Arular.kz
Рейтинг
+53.14

Ғибратты әңгімелер

Менің алғашқы оразам

Қатты шаршап-шалдыққандықтан осында түнеуге бел будым. "… Өмірімде елестете алмайтын мұншалықты сұлу тауда қалай пайда болып қалғаныма еш ақылым жетпейді. Жантая жатқан қалде оң жағымнан жүзіп келген ақ ұлпа бұлт үстіне құлай кеттім. Ақ ұлпа бұлт мені қарсы беттегі тік жартасқа оп-оңай алып келді. Ол жерден...
image image

Құдай бар ма?

Бір кісі сақалын алдыру үшін шаштаразға барады. Орындыққа жайғасып, сақалын алдырып отырып әңгімелесе кетеді. Әртүрлі тақырыпта сөз қозғалып, сөзден сөз шығып, бір мезетте Аллаһ, дін туралы әңгіме ашылады. Сонда Шаштараз айтады: — Мен сен айтқандай Аллаһқа сенбеймін. Егер Аллаһ бар болғанда, мұншалықты...

Сабын мен дін

Діннен еш хабары жоқ, сабын өндіргеннен басқа ештеңе білмейтін бір кісі бірде діндар кісімен әңгімелесіп отырып былай дейді: -Сендердің сенімдеріңнен пайдасы болса, адамдарға тек жақсылық әкелсе, оыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтын еді ғой ?!
image image

Құрбақаның қағидасы

Құрбақаны ыстық суға лақтырса, не болады? «Бұл жер ыңғайсыз, дереу бұл жерден кетуім керек» — деп құрбақа жылдам шешім қабылдайды да тездетіп судан тысқары секіріп кетеді. Ал егер дәл осы құрбақаны салқын суға салып, астынан баяу от қойса ше? Құрбақа әлсірей бастайды. Судың жылуын сезе бастаған құрбақа: «маған...
image image

Үш насихат – үш мың дирхам

Бір заманда енді үйленген бір жас жігіт ілім үйрену ынтасымен ауылдан кетеді. Ұзақ сапардан кейін қалаға жетіп, медресе іздеп жүргенінде, жұмысшы іздеп жүрген бір бай кісімен кездеседі. Бай кісі жоғары ақы ұсынғандықтан, ниетін өзгертіп, оның жанында жұмыс істей бастайды. Жиырма жыл оның қасында жұмыс істеп, үш...
image image

Ажал аузындағы махаббат

Бір жұп ғашықтар болыпты. Жігіт әлсіз, жасқаншақтау болса керек. Қашан да қиындыққа жолықса алдымен қалыңдығын сынап көруге мәжбүрлейтін болса керек. Ал бойжеткен осы үшін назаланатын. Күндердің күнінде теңізге саяхаттай шыққан қос ғашықтың қайығы дауылға жолығып, аударылыпты. Әзер дегенде қайықтың сынық...

Қабырға хикаясы

Бір ауруханада екі қарт жатыпты, Екеуінің науқастары бір болғандықтан бір бөлмеге жайғастырылыпты. Тек бірі терезенің жанында, екіншісі есіктің дәл қасында жатады екен. Терезе жанындағы қарт күн сайын есік тұсындағы қарияға сырттағы тыныс-тіршілік туралы айтып отыратын: — «Бүгін теңіз бір қалыпты. Аздап жел соғып тұр ғой деймін. Өйткені ана ұзақтағы кеменің желкені желбіреп тұр. Теңіз жағалауында шағалалар ұшып жүр». Осылайша күндер өте береді. Күндердің бірінде әлгі терезе жанындағы ақсақалдың жүрегі ұстап нашарлап қалады. Әдетте, бөлмедегі қоңырау түймесін баса қалса дәрігерер жетіп келетін. Ал бүгін қасындағы қарт дәрігерді шақыртатын түймені баспады. Өйткені терезеден дүниені өзі көре алмай, тек көршісін тыңдаумен ғана шектеліп жататын. Сол есіне түсті ме, шайтанның сөзіне еріп, қоңыраудың түймесін басуға құнт таныта қоймады. Осылайша, ол досын жазықсыздан жазықсыз өлімге...

Ана өсиеті

Исламға дейінгі кезеңде өмір сүрген Үмамә деген ақылды әйел қызы Үнасты Кинда патшасы Хариспен үйлендіргенде, әлі күнге құны ескіре қоймаған мынадай өсиет айтқан екен: «Қызым, егер бір қыз ата-анасының байлығы жеткілікті болып күйеуге шығуды қажетсінбейтін болса, онда бәрінен бұрын оған сен лайық болар едің. Алайда өмір заңы басқаша, ер адам қалайша біз үшін жаратылса, әйел де о баста ер адам үшін жаратылған. Қызым, сен өзіңді туып, аялап өсірген әке-шешеңнің ұясынан ұшып, жат жұртқа кетіп бара жатырсың. Ендігі уақытта сен күйеуіңе бағынып, оның ризашылығын алып отырғайсың, сонда ол да сенің алдыңда құлыңдай құрақ ұшатын болады. Сен оны сыйлаған сайын ол да сені жақсы көріп қалағаныңды істейтін болады. Мен саған қазір он өсиет айтайын, егер сен оларды бұлжытпай орындайтын болсаң күйеуіңмен ара-қатынасыңда мін болмайды:

Дауласу

Бұл әңгімені массагеттен оқығам біраз бұрын. Кейде қайта-қайта оқып та қоямын. Сіздерде оқыған шығарсыздар, сондада бір оқи салыңыздар))

Әр нәрсе тегіне тартады

Араб шөлінде қиын да ұзақ сапар шеккен бір шейх ұлына басынан кешкен оқиғаларды былай әңгімеледі: – Бір алыс сапарға шыққан едім. Күн ұясына батып, төңірек қараңғылана бастаған кез. Алыстан көзіме көрінген үйге қарай тұра жүрдім. Үйге жақындағанымда алдымнан бір әйел шықты. Жалғыз екенімді көргенде қайран қалып:

Тесік шелек

Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне кұйылған суды қожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырып қүйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын ғана

Әкеме айтып қоймаңыз...

Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен «Мамам қашан қайтып келеді?” деп сұрайтын.

Ашура түні мен күні

Мухаррам айының оныншы күні – Ашура күні деп аталады. Бүгінгі түн, яғни жұмадан сенбіге қараған түн (23-24 қараша) Ашура түні болып табылады. Ал келесі күн, яғни 24 қараша, сенбі күні Ашура күні болады. Мухаррам айы – Құран кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші күні ораза тұту ол жылдың барлығын оразамен өткізгенмен бірдей болады. Бір хадис шәрифте былай делінеді: «Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – мухаррам айында тұтылған ораза болып табылады.» (Муслим) Бұл айдың ең қадірлі түні – Ашура түні. Аллаһу та’ала көп дұғаларды Ашура күні қабыл еткен. Хазреті Адамның тәубесінің қабыл болуы, хазреті Нұхтың топаннан құтылуы, хазреті Юнустың балықтың қарнынан шығуы, хазреті Ибраһимнің отта жанбауы, хазреті Идристің тірідей көкке көтерілуі, хазреті Яқубтың ұлы хазреті Юсуфқа қауышуы, хазреті Юсуфтың құдықтан шығуы, хазреті Әййубтың аурудан құтылуы, хазреті Мұсаның...

Ертең Хижри жаңа жыл түні

Ертеңгі түн, яғни 14-15 арасындағы, сәрсенбіден бейсенбіге қараған түн Хижри жаңа жыл түні болып табылады. Мухаррам айы – исламдық қамари жылының бірінші айы және Құран кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші түні мұсылмандардың қамари жыл басы түні болып есептеледі. Бұл түнді ғибадатпен өткізу және құрмет көрсету керек. Құрмет көрсету күнә жасамай өткізумен іске асады. Зүл хиджа айының соңғы күні және мухаррам айының бірінші күні ораза тұтқан адам сол жылдың барлығын ораза тұтқандай сауапқа қауышады. Бір хадис шәрифте «Рамазаннан кейін ең құнды ораза мухаррам айында тұтылған ораза болып табылады.» деп бұйырылды. Хижри қамари күнтізбе Мұхаммед алейһиссаламның Меккеден Мәдинаға хижрет еткен (көшкен) жылынан басталады. Мухаррам айының бірінші күні болған алғашқы қамари жылбасы, григориан күнтізбесі бойынша — милади 622 жылдың тамыз айының 16 жұлдызына сай...

Жәннатты сатып алды

Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Мұсылманның алғаны емес, берген мүлкі — өзінікі» деген. Қабірге кіргеннен кейін ешкімнің атағы-абыройы қалмайды. Өлгеннен кейін бір кебінмен топыраққа көміледі. Аты да, заты да жоқ болады. Дүние үшін жиған табыстары дүниеде қалады. Ахирет үшін не жинаған болса, ахирет үшін алдын ала не жіберген болса, барлығы өзінде қалады. Ал өмірін дүниеге арнаған, түкке тұрғысыз нәрсе үшін жұмсаған адамның құны қандай болмақ? Әрине ешқандай болмайды. Егер өмірін ахиреті үшін жұмсаған болса, оның құны сол күні, яғни өлген кезде белгілі болады. Барлық адам үшін шынайы өмір өлгеннен кейін басталады. Бір күні өте кедей бір кісі Мұса алейһиссаламға: «Йа Мұса, жылдар бойы ғибадат етудемін, бірақ кедейліктен өлуге айналдым. Аллаһу та'алаға дұға ет, маған көп мал-мүлік берсін. Жағдайымды түзеп алайын» дейді. Мұса алейһиссалам Тур тауына барып Аллаһу та'алаға дұға етеді....

Әкем — балдақты адам

Оқыдым, сіздерге ұсынамын!!! Мен оған еш намыстанбадым. Бір-бірімізді жетектеп жүріп, өмір қиыншылықтарын бірге жеңіп келеміз.