Таныс болыңыздар: Dinara
Динара Талдыбаева — Dinara
6 қазан 1983 жылы Түркістан қаласында, көп балалы отбасыда туылған.
2000 жылы сол Түркістандағы ХҚТУ-не халықаралық қатынастар мамандығына оқуға түскен.
Қазіргі уақытта Түркияда Анкара қаласында магистратурада оқып жатыр, сол мамандық бойынша.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Қазіргі керекке Аршаттың шақыруымен келдім. Боямасыз қазақи жастардың ортасын тапқаныма қуаныштымын, келгендегі мақсатым да сол, замандастарым не ойлайды, оларды нендей мәселелер толғандырады екен деген ой еді :) Барлығы да сен тұр мен атайын деп тұрған тұлғалар екен, оларды біріктіріп отырған осындай орта болғанына қуанамын.
— Күніне неше рет кіресің?
— Неше рет кіресің деп санайтындай саны жоқ :) Қолым қалт етсе болды кіріп шығып жүре беремін :) Күнделікті ашпасам болмайтын, қол үйреніп, автоматты түрде ашыла беретін сайттардың ішінде.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Мен үшін жаңа, тың болған жазбалардың барлығы ұнайды. Фильм болсын, жаңа ән болсын. Қолдан жасалған өнер туындылары, тағамдар, сосын кейде фотосы көп сөзі аз тақырыптар :) Көп сөзді оқуға ерінемін басын бір соңын бір қарай саламын. Өмір туралы қарапайын әңгімелер, өмірден алынған, бастан өткен оқиғаларды қызығып оқимын.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Бөліп жарып ешкімді айта алмайды екенмін, мына кісінің пікірі ұнайды деп. Жалпы тақырыпқа тура қатысты, қысқа әрі нұсқа жеке өз ойын білдіретін (қолтықтан кеттім, бұттан кеттім, май шашыңдар, шелек қайда деген сияқты пікірлерді шыны керек дұрыс қабылдай алмаймын, мүмкін ол да бір қызық шығар, керек те шығар сайтты түрлендіріп ұстап отыруға, серьезный қылып жібермей балансты сақтап отыруға деп ойладым да қойдым) пікірлер ұнайды.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жақындарым оқымайды, таныстарым оқыса оқып жүрген шығар, сілтеме беріп тұрамын өзім ұнатқан, оны да қызықтырады ау деген тақырыптарға.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Мүмкін жауапты модераторлар тағайындап қояр медім қауымдастықтарға :)
6 қазан 1983 жылы Түркістан қаласында, көп балалы отбасыда туылған.
2000 жылы сол Түркістандағы ХҚТУ-не халықаралық қатынастар мамандығына оқуға түскен.
Қазіргі уақытта Түркияда Анкара қаласында магистратурада оқып жатыр, сол мамандық бойынша.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Қазіргі керекке Аршаттың шақыруымен келдім. Боямасыз қазақи жастардың ортасын тапқаныма қуаныштымын, келгендегі мақсатым да сол, замандастарым не ойлайды, оларды нендей мәселелер толғандырады екен деген ой еді :) Барлығы да сен тұр мен атайын деп тұрған тұлғалар екен, оларды біріктіріп отырған осындай орта болғанына қуанамын.
— Күніне неше рет кіресің?
— Неше рет кіресің деп санайтындай саны жоқ :) Қолым қалт етсе болды кіріп шығып жүре беремін :) Күнделікті ашпасам болмайтын, қол үйреніп, автоматты түрде ашыла беретін сайттардың ішінде.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Мен үшін жаңа, тың болған жазбалардың барлығы ұнайды. Фильм болсын, жаңа ән болсын. Қолдан жасалған өнер туындылары, тағамдар, сосын кейде фотосы көп сөзі аз тақырыптар :) Көп сөзді оқуға ерінемін басын бір соңын бір қарай саламын. Өмір туралы қарапайын әңгімелер, өмірден алынған, бастан өткен оқиғаларды қызығып оқимын.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Бөліп жарып ешкімді айта алмайды екенмін, мына кісінің пікірі ұнайды деп. Жалпы тақырыпқа тура қатысты, қысқа әрі нұсқа жеке өз ойын білдіретін (қолтықтан кеттім, бұттан кеттім, май шашыңдар, шелек қайда деген сияқты пікірлерді шыны керек дұрыс қабылдай алмаймын, мүмкін ол да бір қызық шығар, керек те шығар сайтты түрлендіріп ұстап отыруға, серьезный қылып жібермей балансты сақтап отыруға деп ойладым да қойдым) пікірлер ұнайды.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жақындарым оқымайды, таныстарым оқыса оқып жүрген шығар, сілтеме беріп тұрамын өзім ұнатқан, оны да қызықтырады ау деген тақырыптарға.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Мүмкін жауапты модераторлар тағайындап қояр медім қауымдастықтарға :)
сол кезде айтпақшы Анкара арқылы Эскишехирге де бардық.
Тағы біреуі бар ғой, сүйем дедім сүйе алмадым кешір жаным… деген. Екеуі де ұнамайды :)
1. Анкарадағы жастардың бізден қандай айырмашылықтары немесе ұқсастықтары бар? Жігіттері қандай?
2. Бітірген соң елге қайтасың ба?
3. Қай жерлерден киім аласың? Жалпы, киіну стилің қандай?
2. Бітірген соң елге қайтамын, жұмысым күтіп тұр ;)Бұл жақта да бәрі сұрайды қалмайсың ба деп ұсыныстар жасалады жұмыс туралы, Түркиядан гөрі Қазақстан маған мұқтаж, елге қызмет етемін деймін.
3. Киім кию стилім осында келген соң өзгерді деп айтсам да болады. Мысалы бұрын джинс мүлдем кимейтінмін, басымда бір қалың бір жұқа екі дежурның джинсыйым ғана болған: Р төмен аяқ киім кимейтінмен мүлдем :) Мұнда ол екеуі кәдімгі бас тарта алмайтын дүниелер :)
Киімнің ортасы ғой енді бұл жер. Үйімізге жақын жерде Манго-ның оутлеті бар деп қызықтырып қояйын да :))) Зарадан бірдеңелер алмасам тұра алмаймын. Бағалары қолжетімді негізі. Кейде ұнатқан нәрсемнің бағасына қарамаймын, сезон скидкасын да күте алмай қалам кейде :) Ал былай қатты марка қуып, тек қымбат маркалардан киінетін әдетім жоқ :)
Тағы сұрақтарың болса, пажалста ;)
Мұнда мені ешкім қазақ деп ойламайды, бәрі өздерінің түріктері деп қабылдайды. Казақ екенімді байқатқым келсе әдейі кейде сөздерді дұрыс қолданбай, қате сөйлеп байқатамын. Ол да керек әйтпесе :)
қазіргі кезін көрсем онымен жүрмес едім :)))
қазіргісі қатты ұқсамайтын шығар, бірақ бұрын күлген кездерің ұқсайтын.
Түрік жігітіне тұрмысқа шығар ма едіңіз? Әлде уже шығып қойдыңыз ба(қазақ, орыс, неміс,қара нәсілді)?
Ана бір Теңіз деген қызды наққа жібере салыңызшы, көрсеңіз.
Сұрақ бар))) сен де весы екенсің ғой. Енді сұрақ: гороскопқа сенесің бе?
бабавщина)? :)Жалпы кез келген нәрседе
«крайность»-қа кетіп қалуды құптамаймын, әр нәрсеніңзолотая серединасынтаба білу керек ;)Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Смайликтер қосылыпты ғой
жәй жазғам қалжыңдап, өзі және деп екіге бөліп жазып қойған соң
Жалпы бауырларыңмен қарым-қатынасың қалай? Қазақтардың туысқандық қарым-қатынасына қатысты ойыңды білгім келеді.
Бір қызбын, үйдің үлкенімін, осыған қарап қарым қатынасымыз қалай екенін топшылац беруге болады :)
Қазақтың туысқандық қарым қатынасына оң қараймын. Әркім өз орнын біледі, нағашы, жиен, бөле әрқайсысы өз жолымен, өз орнымен. Мысалы бір жиын болатын болса келіндер келеді де жапырып барлық жұмысты жасап тастайды, ешкім айтып міндеттемесе де әркім өз қызметін, статусын біледі, соны сақтайды, шектен шықпайды. Сосын мына жақпен салыстырғанда мысалы, қайырымдылық жалпы көп жасалады, әсіресе студенттерге, одан қалса артта қалған мемлекеттерге жіберіп жатады. қарапайым мысал, құрбандықтарын өткенде. Ал бізде көмек жасағымыз келсе алдымен жағдайы төмен өз туысымызды жұмыспен қамтып, соның отбасына көмек беруге тырысамыз, осы дұрыс деп санаймын.
Орта әсер етеді, келісемін. Бірақ Қазақстанда тұрып та түріктердің ығында кеткен қазақтарды көргенде,…
Меніңше Динара ақ қыз, татарларға келедi :)
Ескишехир немесе Сакарияданмын десем сенеді барлығы ;) (ол жерлерде татарлар қоныстанған)
Кездесуді не істейміз, ұйымдастырамыз ба? :))
Жұмыстарыңа сәттілік, бәрі оңынан болсын!
1. Қанша тілді меңгергенсіз?
2. Біз білмейтін түрік елінің өзіндік салт — дәстүрін айтып берсеңіз?
3. Түрік асханасына шолу жасап өтсеңіз? :)
1. Орысша, түрікше ғана білемін ;) Ағылшыншама қарным ашады өзімнің :(
2. Қыз тұрмысқа шығар алдында бір күн бұрын Қына түнін (Kına gecesi) жақындарымен, туған туысқандарымен, құрбыларымен (тек қыз келіншектер жиналып)өткізеді. Қызбен қоштасу мақсатында. Қына жағуды ислам дәстүрімен байланыстырады, кейбіреулер айтады қына жағу бір бірін сен менің сүйіктімсің деп тану, мойындау дегенге келеді деп. Сондай ақ, қынаның қорғаушы, сақтаушы қасиеті бар деп сенеді. Келінге, келген қонақтарға қолдарына қына жағу арқылы ертеңгі болатын үйленуді, яғни отбасылық өмірді қорғайды деп сенеді. Әйелдер жиналып, өздеріне тән жергілікті халық әндерін айтады, билейді, соңында жылайды қимай бір бірін. Ауылдарда әлі солай болғанымен, қалаларда қазір еркектер де қатыса береді екен, бойдақтықпен қоштасу, көңіл көтеру мақсатында өткізілетін болып кеткен дейді.
3. Асханасы өте бай. Таңғы асқа (кахвалты) қатты мән береді. Кахвалтыны пейнір (сыр) мен зәйтүнсіз елестету мүмкін емес. Сұйық араластыра салатын сорпалары бар, бас тағамның қасында міндетті түрде берілетін. Салаттары жеңіл салаттар болады көбіне, майонез қосылған салат мүлдем жоқ, оливьені жасайды рус салатасы деп, оған да кей жерлерде йогурт (айран) қосады. Майлы еттен ұзақ тұрады барлығы. Көбіне тек сиыр етін қолданады, қойдың етіне жақындамайды майлы деп, қозы етін алады алса да. Әр аймағының өзіне тән өзгеше тағамы, тәттісі болады. Қысқаша шолып шығу қиындау боп тұр сол АКАжан :)
Сосын осы қына түні кетіп бара жатқан қыздың айтатын өлеңі, бұл өлеңсіз қына түнін елестету мүмкін емес :) Менің сүйікті әншім Жандан Ерчетиннің орындауында
Avrupaya gittin
Bizi rezil ettin
**ne kanarya
Nasıl da koydu Barselona
******* *****
біз бұны үйді сағынғанда тыңдап жылап аламыз өзіміз ;)
Түрік асханасының фанаттарының бірімін, әсіресе лахмаджнун қатты ұнайды :)
(Садық ұстаныкі):)бәрібір де ұнайды)))
сен де лайт еркексің бе әлде :)))
глобальное потепление:)оқуға өзіміздің ХҚТУ жобасымен кеттім ;)
Оқу барысында ерекшеліктер өте көп, өзімнің университетіммен салыстырамын үнемі.
Ең бастысы мұғалім мен студентке бар жағдай жасалған, бірінші кезекте солардың талаптары қанағаттандырылады. Ал бізде қағазбастылық, жоғары жақтың талаптарын қанағаттандыруымыз керек тек қана.
Мұғалім сабақты қай жерде өтеді, қалай өтеді өз еркінде. Ешкім сабақты тексеріп келмейді, құжаттарың түгел ме деп. Магистранттардың сабағы кешкі алты жарымда болатын, студенттер барлығы жұмыс жасайтын болғандықтан, солардың ыңғайына қарап солай қойған.
Көке деген бұл жақта да жүреді екен байқағаным, бірақ біздегідей қарсылығына бірнәрсе дәмету не болмаса алу үшін емес, тек бір адамды сыйлағанынан соның бір ауыз сөзі мен көңілін қимағандықтан көмектеседі екен, өте сирек бірақ, былайша мұғалім өзінің дегенін жасайды қай кезде де.
Барлық жерде бірінші буынға басымдық беріп айтам. АнкАра демейсің ғой енді немесе АнкАрА: Р
Сен ше? Ангара дейтіндерге жыным келеді, кейде өзім де қолданам бірақ
сұрақ: інілеріңнің бәрі қорқа ма сеннен? әлде тыңдамай, қарсы шығатын тентектер де бар ма?
Інілерім қорқады былай, сыртта жүрген соң қадірім көбейе түсті ма деп қоям Телефонда сөйлесіп жатсам, үйдегі құрбым айтады, ваще басқа боп кетесің, өзіңнің үстүн екеніңді білдіріп тұрасың оларға, өзіңше боп тұрасың дид
Ал негізі былай мінезім жұмсақ болған соң, көп еркелейді маған.
пысы: Інілерім бәрі мені ақ әпше дейді, так ышто сен де сары демеші мені енді бұдан былай, мен аппақпын
Түркия әсіресе соңғы жылдар көлемінде Қазақстанмен «ынтымақтастыққа» күш салып жатқанын ерекше байқаймын. Атырауда жұмысбасты болдым, Түркия азаматтары көп. Астанада, негізінен, құрылыс нысандарында қарасы көп. Қайтарымы ретінде Түркияға бізден оқу ісі бойынша ғана барады ма деймін. Туризм басқа мәселе. ТҮРКСОЙда да біздің сойылды соқты, Анкарадан ескертіш қойды. Өзара ілтипат деген жақсы шығар дипломатиялық қарым-қатынаста. Бұ жағын осы істің білгірі ретінде өзіңіз салмақтырақ бағамдайсыз. Осы жақында «түркі әлемін» біртұтастандыру, біртілдендіру жайы көтеріліп қалды. Сандырақ болмайды ондай гипотезалар. Қалай ойлайсың, Динара, Түркия «бауырым, біртуғаным» деуі ширма да, шын көксегені басқашалау емес пе? Түркиядағы магистр ретінде пікіріңді білу маған қызық.
Дінаралық диалог туралы айтқаныңызға алып қосарым жоқ екен.
Ал екі ел арасындағы ынтымақтастыққа келер болсақ, қазіргі Түркия үкіметінің Қазақстанға бір ерекше қызығушылығы бар дей алмаймын, жәй ғана қай жерде инвестиция көзі бар, Түркия сол жерде екенін айтқым келеді. Ал Қазақстан әрине инвестиция салуға қолайлы жерлердің бірі Өткен жылдары мысалы Египет, Ливияда қаншама фирмаларымыз батты деп қынжылып жатты. Тіпті кардеш Қырғызстандағы оқиғалардан кейін, уайымға салынып, қайтуға бел буып жатқандары да болды. Сондықтан, біздің елге деген илгисинде туыстықтан гөрі чыкар меселеси басымдырақ (аа халық арасында, академиялық ортада туыстық, бауырлас деген сезімдер бар, үнемі бірінші кезекте айтылады да, ол бөлек әңгіме).
Екі ел арасында жалпы барыс келістер өте көп. Анкарада болған соң, кім келіп кетіп жатқанынан хабардар болып отырамыз, кейде арасында жүреміз. Сіздің айтқаныңыз орынды, оқу бойынша келетіндер көп. Оның өзі бір жетістік Қазақстан үшін…
Түрік бірлігіне қатысты болса, (көбіңіздің хабарыңыз бар шығар, білмейтіндер болса жазып кетейін) біз алғаш тәуелсіздік ала салысымен, Марқұм Тургут Өзал бастап берген еді, бауырлас елдерді аралап. Белгісіз себептермен өмірден озып кетті… Одан кейін Түркия Еуроодақ деді, Ердоған келген соң Таяу Шығыс деді. Әлі күнге дейін бірақ Түркия үкіметінің Орта Азияға, бауырлас елдерге деген арнайы бір саясаты жоқ, мұны өз ғалымдары, сарапшы мамандары да қатты сынап көп айтып жатады. Осыған қатысты сұрағыңызға жоғарыда айтқып өткенімді қосуға болады.
Қысқаша осы көп нүкте қойып кеткен жерлерім, әлі де жалғасы бар, айтылатын, тартышылатын жерлер Назарыңызға рахмет!