Домбыра Party: Сюрприз

Соңғы уақытта астаналықтардың Домбыра Party-ға деген қызығушылығы азайғандай. Күйбең тірлік қой, әрине. Бірақ көріп үйренген көптеген қыз-жігіттердің келуді қойғанына қарап, аздап көңілің түсетіні де өтірік емес. Дегенмен, Домбыра Partyдің кереметі сол — сәт сайын жаңа көремен, әншілер келіп жатады. Бұл жолғы патиға келмей қалғандар қандай қызықтан құр қалғанын өздері де білмес сірә.

Бәрі әдеттегідей басталды. Алмас екеуміз жұрт жаттап алған әндерімізді айтып жатырмыз. Бір кезде алыстан Алдекеңнің сұлбасын байқадым. Қасында тағы бір жігіт бар. Жақын келгенде жазбай таныдым, ауылдасым, ағам, әнші, «Азия Дауысы» фестивалінің жүлдегері Алдаберген Жақсыбаев екен.







Алдаберген рұхсат сұрап кеткен бойда домбырасын арқалаған екі жігіт көрінді. Біреуі — Астанадағы жастар театрының актері Азамат, екіншісі — Алматыдан келген қонақ Нұрлан есімді азамат екен. Несін айтайын, кештің көркін қыздырды жігіттер.







Бұл Домбыра Party тағы бір дәлелдеді — қазақ тірі тұрғанда домбыра үні күмбірлей береді. Ендігісінен қалып қоймаңыз. Кеш бойы ырза болғанын жасыра алмай, қайта-қайта ән сұраған үлкен кісілер болды. Осы бейсенбіде аккордеон әкеліп, ән айтып беруге уәде етті.
Бөлісу:

5 пікір

qonyrbai
Керемет!  Астанада болсам барар едім.
MickThatsMyNick
барлық ақындардың кіші келінге жабылғаны дұрыс бомапты
Соңғы түзету:
Marco
Сол келіннің арқасында Мұсатбайдың аты тарихта қалды есесіне. Жаман ба?
bizbike
Байғұс келін, қарауға бет қалмаған шығар. Нан илеймін деп көп күшеніп қойған болар енді. Не ғой, Астананың ортасына бір от қойса (вечный огонь емес, құтта бөлек қылып), айналасына шөп ексе, бір киіз үй мен алтыбақан қойса, мықты болар еді домбыра пати өткізуге.
Marco
Ехехехеу, астаналықтар!!! Ертеңгі патидан қалып қоймаңдар!!!