Асқар тауым

Адамға өнер қайдан дариды? Неге, мысалға, мен домбыра тарта алам, бірақ, сурет сала алмаймын? Әлгі, қазақтың "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" деген сөзі рас-ау. Маған домбыра тартуды үйреткен әкем. Үйреткенде отырғызып қойып, мәжбүрлеген жоқ. Өзі қолы босаса (ал, қолы босай бермейді, дәлірегі, бос отыру дегенді білмейді) күй тартып, ән салады, содан құлаққа сіңген ғой. Бірақ, менікі енді ол кісінің қасында далбаса. Құнт жоқ.

Жә, әкемді айтам деп өзімді айтып кеттім (не деген самовлюбленный тип едім). Биыл Жігер бірінші сыныпқа барғасын әкем Астанаға келіп кетті. Немересін қолынан ұстап, мектепке бірге барғысы келген ғой. Ал, бірінші қыркүйек оған тек білім күні ғана емес, туған күні де. Биыл 70-ке толды.

Үйде отырғанда қолына домбыра ұстата қойдым. Кішкентайымнан құлағыма сіңген, жиі айтатын өлеңдері бар еді, соларды видеоға түсіріп алдым. Манадан бері жазып отырғаным, соларды тыңдатайын дегенім ғой. Қартаяйын дедім бе, көп сөйлеп кетіппін.



Бөлісу:
  • 12

10 пікір

zholantai
14 қыркүйек 2014, 03:09
ұйқы деген жоқ де…
Marco
Жұмыс уақытында жазуға қол тимейді
zholantai
бұ не ән деп іздеп қалсам, біріншіде…
zholantai
кей қарт кісілерді көргенде қызыға қарап тұрып қаламын, адамды өзіне тартатын бір кескін болып тұрады
сонда ойлаймын: мен де осылай қартаяды ма екенмін, жоқ әлде сөзінің пәтуасы жоқ, қимылында тоқтам жоқ, е қарт емес, е жас емес, екі аралықта жетілмей қалып қойған біреу болар ма екенмін деп,
лайық кескін-келбетпен қартаю да абырой ғо,
бүгінде сирек естілетін қоңыр дауысқа ие әкеңіздің кескіні мен ұстамына разы болдым,
Marco
Ох, жас кезіндегі суреттерін көрсең әкемнің! Жігіттің сұлтаны. Еще и штанга көтеру мен жеңіл атлетикадан жарыстарға қатысқан. )))
VKM
Бәрі де әдемі: Жігердің мектепке барғаны, атасының 70-ке келгені, бірақ осындай датаға қарамай әдейі келіп, немересін мектепке апарғаны, атаның әні, осындай постты түнде біз үшін жазып отырған Марко. Барлық қуаныштарың құтты болсын!;kz
zholantai
02:06-де жарықтың жарқ етіп қосылғаны тіпті күшті :)
bizbike
Бәрі қайырлы болсын! Жігер үлкеееееееееееен ақылды жігіт болсын!
MamaAya
Әкеңізге ұзақ өмір тілеймін, Ұлыңыз армандағаныңыздай болып өссін!!!

Әкесі барларға қызығып қараймын, сағынып отырғанымды-ай…