Құдияр Кипплинг. "Соңғы сын"

«Жалпы Мәртақын Салтақтың нашар ақын, тіпті, расы керек — қ...қ екеніне бәріміз келісіп алайық әңгіменің басында...». Мәртақын бірінші сөйлемнен-ақ әдеби сыншы Сапаркүл Күлейменнің өзін оңдырмағанын түсінді. Батылдығының қалған-құтқанын жиып жалғастырмақ болып еді,«Кісілігін әңгіме қылсақ, бірің жоғалған қыздығыңды, бірің бұл қ...қтың қылған иттігін ойлап, ойша кек алудың қызығына түсіп, әдебиетіміз далада қалар» деген жолдарды оқып, ауаны қармана берді. Абырой болғанда, паркте қыдырыстап жүрген кемпірлердің бірі мұның мүшкіл жағдайын көріп, жанқалтасындағы бүркіме дәрісінен аузына шашып үлгірді: әулие Петрдің енді көріне бастаған нобайы қайта ғайып болды. «Рахмет, уфф жаным-ай!» деді Мәртақын ышқына терең бір демалып. Құтысын кері салып жатып, жанқалтасының біршама жұқарып қалғанын байқады. Лібәдтің жәдігөй кемпірі, әмиянын тігіп кетіпті нақ!

Мәртақын дәрісін кері салмауды, қолында ұстап отыруды шешті. Бірақ не үшін? Қайтадан мына далбасаны жалғастырып оқу үшін бе? Қойнақ!

Мәртақын атып тұрып, жүре берді. «Ааа сайқал Сапаркүл! Ай бір, келгіштеп жүруші едің! Буйволын судан өткізіп алғасын қарашы тілі ұзарғанын! Басжівергенімді кешіре алмай жүрсең… оу, сені кім істемеді кезінде? Мен соңғыларының бірі болармын дәу де болса. Бүлінген демалыс күнімнен садаға кет, кәрі қақпас!».

Парктің шыға берісіндегі қоқысқа жақындай бере, қолындағы газетті сол қолымен лақтырды да… оң қолымен қайтадан қағып ала қойды. «Ау, оқиын?! Ау, жауап жазбаймын ба өлтіріп тұрып? Оқиын!».

Өзін-өзі қайрап-қайрап жіберген Мәртақын жаңа қайрат толқынын сезіп, тіпті тасының жылығанын байқағандай болды. Паркке кері кіріп, отырғыштардың біріне жайғасып, газетті жұлқына парақтап-парақтап жіберді де, қадалып оқи бастады.
"… Кешегі "Қарын" сыйлығын алған шығармасын алсақ. Қалай еді аты, иә, әлгі «Сарорыс» дегенін. Бұл шығарма әдебиеттегі тенденциядан гөрі, ондағы коррупциялық ахуалдың тасқа басылған таспасы ғой!...".

Мәртақын жалғастыра алмайтынын түсінді. Парктен шығар қақпаға қайтадан келді де, газетті лақтыруға оқталды. «Соңғы сөйлемін оқиын да, тастайын! Соңғы сөйлемін оқимын, сосын үйге қайтам!» деді ол. Газеттің басқа беттерін лақтырып тастады да, көзін қадап тұрып, оқып қоюға қорыққаннан зыр-зыр жүгіртіп отырып, соңғы сөйлеміне әрең жетті: "… Осыларды қорыта келе, кәнеки әдебиетсүйер қауым, барлығымыз бірауыздан айқайлайық: Мәртақын, сен — қ...қсың!". Аузын аңырып ашып қалған Мәртақын жүрек талмасынан жүріп кеткенін әулие Иоанның сұлбасы көрінгенде бір-ақ білді.

— Мана әулие Петр сияқты еді ғой...-деді Мәртақын имене.

— Э лібә, саған өліп қалғасын бір қой емес пе, тіге ме нақ кім күтіп алса да? — деп жекіді архангел Иоанн…
Бөлісу:

13 пікір

007
Лібәдтің жәдігөй кемпірі, әмиянын тігіп кетіпті нақ!

MakpalNurlybek
Э лібә, саған өліп қалғасын бір қой емес пе, тіге ме нақ кім күтіп алса да? осы жерін дұрыс байқапты))))
Abilakim
Рахаттана бір күліп алдым-ау)))
Dzhonsaken
Күрең күзде жазылған сүреңсіз жазба екен. Дегенмен шығарма желісі ғадеттегідей асқан шеберлікпен өрілгенін айта кеткен жүн…
MERmukhanov
Буйволын судан өткізіп алғасын
Rafaello
Мозаика бөлшектері күлкілі, тек бәрін жинақтай алмадым
elton_kz
… сол қолымен лақтырды да… оң қолымен қайтадан қағып ала қойды. «Ау, оқиын?!
baglankoke
мына жазбаға күлу үшін не шегу керек өзі?