Google Кескін - Көт ашу қызметі
Интернет деген негізі көп нәрсеге бәле болды. Жұрт бәрін тауып ала қояды. Талай дизайнердің де қорқынышты түсі. Бүгін Google-дің тағы бір пайдалы қызметін қарастырып көрейік. Оның аты Google Кескін, міндеті сурет тауып беру. Қосымша бір функциясы сұраған суретіңнің оригиналын, үлкен көлемдегесін, ұқсастарынғ, сапалысын тауып беру. Қызықтың бәрі сол кезде басталады. Біреулердің өздерінше оригинал деп, өзіміздікі деп қойған суреттерінің негізгі түп тамырын тауып көттерін аша аласыздар. Мысал үшін біреулердің логотиптерін, кей фирмалардың сайттарында, этикет немесе басқа дизайндарында қолданатын суреттерін қайдан алғанын қарай аласыз. Интернеттегі түрлі «мынау кім?» сипатындағы суретті викториналарға тез жауап таба қоясыз.
Сонымен мұны қалай қолданамыз?
Алдымен Google Кескін бетін ашамыз.
Фотоаппарат тұрған иконканы басамыз да сурет URL-ін немесе компта сақталған файлды жүктейміз де іздеуге жібереміз, болды.
Тапсырма:
Түрлі компания, БАҚ, мекеме т.б логоларына ұқсас логолар іздейік немесе қолданылған дизайндарындағы суреттердің қайдан алынғанын тексерейік.
Осыдан кейін адамдар Интернетті өз мақсатында пайдалана бастайтын шығар
Өзімдікі ол. Жәй… Басқа… Ештеңе емес
просто бүгін осы тақырып менде 2 рет қозғалды. таңертең Айқаракөз «осыны үйретіңізші» деп сұрады, түсте Фейсте Димаш Джонни Депптің бір ескі суретін қойып, сұрап жатыр екен «мынау кім?» деп. сосын неттім осы тақырыпты.