Ең...Ең...Еңңңңңң Қисық

«Еңнің» ыңыршағы шықпай тұрғанда жазып тастау дұрыс қоғҰә?

Ең бірінші және ең ұзақ ұстаған телефоным 2004 жылдың жазында әпкем алып берген Samsung N620 трубкасы. Жарықтыққа «Ауған соғысының» ардагері атағын беруге болатын, себебі көрмеген құқайы жоқ-ты. Тілерсегі тілерсегіне соғылып, тілі салақтап, көзі айналып, «көн шалбары көтіне қатқан» (батырлар жырынан) сол «соткам» осы жылы жазда «жығылып» тынды. Онда да «батарейкасы» істен шығыпты, ауыстырайық десек, «бұл телефонның өзін де, қосымша құрыл-жабдықтарын да өндірістен шығарып тастаған» деді.

Бала кезімдегі ең үлкен қуаныштардың бірі. 2000 жыл. Футболдан Еуропа чемпионаты. Финал. Франция мен Италия. Менің сүйікті құрамам "әтештер" «макаронниктерден» 0:1 болып ұтылып жатыр. Қызу басқа теуіп, қан лып-лып етіп, қалшылдап отырмын. 90 минут өтті. Үміт үзілді. Төрешінің берген қосымша минуттары ғана жүріп жатыр. Кенет… 93-ші минутта Сильвен Вильторд есепті теңестіріп кетті! Айхай, scheschesse!
Ал Давид Трезеге 103-ші минутта «алтын гол» салған кезде болған қуанышты түсінетін шығарсыз (әлде түсінбессіз)… Очм, Франция Еуропа чемпионы болған сол кезде қырып кете жаздап едім.

Бала кезімдегі ең күйген сәттерімнің бірі. Алматы облысындағы Түрген дейтін ауылдан сыналай өтсеңіз, алдыңыздан өзен шығады. Жол ары Қаракемер дейтін ауылға алып кетеді. Ортада биік қабырғалы сай жатыр. Шағын өзен сол сайдың табанын құшып ағады. Сайдың екі қабағының арасы көпір жалғап тұрған жерде шамамен бір шақырымдай болады. Кей жерлерде одан да алыс. Қабырғасының биіктігі бір 6-7 қабат үй болатын шығар.
Неге барғаным, не іздеп барғаным есімде жоқ. Жанымда екі бала бар, әйтеуір сол сайдың қабағымен кетіп бара жатқанымды білемін. Кенет… ұшып кеттім. Әлгі биіктігі 6-7 қабат үй болатын сайдан. Тік жар емес, қия бет болатын, содан кәдімгі кинолардағыдай аунап, аяғына таман барып бір-ақ түстім. Қызыл-жоса қан үстім. Бірақ, мен оны ойлап тұрған жоқпын. Беліме қыстырып алған алты оқтық ақ револьверім бар еді. Сол түсіп қалыпты. Есімде қалған, ең қатты күйінген сәттерімнің бірі — осы.

Ең романтикалық сәт. 2008-дің басы. Қаңтар. Қытайдан бірге оқып келіп, Әлиямен отандық деңгейде енді кездесіп жүрген кез. Ол жақ, бұл жақта біраз қиындықтар болып, жиі көрісе алмай жүрдік. Ол Алматыда, мен Түргенде болдым.
Аулада отын жарып жатыр едім, "үйге кетіп бара жатырмын, бір сағаттан соң поезд жүреді, ертерек хабарласа алмадым, келе аласың ба?" деген хат келді. Құлжа трассасы көктайғақ, қыс, көлік баяу жүреді. Алматы мен Түргеннің арасы жетпіс шақырымдай. Бірақ, шығып кеттім — "үмітсіз шайтан". Әйтеуір, екі таксист те «камикадзелер» екен, тура бір сағатта «Саяхатқа» жеткізді. Одан үшінші таксист «Екінші вокзалға» енді келіп қалып еді, «Поезд жүріп кетті» деп хабарланды. Ол Бірінші Алматыға тоқтайды екен, бір апачиды ұстай салып, тарттық.
Мен де перронға шықтым, поезд та келіп тоқтады. Сондағысы бес минут екен тұратыны. Мейлі ғой. Ол да болса жұбаныш. Содан көктем шығып, мамырда бір-ақ кездестік қой. Мен сияқты кер жалқау, тықыр мінез тым прагматикке бұл бір романтикалық сәт болды.

«Аузы жабылмады ғой» демеңіз, неге екені қол-аяғым мұздап отыр.
Бөлісу:

48 пікір

Gulistan
Романтикалық сәтің керемет екен.
balzaminka
маған да сол ұнады
a63a1
алты оқтық ақ револьверім бар еді.
неше жаста едің?
qisyq
Сол қырыққа онға келіп қалған кезім шығар.
a63a1
бәсе бәсе, как раз ауған соғысынан қайтқан кезің екенғой
qisyq
Ия, Кабулдағы атақты Абу Ибн Әл генерал берген ақ револьвер ғой.
AKY
Қол-аяғың неге мұздад екен?
qisyq
Түскі ас ішпеп едім.
Aikona
Романтикаңа көңілім босап… )))
qisyq
Қой болды. Тағдырдың жазуы ғой.
AKY
Франция Еуропа чемпионы болған сол кезде қырып кете жаздап едім
ағаларым да сөйткен. жынды ма деп қарап қалыппын оларға
rauka
жақсы суреттепсіз оқиғаларды
qisyq
Рахмет, Раушан.
Altygradus
романтикаң мықты екен
менде де бір сондай өлмес Нокиа бовед
meirzhan
Күйген сәт Әбіләкімнің ізімен шығарылған ба ?
qisyq
Жоқ. Өмірімдегі «ең» деген сәттерді еске түсіріп отырып, тауып алғаным ғой. Әбіләкімнің өтірік әңгімелері ме айтып отырғаның?
meirzhan
иә, соны айтып тұрмын. шын болса кешір.
qisyq
Жоқ, бәрі норм Мен дұрыс жазбаған шығармын, сенімсіздеу көрінсе. Тік жар емес, еңіс беткей болатын. Сонымен құладым. Құлағанда сырғанап, домалап дегендей. Сынбады, әйтеуір, еш жерім, бірақ сырылып, жырылып, быт-шыт болды. Тек қорыққаным есімде. Сосын револьвердың жоғалғаны тағы бар Ал, ана беткейдің биіктігі шамамен сондай болады, керемет үлкен арна еді. Келіп жатсаң, көрсетемін.
meirzhan
аха, реконструкция жасайық, қалай құлағаныңды бәрін видеоға түсіріп, немесе маникенді құлатып көруге болады
ммм. Өзім кінәлі екенмін. Мен машинада келе жатып, құлаған деп оқыппын
qisyq
Елестет: он жасар шкетті тауып алып, үстіне сары киім кигізіп, беліне ойыншық тапанша қыстырып, лақтырып жібердік беткейден. Өзіміз «Царство небесное», «Гладиаторды» түсіруген кезде пайдаланған камералар мен құрылғыларды пайдаланып, ана баламен қатар сырғып түсіріп бара жатырмыз…
meirzhan
 соткасын түсіріп алғандағы күйінгенін жақын планнан алып түсіру керек
Aizhantabyn
5 минут үшін соншама қиналғаныңа таң қалмаймын))) менің сіңлім того стоит)))))))))
qisyq
Күн өткен сайын осы пікірдің растығын еселеп дәлелдеуде сіңлің.
satibaldi
Өзің де былай… Қалай???
KILYZAMAN
Ең, ең, ең — бәрі ЕҢ. Тура сол жағдаяттағы жағдайыңдағы күйіңе байланысты бәрі! Ал түгл өміріміздің сәттері ЕҢнен тұратынын байқамаймыз…
sammita
міне романтикалық сәт
Nurgisa
Все таки Қисық үлкен шалабек қой!!!
aikarakoz
Күфті-күфті эстафеталар болыпты
Gastarbaiter
Брекеттер қанщадан боватр?
aikarakoz
Қымбат. Тым қымбат.
AKY
ессе не то увидись
dark_nazgul
мәәә, Қисық менің беташарымды көрген шығар е, Түргендікі екен.
Adiletshu
Касетасы бар ма
dark_nazgul
кассетасы бар ғой, оны ойнататын магнитофон жоқ.
qisyq
магнитофон менде бар, ап келин бе?
qisyq
Кхм-кхм… не ғой, о ғай братан?
Aya
«көн шалбары көтіне қатқан»
Аймауытовтың "Қартқожасында" да кездеседі
Nur
Ең үлкен қуанышты сәттеріңіздің бірі менің ең үлкен ренішті сәттерімнің бірі екен. Одан кейінгі реніш осы еурода полуфиналдағы Франция-Португалия кездесуі