Arular.kz
Рейтинг
+20.70

Кітаптар әлемі

Өміріңізді ұзартқыңыз келсе һәм кітап туралы пайдалы кеңес

Кerek-тегі келесі бір блогымда ekovestnik.wordpress.com сайтындағы kanbiblioteka бөліміндегі Егор Арафьев атты Ресей блогерінің мына бір мақаласын аударып, салып отырмын. Аудармада қателер болуы мүмкін. Дегенмен пайдалы ақпар болар дедім. Қазір кітап оқитындар саны азайып бара жатқан уақытта, қызығушылық артар...
image image

Киллер

Киллер сөзін бала кезімде кинолардан естіп, әйтеуір жақсы сөз емес екенін білгенмін. Кейін оқушы кезімде бұл сөздің "өлім, өлтіру" деген сөзден шыққанын ағылшын сабағынан білдім. Бірақ мен бұл сөздің мағанасын айқындағалы отырған жоқпын, Асқар Алтайдың «Киллер сауысқаны» жөнінде айтқалы отырмын. Бұл...

Өмір туралы ойыңызға өзгеріс керек болса...

Бұрын бұлай болмады білем. Қазір қарасам қоғам құруда. Мойындаңыз мұңға* мойынсұнғандаймыз. Интернетке иілдік. Ақпаратты аңдығандардың арпалысы. Жастар Желінің жетегіндегі жендеттей. Фейсбуктің фишкасы — фолловерлер, «фейковый» философтар. Твиттерде тәжірибелілер төңкеріс тұтатады. «В контакте»-де виртуалды...
image image

М.Шаханов Ш.Айтматов - "Құз басындағы аңшының зары немесе ғасыр айрығындағы сырласу"

Ғасырлар тоғысындағы әңгіме… Жалпы, астындағы аты кісінісе Аллаға тәубәсін айтып, «сен тимесең мен тимейтін» момын халықпыз ғой. Тұла бойымыз тұнып тұрған — толеранттылық! Барға — қанағат, жоққа — мезірет айтып отыратын ата — бабаларымыз, апа-әжелеріміз қолындағы бар нәрсесін өз балаларына қимай, қашан келетіні бір...

Мың бір түн....(Бекбаудың нұсқасында) (Жалғасы....#3)

Қалмапты босамаған ханда буын, Падиша қайдан білсін қыздың қуын. Жылайсың не себептен жан жан деп, Сұрайды сонда қойып хан ашуын. Сонда қыз: Хан тақсыр, жарлығы қыз басымызда, Рақым қыл көзден аққан жасымызға, Бар еді бірге туған жалғыз сіңілім, Алдыртсақ соны бүгін қасымызға.

Мың бір түн....(Бекбаудың нұсқасында) (Жалғасы....#2)

Амалсыз қорыққаннан бұлар түсті, Көрмейміз, — деп едік мұндай істі. Алдынан қашқан ісің кез қылыпты, Құданың құдіреті қандай күшті. Бұл қыздың екеуіне көңілі кетті, Тамаша, қызық мәжіліс, ойын етті. Қызбенен екі патша ойнап күліп, Жұмысы көңілдегі түгел бітті. Қыз екен диюмен жүріп жаһан кезген, Телміріп көрінгенге көзін сұзген. Шығарды бір әмиян қалтасынан, Ішінде талай жүзік жіпке тізген.

Мың бір түн....(Бекбаудың нұсқасында)

Бастайын бысмыла, -деп сөздің басын, Кішкене құлақ салып халық тыңдасын. Айтайын біразырақ әңгіме етіп, Бұрыңғы өткендердің хиқаясын. Бір патша болып еді самарқанда, Жайылып аты кеткен әр таманға. Өзінің аты еді –Шаһіраман, Жүргізіп тұрған өкім барша жанға. Бар еді бір туысқан бір ағасы, Бір еді екеуінің ата-анасы. Ағасы Шым-Машынға патша еді, Жол еді бір айшылық аралары.
image image

15 сөзден аспаған 6 әңгіме, 1 роман

Есте болса, керекте осыдан бірнеше күн бұрын «Аз әріпті 9 әңгіме» атты пост жазған болатынмын. Сол жазбадағы әңгімелер жайлы аз-маз түсінік бере кетсем: Негізі әлемдік әдебиетте қысқа, қысқа болғанда да өте қысқа әңгіме жазу тәжірибесі бар. 1980 жылы Ұлыбританияда «Drаbble» атты әңгіменің ерекше жанры пайда...
image image

Аз әріпті 9 әңгіме

Бұл әңгімелердің қай-қайсысынан да толықметражды фильмге сценарий жазуға болады. Сиырқұйымшақтанбаған мелодрама, комедия, тіпті болмаса философиялық тәмсіл де жасалады. Деталь қосып, кейіпкерлерін дамытып, романның көлеміне жеткізуге де жарайды. Әйткенмен, олай етіп қажет емес. Қысқалық-талант. 1....

Шукшиннің әлемі

Жақында қолыма Шукшиннің әңгімелер жинағы түскен болатын (Село тұрғындары деп аталады, аударма ғой) «Деревнядан» басталыпты. Қазақшаға әдемі аударылған. Осы біздің мектепте Чтение деген сабақты оқығанымыздың арқасы шығар, орыс халқының шығармаларын өзіміздің төл туындымыз сияқты қабылдайтынымыз. Қалай ойлайсыздар? Әлде кеңестік дәуірді бәріміз бірге бастан кешкендіктен бе екен? Әйтеуір, орыстардың оқ бойы озық шығармалары осы В.Шукшиннен кездеседі. Қазіргі жаңа орыс жазушылары дәл бұлай қабылдай алмайды екем. Орысты насихаттап отырғаным жоқ, бәлкім мектеп кезінде ағылшын, француз жазушыларын да оқытқан болса, дәл осылай қабылдар ма едік… Америка жазушыларын да… Қазір оқып жүрміз кейбірін. Олардың (мәселен Теодор Драйзер, Джек Лондон) бәрінің өткен ғасырдағы шығармаларындағы кейіпкерлердің тағдыры біздің қазіргі кешіп жүрген өмірімізге қатты ұқсайды. Ғаламтордан іздеп көріп едім...

Бейпіл сөздер: Қазақтың эротикалық фольклоры

Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қорын аралап жүріп Бейпіл сөздер деген кітап таптым. Кітапты оқу үшін сайтта тіркелу керек. «Кітаптардың е-көшірмелері» сілтемесі бойынша өтіп, Бейпіл сөздер деген атауы бойынша тауып аласыңдар. Алғашқы 24 беті.

"Қыс жақындап қалды"

Интернет-мемге айналған осы ұранмен мен де ауырып қалдым. Атышулы «Игра престолов» сериалына негіз болған Джордж Мартинның «Песнь Льда и Пламени» атты сагасы күндіз көз алдымдағы монитордан, түнде түсімнен кетпей жүргеніне көп күн болды. Бас-аяғы жеті бөлімнен құралатын бұл қантөгіс оқиғаның әзірге бес кітабы дайын, екеуіне автор әлі толғатып жатыр екен. Википедияда дайын тұрған толық мәліметті бұл жерге көшіріп жату нелеу болғандықтан, жай алған әсерімен бөліспекпін. Оның өзі екі-ақ сөз: Керемет шығарма! Завораживет! Бір минут та жалықтырмайды. Киносын көрген болсаңыз, кітаптарын оқуға да ерінбеңіз. Әсіресе орта ғасыр атмосферасындағы шым-шытырықты оқиғаларды, үлкен сарайлардың құпиялары мен ондағы интригалар туралы оқығанды ұнатсаңыз. «Песнь» туралы айтар көп, бірақ айтсам, спойлер болып кетпекпін. Ал спойлерді, как известно, тозаққа да қабылдамайды Взапой оқитын...

Тарихи романдарды ұнатсаңыз...

ПРИЗНАНИЕ КОРОЛЕВЫ («Исповедь королевы») — Виктории Холттың өте қызықты романы. Жалпы тарихи романды қызық деп табатындарыңыз болса, осы романды оқуды ұсынамын. Бұл жерде Францияның королевасы Марии Антуанетта өз өлімін күту үстінде басынан өткен оқиғаларының барлығын көз алдынан өткізеді. Антуанеттаның Австрияда өткен балалық күндері мен Францияға келуі, күйеуге шығуы, өзінің жіберген түрлі қателіктерін есіне алып, өкінуі, корольдікте болған қызықты оқиғалары және т.б. таныс боласыздар. Тарихта болған Француз революциясы осы романда сипатталады. Сол революцияның болуына себепкер болғандардың бірі-осы автриялық «ақымақ» королева болған-ды. Шәкәрімнің "Үш анығын" оқығандарыңыз болса, сол жерде Калиостра туралы мысал келтірілгенде осы Антуанетта туралы айтылады. Роман бір жағынан тарихи болса, енді бір жағынан романтикалық десе де болады. Ең бастысы өте қызықтыыыыыыыы

08 ақпанда "Мұстафа Шоқай", "Түркістан легионының ақиқаты" кітаптарының тұсаукесері өтеді

Ертең 08 ақпан, сағат 10:00-де «Отырар» кітапхансында Әбдіуақап Қараның «Мұстафа Шоқай», «Түркістан легионының ақиқаты» атты кітаптарының тұсаукесері болады.

Мен оқыған бір кітап. "Психологическое айкидо".Михаил Литвак

Өзге қалаға келгелі, құрбы-құрдастан жырақтағалы кітаппен қайта достастым.3 күн поезда келе жатып, Поуло Коэльоның «Мактубын» оқып келдім. Рекомендеймін деп айта алмаймын. Оқып,өз керегіңді алуға болады. Жалпы Пауло Коэльоның шығармаларын сүйіп оқымайтындардың қатарынанмын. Ұсынайын деп отырған кітабым ол емес, Михаил Литвактың «Психологическое айкидо» кітабы.Психотерапия, психологиясы туралы. Оқыған адам қазақы психологияға келмейді деуі мүмкін. Бірақ барлығы салыстырмалы түрде ғой. Құр құрғақ теориямен емес, әртүрлі жандардың басынан өткен оқиғаларын мысалға келтіріп отырады. Бәлкім, сонысымен қызық болар. Басымды көтермей 2 күнде оқып шықтым. Автордың басқа да кітаптарын оқысам деген ой жоқ емес. Жалпы осы психология саласында қандай кітаптарды оқуға кеңес берер едіңіздер?

Мына кітаптарды оқыңыз - өкінбейсіз

1. Көпшілікке арналған, жануарлар мен жәндіктер туралы десе де болады Джерри Даррел, «Моя семья и другие животные» Отбасын жывотныйлармен теңестіргені қызық, бірақ, дәл осыдай аталады  Даррелдің өзі өте қызықты тұлға болған.Тек бұл кітапта ғана емес, жалпы өмірін алғанда.