Жүректің күйі табылып

Блог - Marco: Жүректің күйі табылып
Концертте, стадионда, ұшақта, бассейнде, «Star Wars» фанаттарының кездесуінде, қой қырқып жүргенде танысып, отбасы құрып, бүгінде тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандар туралы талай әңгіме естіген шығарсыз. Қызық қой, иә. Құдай айдап бір жерге барасың да, ойламаған жерден бақытыңды кезіктіресің. Біреу тағдыр дер, біреу жаратқанның жазғаны дер, мейлі, қайсысы екені маңызды емес. Бастысы жүректердің тұрақтайтын айлағы табылды.

Дегенмен, бұл айтылғанның бәрі қанша кездейсоқтық болса да, қазіргі уақытта таңқаларлықтай оқиға емес. Дәл осылай миллиондар танысқан шығар. Ал, сіз Домбыра Party-де танысып, жұп құрғандар жайлы естідіңіз бе? Жауабыңыз «жоқ» болса, таныса отырыңыз – Жасұлан мен Тоғжан.
Блог - Marco: Жүректің күйі табылып

Жасұлан Екібастұз қаласындағы Домбыра Party-лердің басы-қасында жүрген жігіттердің бірі. Сол патилердің екіншісіне күйші қыз Тоғжан да келеді. Содан бері екі жас бірге. Бұйырса көктемде той.

Домбыра Partyді біз мақтамаймыз, Домбыра Partyмен мақтанатынбыз. Енді мақтайтын да реті келіп тұрған сияқты. Домбыра Party жастардың әдейі іздейтін, бас қосатын, жүректерін біріктіретін күшке айналып үлгерді. Сіздерді қайдам, жоғарыдағы жаңалықты білген кезде, ішім жылып сала берді. Бұл жұпқа өмір бойы бақыт тілеп өтетінім анық. Домбыра Partyге қатысқан мыңдаған адамнан да сондай ізет күтем. Көптің тілегі өтімдірек болатын шығар. Бақытты болыңдар Жасұлан мен Тоғжан!
Бөлісу:

49 пікір

Daniar-Alan
Marco
Нагүл әпшең іштің түк қатысы жоғын енді түсінетін шығар)
Daniar-Alan
ол әпше мес апм ғо
Ispek92
Керемет жұп екен, Әділет браттың ойын білгім кеп тұрғаны
Marco
Әділет Шифу болып па еді саған?
Ispek92
Жоға, ол кісінің жұптарға қарап болашағын болжайтын әдеті бар
zholantai
тамаша жаңалық, өткенде Даниярдың: Маралбектің романтикалық жаңалығы бар деген еді, сол екен ғой,. екі жасқа бір шаңырақ астында ұзақ та бақытты өмір сүруді тілеймін.
Marco
Иә, жұрт оны менің жеке басыма қатысы бар жаңалық деп түсініп те қалды. ))) Мынаны жазу үшін кейіпкердің рұхсатын алу керек болды, сосын ешкімге айтпай жүргем.
MamaAya
керемет! Бақытты болсын! Не деген әдемі жұп!!! Қошқардай 2 ұл берсін!!! 
Ispek92
Қошқардай 2 ұл берсін!
аз боп қамай ма?
Daniar-Alan
қошқардай болса аз болмайды
MamaAya
одан ары қарай өздері біледі ғой, а алғашқылары осындай болсын дә!))) әйеліне қиындау былай, бірақ мықты!!!))) уверенно жүреді дә…
19852407

Фшіт, фшіт! Қызыл-жасыл-көк! Фейрверк!
Marco
«Домбыра пати» неке агенттігі © Патик
torgai
Бақытты болсын! Ортақ шарада танысса — мақсаттары да бір. Үндескен, жүрекпен тілдеске жұп болсын!
bizbike
Мен де Астанадағы сіңліме айтамын үнемі «Баршиш Домбыра патиге, тым жақсы білімді, өнерлі жігіттер қатысады, танысарсың біреумен» деп. Қашан барады екен ә? Мүмкін жеке шақыру билеті керек шығар оған?
Соңғы түзету:
Adiletshu
Өнері жоқтарға тигісі келмей ма?
bizbike
Мен ғой үгіттеп жүрген өнерлі жігіттер деп, ал жалпы өнерлі болуы міндетті шарт емес сияқты.
bizbike
Екеуіне жалпы дуэт құрып алуға болатын сияқты. Продюсерлер, қайдасыңдар?
Marco
Осы жерде толықтыра кету керек болды) Жасұлан ұйымдастыруға қатысқанмен домбыра тарта алмайды екен. Ал, Тоғжан қобызшы емес домбырашы. Жасұлан енді болашақ жарынан үйренем деп отыр.
Korkem
Қуантады! Жалғасын тапсын!
Marco
Мәселен Абай Миссис керекинфо атағына лайық дейсің ғой
VKM
 күшті жаңалық, Марко
MamaAya
не ғой мында патиге тек домбырамен ән айтатындар, айтысатындар ғана бара ма или күй тартатындар да баруына бола ма?
Daniar-Alan
тартпасаң да бара бересің. тыңдауға
MamaAya
мен тартам ғой біраз күйлерді…
Шымкентте қашан болад ол?
Соңғы түзету:
bizbike
Айтысқа жарап қаласың ба?
MamaAya
ұйқастыру атымен жоқ қой менде, сөйлей бермесем?
Korkem
Айым жазда апта сайын болады, осында пост ретінде жазылып ылғи жарнамаланып тұрады. Сабыр ет)))
MamaAya
күтемін, күтемін!!!
Armanjan
Бұл бір есте болатын нәрсе екен.
Daniar-Alan
 әзірге кітапханаға бара тұр
aza
Үйленем!
aza
Қызып кетіп, құттықтауды ұмытыппын ғой: Жасұлан маған фейстен жазғанда ондай әсер етпеп еді, қазір күшті болып тұр! Енді, бақытты болу ғана қалып тұр, Жасик. Сенің тойыңда ән айтуды жазсын Жаратқан!
DariyaSmagulova
Жасұлан Тоғжан бақытты болыңдар! Бір бірінді түсіне біліңдер. Тоғжанның әріптес құрбысы ретінде айтарым ТОҒЖАНДАЙ ҚЫЗ БҰЛ ӨМІРДЕ КӨП КЕЗДЕСЕ БЕРМЕЙДІ. Екеуінің бір-бірлеріне деген сезімдерін ешқашан өшпесін. ЖАСТАРҒА денсаулық, бақыт, махаббат қана тілегім келеді. Қалғаны өз қолдарында!
Ispek92
ТОҒЖАНДАЙ ҚЫЗ БҰЛ ӨМІРДЕ КӨП КЕЗДЕСЕ БЕРМЕЙДІ
Әлемнің барлық Тоғжандарын зерттеп келіп, айтып отырмын дейсіз ғой…
DariyaSmagulova
Мен зерттеп айтып отырганым жок. ТОГЖАННЫН озиндик минези, сырт келбетімен ерекшеленді. Қазақтың ТОГЖАНДАЙ кыздары коп болса деймін.
ken
ДП кішігірім қалалардан Жаңаөзен, Шу қалаларында болғанын оқыған едім. Екібастұзда да болғанын білмеппін.

Бақытты болыңдар!
AisanaIsabaeva
The Best couple! Ақ некелерин — ақ адал махаббаттарыннын кориниси болсын!
merekeee
Осы Домбыра Пати деген қазір бар ма?