Саттар Гонзалес. "Сот алдындағы сот"



Қаламы суалғандарға бұттарыңды ашып күлмес бұрын, ешқашан тіптен қаламы да болмаған, қалам ал деп берген тиын-тебенді де, қаламақыныда араққа жаратып қоятын адамдар болатынын ескергейсіз. Солардың екеуі — өзіміздің Саттар Гонзалес. Неге «солардың екеуі»? Себебі ахаңды ат қып мінген Саттар ағаларың күндіз Саттар да, кешке Бахрейн королінің күзетшісі Лайссау Мотылхадылхедиге айналады. Кейде күндіз өзіне Қазақстан Сыртқы Істер министрінің ауыр қамытын киіп, кешке ғана Саттар болады. «Белая горячкаға тағы шақырсаңыздар — айыппұл саламыз!» деп жеделжәрдемшілер халықты қорқытып кеткелі, Саттар ағаларың бостандықтың тәтті ауасымен кең тыныстап жүр.
Осындай қиманжүзді ағаларыңның жарық көрмеген, тіпті естімеген бір қуындысымен бөлісуді жүн көріп отырмыз. Шешесстің.




Сот алдындағы сот

— Э лібә, ұжмақ болад дегенің қайда? — деді Сәмет Валентайн әулие әкей Қартқожақты көттен бір теуіп.

— Білә, шын айтам, өзім де шамалы түсінбей тұрм...-деді епископ Қартқожақ тасын қасып.

— Шешесс, түсінбегенді көрсетем саған білә! — деді Сәмет Қартқожақты қылқындырмаққа ұмтылып, — рахат шығар нақ! Ай сайын шіркеуге 5 сестерций садақа, кешегіде крестін алтын жалатуға тағы тиын сындырып алдың, осылай 50 жыл көтіңнен еріп жүріппін. Нәтиже қайда? Өзің есептеш: ай сайын бес сестерций, оны он екіге көбейтіп, оны тағы да… Тұра тұрш…

Сәмет кебінінің арасынан калькулятор мен қарыздар кітабын шығарды да, «білә, бұларды да салып жіберген бе?» деп, аңтарылып қалды. Дегенмен табылғанына қуанды. Дереу әлденелерді есептегенде, дисплейден «3 000» деген қисап жарқ ете қалды.

-Міні, міні — деді Сәмет әулие әкейдің көзіне калькуляторын жалаңдатып,-міні! Тек менің қара басымды үш мыңға лақтырғансың! Ал кемінде мен сияқты 1500 мүммінің болды десек, ой лібәәә!

Сәмет тағы да есептеп жіберіп, дисплейдегі «4 500 000» жазуды көрді де, онсыз да тоқтап тұрған жүрегін ұстап, «миллионер ептібайымайд, қазір тігем сені нақ!» деп, бақырды.

Бұл кезде Қартқожақ пен Сәметке, барзаққа Аққайтым ауданында қайтыс болып келгендер жианлып та үлгірген еді. Аудан прокуроры баяғы бұқа мінезімен:

— Не болд, неболд? — деді.

Сәмет тасына дейін қуанды:
-Естеріңде ме, мына ептібайымайд ұжмаққа барасыңдар деп тиын жинайтыны бар еді ғой?

-Иә?

-Солай нақ: тірісінде алып-алып, енді ештеңе білмейм, Исаның өзі білед деп жеп тұр!

Прокурордың көзі адырайып шыға келді.
— Э білә, мен түсінбедім. Э, сонда сен қазір бізге ұжмаққа бара алмайсыңдар дегің келіп тұр ма не нақ? Берігел э білә!

Епископ Қартқожақ жылап қоя берді:
— Амандықтан түскен кітапқа өзімнің алып қосқан ештеңем жоқ еді, уа жама'ат! Соны уағыздадым ғой мен!

Прокурорға қала мэрі қосылды:
— Э Қартқожақ э, ұжмақтың бар-жоғын тексермей айтып жүрдің бе сонда сен бізге? Білә, әуелі өзің барып көргесін айтпайсың ба?

— Қайдан тексерем: ол үшін мен өліп-тірілуім керек қой, дауылбайлар-ай!-деді Қартқожақ боздап.

— Қой шешесс, мен мұны бұлай қалдырмайм! Он бес жылға жібертем білә! Маған майор Аңсаған Гржимайлоны шақырыңдар, үлкееен папкіге іс тіге берсін шешесс! Уәхаб қылып шығарайын сені!

— Кетейнақ, — деді тасы дір ете қалған Қартқожақ, — епископ-уәхабшы, уә-қа-қа-қа-қа, құлақтан кетті нақ! Кім сенед епті оныңа!

— Сендіреміз, саспа лібәд! Майор Аңсаған Гржимайло! — деп гүж етті прокурор.

— Ол әлі тірі шығар, елуге жаңа келватыр ғой...-деді қала мэрі сыбырлап.

— Сабыр, сабыр! — деді Қартқожақ тіл бітіп, — бұл да сынақ шығар, қайдан білесіңдер?

— Тап енеңді, төрт жарым миллионның сынағы, пензесс шығарсың нақ, мыдыгел лібә! — деп, Сәмет Валентайн Қартқожаққа ұмтыла бергенде, ғайыптан әулие Петр пайда болды да, аз-мұз тасын қасып алып, сөйлеп кетті:
— Қартқожақ, кеттік ұжмаққа. Қалғандарың бүгіннен бастап Веззевул көкелеріңе иман келтіре беріңдер!

— Кетейнақ, қалай біз тозаққа? Анау да бізбен тозаққа барсын онда! — деді Сәмет жыламсырап.

— Ол да баратын еді, бірақ сендердің соттарыңа түсіп, тазарып алды. Тігесіңдер нақ сендер, пенделер! — деген әулие Петр, Қартқожақты асатаяғымен ілівалып, әлдеқайда ұшып кете барды…
Бөлісу:

21 пікір

AKY
ғайыптан әулие Петр пайда болды да, аз-мұз тасын қасып алып,
torgai
Кіріспесі жынды әкесін. Бірақ, біресе крест, біресе мүмін. Түсінбей қалдым
Marco
 Лібә, әлі түсінбей жүрсің бе?
kariim
Жын ұрған Сатеке! Ептілігіңе байлығың сай болғыр Сатеке!
Korkem
 Сатыбалды олжалы
kariim
Епсіздердің арасында Сатекең сияқты бір ептінің жүргенін ұнатамын
AKA
Күндіз ішкен сарайлардан сені іздедім, Түнде ішкен сарайлардан сені іздедім
bekkerey
мына жерге звандау керек еді zakazat-killera.com/?page_id=9
zholantai
«Белая горячкаға тағы шақырсаңыздар — айыппұл саламыз!»
Abilakim
аналарда ақымақ. «Ей, Қартқожақ, Қартқожақ, атыңның басын тарт Қожақ» деп тірісінде айтулары керек ед…
omarbirat
әулие Петр, Қартқожақты асатаяғымен ілівалып, әлдеқайда ұшып кете барды…