Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары
![](http://kerekinfo.kz/uploads/topics/preview/00/01/26/09/25a235e9cb_900x600crop.jpg)
«Суалған су миым одан сайын суалып, сумиланып тұрғанымды көрмеймісің!» © KILYZAMAN
Хуиметсіздер ме, херметті охуйрмандар, саламатсыз ба, Назғұл апай, қал қалай. Сені — жақсы, Алматыда деп естідім. Уау, уау, уау. Іхе-іхе, ойын ғой.
«Айтулы аламан болып жатыр, азулы билер отыр» дегесін қозып сала берді. Одан кейін делебем қозсын кеп. Ойлана келе, «Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары» деген фотореп ұсынуды жүн көрдім. Сонымен, назарбтарыңызға 19.05.2014 күнгі күнімді ұсынамын.
Сағат 08:45 АМ
Ояндым. Көзімді аштым да, келесідей бұлыңғыр бейнені көрдім:
![БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/11/2014/05/21/165766.jpg)
Бейненің қанықтық коэффициентінен, жарық әлемді сол күйі қабылдауға дайын емес екенімді түсініп, жата тұрайын деп шешім.
Сағат 11:17 АМ
Ояндым. Көзімді аштым да, келесідей бейнені көрдім:
![БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/11/2014/05/21/8e8245.jpg)
Аса хердірменді билер алқасының назарын, бұл картинаны мен — етбеттеп жатқанда көргеніме аударғым келеді. Яки, халымның мүшкілдігін әлден шырамытып отырсыздар.
Сағат 11:19 АМ
Санама бірден келген ой: кешеден міндетті түрде бірдеңе қалу керек. Бірақ қайда тығып қойдым? Тығып қойған себебім — осы күнгі бөтелкелестер ішін сарқып, бөтелкесіне дейін жеп кететін болған. Сондықтан ертеңгі күнге деп, бір жерге тығып қоямын. Қытай соққанда табыла қойсайш!
Сағат 11:19:01 АМ
Алдымен, бөтелке тығатын классикалық қуыс қолтықтарды қарауға беттедім:
![БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/11/2014/05/21/12ec54.jpg)
Ескерте кетейін, «көп ішетін адам — ергежейлі болып қалады» деген — бос сөз. Бұл жерде мен тек төртаяқтап бара жатырмын, хал мүшкіл.
Алғашқы күдікті — унитаздың багі:
![БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/11/2014/05/21/65c116.jpg)
Қызық: соның ішінде жоқ екенін; соның ішіне тықпайтынымды беске білсем де қарап тұрмын. Сірә әлі де зерттеуді қажет ететін адам псиқалогиясының қараңғы тұстары бар ма деймін.
Келесі күдікті — раковинаның астындағы жәшік:
![БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/11/2014/05/21/f00a71.jpg)
«Анау дихлофосты тартіжверіп, өзімді әлемнен, әлемді өзімнен құтқарсам ба екен...»
Одан кейін — балкондағы қожайынның боқтықтарының қуыс-қолтықтары:
![БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/11/2014/05/21/dffd3c.jpg)
Кілемін қараш лібәдтің, өзі сияқты! Маған «жайып алмайсың ба, еден жылы болады ғой» деп жейтінін қайтерсің! Неткен талғамсыздық осы кілем, а?
О! Басты күдікті! Осының артына тықтым, дәл солай!
![БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/11/2014/05/21/d4abe3.jpg)
Бәлкім ішінде…
![БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/11/2014/05/21/d3128f.jpg)
Менен шығад: мынабір вентиляциялық хуйндырғыға сүңгітіп жіберген болуым мүмкін:
![БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/11/2014/05/21/f78d34.jpg)
Тоңазытқыш пен шкаптың екі ортасы:
![БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/11/2014/05/21/2d90b4.jpg)
Тоңазытқыштың арты:
![БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/11/2014/05/21/3c9f6e.jpg)
Кафканың әңгімесіне бергісіз, жөндеуі ешқашан бітпейтін мына бір опырылған жер:
![БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/11/2014/05/21/d2590f.jpg)
Status! Хех, мұны мен 17.05.2014 күні ішіп қойғам. Және тыққаным Parlament негізі.
Кеңсірікті қысқашпен қысып тұрып, қожайынның қыс етігіне де қол жүгірттім:
![БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/11/2014/05/21/ed1d84.jpg)
Шаршадым(((
Өткенде, суық тиіп хуяк келген кезде, көңілдесім Аққолтық Бірімжарқызы өзінше күткен болып, қасымда жатып алған. Антибиотик егіп, тұрғызып (мені — ред.) алды әйтеуір. Содан әптек спирті қалуы керек! Дереу дәрілер шкафын ашып қалдым да…
![БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/11/2014/05/21/f9286d.jpg)
Ом манэ падме хуум! Сатирлер мен нимфаларға, Исаға, Олимптегі барлық бұтақбас құдайларға, тіпті қытайларға — мың да бір мадақ! Аллилуйя! Ешқайда тықпаппын ғой! Өмір жалғасады!!! Кеттім!!!