Arular.kz
image image

Маңғыстаудағы Домбыра Party-дың маусымашары!

2014 жылдың сәуір айының 21-інші жұлдызында Маңғыстауда Домбыра Патидың биылғы маусымы ашылды! Ашылуы керемет өтті.Қаламыздың тұрғындары, патидың тұрақты көрермендері риза болды. Соңғы рет Домбыра Пати 2013-тің 30 тамызында өткен болатын.Алдағы уақытта аптаның әр бейсенбі күні 14ш/а теңіз жағалауында, сағ 20:00 де...
image image

Ақтауда өткен Домбыра Party-ды бір есімізге түсіріп жіберейік!

Домбыра — думан!!! Аталардың жолымен жиған үлгі Домбыраның шанағына сыйған үнді, Құдіреті қос ішектің дәлелдесін «Қазақ» болып атадан туғанымды! Шабыт берсін шалқыған кеуделерге Желбіретсін желкенді туларымды! Әсем әуен төгілген пернелерден Көріңіздер, домбыра думанымды! Суреттейтін...

Домбыра party. Үздік суреттер.

Домбыра party-ға фото қортынды жасап жіберсек. Осында сәтті шыққан суреттеріңізді жүктеңіздер. Мүмкіндік болса суреттің қашан? қай жерде? кім түсіргенін және суреттегі кімдер екенін жазып отырыңыздар. Мысалы: "Үш Бәйтерек" Астана қаласы. Party men жігіттер Нұрғиса мен Азамат. Соңында сәтті шыққан оншақты суретті үлкен форматта (A3,A4) шығарып беремін (астаналықтарға).

Соңғы пати

Бүгін міне, домбыра-патиіміз де аяқталды. Бүгін де бір өзгеше ерекшеліктері болды. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» дегендей, осыған дейін патиімізді өткізіп жүрген «Астана» алаңымыз бос болмай, басқа жерде өткіздік, 7-шағын ауданда Жалау Мыңбаев ескерткішінен төмен қарай теңіз жағасына барып отырдық Тып-тыныш, нағыз пати өткізетін жер екен. Басында жаңа жерге үйренісіп, аздап кідіріс болғанмен, бәрі жақсы өтті. Жиналатын жеріміз ауысқанмен, жиналатын адамдарымыз азайып қалған жоқ. Ән айтылды, күй де тартылды,өнерпаздар бар өнерлерін салды.Әдеттегідей, пати соңында естелік суретке түстік. Ақтау қаласында осындай ерекше жиын ұйымдастырған бастамашы топқа үлкен рахмет! Аз ғана уақыт болса да, көпке дейін ұмытылмайтын шара болды. Ең әуелі Уәйс Ерсайынұлына рахмет, жастардың басын біріктіре алған,үйымдастырып, бытыратпай соңына дейін болған. Әр патиді көпшілікке жеткізіп жүрген фотограф Талант...

Астанадағы бір домбыра

Жалпы, Домбыра-патилердің орнын өзгерту ықтимал дүние ме? Оң жағада, Кенесары ескерткіші жанында скамейкалармен қатар мынадай домбыра мүсіні бар. Тақырыпқа сай болар ма еді деген ой ғой… Адамдар да көп жүреді онда. Мүмкін емес болса да, біле жүріңіздер дегенім. Дәл осындай домбыралардың қаланың өзге...

Сегізіндегі party-дің тоғыз қонағы

Бірінші қонақ. Сонау Атыраудан арнайы ат терлетіп келіп, өнер көрсеткен sigma

Ақтау қаласындағы № 10-ыншы ДОМБЫРА PARTY.

Ақтауда атаулы № 10-ыншы Домбыра Party және open air форматындағы мини-ауызашар өтті.Бұл күннің ерекшелігі-теңізден соққан самал жел патиге қатысшыларды біршама мұздатып та алды. Осыған қарамастан патидің думаны түн ортасы 12-ге дейін жалғасты. Тағы бір ерекшесі- патишілер өздерімен бірге тамақтарын, термосқа құйылған шайын да ала келіпті. Сонымен мұнда ауыз ашар да, ән-күй де болды. Соңын ала атақты өнер жанкүйері, жыршы-термеші Қамбар Оразовтың келе қалғанын қайтерсің? Пәтидің тұрақты қатысушы өнерпазы Жексембаев Нұрсұлтан

Алматыда кеш ерте түседі, әттең

Кешегі пати патилердің бірегейі болмаса да, жақсы өтті. Арбаттағы жұрттың көзі үйренген бізге, әдейі бұрылып келіп тыңдайды, әдейі іздеп келетіндер де аз емес. Өнер адамдары да естіп, біліп, қызығушылықтары оянып жатыр. Өткен жолы Асқар Наймантаев ағамыздың сөзіне еріп, Мұқағали ескерткішіне кетіп қалмағанымыз жөн болған екен.

Ақтау қаласындағы № 9-ыншы ДОМБЫРА PARTY !

Әдеттегідей әр бейсенбі 14 шағын/аудандағы теңіз жағалауында Домбыра Party өтіп келеді. Бұл Ақтау қаласындағы № 9-ыншы ДОМБЫРА PARTY болды. Әр Party-дың өз қызықтары болады. Біздің патиде ән жарыста, ақындар айтысы да өткен бірақ 9-шы рет өткен патиіміздің ерекшелігі күй тартыс өтті. Күй тартысқан "ӘЛЕМ ART" байқауының жеңімпазы Абылай Тлепбергенов пен Нәбияр Алтаев.Күй тартыс өте қызық болды.Әрі жиналған жұртшылықтың домбыраға деген қызығушылығын арттыра түсті. Осы пәтиге қонақтар да көп келді: Абылай Тлепбергенов, Нәбияр Алтаев, Орынжан Қожанұлы, Абай және кішкентай Досан, Party-дың тұрақты өнерпаздары: Төлегенов Хазрет, Жексембаев Нұрсұлтан, Белек Даулет.

Домбыра Party -де қай-қомус қонақ болды

Сенесіз бе, күн ұзағына күрең тартып, қабағы ашылмай қойған Астананың аспаны дәл Party басталарда шайдай ашылды. Табиғаттың өзі домбыра үнін еститініне қуанып тұр деп жорыдым. Мұндайда көп тұруға болмайды. Бастап жібердік. Жиналған адам қарасы көп болмады. Келмегендердің өз обалы өзіне, біз бір кереметке куә болдық.

Алматыдағы оныншы Party

Дұрыс санаған шығармын деп ойлап отырмын. Кеше Алматыда оныншы патиімізді өткіздік. Фэйсбукта актер Асқар Наймантаев «келесі патиге әнші домбырашы шәкірттерімді шақырдым» деп жазып еді, шынымен, керемет әнші жігіттер келді.

"Айтуға оңайдан" кейінгі ой: қазақты біріктіріп тұрған нәрсе - Ән!

«Айтуға оңай» бағдарламасының Домбыра Party туралы түсірілімін қарап шықтым. Тақырыпты жақсы аша алған сияқты. Тек ДП-ның мақсаты туралы толық ашылмады ау деймін. Қысқаша өз ойымды айта кетейін. Былтыр тамыз айында Астанада Сол жағалаудың орталығындағы Керуен Сауда Орталығын таңдадық. Таңдау себебіміз Керуен — адам көп жүретін, жиналатын жер және Сол жағалау әлі орысша мекен. Домбыра арқылы тек домбыра емес қазақылықты, қазақ тілін, қазақты жарнамалағымыз келді. Домбыра арқылы қазақтың тірі екенін, оянатынын көрсеткіміз келді. Негізгі мақсат сол ғана. Ал қазір ДП сол мақсатты орындаудан бөлек жастардың кездесу орнына да айналды. Астана сияқты үлкен қалада адамдар жұмысбасты. Бір біріне уақыт табу қиын. Осы ДП кезінде бірталай адаммен кездесіп, сәлемдесіп қаламыз, жаңа адамдармен танысамыз. Бұдан бөлек жаңа таланттардың ашылуына да жақсы жол. Сол жағалауда жүретін шетелдіктер де...

Тараздағы Домбыра Party

Бейсенбі күні(27.06.13) Тараз қаласының жастары да Домбыра Патиге үн қосты. Әзірге толық қалай өткенінен бейхабармын. Бірақ, қолыма суреттер келіп түсті. Мәрхаббат!

Шымкентте "Домбыра Party" осылай аяқталды

Саябақтағы көк майсада басталған Патиге кешқұрым демалып, қыдырып жүрген жандар қызыға қосылып, әжептеуір адам жиналды. Патидің жүргізушілік қызметін қоса атқарған Нұрғиса ағамыз әнін орындап болған соң, келесі пати туралы жарнаманы көпке жариялап жатқанда, Патидің өтіп жатқаны туралы естіп, Шымкенттегі Саз колледжінің студенті Ақбаян есімді қарындасымыз домбырасын арқалап, асыға жетті. Ол туралы көпшілікке баяндалып, кезек Ақбаянға берілді. Шебердің аты шебер, домбыраны қолға алысымен-ақ, көпшіліктің қызу қошеметіне бөленді. Бір өкініштісі, осындай орындаушымыздың кешігіп келуі, әйтпегенде Патидің көрігін одан әрі қыздары түсер еді. Әсем орындалып шыққан осы күйден кейін, көпшілік жұп болсын деп ұсыныс беріп, тұрып алдық. (Қалай қиып жібересің мынадай бал тамып тұрған қызды, әлі-ақ сенімдімін, осы қызға талай керекшілердің көзін алартатынына «жақсы мағынада»!) Кезек,...