Домбыра Party: Өш, домбыра қайда?

Домбыра Party-дің бесігі болған Астанада үш апта қатарынан ән шырқалмай қалды. Содан өткен бейсенбіде Нұржол бульварына жиналдық. Барсақ, ән айтуға келген, домбыра тыңдауға келген қалың көпшілік бар да, домбыра жоқ. «Ұяттың көкесі осы болды-ау» дей бергенім сол еді, арамыздан бір супержігіт табылып, домбыра әкелуге жүгіріп кетті.

Мына суретте арғы жағынан санағанда үшінші отырған ақ көйлекті жігіт сол. Атын да сұрамаппын. Сол жігіттің домбырасының арқасында біраз жаңа әндер мен жаңа әншілер тыңдалды.

Блог - Marco: Домбыра Party: Өш, домбыра қайда?

Бұл кештің басты жаңалығы, сонау Алматыдан ат терлетіп жеткен dark_nazgul еді. Қонақ болғаны үшін емес, Назгүл болғаны үшін домбыраны бірден қолына бердік. Ол тартынатын ба еді?! Сайрай жөнелді.

Блог - Marco: Домбыра Party: Өш, домбыра қайда?

Кәде сұрауым мұң екен, қара торы келген бозбала шыға келді. Есімі Таңнұр екен. Тоғызды бітіріп, «Шабыттың» колледжіне түскен жігіт халық әндерін сызылытты. Дауысы да бар екен, манадан құмығып тұрған домбыраны да сөйлетіп жіберді. Қысқасы, тіл-көзден аман болса, бұл баланы әлі талай биіктен көретінімізге сенімім кәміл.

Блог - Marco: Домбыра Party: Өш, домбыра қайда?

Үнемі айтамын ғой, бұл домбыра қазақтың қанын қыздырмай қоймайды. Сәл іркіліп қалып едік, ортаға Назгүлдің апасы (атын ұмыттым) шыға келді. Біз де қызықтың енді басталғанын түсіндік. Апамыз қамшы салдырмайды екен, әнді де айтты, күйді де тартты. Респектті бәрі осы кісіге кетті.

Блог - Marco: Домбыра Party: Өш, домбыра қайда?

Бұл пати көрерменді үш апта күттіргенін айттым ғой. Күткен еңбек ақталды. Патиға келген ақын біткенді шыдатпай жүрген MERmukhanov Олжас Отар ағамызбен сөз таластыруға мүмкіндік алды. Бағасын өзіңіз берерсіз.



Әдеттегідей Алмас пен Дәрия ән салды. Мен де аздап қылғындым. Бұрынғыдан көрі адам қарасы да, әншілер саны да аз болды демесеңіз, жоғарыда аталған өнерпаздардың арқасында бұл пати өте жақсы деңгейде өтті. Келесісінен қалып қоймаңыз енді.
Бөлісу:

31 пікір

AKA
Бұл айтыста Олжас Отар ағамыз сөзсіз басым түскен. Мерейдің өткен жылғы айтысы да, ұйқастары да жақсы-ақ еді… Жасай берсін, домбыра!
MERmukhanov
ағаң өлеңнен басым түсуі мүмкін, айтыстан басым түскеніне күмәнім бар
AKY
сен бе Ақнұрды минустап кеткен
MERmukhanov

Менің минустау ықтималдығым — Сатыбалдының Анарға ғашық болу ықтималдығымен бірдей деп тұрм
Соңғы түзету:
AKY
Онда явно сен))) Үйткені анау анаған өлердей ғашық
Erkekyz
Менің мамама пати ұнады.
Сізді айтады, мынау Еуразиядағы Маралбек емес па, новости жүргізетін,. бірақ ол мұнда не істейдіә деп отырған екен. Сол кісінің өзі еді ғой десем, бәсеееее дейді)))))).
aza
Сенің мамаң да болды ма?
Erkekyz
Аха, отырды ғой.Назгүлдің апасымен подружка боп алып, бірге отырыпты)))).
Erkekyz
Сені де таныпты, бірақ бірден емес)).
AKY
Патиден кейінгі афтепати ше? Басың ауырып кетті-ау дейм
Erkekyz
Ауырған жоооқ). Афтепати ұнады ғой маған!
MERmukhanov
Домбыра әкелген жігіттің аты — Мейрамбек
Marco
Әкеле берсін Мейрамбем)
MERmukhanov
Ең басындағы шумақтарымның естілмей тұруын, Чаплиннің асситентіне айтқан сөзімен кәменттегім келед:
«Дауыс қосуды ұмытып кеттік дегенің қалай?»
Соңғы түзету:
Anar70
қап, осы жолы барғанда Назгүді тірідей көретін едім)))
asaubota
Құдай сақтапты сізді
Anar70
неге, Асаубота?))))
asaubota
82 ғо просто
Anar70
құдай-ай, осы көретінді 82-лерден көретін болдым ғой))))))))))
bizbike
Атырауда қашан болады екен, білетін кісі бар ма?
AKA
Білуімше, Атырау қаласы әр жұмада, кешкі сағат 20:00 өткізіп жүр. Қай жер екенін нақты білмедім, мына суреттен танып қаларсыз.

bizbike
О, рақмет! Бару керек, таныдым жерді.
Marco
Қазір де өтіп жүр ме? Басы-қасында жүрген кімдер екен? Қызылорда ше?
AKA
Атырауда өткен апта тошна өтті, мынау сол суреттерден. Ал, Қызылорда… қазір болмай жүр. «Домбыра Party»-ды меншіктеп, жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен деп фб-да жазғаннан-ақ үлкен дау болған еді. Түсіндірдім, кездесуге шақырып та айтайын дедім. Бірақ, жастар саясатының өкілдері ауыздарына келгенін айтты, қорқытты (менің ағаларым да прокурор а так ), тіпті мен оларды пати үшін бөлінейін деп тұрған ақшасынан айырыппын  Сондағысы домбыра тартып, патиді жалғастыру еді айтпағым. Бірақ, өткен жылы бірге жасап жүрген домбырашылар сол жастар басқармасын қолдап, ақыры «Домбыра Думан» етіп жаңасын бастаймыз, сендер өнерді құрметтемейсіңдер деді. Мақұл, сендер-ақ мықтысыңдар, ештеңе демейміз деп ек, 3 апта өтті де жоқ болды думандары.
Marco
Енді дипломды алдың. Қол босаған шығар? Өзің қолға алмайсың ба?
eldar
Алматыда домбырапати болып жүрма?