Блиц-сұхбат - Сатыбалды

Сұрақ қоюшы юзверь: salta .

— қолыңыздағы сағаттың маркасы қандай?

— Осы «Сәуе» деген сөз бар ма екен қазақта, болса — не мағына береді екен деп ойлайм мен. Ал «гей» дегеннің мағынасын түсіндік қой кейін шоубиздің арқасында.
Жалпы, қолында сағаты бар, ендеше — пиджагы да бар, шешемебельді рестораннан ғана тамақтанатын респектабелді мұжық елестеткеніңіз үшін нақметтен басқа айтарым жоқ. Дегенмен, сағатты жұрттан сұрамсақтанып, кейде ерінбей вокзалдан қарап қайтып жүрген кездерім болды, қазір енді, мобиладан қарай саламыз.

— отыратын кабинетіңіз қанша шаршы метр?

— Тура 12 шаршы. Мексика заңнамасы бойынша — менің бөлмеме тағы 3 адам қамауға болады екен.

— балаларыңыздың атын кім қойды?

— Тергеудің бұл түрі "қалпақпен ұрып алу" деп аталады, феликсэдмундовичстің. Очм, ертеректе Муңкә айтқан: бірде оны тергеуші шақырыпты. Есіктен кірер-кірместен:
-Түсінбедім: сендер ұрлаған сабындарыңды 4 сом 50 тиыннан саттыңдар ма, әлде 3 сом 20 тиыннан бердіңдер ме? — депТ.
Әккі деп жүрген Муңкәнің өзі осынау бір көне трюкке алданып, ақыры 4 жыл шартты жаза алды. Ық-ық…

— қазір отыздамын дейсіз, шынымен де нешедесіз?

— Совет прокурор мектебінің салқынына қарағанда, не үйіңде қызылдар тым көп болған, не сен сүтін ішкен ешкі Әліби Жангельдин дәрет алған жердің бетегесін күтірлетіп тұрып жеген.

Жалпы, сұрақтарыңызға нақметтен басқа айтарым жоқ, рақтың. Сөз соңында өзімнің сүйікті бір әнім — "Әйгерім Кеулімжаймен телефон арқылы сөйлесу" атты әнді қойсам деймін:



P.S. Эстафета бұтағы — Нұрберген Мақымда.
Бөлісу:

49 пікір

muza
Naqmetindss. @salta suhbat emes tergeu bolip ketken be
rauka
Дұрысырақ таныстырсаңыздар екен өздеріңізді, кім кім екені, сұхбат берушінің не айтып отырғанын түсіне алар ееспін шынында, бір-бірімен ұрысып қалған екі адамның сұхбаты тәрізді ме қалай өзі…
Marco
Мадес, Салта! Кімге ауыз салар екен деп ем, мүйізі қарағайдай Сатекеңе құрық салыпты!)
Сатекесі сұрақ: Қазақтардың жақсы көретін қасиеті бар ма сізде?
Marco
лібә, не деп кеттім… қазақтардың қандай қасиетін жақсы көресің?
AKA
кейде ерінбей вокзалдан қарап қайтып жүрген кездерім болды
AKY
*(*(*(
неге үйттің, дӨс?
satibaldi
Нетіппін???
AKY
аа, нетпепсің ғой, йес, йес!
meirzhan
Mif-тың ғұмырын қидың. Охуермандар үшін миф боп жүре беруің керек еді.
satibaldi
Не деп жеп отырсың? Түсінбедім?
balzaminka
Сатеке, жаңа жылыңызбен
satibaldi
Өлемін дегенің қайда?
a63a1
Тура 12 шаршы.
Қазақстандық стандарт бойынша 1 жарым адамның орнын алып отсың
salta
негізі кең жерде отырады екен… мен кейде қатты кеткен кезінде осы кісі тар жерде отырады ау шамасы деген жаман ой келетін…
a63a1
апшение жетпейді, Өзіміз тар бөлмеде 2 міз отырамыз
AL-ASTER
Дым жөнді жауап жоқ. Оданда дәруіштің шырағын жағалап жүрген әлдеқайда қызықтырақ па деп ойлаймын дегеннен басқа айтар жоқ.
satibaldi
Менің орныма сен жауап бере сал. Рұқсат.
salta
мардымды жауап аламын деп армандаған да жоқпын, тек тағы да бір рет ескі киізді қағып алып, бір рет шаңынан арылтып алғым келген… білдім ғой, аузымызды құрғақ қасықпен жыртып, қу шөппен сүрте салатынын…
izbasar
Дұрыс жасапсың.
satibaldi
Басқа не күтіп едің? Ғасыр интервьюінің сұрағын қойып едім, жарытпады деп, мені кінәлап тұрсың ба әлде? Аяқасты сұраққа — тасүсті жауап.
salta
ау, ағасы, сұрақты мен жәй қоя салдым, мен білек сыбанып кірісіп, соңғы майыңыз қалғанша сығатын адамыңыз емеспін, жақсы айттыңыз аяқасты сұрақ, сондықтан маған қарай топырақ шашқаннан гөрі, ең болмаса бір сұрағына адааааам секілді жауап жазу керек еді ғой… ауыз менікі екен деп кез-келген жерден тесе салғанша, тесік табамын десеңіз бойыңызда ондай тесіктер жетіп артылады, тақ шо мына жауабыңыздың сол тесіктердің бірінен шықты деп ойлайық та қояйық… наққа ма, бұтаққа ма? қайда барайын? сіздің арқаңызда көбіміз бұтаққа өрмелегіш болып алдық негізі...
satibaldi
Сұрақтарыңа ұялып қалдың ба?
salta
сіздіңше қандай сұрақ қоюым керек еді, редактор мырза?
shimaibek
 Көзіме елестеді ме, әлде көз алдым қарауытты ма? Сәл уақыт бұрын ДәріІшіпӨлген тұрғынының суреті тұрып еді ғой. Қайда кеткен. Мимолетное видение ме, әлде?
Gastarbaiter
ДәріІшіпӨлген
Мынау қатең үшін үш дүниеде де оңбайсың ғой
shimaibek
үш дүниеде де
Бер жақ, әр жақ, үшіншісі — Дәруішөлген болғаны ма сонда?
Gastarbaiter
виртуал, реал, Аид патшалығы
asaubota
эстафетаны суытпай жалғастырып жібер Сәке.
satibaldi
Эстафета Нұрберген Пахомда.
mampasi
Сатыбалды амигоға да сұрақ қою мүмкіндігін пайдаланып қалайын.
1. Леопольдтың қызына әлі ғашықсың ба?
2. Әлде Зереге ма?
3. чекушкамен берілетін салат, тағамдардан ұнататының қайсы?
satibaldi
1. Карьерист қатын бетімен кетті ғой, несін сұрайсың Бәтиқа, Бәтиқа дегенге шелек болып.
2. Түсінесің бе, Ақзереге ғашық болу-болмау деген мәселе жоқ, қалай тайсам екен. Мысалы сен сүйгенің қосылсаң да бір обрызды сақтап қалған шығарсың, оған керісінше — қолыңның жетпеуі арман; қандай да кесапат күні барсам — әңгімемді айта алам, ол тыңдайды, ол сыңғырлаған күлкісімен барлығын шайып кетеді деп пе, очм, қиын оны түсіндіру. Адамда үнемі ғашық болатын біреу болуы керек сияқты, менің Ақзерем сияқты. Және керісінше, өзінің қолың жетпегенін қалайсың ба епті, очм, Зигмунд амиго тасын қасып, ұзақ ойланатын психауи күй менде.
3. Тек ішінде боб өкілдері(фасоль, бұршақ), майонез(арақ пен майонез — іщщәәә!) болмаса болды, жей беремін атыңнан айналайын ақ арақпен қосып күтірлетіп.
mampasi
нақмет
satibaldi
Компқа өшіретің келесі айда келе ме енді?
mampasi
қазірдің өзінде сотадан кіріп отырмын ше
satibaldi
Алдымен телеграфқа звондап шығасың ба сонда, Интернетпен қосжіберш деп?
mampasi
жоқ, алдын-ала заказ беріп қоям
araika
Талапты бұзып жіберіпсіз ғой, Мой Мирдегі сурет өзіңіздікі болса, қоя алмаған себебіңіз?
Реалдағы Сатыбалды қандай адам, айырмашылық бар ма?
asaubota
беспонтовый сұхбат болған екен негізі