Arular.kz
image image

Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды!

Құрметті КерекИнфо сайтының қолданушылары! Жақында ашылған bilim-all.kz сайтын көріп, ой пікірлеріңізді айтып көмектессеңіздер. Пікірлеріңізге қарай сайтқа жаңалықтар, өзгерістер енгіземіз. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды! Тәй-тәй басып келе жатқан қазақ тілді сайттың дамуына өз үлесіңізді...
image image

CMS Joomla-ны Жұмекеге айналдыру

CMS Joomla-да құрылған сайттардың компоненттерін қазақшалау қиындық тудырмайды. Мысал ретінде «Поиск» компонентін қазақшаға аударып көрсетемін. Мен тәжірибе үшін локалды серверге орнатылған сайтты алдым. Ол үшін сайт орнатылған папкаға кіруіңіз керек. Шамамен осы суреттегідей папкаларды көресіз. Ішінде...
image image

Информатикадан және сол сияқты техникалық хылымдарға байланысты сұрақтарыңыз мазалайды ма? Бізге келіңіз.

9v.kz Біздің жүйеміздің басқалардан өзгешелігі бұнда қазіргі таңдағы әлеуметтік желінің функцияларын ұтымды пайдалана отырып сұрағыңыздың басқаларға жылдам жетуіне мамандардың оңай назарын аудартуға болады. Жүйе әлі де жаңартылуда, біз өзімізге қатаң талап қоя отырып жүйені форум болудан сақтаймыз, әрі...
image image

Елден ерек әлеуметтік желілер немесе "фейсбуктан" жалыққанда

Дау жоқ, «фейсбук», «инстаграм», «вконтакте» сияқты қалың бұқараға бағытталған әлеуметтік желілер — интернет нарығының теңдессіз алпауыттары. Алайда, осы алпауыттардың тасасында қалған, дегенмен, атап өтуге тұрарлық айрықша әлеуметтік желілер де бар. Кейбірінің қолданушылары жүз миллионнан асса, кейбірі жүз...
image image

Мен білетін бақытты адамдар...

Мен білетін бақытты адамдар дегенім жаратылысы ерекше, санасы басқа адамдар емес. Кәдімгі өзім танитын адамдар ғой. Оларды неге бақытты деп есептеймін? Себебі олар интернетті қолдануды білмейді. Пошталары mail.ru-да тіркелген. Оларға ВКонтакте әлеуметтік желісі жетіп артылады. Сол жақта суреттерін жариялайды,...
image image

Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы

"Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы" деп аталатын бұл жоба, Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі, оның ішінде ғаламтор әлеміндегі бостықты толтыруды көздейді, өздеріңіз білетіндей Қазақ тілді ғаламтор әлемінде білім саласына қатысты сайттар көбейіп келеді, сол сайттардың ішінен ешқайсысына...

Жүйеәкімдеріңіз ренжітеді ме?

Оқуға кетер алдында, ректораттың шешіміне сәйкес, жұмысқа қажетсіз сайттарды жауып тастаған едім. Қажетсіз сайттарға кіру әрекеті жасалған кезде, сайттың не үшін жабылғаны, және жұмысқа тіке не жанама түрде қажет болатын болса ресурстың толық адресін көрсетіп, қызметтік хат жазу керектігі жазылған болатын. Әрине кім фейсбук, мой мир керек еді деп жаза қоймасы анық, дегенмен агент пен скайпқа рұқсат бердік. Ал БАҚ.кз сайтының қазақстандық БАҚ бөлімінің телеарналар беті жабылды. Түсініп отырған боларсыңдар, трафик көп кетеді. Ал мекеме мемлекеттік болғасын нағыз жұмыс түске таман басталады (ерте сегіз жарымда келгенмен) да, кешке жай бітеді. тоғыз, ондарда. Кешке жіберіп алған телесериалдарының қазасын түске дейін өтейтін хатшы қыздар жетіп артылады. Сонымен бүгін сырқатыма байланысты үййде отыр едім. Оны мұны шұқып, мал агентім, шырылдай қалғаны. Сол стандартты "Қал қалай,...

Жаңа сайт ашылды...

Өз басым спортқа қызығушылығым керемет. Спорт сайтын ашып,өзімше тірлік қылғым келеді. Спорт сайты Мына жерден жаңа спорт сайтына кіріп, жаңалықтар ,қызықты мақалалар оқи аласыздар, көптеген болжам бәйгелер,қомақты сыйлықтар ойнатылады… АПЛ, испан ла лигасы,ҚПЛ-әр турына болжам бәйгелер… Бір өтініш, спротқа қызығатын жандарға осы сайттың барын айтсаңыздар, көп рахмет… Спорт сайты

Қандай сайтты қалар едіңіз?

ҚазНетте бір-бірінен тек тақырыбен ғана ажыратылатын сайттар көбейіп кетті. Бұл жақсы да шығар. Өз басым, жалықтым. Бұларды «жоба» деп атауға келмес, өте баяу дамиды, табыс та әкелмейді. Қанша жерден мықты жүйе болғанмен сайтың жайлы админдер қайсың ауыз толтырып айта аласың? Орташа сапа, орташа талап, орташа өмір — ешқашан прогресске әкелмес. Жаман да болсын, бәлкім, өзіміздің «ориджинал» жобамызды жазамыз??? Сонымен, сіздің қалауыңыздағы сайт қандай болуы мүмкін еді?? Қиял, тілектер жаудыра берулеріңізге рұқсат! «Алдыңа бір пост қойдық, пернетақта бос қойдық»)) P.S: Жазба өте жылдам жазылды. Артық кетсем, айып етпең. Кейін бір сүзіп шығармын. Upd: Жазбадағы мақсат Қазнет сайттарын даттау емес, жалпы, шығып жатқан жаңа сайттарға пікірім және өзге қолданушылардың қалауын білу ғана.

Бекболат Тілеуханның жеке сайты іске қосылды

Белгілі жырау, қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханның жеке сайты ашылды. Сайтқа www.btleuhan.kz адресі бойынша өтуге болады. Сайттың мақсаты – Бекболат Тілеуханды жарнамалау емес. Мақсатымыз – Алашқа үлгі болып жүрген Бекболаттай азаматтарды қалқан ете отырып биік мінберге халықтың ойын, мұң-мұқтажын жеткізу. Жеке ел болып, етек-жеңімізді жинадық дегенмен, әлі де шешімін таппаған мәселе көп. Ол кісінің Парламент Мәжілісінің депутаты болып тұрған кезінде көтерген оқулық сапасы, ұлт намысы, ұлт болашағы, тіл, руханият, ұрпақ мәселесі әлі күн тәртібінен түскен жоқ. Қала берді қара қазақты қара шаңырағына оралту мәселесі тағы бар. Тоқырап қалған қазақтың көшін жандандыру мәселесі тағысын, тағылар… Оның үстіне жұрт арасында қайраткеріміз жайында алып-қашпа әңгімелер де көп. Ақиқаты қайсы, жаласы қайсы ешкім бас қатырып жатпайды.Бір жағынан алып-қашпа сыбыстардың рас-өтірігін...

Спорт сарап

asaubota ағамыз 2013 жыл қазақ интернетінде «бум» болады деп айтып еді. Соның куәсі болып келеміз. Жақында ҚазНеттің қоржыны тағы бір сайтпен толықты. Спортқа арналған «Спорт-сарап» деп аталатын жаңа сайт оқырмандарға жол тартты. Негізі бұл сайтты 2013-тің қатарына жатқызуға келмес. Өйткені пыртал былтырғы желтоқсан айында ашылыпты. Олжас Нұразхан баурымыз басшылық жасайтын сайттан қызықты ақпараттар, фото, видео, сұхбаттар оқи аласыз. Әзірге сайттың бастамасы жақсы. Спорт туралы жазатын Аламан, АлашАрена, СпортСарап сынды сайттардың көп болғаны дұрыс қой. Бәсекелестік болады ғой. Кіріп оқып тұрайық. www.sportsarap.com/

Логотип жасау жолдары.

Бәріне Салем! Маған көмек керек еді, логотип жасауым керек. Тегін приложениелер мен программаларды пайдаланып көріп едім, ойымдағыдай болмады. Дайын емес, өзім құрастыра алатын программалар болса немесе басқа да жолы болса айтып жіберіңдерші а?! Қатты кереееек! Күтемін!

Неге сайт(ым) ашылмайды?

Осы сұрақ сайт жасаушыларға көп қойылады. Қате! Бұл сұрақты ешқашан сайт жасаушыға қоймаңыздар. Өйткені сайт жасалынып, сізге тапсырылғаннан кейін сайттың сайт жасаушымен түк қатынасы қалмайды. Әрі қарай барлық нәрсе өзіңізге байланысты. Сонымен сайт неге ашылмай қалады, себептерін қарап көрейік: Интернеттің бар екенін тексеріңіз. Мүмкін интернет жоқ шығар? Сайт адресін дұрыс тексеріңіз. Мүмкін қате жазған шығарсыз?

Drupal-мен сайт бастау

Ассаламу«алейкум, достар! Жақында ғана компқа бағдарлама жазушы боп жұмыс істей бастаған едім; Сайт жазуда бір қиындыққа тап болдым, Drupal-да сайт жасау керек. Кім Drupal-мен таныс болса, көмектеріңді күтемін. Алдын ала рахмет! Қол ұшын беруге тырысқандарға Аллаһ риза болсын. )))

Терезе

Ол теледидардағы ауа райына да, интернет беттеріндегі болжамдарға да онша мән бермейтін. Қай уақытта тұрса да көзін тырнап аша салысымен терезеге қарайтын. Дұрысы терезеден далаға. Адамдар шолақ жең киімен жүрсе бұлда солай киініп, күрте киіп жүрсе сәйкесінше бұл да солай киінетін. Кеше түні бойы бір сайтта әлдебіреулермен пікірталастырды. Не бұл оларды түсіне алмады, немесе аналар шынымен сөз ұқпайтын жандар. Бірнеше мәрте кофе ішіп, бірнеше мәрте оттығын қолына алып, мұрнынан будақ-будақ түтіндер шығарды. Бүгін ұйқысы қанбай оянды. Екі сағаттан сәл аса ұйықтаған болар шамасы. Бүгін бір мекеме жұмысқа аламыз деген, солармен алдын-ала әңгіме-дүкен құруға барады. Ояна салысымен терезеге қарады. Ешқандай жан баласы көзіне ілінбеді. Көздері құйрығымен кері қарай, дәлірек айтсақ, құйрығымен алға қарай ұшып бара жатқан торғайларға түсті. «Далада жел қатты екен» деген оймен қалыңырақ...

Қазнет

Қазнетте қандай тақырыптарда сайттар жетіспейді? Мысалы, сіз қандай тақырыптағы сайттардың болғанын қалар едіңіз? типа осындай сұрақтарға жауап іле кетсеңіз…