Гастарбайтердің ең көп күткен айлығы

20-21 жаста едім.

Өзімді престижді универститеттің түлегі сезініп, кез-келген жұмыс менің келуіме қос аяғын көтере қуанатын шығар дегем. Басында сондай көрінді. Соған масаттанып, ананы таңдаймын, мынаны таңдаймын деп жүргенде, ақшам таусылып қалды.
Таныс емес камоктан қарызға 800 теңге ақша алдым (тамаққа, жолға). ЕРтең бір шабашка ұрып тастап қайтарып берем деп, залогқа диплом, удостоверение (лох-ай десейш), аттестат (оның не қатысы бар еді), РНН, СИК бәрі салынған папкіні тастап кеттім.
Екі-үш күнге кешіктіріп, шабашкадан тиын жасап, дәңкүментіме қайтып келсем, әлгі сатушы қыз жұмыстан шығып кетіпті. Дәңкүмент қайда екенін өздерің болжап көріңдер.
Еркін Пуароның озық үлгісінде зерттеу, тіміскілеу, іздеу, біреудің телефонынан звондау, сұрастыру арқылы, әлгі сатушы қыздың Таразға байға тиіп кеткенін білдім.
Тараздағы байының телефонын тауып, документтерім оның Алматыдағы жеңгесінің үйінде екенін, 800-теңге қарызыма қосып 3000 теңге сыйақы әкелсем, бере салатынын айтты.
Ал менде, өздерің білетіндей, қалтамда бұтақ та жоқ. Бұтақ бар ғой. Бірақ одан басқа ештеңе жоқ.
Бір ай сөздің тура мағынасында үй жағалаған БОМЖ болдым. Нашар тірліктер, біркүндік жұмыстар, бір сағаттық ақша табулар, ақшасы бар, бірақ ешкім қарамайтын қыздармен дос болып, альфонстық қылу, әйтеуір істемегенім қалмады, денемде тіршілік нышанын сақтау үшін. Өзімді «барлығы уақытша» деп жұбатумен ғана болдым.
Тапқан ақшам «Из-рук-вруки»-ден шабашка іздеуге, өтірік резюменің ксероксы мен китайский лапшаға кетті.

Әке-шешеме әлбетте айтқан жоқпын.
Сөйтіп жүріп, бір шараганың канторасына ағылшын тіліне мұғалім болдым. ЕШ тіркеусіз. «Бір айдан кейін документімді көрсетем, жоғалтып алдым, бірақ ағылшынша білем» -деп ағымнан жарылған соң, директор жүзі жылып, кіргізе берді.

Бір айдан соң, 7000 теңге қолма қол алдым.(2004-ші жылда да ол өте аз ақша саналатын) Оның төрт мың теңгесін завуч директорға бер, әйтпесе жұмыстан шығасың деді.
Ойланып-ойланып, «жепсіңдер нақ» дедім. 7000 теңгенің 2000 теңгесіне проездной алдым да, аз мұз тамақ ішіп, әлгі Розыбақиевада тұратын сатушының жеңгесінің адресін тауып, үйіне бардым. Үйіне барып, шай ішіп, тамағына тойып алып (үш мың теңгені ақтау керек ғой)… ақшасын беріп, бүкіл документтерімді алғандағы сезімімді әріппен жеткізу мүмкін емес еді.
Бір апта тағы бомж болдым. Бірақ бақытты бомж болдым. Туысқандарымның телефонын беріп жүр едім, потенциалды жұмыс орындарына. Бір күні сол телефонға бір христиан телефон соғып, тәуірірек жұмыс ұсынды. Арғы жағы өмірбаян болып кетеді.
Бөлісу:

30 пікір

Abilakim
/ақшасы бар, бірақ ешкім қарамайтын қыздармен дос болып,/
осыбір жерлері қызық тәрізді…
Gastarbaiter
Еріккенен дейсің бе?
Zhan
Не деген сюжеттер, впрямь бір кино түсіріп жіберсе де болады екен. Басты рольде конечно өзі ойнаса…
Gastarbaiter
Өзім ойнайтын болсам, 30 келідей салмақ тастауым керек ғой
patick
Алматыға келгенде де БОЖМ болып кете жаздап едім. Өзімше менде де сондай ой болды: жұмысқа өздері қуана-қуана алады деген. Қателесіппін, бұл жерде жұмысқа таңдау болса да, орналасу қиын екен. Лібә, дұрыс жұмыс тапқанша, 3-4 ай бойына нан мен шай, әрі кетсе суға қайнатылған вервишельмен күн көріп шықтым. Ол қуанышым да ұзаққа бармады, бір жылдан кейін кризис басталып, қысқартуға ұшырадым. Бұрынғы қайыршы күндер қайта оралды, онда да 4-5 ай қатты қиналған шығармын. Әрине, бұның бәрін ата-ана білмейді, сөйлескен сайын «бәрі жақсы» дейсің ғо
meirzhan
Арғы жағы қызықты болып кетті. Христиан дегенің үшін де.
Gulistan
«Бөрі аштығын білдірмес» деген.
Onlasyn
Ойдан құрастырдың ба? ))
sammita
басбармақаспанға.
сезімімді әріппен жеткізу мүмкін емес ед
Qojeke
Мухахаха, Гастарбайтер атың содан қалған деседі ел артындағы аңыз-әпсәналар.
sammita
Эврикаа деуді ұмыттың.
Qojeke
Жібер пфернетуахтаңның басын! Жаза түс. Бірден адам болмағаның аян, жаз қызықтарыңды
abdi111
(үш мың теңгені ақтау керек ғой) :-)
Maya
Не де болса пысықтығыңнан аштан өліп, көштен қалмаған екенсің. Жарайсың, Гаста батыр, жақсы жазыпсың…
timurrr
Hehe… Shygarmaitynyn jok senin de…
asaubota
мен де оқу бітіріп жұмыс менсінбей жүрдім 1,5 жыл. сосын 30-дан асқан күйеу іздеген қыздай алғашқы вариантқа келісімімді бере қойдым
Nurgisa
Не ма сонда, іштей бір үрей, мүлдем жүмыссыз қап қоям-ау деген алай-дүлей сезім болды ма?
asaubota
болды, болды. сосын алғашқы звонокқа иә дей салдым. өйткені бір жағынан ол жұмыс облакиматта еді  25 мың айлығы! оның алдында қырық мыңдарға пашолнах деп жүргенмін
Aldeken
Ох, е-мое, ана еврей сені 25 мыңға эксплуатировать етті ма, не?
Дегенмен облакиматтың сайтын жынды қылып істедің ғо, сол қолыңмен жасасаң да… ))))))))))))
asaubota
ол сайт кезінде республика бойынша 1-ші орын алып келген еді жыл қортындысы бойынша. бізге грамота берілді, бастыққа үй…

соңғы жылы айлығым 45 мыңға дейін көтерілгенін айта кетейін.
Aldeken
бізге грамота берілді, бастыққа үй…

«Бабе цветы, дитям мороженое» © сияқты екен… )))))))
sigma
Түздегі дүзқырықбес үйде жүріп тапқан қырықбеске татымайд деген рас па?
bazuka
Бір айдан соң, 7000 теңге қолма қол алдым.(2004-ші жылда да ол өте аз ақша саналатын) Оның төрт мың теңгесін завуч директорға бер, әйтпесе жұмыстан шығасың деді.
2004-ші жылы 6000теңгелік айлықпен өмір сүргем)))) оқуды енді бітіріп келген студентке бәрібір еді ақшаның саны))
satibaldi
2004-ші жылы 6000теңгелік айлықпен өмір сүргем
Вермишельге кейде тіпті майонез салып жеп тұрдым де. Керемет.
aza
Астанаға жаңа келдім ғой… Құдай оңдап, жұмысқа бір аптадан соң орналасып кеттім. Но қуануға ерте секілді))) Жаңа қалаға, мегаполиске келгенде қиналу заңды болар, әрине. Бір мұсылман соғар, жақсы ұсыныспен. Резюмем ұрып тұрған соң, ойлап жүрм да өздері шақырад деп, бұқұаақақақа
satibaldi
«Артембазар» деген базар жақта күніне 300 теңгеге жалданып жұмыс істеуге болад деп естідім.
aza
СААТ, көп рахмет, сілтемеңізге!
bizbike
Бірінші айлығым жиырма бес мың болатын. Содан да жұмыртқадан жүн қырыққандай бірдеңе жиналатын еді ғой.