Arular.kz
image image

Мектептегі білім беру сапасын кері тартқан 2 мәселе...

"Әңгіменің ашығында" бағдарламасында қазіргі кездегі көкейтесті мәселелердің бірі- «ауыл мектептеріндегі білім беру сапасы, қала мектептерінен айырмашылығы, һәм кемшілігі мен артықшылығы» жайлы ашық әңгіме өрбіді. Келген қонақтар өз ойларын ортаға салды. Өз кезегімде мен де өз көзқарасымды білдіріп өттім....

Соңғы қоңыраудан кейін...

Сонымен, соңғы қоңырау соғылды, жас түлектер қолдарындағы гүлдерін жақындарына тапсырып, сыныптастарымен бірге қыдыруға кетті. Қыдырғанда сол орталық саябаққа барады, үйлеріне келіп бір тамақ ішеді да, киімдерін ауыстырып әрі қарай, дайындап қойған ресторандарына баруы мүмкін. Бізде солай болған. Қазір, жастардың...

Келесі тоқсаннан бастап оқимын

Соңғы қоңырау! Балалардың мұғалімдерден құтылып, мұғалімдердің балалардан құтылып мәәз болып жататын кезі ғой. Неге екенін білмеймін "қызыл күн" болмаса да 25 мамырды жақсы көремін. Мектеп бітіргеніме 7 жыл болса да осы күні оқушы кездегі қызықты сәттерді бір еске түсіріп қоямын. ҰБТ-ның әлегі, апта сайын...
image image

ТЕСТ: Қай пәннің мұғалімі болар едің?

Егер мектепте мұғалім болсаң қай пәннен сабақ берер едің?

Алтын ордам - Балқашым!

Өзімнің туып өскен жерім, қасиетті мекенім Балқаш қаласы жайлы ой-өрбітейін деп отырмын. Қарағанды облысынан 380 км шақырымда орналасқан. Ең алғаш 1931 жылы Прибалхашстрой кенті ретінде қаланған. Кейін 1937 жылдан бастап Балқаш қаласы деген статусқа өзгертілді. Балқаш қаласы несімен ерекшеленеді? Әрине, ең...

Айхай дәурен, аңғал досым-ай...

Түні бойы ұйықтай алмай шықтым. Түсіме қайтыс болған кластасым кіре берді. Құран оқытамын-ау деймін…Марқұмға құран бағыштайтын да ешкім жоқ шығар… 10-11ді Балқашта оқыдым. Класта есімі бірдей екі бала болды. Бірін “Ұзын Алмас”, екіншісін “Карибаев Алмас” дейтінбіз. “Біздің атымыз бірдей емес. Мен Алмазбын, анау Карибаевтарың Алмас” деп ұзыны дауласушы еді. Ұзынымен қатты араласып кеткенім шамалы. Кәрібаев екеуміз Балқаштың бір шетіндегі жер үйлер жағында бір маңайда тұрдық. Екеуміздің қызығушылығымыз, біраз ұқсастығымыз бартын. Алмас футбол десе жанын беретін. Көшеде футбол ойнағанда бір-бірімізбен ойынымыз үйлесіп жататын. Алма қайтыс болғаннан кейін ешкіммен де футболды сәтті ойнай алмадым. Келе-келе ойнауды мүлде қойып кеттім. Осы футболқұмарлығымыз арамызды ашып жібере жаздады. Бірақ, қалай екенін білмеймін, қайта достасып кеттік. Бала кезде адам кекті қатты көп сақтамайды екен...
image image

Сана. Естелік

Балалық шақ сәттері. Ауыл мектебі, алтыншы класта оқимын. Мектеп директоры төртбұрыш көзілдірік киген, шашы ақ баса бастаған азамат: -Неге сиыр жолдың шетіндегі шөпті мүйізіне іліп алып үйге әкелмейді?, -деп сұрақ астына алды. Кінә бар, қылығымыз бар, қарау бар, қадағалау бар соның нәтижесінде директор кабинетінде...
image image

Құбыжықтың жазбаларына пікір

Өткен жолғы жазбама авторлық пікір. Лайвпро (Ресей) блогында «Жалған ғылым мектебі» атты жазбасына тап болдым. «Сіздерді білмеймін, соңғы кезге дейін мектепте өтетін оқушылардың конференцияларына білімге, ғылымға деген қызығушылық танытатындар ұстаздарының көмегімен алғашқы қадамдарын жасайтына сенетінмін»,-...
image image

Құбыжықтың жазбалары

Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi. Бағымызға конституцияда осындай бап бар. Бір айдан соң жаңа оқу жылы басталады. Мұғалімдері білікті, оқушылары ынталы, ірге тасы биік, білімі нық мектеп мемлекеттің әулеметтік институтының бірі. Жазба...
image image

Менің кураторым да, эдвайзерім де - Жанар...

Иә, Жанар мен үшін кураторым да, эдвайзерім де саналады. Шыны керек, куратор, эдвайзер сөздерінің қандай мағына беретінін, қайдан пайда болған білмеймін, аса қызық та емес. Бір білетінім, әйтеуір, топқа жауап беретін басшы ғой. Оспанов Еділ деген жас жігіт біздің топқа куратор болып тағайындалған еді. Алғашқы...

Қарағанды қаласының зияткерлік мектебі(Блогқұрылтай өтетін орын)

Қарағанды қаласының зияткерлік мектебінде не бар? — 350 адамға арналған мәжіліс залы мен асхана; — Интерактивті тақтасы мен проекторы бар 60 аудитория; — WiFi желісі; — Бір үлкен және бір кіші спортзал;
image image

Бірінші сыныптың мұғалімі Мисс Нилам

Бірінші сыныптың мұғалімі 28 жастағы Мисс Нилам(әлі күйеуге шықпаған) бір оқушының әлденеге алаңдап жүргенін байқап одан не болғанын сұрайды. 1-ші сыныптың оқушысы мұғалімге «мен тым ақылдымын», менің 3-ші сыныпта оқитын әпкем бар тіпті мен оданда ақылдымын сол үшін менде 3-ші сыныпта оқуым керек деп жауап...

Қазақ тілі пәнінің сағатын азайту керек!

Дұрыс! Себебі ме? Бірнешеу! Өйткені бұрын аз болған, 2007 жылғы 25 қаңтардағы ҚР БҒМ-нің №25 бұйрығының негізінде факультатив сабақтардың есебінен 2010 жылы қазақ тілі пәнін 2 сағатқа көбейтіп жіберіпті. Ал бұл өзге тілдегі мектептердегі бағдарламаны шым-шытырық қылған да қойған.

Нептептегі өмірім және қызықтарым!

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі селолық округіне қарасты (Сол кезде Бахтияр Артаев әкім ед) 140-150 шақты үйі бар, Қаратау бөлімшесі «Тұрар Рысқұлов» орта мектебінде білім алдым. Бастауыш сыныптағы кезім онша есімде жоқ. Әйтеуір Жәриякүл әпкидің (класс жетекші) қолындағы дәу (нән, үлкен) сақинасы бәріміздің есімізде. Тағы, үйдегілердің айтуы бойынша «Кән, біздің Жәпөк өлең айтат» десе, атып тұрып сайрай берген екем. Ишо индиский киіндіріп билетіп қоятын болған. (Кейін соны есейген сайын бетіме басып) Содан 4 жыл оқып бастауышпен қоштастым. Солай 5,6,7-ші сынып өте берді. Аудандық жарыстардың бәріне қатысатын, мектепте 3-4 әқ бала болды. Сол тізімде мен де бар едім. Менікі енді ән жағынан. "Әнші балапан", «Боз торғай», «Абай оқулары» сияқты байқаулардың табалдырығын тоздырдым. Бірде 8-сынып оқып жүргенiмде Аудандық «Абай оқулары» байқауында,...

Пиң-поң немесе қарызды кешіру..

Мектепті есіңе алсаң, «балалық шақ, қандай бақытты кезең» болды деп өкінеріңді немесе «әйтеуір мектептен құтылдым-ау» деп қуанарыңды білмейсің. Ол кезде жасалған да, жасалмаған да қателіктер көп болды… эх...ііі джарайд енді тақырыпқа көшейік. Жалпы үстел теннисі немесе пинг-понг ойнап көрдіңдер ме, керемет ойын солай емес пе?! Шамасы 6-7-нші сыныптарда оқып жүргенімде біздің мектепке үстел теннисіне арналған үш үстел әкелді, оны мектепке кірген кезде бірден көруге болатын еді. Иә-иә сабаққа бара жатқанда «уоо, үзілісте сосын сабақтан кейін кешке қалып ойнайтын болдық қо», деп көңілің көтеріліп қалады, естеріңізде болса ешқайсысымыз да мектепке үлкен «желание»-мен бармайтын едік, фобия деуге келмес, дегенмен… Спорттың осы түріне қызыққаным соншалық, арнайы ракетка сатып алдым, ааа джө-джө… өтірік айтам, маған әкем сыйлаған екен ғо «советский», қалыңын, ауырлауын, сосын біздің...

Эстафета: Керек маған, мен керекке не бердім

Данияр бауырымыз бастаған эстафета жалғасусыз қалмасын. Ойланған адамға әлдебір виртуал сайт саған о бастан борышкер емес, сенің оған да берешегің мөрленіп, заңдастырылмаған. Бірақ алынып та, беріліп те жатыр. 2004-2005 жж. бастадым-ау деймін бұл саяхатты.