Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екiншi 1/8 финалдық ойын

Эфир уақыты өтті, бәрің қарадыңдар ма?
Екінші ойын, қысқасы. Тарих маусымында — тарихта қалуды мақсат тұтқан командалардың (бәрі емес сияқты, былай) кезекті бестігі ойнады. Жюриде бірлі-жарым өзгеріс бар. Негізі, бұл — дұрыс үрдіс. Тың көзқарас, жалпы алғанда, барлық жерде керек.
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екiншi 1/8 финалдық ойын
Сырдария құрамасы (Жетісай, ОҚО) сәлемін бірінші салды. Шымкенттікі болғасын, иә? :)
Музыкасы — қатаң! Операторға құрметі біршама — тың, әзілсіз. Жай, идеясының өзімен-ақ ерекшеленіп шығу мақсаты болғандай. Орындалды делік. Келесі жолы — осы концептті жалғастыруға болады. Кімге шапан жабасыңдар? Дыбысшы, редактор, сосын зал түкпірінде отырған маған да жетіп қаларсыңдар, ә?
Жаңбырлату ситуациясы — күлкілі, окей. Қыз — әдемі. Ой, мұның шолуға қатысы жоқ. Алып қашу — жай, жымитты да қойды.
Жалпы, оңтүстіктің қандай да бір ерекшелігін көрсету (табысты не табыссыз) шешімінің өзі қисынға келеді. Түбегейлі оңтүстік командасы, жақсы, қош делік. Бұл ойды болашақта кеңірек пайдалануға болады. Оңтүстіктің басқа да ерекшеліктерін ашу арқылы.
Әскердегі ақсерек — қысқа, күлкілі, тапқыр. Шахмат — тым жеңіл, бірнеше дүрс-дүрс қағытпа керек еді.
— Жүресіз бе?
— Жүрем ғой, әйтпесе қалай келдім бұл жерге?
— Жоқ, фигуралармен жүресіз бе деймін?
— Аяқпен, ақымақ!

— Не ғо, аға, мен негізі ойнай алмайтын ем. Мысал үшін. Актерлік шеберлікпен жалғауға болар еді.
Көзін ашып ұйықтайтын күзетші, алма ұрлайтын бала — жақсы. Кемі екі қағытпадан.
Ұзақ кодасы — қалыпты. Жалпы дебюті де сондай.

«Абай даңғылы, 8», Алматы аграрлық колледжі.
Жігіттер, "Құрметті құрметтілер!" — бұл не? Ок, өтпеді ме, өз сенімсіздігіңді жапқандай, «Иә» деп қажет емес қой. :)
Сұрақты қоюға ерініп тұрғаны — ойы қызық, бірақ тым жеңіл. «ЛақпаҒыңыз» — сәл басымдау. Сөз ойнақылығы.
Қысқа қағытпалар — әртүрлі. Айтайын: бірі мүлдем күлкілі емес, бірі жымитады. «Махорка» — жақсы. Қысқа, бір соққылық әзілдерде армансыз күлдіретін ситуацияны таңдау керек. Сіздерде — аралас.
"Үйге кеш келген күйеу" — жиі кездесетін фишка. Бұрын көрдім деп ойлауым — жай ұқсастық жағдай шығар, сіздер де осыған енді келген шығарсыздар. Әйтпесе, миымның салтанатты сарайларының бір түкпірінде жатыр, әйтеуір. Айтпақшы, бұл күлкілі.
Вокзалдағы оқиға — ақырғы қалжыңы жақсы. Бірақ бәрін осы үшін, бір ауыз сөз үшін алып келу үшін жасалған болса, бұл — тым ұзақ. Бұл әзілді уақыт ұзындығына бөлсек, тығыздығы төмен болатындығы түсінікті. Жалпы, орташа шықты.

ҚазИИТУ құрамасы, Орал. Менің аутсайдерлерім. Мойындаймын, бұл үшін айыптымын.
Бастапқы диалогтар — жаман емес. Форма, би — жақсы. Дайындық сезіледі былай.
«Каратэ» миниатюрасы. Хабаршы "Қарусыз, қолмен күресу" дегенді (негізі, «жалаң қол жолы», мағынасы бір) білдіретінін айтқанда, мысалы, көп ешкім есіне ұстамайды. Ұстауы керек, негізі. Жайдарманның зияткерлік функциясы осында — кей адамдар қызықпайтын, иісі мұрнына бармайтын дүниелерді сахнадан тұңғыш көреді. Сосын түсінбей отырады. Құрығанда қасындағысынан сұрап алып, алда біле бастайды. «Далаға шықсам да көтере алмайм мендерің» бар болсын… :)
Лирикалық шегініс, кешіріңдер. Ситуация, миниатюра — өзі біршама қызық.
«1895 жылы радиобайланыс пайда болды» (охохо!): Идея — радиоға кез-келген киімде келу — қырық жыл сахна артында жүрген, тізесі түгіл балағы мүжілген ой. Одан әрі, жарайды, алдыңдар ма осыны? Онда бұл ситуацияны кеңірек пайдалануға болады: кейіпкер жатсын, қасынсын, роллтон (қайдағы роллтон дегендерге — қайдағы Қайрат Нұртас?) қайнатып ішсін, қырынып отырып сөйлесін! Халат+Қайрат Нұртас+карта ойнау, өзі-ақ күлкілі сипаттама. Бірақ карта ойнап отырғанын залдағылар бәрі аңдаған жоқ, және бұл аз! Тізесі шыққан екен түбі: Кетерінде мамамның халаты ғо!-деп кете салмай ма? Сандырақ ретінде ұсыныс. :)
Батырлар жайлы — қызық. Телехикаялар жайлы — ностальгия, күлкілі емес, тартымды, жалпы — ақталды. Кодасы сонымен байланысты, тым ақылды. Жаман емес.

АЭСА, Алматы. Мексикалық Михонның көзқарасына қарап та ыржидым. Осылай кіріспе образды өзгертіп отырайық «давай» әр ойын сайын.
«Би-биші» — арзан, ескірген, жеңіл әзіл. Бірақ қалай өткізеді соны бұлар??? Мейрамханның актерлік шеберлігі жоғары. Мынадай дауыспен орташа нәрсені де күліп тыңдай беретін сияқтысың ғой. Финалға дейін :)
Мексикадағы оқиғалар — өтімді. Иә, айтпақшы, Мексиканың таңдалуы — қылмысы көп, көлеңке істері көп ел ретінде концептке сай таңдалған. Сендер мұны бірден түсіндіңдер ғой, иә?
Жалпы, келесі қойылымы да образдарына сай. Концепция шеңберінде. Полиция — қарама-қарсы аймақ, бірақ та жақсы ойналды, нөмірдің өзі — орташа. Қысқасы: нөмірі аз, жиі күлкілі, жақсы. Кода — ерекше, онша емес бірақ. Неге күле береді жұрт? :)

«Күлтегін», ЕҰУ, Астана. Ән таңдалуы — 5, орындалуы — 4, мазмұны — 3,5. «Тарихи құрама, тарихи маусымда» — бір нәрсені қайталай берсе, адам сеніп қалады екен. Осыған ба негізгі күш салу?
"Сәлееем! Сайлаааау, Астанааа"! — :) :) :)
Хаомаварга +, Самара +-, Геродот +.
Үтір, Абай, Крепость… Қоймайды бұлар, концептті соңына дейін ұстануда. Қысқа қағытпалар — жақсы.
Бата — тамаша! Ең өтімді нөмірді соңына қою керек пе еді, қалай?
Тарихтағы қателер — жақсы нөмір. Мысалы, мен хабарлауын естімей қалдым да, әзіл өтуі тиіс деңгейде өткен жоқ. Бірақ бұл өз мәселем ғой, иә? Жалпы, жіті болу керек деген түйін. Күлтегін, дайындық, жұп-жұмыр сәлемдесу.

Не деп қорытайын сайысты? Асхат Садырбай, алғашқы екі командаға көрсеткен бағаны өзіңе көрсет! Және «Күлтегінге» не үшін 4?
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екiншi 1/8 финалдық ойын
Ширату: Біршама жоғары деңгей. АЭСА — сұрағы қызық. Идеясы зор. Жауаптары орташа.
Күлтегін — ойлы жауаптар, жақсы. Кейде ақылдылығы әзілінен басым.
Жетісай — қайталау фишкасы, сәйкесінше жаман емес. Кейін орташа.
Абай даңғылы — ешетеңемен ерекшеленбеді.
Орал — «Мен Қайрат ТҮНТЕКОВкеке ұқсаймын». Нееее? ТҮНТЕКОВКЕ??? Манағы Қайрат Нұртас айтып тұр. Егер шатаспай, әдейі айтылған болса, онда орташа.
Өзімен өзі сөйлесу — жақсы. Жалпы, ширату — тым жақсы.

Қайым айтыс — командалар соңына қарай жылдамдық алды. Былай-былай, болады. Ұнамады, қысқасы. Командалар күлкілі жауаптың орнына ұйқаспен әйтеуір бір ой айта салған сәттер көп болды.
Орал — әсіре белсенді, бұл — жақсы. Бірақ сахнада тым еркелеп кетті — бұл жаман. Әлі ондай статуста емессіңдер.

Қорыта, қараңыздар: Қайымның ережесіне сай ұйқас болуы тиіс. Бірақ сәтті әзіл үшін әуелі ұйқас емес, әзіл жауапты ойлап алу керек. Оны үшінші жолға, яғни ұйқас керек емес ортаға тастайсың. Соңына бірдеңе келтіресің. Құрығанда соңғы екі буынын келетіндей. Айбек Қалиевтен басқа кім қатты қадалар дейсің…
Ұйқас болмай қалса ше, не істеу керек? Ештеңе! Сенімді айта салу керек, бұл жайдарман!
Немесе мойындауға да болады:
— Тағдыр бізді финалменен қоса ма,
Кубок бізді алдымыздан тоса ма?
— Ұйқастыра алмай тұрмын мен қазір,
Сондықтан да көмекке кел, Есаға!
Сұраққа орай, соңғы сөз де қызғалдақ пен қандаланың арасында ауыса береді. Сұрағының екі жолын ауыстырып айта қою секілді фишкалар — бір реттік құралдар.
Егер идеал ұйқасатын сөз болса, соны қолданып әзіл құрап көр. Бірақ ол — қысылтаяңның шешімі ғана. Жалпы, қиын сайыс, мойындаймын. Өзім де ойнай алмас едім.

Бірақ бәрібір жалпы жиынтығында 6 деген ұпайлар бұл сайыста қойылғаны дұрыс болған жоқ.

Үй тапсырмасы:
Орал: Тұрмыстық ситуация. Бұл бағытта маневр көп. «Назар аудардың» ұшқыны байқала ма, қалай?
Ал «Альянспен» қандай ұқсастығы бар? Жауап: "Ң"-ға тілі келмейтін актерлер бар.
Идеясы — жақсы, ойналуы — орташа. Күлкі тығыздығы жиі емес.
АЭСА. Күлкілі, астарлы, қызық. Бір-екі артық "қыстырмаларды" санамағанда.
«Күлтегін» — ескі образдар. Жақсы. Оның үстіне, маусым тақырыбына сай.
Абай даңғылы, 8. — идеясы қызық. Бірақ екіұдай. Әзілдері жақсы, негізі. Ойнауы — дәлме-дәл емес.
Ердос ақын рөлін ұмытып қалған момент — команда толқуын көрсеткендей. Өкінішті. Бірақ әділетті.
Жетісай — идеясы қызық. Тұжырымдамасы осыған аса жақын нөмір — АМИК, Премьер-лига, БФУ, Калининград, жартылай финал, 2014. Бірақ бәрібір жақсы шешім.
Автор мен актерлер арасында бір-екі үйлесімсіз жағаласу болды. Репетициялық ақаулар?
Бірақ, ақиқатында, мына оймен әлдеқайда көбірек күлдіруге болатын еді. Дегенмен, тапқырлық пен біраз жақсы қалжың үшін жоғары бағалауға болады.
«Күлтегінді» тым төмен бағалады бұл сайыста. Залға өту жағын сәл төмендеу болғасын шығар.

Сонымен, тоқетері, командалар стэмдерін толығымен қайталау, дайындық жүргізу керек, үтір-нүктесіне дейін ойнату керек. Редакторлық уақыт жағынан қысылу жоқ па, бәрі жақсы ма өзі, достар?
Қайым айтыс сәтсіз ойналды. Өткен ойында да онша болған жоқ. Көбіне жайдарман емес, анонимді әлсіз ақындар жиынына ұқсап тұрды.
АЭСА, Күлтегін — жақсы. Тек шаймаңыздар алдағы ойындарды. Ондай болып тұрады.
«Абай даңғылы, 8» — 4 адамдық, ерекше сипаттағы команда маған ұнайды. Көрермен де жақсы қабылдауы тиіс. Бірақ импровизация әлсіз, әзірге мықтылармен бәсекелесуге басқа сайыстарда да сәл жетпей тұр.
«Сырдария құрамасы» — негізі, болашақ аса бұлдырсыз дей алмаймын. Бірақ Премьер-лига чемпиондары үшін дебют тамаша.
ҚазИИТУ — әділ түрде үштікке ілінген жоқ. Бірақ ұйымдасуы, жинақылығы, ұмтылысы жақсы. Бұл команданың қосымша жолдамамен өтуі қисынға келетін еді. Турнирлік тұрғыда бір команданы болсын, жеңе алғаны үшін! Ол жайлы әлі алда сөгетін боламын.
Жалпы алғанда, алдыңғы ойыннан басым түсе алған жоқ. Алдағы әлеуеті түсініксіз, бұлдыр. Тура осы жазбада пайдаланылған сурет секілді.


Жоғарғы сурет аман-есен Аман Есенов деген әлеуметтік желідегі әкімшіден ұрланды.
Бөлісу:

3 пікір

merekeee
Карта ойнағандарын залдың түкпірінде отырып байқасаңыз жақсы ғой.
Қайым айтыстың сәтті өткенін көрмеппін.
Мейрамхан — команданың келбеті! Жайдарман арқылы түрлі салаларға (жүргізушілік немесе актерлік мысалы) жолы ашылғандардың қатарынан табылып қалар. Кезінде Қуатжан да солай «еншісін» алар деп ойлағам, бірақ, ол папам айтқандай «жуастау» боп шықты :)
merekeee
Сөйтсе, Мейрамхан да, Қуатжан да анау-мынау емес отыз бес жылдық тарихы бар «Тамаша» ойын-сауық отауының құрамына еніпті!!!
MERmukhanov
шығрып жіберген сияқты ғо ояқтан, нет?