Arular.kz
image image

Домбыра Party: Жағрапик Нешыныл

Мен қызға барғанда ай жарық болды демекші, Домбыра Party-ға National Geographic келгенде адам жиналмай қалып ұятты бола жаздадық. Бір-бірімізге жақын тұрып, көп болып көрінуге тырысып, әйтеуір бірдеңе қылдық. " — Ассалам уаалейкум. Уалейкум ассалам. — National Geographic. — Geographic National" — деген...
image image

Асқар тауым

Адамға өнер қайдан дариды? Неге, мысалға, мен домбыра тарта алам, бірақ, сурет сала алмаймын? Әлгі, қазақтың "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" деген сөзі рас-ау. Маған домбыра тартуды үйреткен әкем. Үйреткенде отырғызып қойып, мәжбүрлеген жоқ. Өзі қолы босаса (ал, қолы босай бермейді, дәлірегі, бос...
image image

Домбыра Party: Сюрприз

Соңғы уақытта астаналықтардың Домбыра Party-ға деген қызығушылығы азайғандай. Күйбең тірлік қой, әрине. Бірақ көріп үйренген көптеген қыз-жігіттердің келуді қойғанына қарап, аздап көңілің түсетіні де өтірік емес. Дегенмен, Домбыра Partyдің кереметі сол — сәт сайын жаңа көремен, әншілер келіп жатады. Бұл жолғы патиға...
image image

Домбыра Party: Өш, домбыра қайда?

Домбыра Party-дің бесігі болған Астанада үш апта қатарынан ән шырқалмай қалды. Содан өткен бейсенбіде Нұржол бульварына жиналдық. Барсақ, ән айтуға келген, домбыра тыңдауға келген қалың көпшілік бар да, домбыра жоқ. «Ұяттың көкесі осы болды-ау» дей бергенім сол еді, арамыздан бір супержігіт табылып, домбыра әкелуге...
image image

Бесқарагер

Ән тақырыбында тыңнан түрен салу қиынының қиыны. «Ән» сөзін түрліше ойнатып, жапырақ сыбдырынан да, боранның уілінен де ән тауып, әңгімеге арқау етуге болады. Дегенмен, табиғатыма жақын дәстүрлі ән төңірегінде әңгіме қозғауды жөн санадым. Ән… Ән жайлы таңды-таңға ұрып әңгіме айта беруге болады. Әрине, егер...

Сусындау...

Басқа-басқа өзімнің «Сусын» деп есептейтін сусындарымның ішінде қатып қалып, басқасын жиып қойып, талғап жүріп ішетін сусыным жоқ екен. Әйтеуір спиртті ішімдік болмаса болды. Сусынның қадірін алыс жолға шыққанда білесің. Шіліңгір шілдеде, болмаса тамылжыған тамызда қаларалық автобусқа сусынсыз міну өз-өзіңді азапты өлімге қиюмен тең дүниенің бірі. Бұндайда мөлшерсіз көп сусынды да ала алмайсың. Көліктің келесі тоқтайтын нүктесіне дейін жететін сусын алып алып, соны ептеп ұртап отыруды әдетте айналдырғанмын. Менің қалааралық автобусқа сирек те болса мініп тұрған кездерде баратын екі нүктем бар. Бірі Балқаш, екіншісі Жаңаарқа. Біріншісі Қарғанадыдан 400 шақырымдай жерде, екіншісі 200 шақырым мұғдарында. Жолға шығарда әрбір ұсақ-үйекке мән беріп, «Ананы ұмытқан жоқсың ба, салып қойдың ба ?» деп келіншегін мазалай беретін жанның бірімін. Жолдан бір күн бұрын ұйықтай алмаймын. Жолда...
image image

Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың маусымашары!

2014 жылдың сәуір айының 21-інші жұлдызында Маңғыстауда Домбыра Патидың биылғы маусымы ашылды! Ашылуы керемет өтті.Қаламыздың тұрғындары, патидың тұрақты көрермендері риза болды. Соңғы рет Домбыра Пати 2013-тің 30 тамызында өткен болатын.Алдағы уақытта аптаның әр бейсенбі күні 14ш/а теңіз жағалауында, сағ 20:00 де...
image image

Түркия билігі домбыраға назар аударды

Күзде Измирге келген алғашқы күндердің бірі болатын. Бөлмедегі түрік қыздармен танысып, жатақханаға орналастым. Түрік жастары көбінесе Ресейдің боданында болған мемлекет ретінде таниды. Ал үлкендері қысық көзімізге қарап, жапон, қытай деп ойлап, жөнімізді білген соң «ее, өзімізден екенсің ғой» деп емірене жақын...
image image

Жүректің күйі табылып

Концертте, стадионда, ұшақта, бассейнде, «Star Wars» фанаттарының кездесуінде, қой қырқып жүргенде танысып, отбасы құрып, бүгінде тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандар туралы талай әңгіме естіген шығарсыз. Қызық қой, иә. Құдай айдап бір жерге барасың да, ойламаған жерден бақытыңды кезіктіресің. Біреу тағдыр дер,...
image image

Ақтауда өткен Домбыра Party-ды бір есімізге түсіріп жіберейік!

Домбыра — думан!!! Аталардың жолымен жиған үлгі Домбыраның шанағына сыйған үнді, Құдіреті қос ішектің дәлелдесін «Қазақ» болып атадан туғанымды! Шабыт берсін шалқыған кеуделерге Желбіретсін желкенді туларымды! Әсем әуен төгілген пернелерден Көріңіздер, домбыра думанымды! Суреттейтін...
image image

Ән көңілдің ажары

Біраз уақыт бұрын ютубтан кездейсоқ мына әндерге тап болдым ұнап қалды. Қазақтың домбырасына жетер аспап жоққой, оның тілін тауып құлағында ойнайтын адамдарға қызығамын. Арасында өзімде домбыраны дыңылдатып қоям бірақ дәл мыналардай ойнай алмайм.

Домбыра party. Үздік суреттер.

Домбыра party-ға фото қортынды жасап жіберсек. Осында сәтті шыққан суреттеріңізді жүктеңіздер. Мүмкіндік болса суреттің қашан? қай жерде? кім түсіргенін және суреттегі кімдер екенін жазып отырыңыздар. Мысалы: "Үш Бәйтерек" Астана қаласы. Party men жігіттер Нұрғиса мен Азамат. Соңында сәтті шыққан оншақты суретті үлкен форматта (A3,A4) шығарып беремін (астаналықтарға).
image image

Домбыра Party: Алма жауған күн және Алмас Алтайдың жаңа домбырасы

«Біздің ауылда мен сияқтыларды әнші санамайды» — деп еді бірде Алмас. Рас шығар. Алайда өзін әнші атап жүрген кейбіреудің қасында, Алмасты тыңдаған құлақтың өкпесі жоқ. Дәлел керек пе? Міне! Кешегі Party-де Алмастың өнеріне тәнті көрермендері (Назарбаев университетінің ұстаздары мен студенттері) арнайылап әкеп,...
image image

Домбыра Party: Сағындырған Party

Араға екі апта салып, Астанада кезекті Домбыра Party өтті. Басқаны білмеймін, өз басым сағынып қалыппын. Тамақ бітіп қалған, қарлыққан дауыспен ән айтқан да болдым.

Астанадағы бір домбыра

Жалпы, Домбыра-патилердің орнын өзгерту ықтимал дүние ме? Оң жағада, Кенесары ескерткіші жанында скамейкалармен қатар мынадай домбыра мүсіні бар. Тақырыпқа сай болар ма еді деген ой ғой… Адамдар да көп жүреді онда. Мүмкін емес болса да, біле жүріңіздер дегенім. Дәл осындай домбыралардың қаланың өзге...

Домбыра Party: Абай әндері

Назгүлдің ойын қолдап, Астанадағы патиге «Абай әндері» деген шартты тақырып қойдық. Неге шартты, өйткені қонақ кәде сұрағанда кез-келген адамның Абайдың әндерін сайрай жөнелмесі анық еді. Дегенмен, бұл да бір шырайы келген кеш болды. Әсіресе, арнайы іздеп келген екі қонаққа ырза болдым.