Біз қандаймыз? Еріккен ойлар

Asaubota қолыма эстафета таяқшасын ұстатқан екен (айтпақшы, рахмет, аға!). Жалғастырайын.
Ұнайды:Алматы, Көктөбе, түнгі Алматы, Баунти, джинси, қолөнер бұйымдары, табиғат аясындағы кездесулер, құрбыларыммен кездесіп әңгімелесу, жаныма жақын жандардың жазған СМС хаттарын, қолжазбаларын жинау, комедия жанрындағы фильмдер, театрға бару, жұлдыздарға қарап жатып ұйықтап кету, тапшада отырып шәй ішу, Сәкен Майғазиев пен Юрий Аскаров:-)
Ұнамайды:Астана (суық болғандықтан), қыс мезгілі, лимон, өмірдің тез сырғып өтіп жатқаны, достардың сиреп жатқаны, сол бір жанның қазір алыста жүргені, Ақтауға көшу керектігім, өтірікшілер мен аферистер, жауапкершілікті сезінбейтін адамдар.

Эстафетаны жалғастыруға Nurgisa-ға ұсынамын.
Бөлісу:

15 пікір

asaubota
Эстафетаны жалғастыруға Altygradus-қа ұсынамын.

эстафета біраз уақытқа тоқтайды екен ғой
Tarazkyzy
онша ешкімді танымаған соң… Бәлкім сыбырлап жібересіз, кімге ұсынуға болатынын:-)))
sammita
мысалы, Теріскей, ВКМ, Қарасақал, Омарбрат, Нұрғиса, Абзал, Зилола, Жанасыл т.б. көптеген тұрақты қолданушылар бар)
Tarazkyzy
рахмет, кетті таяқша Нұрғисаға
AKY
Оо, тап ортасынан Нұрғисаны таңдауға не себеп? Әлде Саммитамен байланыстырдыңыз ба?
Tarazkyzy
Саммитаға қатысы бар ма еді? Ешқандай себеп жоқ, жай ғана таңдай салдым:-)))
sammita
АКУ терафлю көп ішіп қойған, мән берме)
AKY
Соны сізден сұрап отырғам, қайдан білейін, бірдеңе біле ме деп…
Aikona
Сезімге толы смс хаттарымен бөлісе отырсаңшы
Tarazkyzy
Ой, Айкона, қайсыбірін жазайын:-)
Aikona
Алдында вордпресте Мұрат Есжан мен жолдасынынң бір-біріне жазған смстерін оқып, таң қалып ем…
Tarazkyzy
«Королева моей судьбы и бесконечной любви, желаю тебе сказочных снов, с участием меня в главной роли!»:-)
Aikona
Уау, керемет…
Gulistan
орысшадан гөрі қазақшасы ұнайды.
Tarazkyzy
қаз қалпында бергенім