Ең алғашқы тамағым.
Ең алғаш тамақ істегенім 7 сыныпта болатын. Алдын мамам жас, өзі істеп қоятын немесе әжем де бақуат кісі еді, кейде сол әжем жасай салатын. Сол жылы әжем қайтыс болып, анашым қатты сырқаттанып қалған себеп, үй тірлігі өзіме қалды. Сонымен, тамақ істеу керек болды. Макарон қуырайын деген ой келді да, барып ағамнан сұрадым қанша салайын деп, ол 300 гр сала бер, азбыз ғой деді(папам, ағам және мен). Қайдан білейін, таразыға 300 гр тартып көрдім, аз көрінді, сосын 500 гр қылдым, ол да аз көрінді, 1кг қылдым, ол да аз көрінді, сосын 1 кг 700 гр болады-ау деп салдым қазанға. Біраз уақыт өткен соң, қақпағын ашып қалсам, ісініп барып, шашылып қалды, қазанға симай кетіпті. Олай ісінетініп білмегенмін ғой. Үйтіп-бүйтіп, даққа өзімізге бір легенге салып алдым. Қалғанын қорамыздағы 3 қойымыз 3 күн рахатына бөленді. Ужас, тойға жететін тамақ еді анау.
Ең алғашқы рет блинчик пісіргенімді айтайын. Үйде мамам жоқ. Әжем пештің қасынан шықпайтын. Өзімше пысықсынып, блинчиктің тестосын жасап алдым. Дала суық, үйге электропешке жасамақ болдым. Біріншісін жасадым, қисық-қисық шеттері, екіншісі күйіп кетті. Осылай әбіржіп жатқанымда үйге мамам келіп қалды. Ұрысады қазір мені деп, сасқанымнан сковородканы кілемнің үстіне тастай салыппын. Ал кеп күйсін кілем. Апыр-топыр барін жинастырып, пісіріп үлгерген блинчиктерімді аузыма сиғанынша тығып жеп тауыстым. Сөйтіп, түкпір бөлмеге қашып үлгердім. Біраздан соң шықсам, мамам әжең кілемді күйдіріпті, дөңгелек қой, шәугім қойған-ау деп жүр. «Уф» деп жүрегім орныма түсті. Сонда қатты қорқады екенмін деймін да мамамнан, жасырмай айтқанымда, мүмкін мақтар ма еді, қызым бойжетіп келе жатыр деп.
сурет vkusom.ru сайтынан алынды.
Түһ, екі ортада әжеңіздің кінәлі боп қалғанын-ай
под чутким руководствомБәрі рецептпен, бәрі өлшеумен…Ужинға не пісірем деп отыр ем. Спагетти-жақсы.
диалект? Менде тамақтарды ең алғаш жасағанда да сәтті шыққан. Бірақ, бірде балық қуырамын деп, күйдіргенім есімде. Май қатты қызған болуы керек, ұнға аунатпай сала салғанмын, ол бүрісті де қалды. Көлемі кішірейгені болмаса, былай жақсы болДҚазір дайын тамаққа қасығыммен жетіп келетін жалқау болдым
Құрамында қатығы бар тәтті нанның жасалу жолын білетіндер бар ма?
Негізі қант қосып, сүт қосып жасаса да болады. Бірақ осы қара сумен ашытқан нанды да пісіре алу өнер еді ол кезде.