:
1. Аягөз құрамасы, Аягөз қаласы, Шығыс Қазақстан облысы;
2. Сырдария құрамасы, Жетісай қаласы, Мақтарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы;
3. Сағыз құрамасы, Сағыз ауылы, Қызылқоға ауданы, Атырау облысы;
4. Жаснар, Алматы қаласы;
5. Күлтегін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екінші жартылай финал

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екінші жартылай финалАшығын айтқанда, бірінші жартылай финал жаман болған жоқ. Және оған шолу жасағанда өзімнен бір инерттілік байқадым да. Бірақ, ондай инерттілік үшін тек өзімді ғана айыптауым дұрыс емес. Ондай үрдіс командаларда да бар. Және осы жағдайда мен екіұшты күйде қаламы. Өкінемін — командаларда өсу, іздену жоқ екеніне. Себебі, жастардың жанарын жаулаған қозғалыстың қызық, сапалы болғанын қалаймын. Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екінші жартылай финалЖәне қуанамын — шолуымды тәуір жазуыма болады деп.
Тым мейірбандық менің фишкам емес екенін ұққандаймын.

Бұл ойында кіржиген көзқарасқа түскен командалар:

Қармақшы құрамасы, Қызылорда облысы;
Аягөз құрамасы, ШҚО;
«Тек қана қыздар», ҚызПИ, Алматы;
«Күлкі терапиясы», ҚарММУ, Қарағанды;
Сағыз құрамасы, Атырау облысы.


Сәлемдесуде Аягөз залды қыздырып алу үшін жіберілді. Олар драйвты әнмен бастады. Сөздерін тыңдағанға «мастар әні» деген сияқты әзілдік құрам бар, жалпы, жарнамалық қайырмасы да жымитуға қауқарлы. Ән үшін + плюс.
Тойға шығатынын дәлелдеуі келесі нөмірде орын алды: осылай тост айту жұртқа етене таныс боулы мүмкін. естелік сезімі, бұған дейін анық кемі бір рет көрген жағдай күлдіреді.
Келесі бір ауыз қысқа әзіл — білесіз бе, иә, күлкілі. Бұл тақырып әркез күлкілі. Бірақ жайдарманожеккөргіштердің әлеуметтік желілерде осындай тақырыптарды өздеріне мұрындық қылып алатыны бар. Былай, қысқа болғаны шүкір. Бір жұтым қалжың. Бұл тақырып әркез күлкілі, сондықтан… басқа тақырыппен күлдіре алу — маңыздырақ.
Команда той тақырыбынан біраз қор жинайтын сияқты: шырмалып қалмаса бопты.
Айтыс та бір жұтым — фантазияға. Жымитады. ҰБТ — толыққанды нөмір, жақсы.
Кода — орташа. Өз деңгейінде, тым жақсы.

«Тек қана қыздардың» тұздық қалжыңдарды өзіндік стебқа негіздеуі орынды. Осы бағытта әйтеуір күлдіре алады. Қайтесің енді?
Ал жалпы, басқа тұстарда қалжыңға претензия идея бар, бірақ өтпейді, кесіп ал. Жалған патриотизм жайлы ұнады.
Самостебтің элементтері амазонкалармен сырласуда да айтылды — бұнда да ең жарқындау тұстары осы.
Осындай команда енді, не ұрса алмаймын, не күле алмаймын. Тек қана қыздар…
Өту мүмкіндігі бар өздерін қағыту бағытын жалғауға болады. Одан басқа рекоменделетін тақырыптар — дастархан басы, ер мен әйелдің отбасындағы дауы, визуалды-костюмделген қораш нөмірлер, Мерекенің қарлығыңқы дауысымен кекетуі, жюридегі жігіттермен флирт, сұхбат, яғни жюриге түсу, командаға жігіттер алған ситуация: оған Мерекенің реакциясы.

«Күлкі терапиясы». Команда трендте. ГГГ — иә, соңғы кезде өзекті.
Жастардың бұларды түсінбеу жайлы. Біріншіден, жайдарман командасы, шығармашылық еркіндіктегі ұжымның өздерінің ойларын, претензиясын осылай сахнадан жеткізгені қалыпты жайт деп ойлаймын. Тіпті айта білу керек те. Екінші жағынан, шын мәнінде солай ойласа да, мәселе кәдімгідей тереңде емес. Команда да өздері ойлайтындай сондай бір күрделі әзіл айтпйды, терең, жастар түсінбейтін… Бәріне жуығы түсінеді — тек қалжыңдап берулеріңіз шынымен ауыр кетіп жатады, жай ғана күлкілі емес болатын тұстары бар. Сондықтан, «Экспресс» пен «Нұрдың» өзіндік мансұқтау синдромын өрбітпеңіздерші, ә?..
Үндіс қызбен ситуация — жақсы. "Қазақстан дауысы" — әрине, мұндай мүмкіндікті пайдаланбау әбестік болар еді. Лайк.
Ақсақалдар жайлы — тым оңай, мектеп сахнасында да қойыла алатын әзіл.
Диктант: қыс — жаз деген анаграммалар ел аузында жүрген әлемтапырақ ойнақ сөздер, онысы да ұнамады. Оқушының мұғалімнің мұңын жазып алып отырғаны — ұнады.
Кода — ұраншыл. Әзілсіз. Жалпы, екұдай сезім қалдырған сәлемдесу.

Сағыз құрамасы әдеттегідей шықты. «Артпен жүруді» көп ешкім түсіне қойған жоқ, бірақ ой дұрыс. Әлде де нәзік беруге болады.
Тәк, енді бірден ауру баланың жағдайын талдайық. Күлдік. Дәрігердің шығуы да тапқыр болды.
Бірақ кейіпкердің бірі дімкәс /// немесе жындылау болуы жайдарманда кездескен жайт. Эфирді қарай отырып, иә, күлдіре алған болса да, мен адамның ақауына күліп отырғандай сезім алдым. Ал ол, негізі, әке-шешемнің тәрбиесі бойынша, дұрыс емес сияқты.
Кейіпкер бір науқас болатын болса, онда тұтас блокты өзі алып шықпау керек деп ойлаймын, яғни менің көзқарасымда бірнеше кейіпкер қатысқан ситуацияның мүшесі ғана болып, реті келгенде дік-дік араласып отыруы керек. Ок.
«Кеше» деп басталатын монолог — ойыннан ойынға сүреңсіздеу болып келеді. Вокзал, ұшақ, аквариум, енді балыққа бару — бір әдіс пен стиль астындағы тақырып құлақтан тартып алынған. Әңгімесі — банальды, баланың сөзі. залдың бейтәнік реакция білдіруі — команда стилінің өзінің күлкілілеу болғандығынан және өз күтуін алдағысы келмеген шу. Бірінші рет көрген адамды жымитуы мүмкін, ал сериялық тұрғыда мұндай қалжыңдарды көрген мен міз бақпастан отырдым.
Ары қарай — секундтар жылжыған, тықыл-тықыл тәуіптер мен бақсылар, сонсоң арғы фонда теміржол қызметкерінің өтуі — жымитады.
Жалғасты таныстырып, оны пайдаланған жоқ «пашти». Ал гранатаның сақинасын алып шығуы — алдыңғы нөмірге сілтеме — бұл жақсы. Қолданылатын әдіс.
Пішөннің «ей, көтермеңдер ендісі» — Сағыздың стиліндегі жыртуы тиіс әзіл болатын. Сондай бір соңғы серпіндік көтеріңкі қалжың. Бірақ залға қатты өткен жоқ. Мүмкін, жалпы, кедір-бұдырсыз өтпеген сәлемдесу болғандықтан шығар.
Киік, құмырсқа — жасанды туылған, ситуация, негізі. Бірақ Қуаныштың шапалағы үнемі өтеді.
Мені таңғалдыруды қойды бұл команда. Кешіріңдер. Толық бестеріңді…

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екінші жартылай финалҚармақшылықтар "өзіміздің темамен" біраз қудырып алды. Сосын демеуші жоқтық мәселесін нөмрмен жеткізгені де жаман емес.
Қысқа қағытпалары актерлік шеберлікпен бірге жақсы көріне алды.
Мысалы, Қайрат Нұртас жайлы айдаладағы қиялға негізделген бір шатпақтың өзі — күлкілллі.
Темп, ритм, жақсы конкурс сияқты. Кода басыма толық сыйған жоқ.

Жамбы ату сайысы. І айналымдағы мына әзілдер ұнай қоймады.
"Іші тар" — фразеологизмдік сәйкестікке негізделген, юморлық құрамы бар әзіл. Бірақ мұндай әзілдер көп шығаруға болады (Телпек киген қыздың басы енді бос емес, Соқыртеке ойнамайтын баланың көзі ашық). Бұндай жолмен құралатын қалжыңдр өздерін ақтамайтын кездер көп.
"Қызылордада орман жоқ" — мағыналық тұрғыда отыз рет айтылып біткен әзіл. Тіпті қасқырға қатыстысы да болды-ау деймін бұған дейін.
"Өте сезімтал мал дәрігері" — бірдеңе бар енді, бірақ сондай бір жамбы атуға алып шығатындай…
Сағыздың бірінші әзілі біртүрлі, негізі. :)
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екінші жартылай финалІІ айналымда Қармақшының «арка аяғы» — мектеп жайдарманында бұлай әзілдемейді тіпті…
«Нұр Ақжол» — арнайы қалжың, оқу кезінде іркіліс болды. Сағыздың екінші әзілі де сәтсіздеу. Ұшуы — әділетті. «Девайтаддид» болса, кез-келген әзіл өте беруі керек емес қой…
ІІІ айналым — қалыпты. Қармақшы да әділ ұшты.
Соңғы айналымда «кекеш ит» туралы әзіл — деңгей емес. Аягөздің шюткілері — қалыпты, алып бара жатқан ештеңесі жоқ, тек басқалар — тұрақсыздау. Аягөз қосымша айналымсыз ұтуы керек болатын, ал қосымша сайыстың нәтижесі күмәнді. Жарайды, жалпы Аягөз жеңгені жөн болды.

Бір әуен аясында әзілдік қамту қиын екенін үнемі айтып келемін. Сондықтан ретін пайдалану, бабын білу де маңызды. Оның үстіне, видеоқатарды пайдалану жағы да қазір үнемі ақтала бермейді. Бұрын ғой ол, технологиялық озық үлгі сияқты көріне беретіні…
Қармақшы құрамасының патриоттық әнінде біраз ақпарат келтірілді. Залдан аңдау қиын, музыка жағаласқан сөздері, жамырау… Оның үстіне әуеннің ырғағы жылдам болса. Бұл жағдай, әрине, кемшілік (әннің өзі жақсы болса да).
Бірақ "Қорқытты да біз жақта жатқызып қойған,
Мықты емес пе біз жақтың жыландары да" — бұл лайк, әрине. Қорқытты жылан шағып өлтіргенін біреу білсе, екеу білмес.
Әзілдік құрамына қатысты бас актердің еркіндікте жүріп, шашу шашып, не домбыра тартқаны — дұрыс қадам. Маған салса, мен әріге барып, залдан не жюриден адам билетіп қояр едім :)
Орташа енді, жалпы.

«Күлкі терапиясы». Дұрыс шешім — глорларға, яғни халықтың көп бөлігіне өтуі тиіс. Оның үстіне, махаббат, шоколад, бла-бла…
Жанр ретінде жеке дара сюжеттік линиясы болуының өзі ұнады. Бір болт — үнді қызының сөйлегені.
«Нормально».

Аягөздің әні «Радио Свободаның» «Еркектің әніне» қатты ұқсайды. Қадамдар қорғалмайды, сондықтан жалпы конкурс жақсы. Көрерменге видеоға жіті қарауды тапсырған нөмір, бар өзегі сонда. Аманжан өз шумағын толық өзі айтып шығуы керек еді.
Дауысы жетпесе де — соны айтып шығуға жетеді, әрі дауысы жетпегенінің өзі оның орындауында күлкілі сияқты.
Соңы — иә, мәні бар… Бірақ осындай амалдар ұнамайды маған. Маған бұл моарльдық қысым — қалай мен Батырға қол соқпаймын?

«Тек қана қыздарда» да сондай, жай ғана әзілдік тұрғысынан емес, қолдау, эмоция-сезім деңгейінде шапалақ жинап алатын актуалдар болды. Менің жеке субъективті пікірім (ол қате де болуы мүмкін) — бұндай әдістерді тура сол пәлсапалық күйінде қолдану адал жол емес. Келіспесеңдер де болады. Мен үшін солай. Ай нид э джоукс.
Бауырсақтың шумағы — өш боямасыз, оригиналдың сөздері: оның Мерекеге арнауы дұрыс болды. Және нөмірдің ең күлкілі жері — Мерекенің «финалист» деп күшенуі, әрине.
Жалпы, мазмұндық тереңдігіне дауым жоқ.
Жюриге өтті ғой, әйтеуір.

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екінші жартылай финалСағыз. Жігіттер (& қыз) — өздерін өздері күлкілі жастар. Ағылшынша оригиналдың араласып кете беретін бір сәттік жымитар идеяны айтпағанда, күлкі шақыратын дүние — мына парик, стиль, киім. Және қимылдар, бэк-вокалдағылардікі, әсіресе. Осыған, визуал-қимылға тірек сала беруге болмайды. Себебі, әннің өзі таңдалуы мен пародиялық сипаты автомат түрде ыржитады да, ал сөздерінде екі-ақ месседж: Баспалдақ жайлы және шаштараз жайлы. Күлкілі емес екі месседж.
Мүмкін, менің өзімнің үміттік конвульсияларым шығар.

Бірақ команда инерциямен ғана қолдау тауып келе жатқан сияқты сезім жоғалар емес.

Көрініс сайысы.
«Тек қана қыздар» — идея қисынды, қыздар командасында шамамен осындай тұрмыстық ситуацияларды жасауға болады.
Менің түсінбегенім, күйеу жігіт «мынадай түр» деп менсінбесе, неге «ваще» ЗАГС-ке келіп тұр? Ах, иә, жайдарман… Мұнда бәрі мүмкін.
Мереке, «Менен саған не керек?» дегенді көп ешкім түсінбеген секілді. Сондықтан, не мәтіндік кедейлік, не сөз ұмытып қалудың баламасы тәрізді көрініп кетті. «Түсіндірш, түсіндірш маған» деп қосу керек еді.
Өзінің некесін салуы — қызық. :) Жалпы, күлкілі диалогтары бар.
Жаман емес, тек тұрақсыздау, созылыңқы тұстары бар. Месседжері ұнады, жеткізген әзілдері де.

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екінші жартылай финалАягөз. «Отырдық, шықтық...» — :D :D :D
Жалпы, диалогтары жаман емес. Кемпірді ойнайтын бас актердің әртістік деңгейі жоғары.
Есімде, командир итеріп жіберген жерде, зал «У-у-уффф» деді. Драматургияны көрсетсе керек бұл.
Команданың ойын барысында екінші рет жылаумен байланысты ауыр дүние көрсеткені — тенденция болып кетпесін. Бірақ кемпірдің қалай әзілдеп жібергені ұнады.
Кім байқады, соңында қазақша киім киген екі кішкентай қыз, кішкентай бала, т.б. не үшін шықты? %)

Қармақшы құрамасы. Жап-жақсы.
Актерлікке негізделген ғана шюткілер бар, мәтінді қоса түсуге болады.
Дәрігерлер жұмысын насихаттауда «Күлкі терапиясының» қызметін атқарып шықты.

Сағыз. Ауыл. Тағы да ностальгия (алдыңғы ойындар жайлы шолуды қараңыз — ред.).
Болттар көп. Жақсы сайыс.

Күлкі терапиясы.
Үнді қызын жиірек пайдалана бастапты. Әзілдік диалогтары мықты емес.
Ән арқылы өзара сөйлесетін моменті жақсы. %) Жалпы, әрі қарай да аудиалды пайдалануы жақсы.
Тығыздығы алдыңғы үштіктен сәл төмен секілді.

Аягөз өз деңгейінде, жинақы ойнап шықты. Соның өзі бірінші орынға мүмкіндік берді. Және, жамбы атудың рөлін жақсы түсіну керек.
Сағыз босаңсып кеткендей көрінді. Бұрынғы серпінмен зал жақсы көреді, бірақ кей әзілдері оған тұрмайды. Іздену керек.
Қармақшы — болашақтың командасы. Бәрі бар бұл командада. Мәтіндік әзілді күшейту қажет.
Тек қана қыздардан көп нәрсе күтпеймін, сондықтан, жалпы, ризамын. Қызық, атауға боларлық тұстар болды.
Күлкі терапиясы — сондай бір кемшілік жоқ сияқты. Бірақ ойыннан кейін жюри бұрыс жасағандай әсер болған жоқ.
Терапияның "Қазақстан дауысы" сияқты моменттерді көптеген командаларға пайдалану керек. Интеллект, парадокс сезімі төмендеу, идея іздеу. ТВ бағдарламаларды әзілге тығу, актуалдарды басқаша ұсынып, нөмірге айналдыру, интернет мүмкіндігін кең пайдалану жетіспейді. Жюридегі кісілердің фишкаларын кекету, тың стиль не құралдар жетпейді.
Жамбы атқанда ит-құстың күлкілі екенін біле тұра, тұрмыс, қоғам, саясат арқылы күлдіре алған команданы жоғары бағалаймын. Ондайлар сирек қазір.
Ән сайысын моральдық меккеге айналдыру үрдісі, оны жюри тарапынан жоғары бағалауы да сияқты маған ұнамай бара жатыр. Сіздер де тойынған бір күні осы ұстанымға келесіздер әлі.
Сөйте тұра, тұтас алғандай ойын жаман болғанын айта кету керек.

Финалға шыққан ЖасНардың ұпайы Қармақшыдан көп болғасын, бәрі логикаға сай. Бірақ маған салса, қосымша ешкімді алмас едім. Қармақшы келесі маусымда біразға бара алады, ал ЖасНарға ақтық ойында үмітті ақтау керек.
Биылғы маусымда айқын фаворит жоқ. Тұтас маусым бойынша тұрақты жоғары деңгей көрсеткен Күлтегін чемпион болса, Фемида (ақтөбелік команда емес) бір сәтке көреген болар еді. Бірақ, финал — бір ойын, ойын ойынға сәйкес келе бермейді. Сахна шешеді. Көре жатармыз.

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші жартылай финал

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші жартылай финал
Жоғары лига. Үлкен үзіліс. Соңғы 1/4 финалдық ойыннан кейінгі мерзімді айтам. Оның аралығында маусымға тиесілі жазғы фестиваль болғаны аян. Ол жерде жартылай финалға берілетін қосымша жолдаманы екі команда әділ түрде ұтып алған болатын: Павлодар жастар құрамасы және Сырдария құрамасы, ОҚО.
Залдан қарағаннан кейін эфирден де қараудың реті туды.
Тарих маусымы жалғасуда. Жюриде бірнеше өзгеріс. Төрт сайыс, бес команда, бес қазы.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/4 ойын

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/4 ойын
АЭСА, қысқасы. Бәзбіреулер секілді кеткен командаларды сөгуішлер қатарынан емеспін. Әрине, көрермендер үшін жақсы командалардың маусымда болғаны жақсырақ. Оның үстіне, бастаған нәрсені соңына дейін аяқтау уәжіп қой. Бірақ, не болса да, әрекет еріккеннен жасалмағаны түсінікті… Қысқасы, қандай жолмен екені маңызды емес, Жайдарманнан тағы бір түлектер ұшты, үлкен өмірге жоллдама ап кетті, кіржиіп, Медиум тілінше айтсам, ересек нан табуға да аяқ басты. Тоқетері, АЭСА-сыздықтағы ақырғы ширек финалда былай бастан өткердік…
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екінші 1/4 ойын

Екінші күнде де ғимаратқа кірудегі іркілістер жалғасты. Әдеттегідей, уақытынан қазақтарша кеш басталды.
Алдыңғы шолулардан байқағаным — ең терең, түбір-қобырымен талдайтыным — сәлемдесу екен. Әр әзілді шайнауға тырысу тек осы сайысқа тән. Ол заңды да шығар, себебі, бұл сайыста әр кезекті минатюра, элемент, қозғалыс — күлкілі болуы керек. Есесіне, фристайлдық, еркіндік бар. Ал соңғы сайыстар әдетте өзі тұтас бір нөмір болады. Деп өзім түйіп отырмын.
Әлқисса, өткен шолуымды қарасам, біршама мейірімді болған сияқтымын. Бұл қателік енді қайталанбайды.
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екінші 1/4 ойын
Сәлемдесуді Күлкі терапиясы, Қарағанды бастады. Сап, тізбек. Кененнің «Көкшолағы» жайлы бастапқы нөмір — қызық, бірақ бәрібір ағартушылық функциясы басым. Былай-былай енді, болады. "...Әннің тарихын жақсы білетін КТ" — типі тарих маусымына байланыстыру, әйтеуір үйтіп-бүйтіп әкеп телу. Қайықтың үстінде — біршама тапқыр. Бидің ырымын жасады — мен жымидым. Бірақ кей фронтмендердің қимыл қораштығына. Өй, қойш… :)
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші 1/4 ойын

Сәлем, Астана! Және "Қазақстан" арнасының көрермендері!
Осылай, командалар сияқты бастайын ба?

Біраз болыпты.
Ленин бабам туған күні Жайдарманның жайдары сайыстары жалғасқан кез еді.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, төртінші 1/8 финалдық ойын

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, төртінші 1/8 финалдық ойынҮшінші ойыннан кейін іле-шала үш бүтін оннан бесінші төртінші ойын өтті. Бұл 1/8-дік алғашқы айналымды тәмамдайды.
Иә, осы күні жюриде ескі де жаңа тұлғалар келесі межеге өткен командаларға тағы да үш команда қосып беру шешімін жасады.

Игі емес дәстүр бойынша, бұл ойынға да бір команда келе алған жоқ. Бұл жолы — «13 аймақ», болашағынан үміт күттіретін команда. Бірақ ұйымдасу (тіпті ойынға даярлық жөнінде де) жағынан немқұрайлы қарайтын топ. Айтып-айтпай не керек, екінші ойын қатарынан 4 командалық ойын. Обалы нешік, бұл жайт сапасына теріс әсер етті дей алмаймын.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/8 финалдық ойын

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/8 финалдық ойын
Әлгіндегі ойыннан кейін 10 шақты күн өткен болатын. Кезекті ойынды көруге бардым.
Ойында кіржиген көзқарасымның фокусына 4 команда ілінді. Немене??? Неге 5 емес?
Жоқ, команданың ниеті ұрып тұрса да, өмірде түрлі жағдай болады: қаржылық, ұйымдастырушылық, бюрократиялық, адами фактор мәселелері ойынға аттануға кедергі болуы мүмкін. Оның үстіне, әскери оқу орнындағы команда болса. Бірақ, оны түсіністігі бар мейірбан адамдар ойласын, ал менің бас қатырғым келмейді.
Жоғары лигада ойнау үшін қаншама команда арттарын жыртып, тырмысып, уақытын кетіріп, даңғыл жол жүреді. Ал өте салып, келмей қалу…
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екiншi 1/8 финалдық ойын

Эфир уақыты өтті, бәрің қарадыңдар ма?
Екінші ойын, қысқасы. Тарих маусымында — тарихта қалуды мақсат тұтқан командалардың (бәрі емес сияқты, былай) кезекті бестігі ойнады. Жюриде бірлі-жарым өзгеріс бар. Негізі, бұл — дұрыс үрдіс. Тың көзқарас, жалпы алғанда, барлық жерде керек.
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екiншi 1/8 финалдық ойын
Әрі қарай

Бла-бла

Тақырыпқа қарап, кей жайдарман командаларының сахнадағы бар тірлігі деп ойлап қалуға, баға беруге болар еді, ә? Неткен символизм… Бірақ, бұл жолы айтайын дегенім ол емес.
Жайдарманшыларды сынай отыра, мен сахнаға шығудың жауапкершілігін және оның артында қаншама еңбек жатқанын түсінемін. Әзіл жанрының микрофонға аузыңды қимылдатып берсең жеткілікті болатын басқа өнер түрлерінен қиынырақ екенін де білемін. Дегенмен, ізденіс барда бірнеше минуттық өнер көрсету қиын болмауы тиіс. Шыршалар-таяқтар, әлемде қаншама тақырып бар, жанр бар, оқиға бар! Туындылар бар! Әлем — үлкен! Ендеше, не ләйліп отырсың?!

Әуен таңдай білу — әр адамның талғамына қарай. Жеңіл, сөздерді қамти алатын ән таңдау және оның мүмкіндігінше көпшілікке таныс болғаны жақсырақ. Мәселен, шетел туындыларынан — Эрик Клэптонның «Лэйласы». Шедевр.


Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бiрiншi 1/8 финалдық ойын

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман,  бiрiншi 1/8 финалдық ойын
Жайдарман — жайдары ойын, жақсы ойын. Маусымашарға барғалы да бірер айдың жүзі болды. Содан кейін Жоғары лиганың маусымын қадағалаймын дегенім енді өзіме жүк болды.
Осы уақыт ішінде әлдебір ерекше ештеңе бола қойған жоқ, аса бір мейірбандана қойған да жоқпын. Сондықтан, көзі қарақты демесек те, көзі кіржиген көрермен ретінде өткен ойындар жайлы өз ойыммен бөлісуді жалғастырамын.
Сөзсіз, бұл пікір жеке менің интеллектуалдық санама, әзіл түсіну қабілетіме және тәжірибеме негізделген. Бірақ, көптің бірі, пікір әртүрлі деп, жылы жаба салуға болатын жай емес. "Қырықтың бірі — Медиум Қыдыр" деген… Оның үстіне, менен өзге фундаменталдыға жуық шолу жасап жүрген пенде көргем жоқ, сондықтан күллі көрермен атынан жазылған мақала деп қабылдаңыз. Назар аударыңыз: көрермен, жанкүйер емес. Жанкүйерлерге, әдетте, объективтіліктің иісі мұрнына бармайды. Біз — ақиқаттың ақырғы Ақыртасы болмасақ та, бүйрегіміз ешкімге бұрып тұрған жоқ.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман. Маусымашар. 2 күн
Жайдарман тақырыбына арналған бүгінгі екінші жазба маусымашардың екінші күнін (тікелей байланысты қарасайшы, а) қамтиды. Қатардағы көрермен ретінде, өзімнің алған сезімдерімді ортаға салуды жалғастырамын.
Залдан әзіл есту телеэфирден қарағандағыдан өтімділеу болып келеді екен. Өзінің бір аурасы бар, монтажсыз – шынайы, ішкі атмосфера. Көрермен де ризашыл, ілтипаттылау екенін ескеру керек, залдың біраз бөлігін жайдарманшылар (һәм олардың жанкүйерлері, достары) алып отырды. Өз ләззатымен ышқына күлген еркектерге қосылып, еріксіз жымияды екенсің. Екінші жағынан, бұл күнге жинақталған командалардың ішінде тәжірибелілеулері көптеу болған шығар.

Бұл күнгі гала-концерттің кей әзілдері есіме түспеуі мүмкін, дей тұрғанмен, ел алдына шығу құрметіне/жауапкершілігіне ие болған командаларды атамай кеткен де (қайбір риза дейсің бірақ, мұндай себеппен аталғандарына) болмас. Негізі, бұл күні көп командалардың есте қаларлық бір ерекшеліктері болды, саналы түрде өздері соған ұмтылған да шығар.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман маусымашары жайлы

Сіресі қатып, көңі кепкен блогымды жаңғыртуға не себеп? Соңғы жылдары қазақтілді Жайдарман ойындарының көрермені болып жүрмін. Мейірбан, ілтипатты көрермен деуге келмейді. Бірақ ойын ұнайды.

Сонымен, қайырлылау күн, жайдарманшылар, олардың көрермендері және керекинфоның кездейсоқ-тұрақты арамтамақтары!
Осы жолы Қазақстан КВН Одағының жыл сайын өткізетін лигаларын қалыптастыратын маусымашар фестиваліне барғанмын.
Маусымды кім ашса, сол ыстық. Ғм-ғм, жарайды, бұл мәтел бет туралы болатын, бірақ бұл жағдайда да ақиқаттан алыс кеткен жоқ. Маусымды тұрақты түрде Есен есімді ағай мен редакторлар қауымы ашады, ал олар сендерге анық ыстық. Ыстық болмай көрсін…
Әрі қарай

"Жайдарманша" әзілдеу стилі

Блогиаданың осы аптадағы "әзіл" тақырыбы берілгенде — бірден ойыма түрлі әзіл-сықақ театрлар, сосын қазақша КВН ойындары, яғни «Жайдарман» сайыстары еске келеді. Егер әрине Жайдарман алғашқы орынға шығып кетпесе.
Әрі қарай

Епті байымайт, бақты байид немесе баю үшін бақтан басқа не керек?

  • КВН


Былтыр Жайдарман ойындарының бір арнайы жобасында көрермен ретінде сұрақ қойған едім. Сұрағым КерекИнфоның алғашқы жылдарында (2003-2004 ж) Nurgisa -дан үйренген мәтелден құралған:
"Қазақ айтады ғо, епті байымайд, бақты байид" деп. Баю үшін бақтан басқа не керек?

Осы сұраққа сіз қалай жауап берер едіңіз?

P.S видео үшін Janasil -ға рахмет.
Әрі қарай