Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екінші 1/4 ойын
Екінші күнде де ғимаратқа кірудегі іркілістер жалғасты. Әдеттегідей, уақытынан қазақтарша кеш басталды.
Алдыңғы шолулардан байқағаным — ең терең, түбір-қобырымен талдайтыным — сәлемдесу екен. Әр әзілді шайнауға тырысу тек осы сайысқа тән. Ол заңды да шығар, себебі, бұл сайыста әр кезекті минатюра, элемент, қозғалыс — күлкілі болуы керек. Есесіне, фристайлдық, еркіндік бар. Ал соңғы сайыстар әдетте өзі тұтас бір нөмір болады. Деп өзім түйіп отырмын.
Әлқисса, өткен шолуымды қарасам, біршама мейірімді болған сияқтымын. Бұл қателік енді қайталанбайды.
Сәлемдесуді Күлкі терапиясы, Қарағанды бастады. Сап, тізбек. Кененнің «Көкшолағы» жайлы бастапқы нөмір — қызық, бірақ бәрібір ағартушылық функциясы басым. Былай-былай енді, болады. "...Әннің тарихын жақсы білетін КТ" — типі тарих маусымына байланыстыру, әйтеуір үйтіп-бүйтіп әкеп телу. Қайықтың үстінде — біршама тапқыр. Бидің ырымын жасады — мен жымидым. Бірақ кей фронтмендердің қимыл қораштығына. Өй, қойш… :)
«Күн боран...» — актерлік жақсы. Себебі, сондай кісілер шынымен бар ғой өмірде. Соңы — күтілмеген, күлкілі. Бірақ мен соңғы кезде осындай лақтырыстарға скепсиспен қарайтын болыпын. Кәдімгі кісілермен сұхбатты өрбітіп, тағы бір-екі болттайтын едім мен.
«Түнгі жүріс» — орташа. Арзан әзіл.
«Микрофон» — бұл жүріс бұрын болған (мысалы, Тұрсынбектің әңгімесінде), былай жақсы, күлкілі.
«ЗАГС» — тағы да бір лақтырыс, орташа. «Бишілерден құралған хандық» — идеясы жақсы, бишілер контрасты (біреуі шынымен шебер қимылдайтын биші, екіншісі — томпи. Айтпақшы, томпидың дарақы күлкісі үнемі орынды бола бермейді).
Меніңше, өз деңгейлері.
«Шу-Чу», Жамбыл облысы. І, қалай дағдарыс бүкіл жерде? Ысқырыққа байланыстыру үшін айтылған сөз.
Ән жақсы. :) Тақырыптарына ұрыс, ұрыспа, күлкі шақырады енді.
«Нағыз астаналық» — орташа.
Жеңгелерге қатыстыру — ұнады. Жалпы, оңай әзілдер. "Әженің өткізуі" — басымырақ, Жоңғар құдасы бар батыр — орташа.
Смс-терді сөйлету идеясы — қызық, әлде де тереңірек, көбірек сығып алуға болатын еді. Оны айналасында тұтас үлкен нөмір жасауға болар еді.
Соңғысы — классикалық шулық әзіл, визуал, автоматты күлкі шақыратын нәрсе. Бірақ ойлы әзі емес болғасын, жалпы концепттің өзіне, тіпті барлық қалжың жыртқан күні, жюридің кіл бестік қоюы қиын. Түсінесіз бе, бір іштей жегі болады да… Өзін осы деңгейдегі әзілден әлдеқайда биік санау, өзге нөмірлермен салыстыру, осы тақырыптардың жүргенін қаламау, типі «болды ғой енді, мұндай әзілдерден өткен шығармыз...» деу — қысқасы, мұндай концепт ешқашан чемпион болмақ түгіл, финалист бола алмайтын сияқты. Асан Қайғы — обалы нешік, күлкілі. Команда дұрыс әзілдейді, күтілген нәрсені айтады. Окенариум, Жасыл энергетика — манағы Шварцнеггердің типажы :)
Тура бір жыл бұрынғы эфирде: «Ауылдарыңда өсетін нәрсені айта берсеңдер, өздерің өспейсіңдер» деп, бір айтыскер ақын жюриден айтып еді. Оның үстіне, команда бірде бір рет «Көнбейді тарих бос сөзге...» деген тақырыпты айтпағанын ескерсек…
Күлкі критериін орындады, бұл команданы сөге алмай, екі оттың ортасында тұрмын.
Сырдария құрамасы, ОҚО. Командада мәтіндік әзіл бар. Бастапқы кіріспе диалогтар негізі жаман емес. Тапердың жұмысында кінәрат болғанын байқауға болады — үлкендеу сапалақ қаққыш туралы әзілден кейін ойналуы тиіс музыка ерте ойнағысы келіп ниеттенді :)
26 сәуір — Әбжанның туған күні, қызымен Марат жүреді, білсем — аямаймын секілді дуркалар қызық. «Сыр жасырмаймыз, Марат жейді» деген енді идяесы жаман емес, өтімділігі төмендеу болғаны рас. «Заңға қайшы» — «Заңға пышақ» та сол. Сөздер ойынына негізделген әзілдерді дұрыс беру керек, ситуациямен, эмоциямен беру керек, былай жыртуы қиын. Қиюы да қиын, сөгуі де қиын. Көрдіңдер ме, шамамен осылай. :)
«Есігіңізді жауып алыңыз...» — жақсы. Килограмм такси — идеясы жақсы, соңына дейін жеткізу кемшін. «Жетісай мен Астана адамында» — әзілдер тағы бар.
Жалпы, ақиқаты, қарап отырсам, кіріспе диалогтарда ең әзілі көп және тығыз болған осы құрама. Неге екені белгісіз, өтуі жоғары емес.
Сырттағы қыз сыны (мен қыс сыны дер едім, хехе) — тым жеңіл. Сондықтан, біртүрлі.
Каратэ қойылымы: қасындағысының басына жару — қолданылған, бірнеше мәрте мәлім жүріс. Залдың біразына тың болса да. «Добивкасы» — жай-жай.
Кода: «Аяқты… аш» — қалыпты. Кемі, тың, жаңашыл сияқты.
Команданың проблемасы — өткізу шеберлігі және әзілдердің қаймақ бетіндегі қалқыма екендігінде. Былай жіті қарағанға жиілігі, мәтіндік жағы ұнап еді, негізі. Қатты өтпегесін, жюриге де өкпелей алмай отырмын бірақ.
Сағыз, Атырау облысы.
Қораш шіңкіл күлкі. Маған ұнамас еді, бірақ командаға бұл жарасады — ауылбайлық фриктік бар командада. Әрине, Шуға сілтеме, кейін, лақтырыс — басқаша жүріс. Олар да ауданның командасы, ха! Пішту!
Ояу аға хикаясы — жаман емес, бірақ мен бұл қадамды су іздеген сәттен-ақ түсінгем. Жалпы, иә, көрерменге жақсы.
Балық сыйлау ситуациясы әлдеқайда мығым, ол да күтіледі, алайда океанариумға байланыстыруы және өз ішінің жарылған әйнек жайлы хикаясы да күлкілі.
Шетелдік ән — негізі, орташа, соңғы нүктесі ғана былай болады. Басқа ән айтып тұрудан пәлендей тапқырлық таба қоймадым. Оның алдындағы процестердің бәрі соған әкеп тірелген болса.
Бірақ Пішөннің біртүрлілігін пайдалану дұрыс шешім. Өзінен өзі сапалы емес әзілді де өткізе алатын сияқты, себебі ол Пішөн ғо…
Сөмкеден адам шығу диалогтары (пәтер-зал) — жақсы, және гитаралы балаға ақша тастап кету де тапқыр әрекет. Осы әрекетті оператор негізгі фокусқа алу керек еді. Оны кәсіби түйсік дейді, шеттен келе жатқан жігіт қазір бір секундқа басты кейіпкер болатынын аңдау аса қиын да шаруа емес. Осы.
Соңғы сөздері қисыны тура сол болғанымен, бұрынғыдан әлсіз шыққанын айтып өту керек. Тойынып кетпейік, бұл жүріске үйреніп алдық. Ізденіңдер. «Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдыру үшін...»
Жақсы, бірақ толық бес емес, қысқасы.
ЖасНар, Алматы. Шудың өзін санамағанда, Шу жайлы әзілдеген екінші команда. Және, бір терісі — қалған командаларды осыған қуып әкелгендей, Шуды соңғы айтуы. Қағытпа, иә.
Күлкі салу жалғасуда. Обалы нешік, бұлардың қолынан келе алып тұр. Қайталаулар болмасын тек (90 ж.ж. Құдайберген салған күлкілермен бәрібір қиылысады бірақ).
Команда күлкінің біртүрлі болса, автоматты түрде басқа күлкі тудыратынын ғылыми кітаптан оқып алғандай ма? :) Окей, бізге қашанға дейін күлкілі, соған дейін бұл ақталады.
Шиномонтаж — орташа. Иә, андай парадокста ойнағысы келді. Бәрібір орташа. Түу, аңқау хабаршы да — өстіп біте ме? Ұмытып қапты. Брр. Болды ма?
Тиегі түскен домбыра — жақсы, тың.
Құрбылар әңгімесі… ВК-дағы жас қыздарға арналған статустар үнемі күлкілі, бірақ бұл — бұрын болған жүріс, бұл — интернет… Және берілуі де басқаша емес (басқаша қайдан бересің, әркез "қыздың" аузында күлкілі). оның үстіне, орысша. :(
Видеролик — әзілдік құрамы төмен. Иә, былай Ильяға — «Көтерейік» сәйкес; Футбол — мына жерде тұр *кеңірдек тұсты көрсеттім*. "Қазақ қыздарына қайран қалам" — түсініксіз, біртүрлі стеб. Типі, міне қазақ еместер қатысып жаьтыр деген толғаныс па? Онда несіне патриоттық сарында бәрі?.. Патриотизммен сәлемдесуді құтқару амалы деп ұқтым.
Кода — әдеттегідей тым ақылды. Сәлемдесу ұнамады, халтура иісі бар. Жюри ұпайы тым артық.
Қарағандының су жайлы қағытпаларынан кейін келген ой: Айтыңыздаршы маған, актуал тақырып жайлы әзілдеу үшін міндетті түрде сол аймақтікі болу шарт па? Неғып, соңғы кезде ел аузындағы (және көзіндегі) соңғы оқиға-жаңалықтарды барлық команда пайдаланбайды? Әлде, редактурада бұл тақырыптағы қалжыңдары Терапияға ұтылып тұрды ма? Қалай болғанда да, өзектілік — Жайдарманның маңызды іргетасы екенін ұмытпағайсыздар.
Әзіл бәйге.
Ұнамағандар баршылық:
«Девальвация кезіндегі мақта» — миым қорыта алмады бұл әзілді. Әлде жай ғана ақпаратты.(Шу)
«24 сағат бойы жасайтын дүкен кілті» — ақпарат. Парадокс сезімі, ауу! Содан кейінгі Пішөннің тірлігін әзілдің өзіне қоспадым.
«Айттым ғо саған, батып кетесің белгісі» жайлы — әзіл жаман емес. Бірақ ешқандай байланыс жоқ Қарағандымен, тек қана команданың Қарағандыдан екендігі болмаса. Былай, бір аймақ ерекшелігіне қатысты дәнеңе жоқ (белгілерге қарамайтын бұзық, не бір айтқаннан түсінбейтін делсалдардың өңірі болса екен, мысалы...)
"Қазақ тіліне бас ауырмай жүрген қазақтың..." — юмора нема.
«Біздің Шуда ЭКСПО болмаса да...» — әлсіз. Тізесі шыққан.
«Президенттер саябағы» — Бұл не? Уаще?
Ал "Қазақ-қырғыз бір туған", «Азық-түлік бағдарламасы», "Қазақстан құрамасының тепкен добы" — көбірек ұнаған әзілдер.
Жалпы, парадокс пен парасат көмектессін сендерге! Бағыт дұрыс.
Әуенді сайыс.
Шу-Чу. Әуенге келтіруі күшті. Сайыс — әлсіз. Болттар жоқтың қасы.
Сырдария.
«Бір жігіт үйленді жақында,
Білмейді жарының атын да
Достары үйіне әкеліп бергесін,
Ие боп қалған ғой… ең жақсы ұйқас „қатынға!“. Жалпы айтам.
Қойылым барысында — »екінші кезең — практика" деп өткен кезде, әуелі неге бірінші кезеңді бір жақты қылып алмады деймін де?
Орташа. Көтеріңкіреп айтқаным бұл тіпті.
Сағыз. Ностальгиялық қойылым. Көрермендер бір-біріне қарап, «иә-иә» деп таныс нәрселерді еске түсіріп, қауқылдасып жататындай сәт.
Әзіл тығыздығы жоғары. Бірақ гитаралы әндермен блокты алып тастаса, сондай бір іргелі толыққанды сайыс шықпай қалайын деп тұр. Бірақ әуенді сайыс қой, несіне аламыз? :)
Әсіресе, бір орай қызық. Сосын Пішөннен тональность туралы претензия күтілмейтін әзіл еді, ә… :)
Ох, алдыңғы командада айтқан ән мында да айтылды.
«Жаснар». Жаман емес. 2 видеоблоктың идеясы бір. Аппақ гүлдер — жақсы!
«Күлкі терапиясы». Кутуньоның «Итальяносымен» басталға сайыс. Бұл ән жақсы қойылған, сөздері қатты ұқсайды. «Дианада бар тарих, Оны ит алады» деген не? Ең кемі, түсініксіз болып қалды.
Әндер жақсы. Сайыс жаман емес. Толық 4 ұпайға келіспеймін.
Көрініс сайысы.
Сағыз. Жапон музыкасы күшті екен. Драматургия кемшіндеу, Қазақстанға келгеннен кейін де бір оқиға күтіп қалдым. Сайыс жымитады. Жалпы, жақсы.
Шу-Чу. Күлтегін-2014-тің финалкасына ұқсайды. Орын ауыстырудың визуалына негізделген идеясы жөн, негізі.
Көрдііздер ме, сыр мен сыр (құпия мен ірімшік) жайлы бір ойында екінші команда айтып отыр. Редактура? :)
Бірінші рет панда басымен құлағанда тәуір күлдім. Сол кезде соңы да болды.
Айтпақсы, соңында иіліп жатқанда, бәрі басын шешіп жатты. Тек панда ғана солай иілді. Осы кезде тағы да бір алға құлап кеткенде күшті болар еді, ә! :)
«Күлкі терапиясы». Команда барлық сайыста су жайлы әзілдеді, ә? Барлық!
Қызық, негізі.
ЖасНар. Енесінің келінін танголап қарағаны ұнады. Керемет әдіс!
"Ұрының қызымын де" — көрермен тарапынан өз қошеметін дұрыс алмаған әзіл. Жақсы.
«Сырдария». Мәтіндік әзіл бар бұл командада. Иә-иә, жюридің бірі айтқандай, қазақылық та бар. Жаман емес.
Болды осымен. Сөз соңында (командалар осы тіркесті қолданады, ә?) айтайын дегенім, өткен біраз шолулардағы айтылған сын бойынша біреулер келісуде, біреулер келіспеуде. Бұл — қалыпты. Келіспейтін пікірді де қолдаймын, және оның осы тұғырнамада жазылғанын құп көремін.
Алайда, «Командаларды олай сөгуге болмайды, бірінші өзіңізді жайдарманшынын орнына койып қараңыз, бәрі көрерменнің арасында отырып сын айта алады, әуелі өзің жайдарманшы болып ал, өзің жетістікке жетіп ал, сен өзің кімсің, аты-жөніңді ашып жаз» деген секілді пікірлер болғанын көрдім. Бүйтіпарттарыңыз іштеріңіз ашып жатқаны маған ерекше ләззат сыйлайды. Дегенмен, жауап бере кетейін.
Былай ғой. Сахнадағы кез-келген субъектке сын айтуға болады. Өйтетін мен шынымен кіммін? :) Мен — көрерменмін. Сіз де сахнадағыларды сынайсыз. Өй, анау Қайрат Нұртас не киіп алған деп үйге қайтып бара жататын сіздермен салыстырғанда, менікі консструктивті ғой. :)
Атымды ашып жаздым делік: Мыржықбай Нүсібалы. Антон Құлақбек. Алефтина Нұрбекқызы. Қандай да бір аты-жөнімді айтам ал, ол сізге бірдеңе бере ме? Не өзгереді сіздің өміріңізде? Ештеңе.Әйтеуір бір қосымша қажетсіз ақпарат. Жалпы, кім жазғаны емес, не жазғаны маңыздырақ.
Сөйтіп, логикалық қорытынды: сынауға құқығым бар. Себебі, мен көрерменмін. Жайдарманшылар, түптеп келгенде, мен үшін тырысады. Тіпті, андай, типі өзің сондай бола аламасаң, сынауға кім құқық берді?-деп ойлайтын тікқұлақтар үшін: шынымен, мүмкін, мен жетістікке жеткен жайдарманшы шығармын? Менің кім екенімді білмей, сіз қалай өйтіп айта аласыз? :)
Ал жалпы, егер тек сол саланың мамандары не жүлдегерлері ғана сын, пікір айту құқығыныа ие болса, онда критика ұғымының өзі жоғалар еді. Әр сала өз ішінде ғана біте қайнасып, халық тұмылдырықпен тұмшаланып жүрер едік.
Арривидерчи! Үшінші ойында талқандалғанша!

Алайда, «Командаларды олай сөгуге болмайды, бірінші өзіңізді жайдарманшынын орнына койып қараңыз, бәрі көрерменнің арасында отырып сын айта алады, әуелі өзің жайдарманшы болып ал, өзің жетістікке жетіп ал, сен өзің кімсің, аты-жөніңді ашып жаз» деген секілді пікірлер болғанын көрдім. Бүйтіп
Былай ғой. Сахнадағы кез-келген субъектке сын айтуға болады. Өйтетін мен шынымен кіммін? :) Мен — көрерменмін. Сіз де сахнадағыларды сынайсыз. Өй, анау Қайрат Нұртас не киіп алған деп үйге қайтып бара жататын сіздермен салыстырғанда, менікі консструктивті ғой. :)
Атымды ашып жаздым делік: Мыржықбай Нүсібалы. Антон Құлақбек. Алефтина Нұрбекқызы. Қандай да бір аты-жөнімді айтам ал, ол сізге бірдеңе бере ме? Не өзгереді сіздің өміріңізде? Ештеңе.Әйтеуір бір қосымша қажетсіз ақпарат. Жалпы, кім жазғаны емес, не жазғаны маңыздырақ.
Сөйтіп, логикалық қорытынды: сынауға құқығым бар. Себебі, мен көрерменмін. Жайдарманшылар, түптеп келгенде, мен үшін тырысады. Тіпті, андай, типі өзің сондай бола аламасаң, сынауға кім құқық берді?-деп ойлайтын тікқұлақтар үшін: шынымен, мүмкін, мен жетістікке жеткен жайдарманшы шығармын? Менің кім екенімді білмей, сіз қалай өйтіп айта аласыз? :)
Ал жалпы, егер тек сол саланың мамандары не жүлдегерлері ғана сын, пікір айту құқығыныа ие болса, онда критика ұғымының өзі жоғалар еді. Әр сала өз ішінде ғана біте қайнасып, халық тұмылдырықпен тұмшаланып жүрер едік.
Арривидерчи! Үшінші ойында талқандалғанша!
Сол екі смстің оқылмайтыны жайдарманшылардың интерпретациясында қалай болар екен деп күтіп жүргем — ұнады.
Қорс-қорс жыладың ба көзіңнен жас шыққанда? :)
Пкіріңе рақмет.
п.с. құлағымды жууға су жоқ, по ходу бәрі сіздің жақта болу керек.
09, 10, 11, 12, 13