Вебмастердің онлайн көмекші құралдары

Пайдалы сайттар: Вебмастердің онлайн көмекші құралдары
Күнделікті бағдарламалардан бөлек онлайн қолданатын сүйікті құралдарым бар. Солармен бөлісе кетейін. Қолда бағдарламалар жоқ кезде, басқа біреудің компынан кірген кезде пайдалы.

Сурет редакторы
Пайдалы сайттар: Вебмастердің онлайн көмекші құралдары
pixlr.com/editor

Сурет көлемін өзгертуге, түсін реттеуге, қиюға, кесуге т.б ыңғайлы құрал.

HTML редактор
Пайдалы сайттар: Вебмастердің онлайн көмекші құралдары
www.vwhost.org/editor/

Асығыс код жазу керек болса осы редактор ыңғайлы. Frontpage-дан кем емес. Керек кодыңды тездетіп жазып алуың болады визуал редактор арқылы.

"Қауіпсіз" түстер кестесі
Пайдалы сайттар: Вебмастердің онлайн көмекші құралдары
www.artlebedev.ru/tools/colors/

Жұрттың бәрінде супер компьютер емес екенін, әлі де IE және оның ескі нұсқаларын пайдаланатындар, ғылымға белгісіз браузер қолданатындар және «арты бар» монитор ұстайтындар бар екенін ұмытпау керек. Сенің жеткізгің келген түсті бәрі бірдей қабылдай бермейді. Сондықтан мына "қауіпсіз" түстер кестесін қолданған жөн. Барлық монитор және браузерлерде дұрыс көрінеді.

Скрин түсіргіш
Пайдалы сайттар: Вебмастердің онлайн көмекші құралдары
www.url2png.com

Мүмкін сен де мен сияқты скрин фетишисті шығарсың? Сайт скриндерінен порно қарағандай қозатын шығарсың? Олай болмаған жағдайда да сайттардың скриншотын түсіру үшін осы сайт қызметін ұсынар едім.

Facebook үшін сурет реттегіш
Пайдалы сайттар: Вебмастердің онлайн көмекші құралдары
developers.facebook.com/tools/debug

Кейде мақала бөліскен кезде Facebook алжып, мақала ішіндегі сурет орнына сол бетте тұрған басқа суреттерді ала салады. Сол кезде осы дебаггерді қолданамын.
Бөлісу:

8 пікір

kokbori
Асығыс код жазу керек болса осы редактор ыңғайлы. Frontpage-дан кем емес. Керек кодыңды тездетіп жазып алуың болады визуал редактор арқылы.
осыны үйренгім келеді, сонда кириллше жазып, оны кодқа айналдыра ма, қалай?
asaubota
кіріп көрсең түсінесің. мысалы бір мәтінді түрлендіру үшін хтмл керек болса, соны істеуге ерінсең визуал редактор арқылы істе, сосын кодын ашып қарай қоясың.
Ispek92
Маған жақсы видеоредактор керек еді, рекомендеп жіберсеңдер. Мысалы, видео бетінде артық нәрселерді қиып тастауым керек еді
Dzhonsaken
Видео арқылы тойға келген құдалардың қолына Николас Кейджге су құйдырып, Джон Траволтаның иығына сүлгі іліп қоймақсың ба?
Ispek92
Типі сол секілді, тек мысалы Шварцнеггердің қолындағы автомат пен пулемметті ап тастасам деп ем…
Adiletshu
Адоб афтер эффект
Соңғы түзету: