Астаналық оқушылар жол жүру картасы арқылы мектепке кіреді және асханада төлем жасай алады
Қалалық білім басқармасы оқушыға арналған жол жүру картасы арқылы тамаққа және мектепке кіруге рұқсатнама беретін пилоттық жоба дайындауда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Цифрландыру аясында білім басқармасы жүктемесі ауыр мектептерде тамақ үшін жол жүру картасын пайдалану пилоттық жобасын қолға алмақ.
Қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, әр оқушыда мектепке кіруге арналған карточка бар, ол турникеттен өткенде оның мектепке келгені белгіленеді. Оқушылар сол карта арқылы мектеп асханасында және жол жүру ақысын төлейтін болады. Осылайша ата-ана баласының қай кезде не сатып алғанын бақылай алады.
«Терминал немесе онлайн түрде ата-ана жол жүру картасын толықтыра алады және балаға жеуге болмайтын тағам түрлеріне шектеу қою мүмкіндігі бар, яғни бала асханада ата-анасы шектеу қойған тағам түрлерін сатып ала алмайды. Төлем картадағы баланстан алынады, картадағы бірлік шешілген кезде ата-анаға хабарлама келеді. Асханада қолма қол ақшалай төлеу кезек тудырады, сол себепті де осы жүйе мектепке де, ата-анаға да ыңғайлы», — дейді Ә. Жанғозин.
Білім басқармасының ақпараты бойынша бұл пилоттық жоба қаладағы 27, 54, 59 мектептерінде бірер апта бұрын басталған. Ал бұл жобаны басқа да мектептерге енгізу мәселесі екінші тоқсаннан кейін шешіледі.

Пікір жоқ әзірше