Arular.kz
Рейтинг
+28.21

Пайдалы сайттар

Оксфорд сөздігіне енген жаңа сөздер

Атақты Оксфорд сөздігіне редакторлар уақыт сынағынан өткен, яғни тілдік қолданысқа дендеп кірген сөздерді енгізіп отырады. Және әр үш сайын осы жаңа сөздер туралы өздерінің блогында шолу жариялап отырады.
image image

18 жылда қазақ интернеттен не үйренді?

Интернеттің жалпы пайда болғанына біраз жыл болса да Қазақстанға әдеттегідей бұл да кеш жетті. Қазақтар интернетпен 1997 жылдары таныса бастады немесе естіді сондай сөз бар екенін. Сол кезден бері мектеп бітіріп, үниверситетке түсетіндей жасқа жетіп қалыппыз. Ендеше осы бір 18 жылдық кезеңде біз интернеттен...
image image

Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды!

Құрметті КерекИнфо сайтының қолданушылары! Жақында ашылған bilim-all.kz сайтын көріп, ой пікірлеріңізді айтып көмектессеңіздер. Пікірлеріңізге қарай сайтқа жаңалықтар, өзгерістер енгіземіз. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды! Тәй-тәй басып келе жатқан қазақ тілді сайттың дамуына өз үлесіңізді...

WapHelp.KZ - Сайт құрастырушылар мекені!

Жоба жайлы ақпарат: waphelp.kz/faq/about.php Басты сайт: waphelp.kz/ Вконтактеде: vk.com/waphelpkz Ең алғашқы сайт құрастыруды тегін үйрететін, KazNet-ты, KazContent-ты, дамытуға тікелей ат салысып, мол үлес қосатын Қазақстандық уникалды жоба — WapHelp.KZ Жобасы. Тек сапалы және пайдалы ақпарат! PHP, MySQL, HTML, CSS тілдерін тегін үйрену! Скрипттер, Дизайндар, Модульдерді тегін жүктеу! Вап/Веб шеберге арналған пайдалы сервистер! Пайдалы кодтар, Ақ каталог және тағыда басқа бөлімдер! Біздің сайтымыз арқылы сіз, өз сайтыңызды құрастырып және оны интернетке салу жайлы үйренесіз, енді сіз үшін сайт ашу еш қиындық тудырмайтын болады, үйткені біз сіздерді қадаммен сайт құрастыруды тегін үйретеміз! Сіздердің тек алғашқы сайтыңызды құрастырып үйренгенге ниетіңіз болса болды. Қадамнан қадамға, жеңілден қиынға дейін сіз сайт құрастыру жайлы тренингымыздан...
image image

kaspi.kz-ке қалай тіркелуге болады? Фото-нұсқаулық

Бүгін әлеуметтік желіде сайтқа тіркелу бойынша қиындықтар туралы бірнеше сұрақ алдым. Тіркелгісі келіп, бірақ тіркеле алмағандарға түсінікті болу үшін фото түрінде түсіндіруді жөн көрдік. 1. Браузерге (Chrome, Opera, Mozilla) kaspi.kz атауын жазамыз. Сайт ашылады. 2.Оң жақ қапталдағы «Кіру/тіркелу»-ді,...
image image

Balalaralemi.kz - балаларға базарлық!

Құрметті керекшілер, Сіздермен «БалаларӘлемі» сайтымен бөліскім келіп тұр.
image image

Вебмастердің онлайн көмекші құралдары

Күнделікті бағдарламалардан бөлек онлайн қолданатын сүйікті құралдарым бар. Солармен бөлісе кетейін. Қолда бағдарламалар жоқ кезде, басқа біреудің компынан кірген кезде пайдалы. Сурет редакторы pixlr.com/editor Сурет көлемін өзгертуге, түсін реттеуге, қиюға, кесуге т.б ыңғайлы құрал....
image image

Ұру

Бүгінгі күннің басты сайты ,
image image

КерекИнфоның Мұнарасы

Құрметті сайттастар, Осы күзде «Нұр Медиа» холдингі өздерінің алғашқы ақпараттық сайттарын ашты. Мұнара деп аталады. Сайттың негізгі мазмұны холдингке қарасты БАҚ өкілдерінің ақпараттарынан құралады. Сондай-ақ өңірлердегі тілшілердің де жаңалықтары қосылады. Танымал блогерлер де бұл сайтта колумнист...

Videmus - фоосүйерлердің жаңа мекені

Бүгін — Халықаралық Фото Күні. Әуесқой, кәсіпқой фотографтарды, фотодизайнерлерді, тіпті инстаграммшыларды да осы мерекелерімен құттықтаймын. Осындай тамаша күн қарсаңында жаңа сайт ашылды. Videmus деп аталады бұл жаңа фотоблог жүйесі. Видемус — латыншадан аударғанда «көру, бақылау» деген мағыналарды береді.

Google Кескін - Көт ашу қызметі

Интернет деген негізі көп нәрсеге бәле болды. Жұрт бәрін тауып ала қояды. Талай дизайнердің де қорқынышты түсі. Бүгін Google-дің тағы бір пайдалы қызметін қарастырып көрейік. Оның аты Google Кескін, міндеті сурет тауып беру. Қосымша бір функциясы сұраған суретіңнің оригиналын, үлкен көлемдегесін, ұқсастарынғ, сапалысын тауып беру. Қызықтың бәрі сол кезде басталады. Біреулердің өздерінше оригинал деп, өзіміздікі деп қойған суреттерінің негізгі түп тамырын тауып көттерін аша аласыздар. Мысал үшін біреулердің логотиптерін, кей фирмалардың сайттарында, этикет немесе басқа дизайндарында қолданатын суреттерін қайдан алғанын қарай аласыз. Интернеттегі түрлі «мынау кім?» сипатындағы суретті викториналарға тез жауап таба қоясыз.

infobus.kz - Онлайн автобус

Пайдалы сайт екен. Әзірге тізімге Астана, Теміртау, Орал, Щучинск қалалары кіріпті. infobus.kz/

Нақұй.кейзет - Ұлттық демотиваторлар сайты ("ұлттық" сөзі андай* үшін)

Naqui.kz доменінде орналасқан қазақша (енді бикья тілінде емес қой) демотиваторлардың жалдамалы пәтеріне қош келдің, дос. Демотиватор сөзі батыстан (әлде шығыстан...), өзге тілден (тура мағынада емес, қазақ тілі деген сияқты ғой) енген сөз болса да, қазіргі түсте интернеттегі ең сұранысқа ие контенттің бірі боп есептеледі (naqyl.kz сайты бұлай деп мотиватор туралы айтып жүр, сенбе, дос). Сондықтан “Күнәсіз күнәһарлар орталығы” осы демотиваторларды қазақ тілінде жасауды жөн санады (ну, қалай, бірден байып кеткіміз келіп отыр). Бұл сайтта сіз демотиваторларды автоматты түрде жедел, сапалы жасай аласыз (егер қолыңыз иықтын өскен болса) һәм жасаған дүниеңізді осы сайтта, әлеуметтік желілерде қастарыңызға бағыттап (қас болғанда дене мүшесі емес, жау деген ғой), бөлісуіңізге, сондай-ақ, компьютеріңізге сақтап алуыңызға болады (мысалы, D:\рефереттар\порно).

Hatebook.org – хейтерлер мен мизантроптардың сайты

Ағылшын пәнінің мұғалімі Ұлжан апай айтқандай, «өмірде жаусыз қызық емес» деген сөзден бастағым келіп отыр. Өмірде де, әлеуметтік желілерде де біз дос жинағанды жөн көреміз. Ұнамағандарды жай ғана қара тізімге енгізіп қоя береміз. Мысалға, әлемге танымал әлеуметтік желі Facebook-те қолданушылар бір-біріне достық жібереді. Ал Хейтбук (www.hatebook.org) сайтында керісінше жау жинайсыз. Өзіңізге ұнамайтын, түсінбейтін немесе қабылдай алмайтын әрекеттер мен заттар туралы пікіріңізді жариялайсыз. Осындай антиәлеуметтік желі десек те болады. Біз үшін бір кемшілігі, сайт интерфейсінің ағылшын тілінде болуы, алайда ағылшын тілін осы сайтта өзіңіздің жек көретін нәрсеңіз туралы түсіндіруге немесе өзіңіздің жауларыңыздың жыны келетін нәрселерін түсінуге талпыну арқылы үйренуге болатындай.) Сыртынан болсын, көзінше болсын өсек айтуға да өте таптырмас құрал.

Спорт сарап

asaubota ағамыз 2013 жыл қазақ интернетінде «бум» болады деп айтып еді. Соның куәсі болып келеміз. Жақында ҚазНеттің қоржыны тағы бір сайтпен толықты. Спортқа арналған «Спорт-сарап» деп аталатын жаңа сайт оқырмандарға жол тартты. Негізі бұл сайтты 2013-тің қатарына жатқызуға келмес. Өйткені пыртал былтырғы желтоқсан айында ашылыпты. Олжас Нұразхан баурымыз басшылық жасайтын сайттан қызықты ақпараттар, фото, видео, сұхбаттар оқи аласыз. Әзірге сайттың бастамасы жақсы. Спорт туралы жазатын Аламан, АлашАрена, СпортСарап сынды сайттардың көп болғаны дұрыс қой. Бәсекелестік болады ғой. Кіріп оқып тұрайық. www.sportsarap.com/

Нақыл.кз - мотиваторлар сайты

naqyl.kz Жақында Қазнетке тағы бір сайт қосылды. Нақыл.кз — мотиваторлар сайты. Мотиватор жасағысы келетін, бірақ техбілімі жоқтар үшін өте жақсы қызмет. Керек суретіңді жүктеп, мәтінін жазсаң сайт өзі жасап береді. Кеше мен де алғашқысын жасап көрдім. КерекИнфода да жақсы мотиватор жасайтындар ( 1 , 2 ) бар. Солар осы сайттың дамуына үлес қосса жақсы болады. Өйткені қазір Нақыл сайтындағы мотиваторлардың біразы мотиватор сипатына сай емес. Контенттің қазірден бастап сапалы болуына біз де ат салысайық.