Маған ұнаған сізге ұнауы шарт емес :)

Кеш қалсам да
Ұнайды:
Тамақ: «Оливье», суши, фаст-фуд тағамдары, ыстық сүт, апельсин шырыны, шоколад.

Зат: Биік каблук, сәнді сумка, сағат-браслет
Адам, табиғат:

Күз және күзде туғандар, қыздарын еркелететін әкелер, томпақ пупсик бөпелер, көп тіл білетіндер, ойлау қабілеті алға озып кеткендер, корейдің қысықкөз актер-актрисалары, сән үлгісінің дизайнерлері, модельдер, брэнд болмаса да шығыстанудағы креативті киінетін қыз-жігіттер, Энрике Иглесиас; Керекинфода: кей адамдардағы шынайылық, Meirzhan мен Aizhantabyn-ның шыдамдылығы, TERISKEY ағай сияқты смайликтерді көп қолданатындар
Хобби: кітап оқу (әсіресе шетел әдебиеті), тоқу, би, жалғыз қалғанда ән айту, коньки тебу, өзімді өзім әр қырынан фотоға түсіру, әсіресе сотканы ұстап түсу, ауылдағы огород, Айданамен (құрбым) сабақтан соң кафешкаларда (фри+кетчуп+сок с трубоч.) немесе кешкісін үйдің алдындағы беседкада әңгімелесіп отыру; Спанч Боб мультигін көру)

Ұнамайды:
Майлы торт, бешбармақ, шемішке, каша

«Неге жігітің жоқ» деп сұрай беретіндер(осында бір қыздың эстафетасында да болған), патриотизм дегенді қазақ тілін білу деп қана түсінетіндер, кейбір діни адамдардағы өтірік сыпайылық, ауылдан келген қыздардың шаштарын сап-сарыға бояп алып, аялдамаларда айғайлап сөйлеуі, жігіттердің тротуарларда түкіре беруі, жасанды тырнақ+жасанды кірпік+баттасқан макияж. Керекинфода: кей адамдардағы жасандылық; «ұнамайды» дегенге «топас адамдар» деп жаза берушілік; рейтингімді себепсіз түсіріп тастай беретіндер
Пы.Сы. «Ұнайды» дегенге жанұясын жазуды дұрыс деп ойламаймын, тек олардың жақсы қылықтарын жазса; жанұя «ұнайдыдан» жоғары тұрады.
Бөлісу:

65 пікір

Aikona
«Неге жігітің жоқ» деп сұрай беретіндер
мағанда ұнамайд,
жігіттердің тротуарларда түкіре беруі,
мәә, жыным келеді
sammita
амал қанша, тағдыр бізді жолықтырса да бірге ғұмыр кешуіміз неғайбыл жандар екенбіз
каша, бешбармақ ұнайды.
Esmeralda
хе-хе, бірге ғұмыр кешпесек те жолығып қалармыз)
Керекинфода: кей адамдардағы шынайылық
ұнайды)
a63a1
ұнамайды: бешбармақ
айтасың-ау сенде
sammita
ии, жарығым..әлгі соғымды жемдеп жатырсыңдар ма
a63a1
ия түскі асқа 4 елі шығарған биенің телшігін жеп тойып отырм
a63a1
біздің жақта соғымды жемдемейді, өзі семіредіғой,
Abilakim
кеңк-кеңк)))Жазиралы Жаңаарқаның жылқысының кез-келгенін үйірден ұстап алып сойсаң кемінде екі елі береді
a63a1
ия, соны айтып отырм менде ық ық ық)))) Жердің кіндігі Сарыарқа болса Сарыарқаның кіндігі Жаңаарқа ғой)))
Abilakim
ал, Жаңаарқаның кіндігі Ескене екеніне хабарың бар ма?
a63a1
Қое бырат көкпарды ала қашщатын не әдет, Ақтүбектен бастау аладығой
a63a1
гастарбайтер екеуіңді ашықтырып көру керек екен. Қарын ашса атаңның ық ық ық жерсің деген екен))))))))))))
a63a1
қарын тойса қарта боқ сасид деген тағы да әдемі сөз бар
sammita
осы мақалдың бәрі маған ба?
a63a1
жоға, бешбармақты ұнатпайтындарға
19852407
рахмет, шырағым
күнде берсе де жалықпайтындардың қатарынанбыз)))
monti
бірден андай* жазып тастағаның((( әркім өзіне ұнаған/ұнамағанды жазды ғо… бешпармақ шынымен қортылуға ауыр тамақ
a63a1
көз тойғанша жеуің шарт емес
monti
жесеңде жемесеңде андай айтып))), напорыңмен кетіп отқаның не? айтпағым әркімның жеке пікірін сыйлау бар,
Қарын ашса атаңның ық ық ық жерсің деген екен
және
қарын тойса қарта боқ сасид деген тағы да әдемі сөз бар
деген пікіріңе жаздым, менімен дастархандас болғандай
көз тойғанша жеуің шарт емес
дегенің не?(((
a63a1
қарындас сізбен танысуға болама?
Esmeralda
ашуланбаңыз, тақырыптың өзі сізге жауап беріп тұр ғой)
a63a1
ашуланып тұрғаным жоқ, отырмын, каз жата салам.
sammita
TERISKEY ағай сияқты смайликтерді көп қолданатындар
«жуас түйе жүндеуге жақсы» деп неге бәрің оны жаза бердіңдер
жігіттердің тротуарларда түкіре беруі
мен қыздардың түкіруіне де қарсымын.
Esmeralda
басқалар "ұнамайдының" ішіне жазды, мен ұнайдыға жаздым ғой) Сосын ол кісі жуас па ед?)
AKY
Соны айтам да, менің ініме андай-мындай деп. Шөпжелкелер өңшең!
Qojeke
Доска, мен ол туралы қарапиар романымды жарыққа шығармын ба деп отырмын.
monti
Керекинфода: кей адамдардағы жасандылық;
ол нәрсені қалай білеуге болады? сосын бұл инет ғо, реал мен витер сәйкес келу маңызды емес
Esmeralda
келісем, ойым өзгеруі мүмкін
Qojeke
Кеш қалсам да
Кеш қалсаң да, қысыр қалма, айналайын.
a63a1
жарасың сенде
monti
көп жерлер ұқсас кенбіз)))
брэнд болмаса да шығыстанудағы креативті киінетін қыз-жігіттер
факул.ме? КазГУ?
Esmeralda
Рахмет, ұқсас болғанымызға қуаныштымын) Иә, КазГУ-дің шығыстануында
balzaminka
мда, сенің де рейтингіңді түсіргесін не айтуға болады?! Жаман ойың болмаса, жаман сөзің болмаса, түсініксіз
Esmeralda
аха, оған ренжімейм ғой, әркімнің өз құқы, бірақ неге солай еткенін түсіндіре кетсе ғой)
Erlan
Бешмарак, шубат болса итеріп жіберуге тіпті кайіп болар еді, каша нанмен жевалсан, ангиме айтып отканда пиво шемешкісіз, балықтан басқа тамақтардың барлығы унайды, тукірмей калай журесін )
rauka
"өзімді өзім әр қырынан фотоға түсіру, әсіресе сотканы ұстап түсу," ООО, бұл маған да ұнайды!!!
Altygradus
өзімді әр қырынан суретке түсіргенді дым ұнатпайм.
А так ұнатпайм деп айтпас едім, бірақ бешпармақта мен де аса жемейм.
Сосын щемішке десе өлетінмін әсіресе былтырғы жаз, осы көктемде өзімді тәрбиелеген болғам)
Esmeralda
тамақты ұнамайды деп жазған дұрыс емес екенін білем, осылай жазғаным өзіме де ұнамады. Шемішкені өте жақсы көретіндер бар ғой, онда тұрған не бар Бешбармақ ұнамайды деген мулде жемейм деген сөз емес кой, мунда көбісі соны түсінбей жатыр, менікі де аса жемеймін дегенге келеді сіз сияқты
araika
мен оливьені ұнатпаймын, ал бешбармақты ұнатпайтындар баршылық екен мұнда
meirzhan
Мен Оливье ганьянды ұнаматымн, ал ет асқанды онша емес
meirzhan
хехе. қызықты.
рейтингімді себепсіз түсіріп тастай беретіндер
себепті көтеруге тырысып жүрмін
meirzhan
Фастфуд тамақтарын асықпай жеп, әңгіме айту маған да ұнайды.
araika
Meirzhan-ның шыдамдылығы
қаншалықты рас?
meirzhan
Белгісіздікте рас емес.
Beytanis
фастфуд деген не бәле?
meirzhan
денсаулыққа зиянды, асыққанда жейтін тамақ. (пирожки, беляши, самса да кіреді)
Esmeralda
дұрыс айтасыз, денсаулыққа зиян
meirzhan
соны жеудің өзі шыдамдылық
Esmeralda
әзірше ұнайды, кейін талғамым өзгеретін шығар)
Aizhantabyn
Есмеральда, менің шыдамдылығымның бағасы жоғары болды, сол себеп ұнатпа))))
бешті мен де ұнатпаймын, бірақ, ас талғамаймын. Барына, шүкір.))) Сағат браслетт3 мен де жақсы көрем, қазір мынаған ұқсас, тек ағы көп:
Esmeralda

Соңғым мынау, MARY KAY-дікі, ескіріп барад)
Esmeralda
мен сіздің шыдамдылығыңыз дегенім, осында кейде намысыңызға тиетіндей комменттер болғанын көрдім, сонда да жаман сөз айтпай, басқаның намысына тимей шыдағаныңызды көрдім
TERISKEY
" рейтингімді себепсіз түсіріп тастай беретіндер" — сонда минустан қорқасың ба?
Esmeralda
жоға да, керек те емес қой, тек не үшін деп кейде ойлап қалам)
Айтпақшы, смайликтеріңіз қайда? Мен де смайликтерді көп қолданам, сосын "ұнайдыға" сізді жазып ем, осындағы әпкелеріңіз братишкама тиістің деп мені жеп қоя жаздады ғой)
e_zhalgas
(әсіресе шетел әдебиеті)
Пауло Коэльо???
Esmeralda
хехе, Алхимик ағай, неге Пауло Коэльо? негізінде именно соны онша емес)
Есімде көп детальдары қалмаса да, «Алхимиктегі» есімде қалатын бір тұжырым-«не нәрсені де өте қалап тұрсаң, бүкіл жаратылыс саған көмектесе бастайды» деген ой))