Домбыра Party: Алма жауған күн және Алмас Алтайдың жаңа домбырасы

Блог - Marco: Домбыра Party: Алма жауған күн және Алмас Алтайдың жаңа домбырасы
«Біздің ауылда мен сияқтыларды әнші санамайды» — деп еді бірде Алмас. Рас шығар. Алайда өзін әнші атап жүрген кейбіреудің қасында, Алмасты тыңдаған құлақтың өкпесі жоқ. Дәлел керек пе? Міне! Кешегі Party-де Алмастың өнеріне тәнті көрермендері (Назарбаев университетінің ұстаздары мен студенттері) арнайылап әкеп, домбыра сыйға тартты. Алмасты білмеймін, мен мәз болдым!
Блог - Marco: Домбыра Party: Алма жауған күн және Алмас Алтайдың жаңа домбырасы

Назарбаев университетінің ұстаздары мен студенттері де қаражаяу емес екен. Жанар деген апайлары бастап, кештің көрігін қыздырды. Естіп білгеніміз, бұл кісі қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді екен, бірақ ән айтқанынан жақсы бір өнер мектебінен өткенін ұқтық.

Дәурен, Серікболсын деген жігіттер де суырылып шықты. Қызық осы Серікболсыннан басталды. Бұл өзі (танымағаныма кешірім сұраймын) әжептәуір аты бар ақын жігіт екен. Өзі ортамызға келіп тұрғанда қалай құр жіберейік, Домбыра Party-да бұған дейін бір рет айтысып үлгерген Мерейге қарсы шығардық.



Тақырыпта сөз болған алманы таппай отырсыздар ма? Бұл Алдекеңнің үйіндегі анамыздың сыйы ғой. Сөмкесін арқалай келген екен, ішінен әрбір әншіге (мен, Алмас және Алданның өзінен басқа) бір алмадан бұйырып отырды.
Бөлісу:

20 пікір

Marco
Тағы видеолар болу керек. Кейін тапсам сілтемесін саламын.
Сосын, есептің кеш шыққаны үшін кешірім сұраймын. Басымды енді көтеріп отырмын.
AKA
Мықты!  Мерей тоңып отырған сияқты ма, өткендегідей еркін әрі шапшаң қимыл көрмей қалдым.
Daniar-Alan
айтыс жынД кетті. Очм, ЕНУ-мен сөйлестім бүгін. Дауайыңдар дит  Нестиміз общагада өткіземіз ба?
Janasil
Міне «Домбыра party» жұлдыздары!!!
torgai
Мерейдің жауабын түспей қалғаны өкінішті. Жүрсін аға келмесін бір күні «Мынау ережесіз бәсекелестік. Доғарыңдар!» деп.
kan
Жарайсыңдар бауырлар! домбыраны осылай насихаттағандарыңыз өте дұрыс.
aza
Екінші суреттен Рымбектің еріншектігі мен оның келіншегі Ақмоншақтың ұмытшақтығы болмағанда, менің мойнымнан «Ақтөбенің» шарфын көрер едіңіздер 
Домбыраны сыйлаған сәттегі толқыныс ғажап енді. Мен өмірімде талай қошемет пен марапатты көрген жігітпін, десек те, мынау сыйлықтың орны бөлек болды. Ризамын, Халқыма Назарбаевқа, ой, Назарбаев университетіне!
Sashok
«Розовый» шарфы қайда деп сұрайын деп отыр едім. Кеше болды ма? Уәлиханов, розовый шарф, өсіңкі сақал, 30-маршрут.
zholantai
Универде жүргенде Жанар апай "Қазақ әдебиетінің тарихы" пәнінен дәріс оқыған еді, кейін Назарбаев университетіне кетті,
konvict
Мен бармаған күні қызық болады екен))
asaubota
ана жігіт сходу шығармай алдын ала дайын шаблондармен айтысып отыр дейін деп отыр едім, соны Мерей өзі айтыпты соңында. екінші бөлімді қостым постқа.
AKA
 Мерейдің соңғы жауабы күшТ болды
torgai
Айтты-өлтірді. Жарайсың Мерей!!!
monti
видеоны ФБ самағансыңдар ма? байқамадым чета кешке үйден көрем
нау сыйлық ап жатқандарың құтты босын!!! ал не дейміз сөзге кедейміз деп тойлардағыдай айтпып кеткен дид па
күн суды, т.б. кейн ойлана келе ДП офишал офисі болатын шығар ә
ПС: аза сақал/мұрт жарасады екен
aza
Рахмет, Монти Сақал жарасады деушілер көбейіп кетті, чето, сосын алып тастадым
Emilia
О-о-о! Құтты болсын домбыра!
aza
Ооо, рахмееет! Керемет домбыра енді, сөз жоқ!
aza
Базар жоқ күні болып еді. Жазды сағынасың отырывалып…