Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/4 ойын

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/4 ойын
АЭСА, қысқасы. Бәзбіреулер секілді кеткен командаларды сөгуішлер қатарынан емеспін. Әрине, көрермендер үшін жақсы командалардың маусымда болғаны жақсырақ. Оның үстіне, бастаған нәрсені соңына дейін аяқтау уәжіп қой. Бірақ, не болса да, әрекет еріккеннен жасалмағаны түсінікті… Қысқасы, қандай жолмен екені маңызды емес, Жайдарманнан тағы бір түлектер ұшты, үлкен өмірге жоллдама ап кетті, кіржиіп, Медиум тілінше айтсам, ересек нан табуға да аяқ басты. Тоқетері, АЭСА-сыздықтағы ақырғы ширек финалда былай бастан өткердік…
Сәлемдесуді Қармақшы ашты. Қағытпалы, бірақ кейіркерлері сәтті емес, не жай фантазияға құралған. Ирина жеңеше болса, Криштиану қалай жезде болады? Сосын әйелі деген фраза да орынсыз, олар неке құрмаған еді. Сосын бала… Криштидікі, Иринаның еш қатысы жоқ. Әзіл мәні онда емес, әрине. Жалпы, нюанстар деп жатқаным. Ақпарат ақиқаттығы. :)
Маймылдың рөлі — күлкілі, бірақ командалар жиілетпеу керек мұндай қалжыңды. Түр жайлы Жайдарманда біраз команда қағытады бір ойыншысын.
Тцік, пппфүк — жақсы. Етене таныс болуы мүмкін көрерменге. Алдараспан театры — Жайдарманнан адам алмаған жалғыз театр — жалпы идея қызық қой, мырс еткізеді. бірақ расы олай емес, әрине. Жайдарманнан адам алмаған театр жоқтың қасы. #АЭСАТыГде :)
Тышқан — күлкілі. Ерме бала — жаман емес.
Жарнамалық антрактісі — орташа, залда өтуі әлсіз болған жоқ. Бірақ процестің өзі тартымдылығы болмаса, мәтіндік әзіл жоқ.
Шыңғыс ханның 333-әйелі — жақсыыыы :) Тек осы тақырыпты неғып жиілетіп жүр жайдарманшылар? :) Бір нәрсе біліп алса, тастамайды екен.
Шарап құйып, қаралаы хабар жеткізу — күлкілі. Командада бір ауыз сөздік қысқа қағытпалар сүргіленген, жақсы.
Жалпы, биге икемді, әзілге шебер команда, әртістері бар классикалық команда. Формасы да жақсы. Сәлемдесуді жақсы ойнайды. Осы сәлемдесу де бестік.

Тек қана қыздар. Самостеб — жақсы. Бұл линия 1/8-де де болды, команданы күлкілі ететін жалғыз болмаса да, даңғыл жол. Әр келесі әзілге дейін Мерекенің кіріспе, сөзі көптеу, бірақ актерлігі ұштала түскендей.
Бауырсақпен диалогтары — тегіс емес, бірде бәсең, бірде қызық. :)
Жалпы, Мерекенің қатаң «Фук ете қал» деген сияқты дөрекі сөздері күлкі шақырады, образына сай. Және кейде контрастта ойнап, керісінше сызылған нәрселер жасап, кейін соны өзін өзі кекетсе де күлкілі болатын сияқты. «Не боп кеттік құрсын, қыз құсап майысып...» деген сияқты.
Парктегі қыз-жігіт — орташа. Дәрігер ана — оөиғаның өрбуі жоқ. Процестің өзі тапқыр.
Парктегі оқиғаның жалғасы — жақсы. Типі, жігітке уже мейлі, немесе үйреніп қалды.
Президент әйелдерінің жиыны — тығыздығы аз, Қырымға әкеп тірейтіні екі ел туы болғаннан-ақ мәлім болған. Дегенмен, бұл әзіл сапасын төмендетпейді, бұнысы — жақсы. :) Газсыздық аса өтпеді, себебі, құлақтан тартып алынған. :)
Саптағы «Сен бірінші бастап алсай» — жақсы :) Жаңа қыздар жартылай финалда қатысып, өрби ме, әлде осы әзіл шеңберінде қалып кетті ме? М?

«Нұр, Астана». Түсінбеймін. Тамаша команда. Бағыты, тырысуы, әзіл тудыруға бағытталған идеясы дұрыс. Залға өтімі аз.
1) Мәселе — кейде актерлікте. Бере білуде. Кейде сүреңсіз, эмоциясыз кетіп жатады. Тартпайды, көрерменге драйв сыйлау кемшін.
2) Ойлап табылған идеяны қалай қолдануда. Әркез сәтті емес. Басқаша беретін тұстар бар.
3) Әзіл түрлерін араластыру керек. Әншейін, қағытпалар мен тұрмыстық ситуацияларды, ақылды әзілдеріңізбен. Үсті-үстіне миға діңкілдете берсең, құр ақпарат сияқты қалыптасады.
Баласын тосып отырған әке — жаман емес. Президенттік үміткерлер — жақсы. Амантай қажының шпаргалкасы — тамаша. Соңы «лақтырыс» болатыны түсінікті болып қалды, тізесі шыққан жүріс бұл.
Кодасы — жаман емес, қызық, айқын дүние.

Альянс, Семей. Тәжірибелі команда. Биге мықты. Тұрақсыз, кейде тойынып кететін, біркелкі өтпейтін топ.
Қықса әзілдері — орташа. Айбек Қалиев жайлы қызық. Бимен визуалды-әзілдік қадамдар драйв береді, жымитады. Жақсы.
Қазақы биші — орташа, бір ретке қызық.
Картинкалы әзілдер — жалпы форматы ұнайды. кейде күлкілі, кейде тек аналогиялық ақпарат секілді.
Жол туралы — жақсы, соңы қисынды. Әзілдің соңғы соққысы (Әкімият) күшті. Осылай бітуі керек.
Сонымен, бидегі ағайдың шығуы, үш түрлі би. Сырт адамның сахнаға шығуы — әркез ақталуы тиіс. Яғни шығарып, оны өткізе алмасаң, әлсіз өткізсең — бұл теріс. Бала шығарып, орташа күлдіру — ол да ақталмайды. Бала әркез күлкілі, шығардың ба — жыртуы, айыруы тиіс.
Үлкен кісі де соған жақын, және тек биге ғана шығып, мәтіндік бір ауыз сөз ғана айтқанымен, зал ішінде пух ете қалып, мені жыртып тастады! :)
Айтпақшы, қалыңмал-МАИ — әлсіз әзіл. Өзінен өзі күлдіре алмай, ойлнадыруымен қатар — екеуі де бір форматтағы нәрселер: мани-мани мәмілесі. Тақ-сяқ, қысқасы.
Концерт — қағытпалы :) Есен Елеукен — қызық, иә. Масляков-стайл. Есен мырза енді сондай қатты барин емес, бірақ «Ол туралы әзілдемейміз» деген үрейлі жайдарманшылардың образы. Қызық.
Биді, акробаттық ептілігін қалай ұтымды пайдалану керек деп ойланушы ем — Қарақаттың «Айналайыны»… Міне, нағыз класс! Осылай. Эффект әр секіріс сайын күшейе береді. Қайталану мен қимылдың қисынсыздығы. «Жайлаукөл кештеріндегі» «Дариға...» деген қайталану, қателеспесем, «Аграрка сарбаздарында» болған еді 2006-да. Соын еске түсірді. Оны бірақ барлық мектепбайлар беске түсіре қоймас, тауып алып қараңыздар, қысқасы.
Видео ақталады, әзіл бар, соңы шекер лирика, жанрдың барлық заңдарын сақтап тұр :)
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/4 ойын
Әзіл бәйге. Бәйгеге қосылмауы тиіс әзілдер деп санайтындарым мынау болды:
«Асаба — жайдарманшы» (Нұр) — бұл жаман емес әзіл, ерекше жағдай. Сондай бір құсық емес, оның үстіне ол осы образды сомдап тұр, міне, мен ғой деп. Ондай жайдарманда кездеседі, қалыпты. Тек дегенмен көрерменге мыжғылап, конферансьелеп өткізуін кейбіреу түсінбеді!.. Сол… Бірақ бұл команданың проблемасы емес.
"Қорқақ тауық" — күлкілі, бірақ жар шетіндегі, әрі өтіп кетейін деп тұрған шекарадағы әзіл сияқты.
«А?», "Қайраттар" әзілдері мәтіндік жағынан өздері алып шыға алмай тұр. Жалпы, бар бірдеңе, бірақ қосымша музыкалық добивкасыз — құр ақпарат. Бұдан тікелей әзіл ретінде Есен мырзаның Максимге айтқан сақалды қалжыңы өтімдірек. «Сырға» туралы да қосымша көмек арқылы ғана өтімді. Пшшш…

Есен мырзаның қатысуы арқылы бұл сайыс жаман болмады. Жалпы да жаман емес, ескерпелерім бәрі шартты секілді.

Әуенді сайыс.
Тек қана қыздар Хабарлау кезінде журналист қыз продюсер қызбен сұхбат екенін толық хабарлау керек, немесе, керісінше, Мерекенің кейіпкері жұлдыз болу ниетімен әндерін ұсынуы қажет сияқты. Іс жүзінде, өзі жұлдыз болам деп кеп тұрған қыз неліктен продюсерлік орталық басшысын тергеп жатқаны, және неліктен ол әндетіп отырғаны түсініксіз болып қалды. Сайыс шикілеу. Бірақ ноутбукты дұрыс орналастырып, қолданып отыр. Әндердегі әзіл тығыздығы жоғары емес.
Рэп жақсы, соны ғана жаттаған сияқты ғой. :) Ютуб — тың емес, орташа. Ретрика — орташа, бұған дейін басқаша форматта бірнеше команда айтып тастаған идея. Көлігі бар — әзілі жоқ, әншейін Кенталға кіріспе сияқты. Кіс-кіс — қалыпты (Халау-лалау, кім айта алады олай? деген естеріңе түскен жоқ па? :) )
Соңы — тым ақылды, кейіпкердің образына келмейді. Соңғы ән болғасын ғана сериозно аяқтап тұр. Жалпы, дәнек бар, бірақ асығыс сайыс.

Альянс. Сайыс жаман емес, бірақ қысқалау. Арай апай — тым жеңіл. :) Ал ұрылау жұлдызшалардың арттарын ашу процесі — салауатты іс. Бұл тамаша жұріс болды. Бірнеше нақты соққылар. Видеоблок — мәтіндік әзілге ұтылатын видео, аналогиялар орташа. Шварцнеггер — Нұртас қана ұнады. Патриотизммен әзіл аздығын ауыссырған, десе де, бұлай аяқтау қисынды.

Қармақшы. Бірінші жымиыс Біз өмірде не көрмедік?-те ғана кетті. Дегенмен, жалпы тәуір стеб.
Братва туралы әннің бары не, жоғы не? Қалжыңы қайда? Орташа сайыс, 4 қоймас ем. Жоғары бағалап жіберді деп санаймын.
п.с. Ауылдарыңды жамандамаңдар, жамандасаңдар нәзік, күлдіріп жамандаңдар.

Нұр. Нұр Отан — жақсы қағытпа. Одан кейін тақта жайлы күтілетін орташа қағытпа, Резеңкеде бір жақсы ға, ытпа. Идеялары жақсы. Полиграф Полиграфычтың Хали-галидің әуеніне жасаған Детствосы еске түсті. Эх… Сендерге Қармақшының өтімділігін берсе… :)
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, үшінші 1/4 ойын
Көрініс сайысы.
Нұр қатарынан екі сайыс көрсетті. Бұлай боп тұрады, бірақ қалаулы емес нәрсе.
Идея жаман емес, бір кафе әншісіне келушілер қатарынан екі елдің продюсерлері таласып қапты деп хабарласа, ситуацияға дәлірек келетін секілді. Айтпақшы, Қайрат Нұртасты қайталай бергеннен, орыс жақ көп әншінің атын айтып, сосын бір рет Нұртасты айтып, пауза ұстап қалса, қонымдырақ болар еді.
Екінші блок ойландырады, бірақ қиын өтеді. Құлақтан тартылып, сайысқа тіркемеленген. Жалпы, басқа ситуация (ай-кю ойындар сияқты) кезінде қолдануға болар еді, жалпы жаман емес.

Тек қана қыздар Басы — орташа ғана. Физика???
Бірнеше болттар бар. Сайыс жаман емес.

Қармақшы.Драйв бар. Мистер Пропердің орнына бір саясаткер ме, әнші ме, біреуді шақыру керек еді. Жақсы.

Альянс. Жақсы. Видеоны мейлінше көп пайдаланыпты. Кейде теріс әсер ететін тұстары болады мұның. Ретімен, ретімен.
Сайыс ойлы. Тұтас жоғары балл алмау себебі — мәтіндік әзіл, диалог, әртістіктің айқын ашылмауы. Былайғы жүріс — финалдарда жасайтындай жұріс.

Альянс жақсы дайындықпен келіпті. Заңды түрдегі жолдама. Алайда, әр кезде әртүрлі команда.
Қармақшы аса қатты қиналмай-ақ өтті, бірақ біреулер секілді чемпиондығына сенбеймін.
Нұрдың проблемасы белгілі, ол жөнінде жоғарыда да, өткен шолуда да айттым.
Тек қана қыздар жаман емес өнер көрсетті. Шын айтайын, командаға объективті қарап-қарап, қазір объективті қарай алмай қалғанмын. Мені тағы 1/2-де оларды тамашалауға міндеттеп, мойныма жүктеген тағдыр! Мақтайын, мейлі, мақтайын. Тек қана құтқар!
Жалпы, 1/4 сериясы қалыпты деңгейде өтті. Ал жартылай финалдықтардың әлі толық анықталмауы — ол да маусымның бір қызығы. Тағы да бір мүмкіндік бәріне. Яғни, биыл жайдарман көп.
Туған күнде көріскенше!
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше