Ең алғашқы тамағым.


Ең алғаш тамақ істегенім 7 сыныпта болатын. Алдын мамам жас, өзі істеп қоятын немесе әжем де бақуат кісі еді, кейде сол әжем жасай салатын. Сол жылы әжем қайтыс болып, анашым қатты сырқаттанып қалған себеп, үй тірлігі өзіме қалды. Сонымен, тамақ істеу керек болды. Макарон қуырайын деген ой келді да, барып ағамнан сұрадым қанша салайын деп, ол 300 гр сала бер, азбыз ғой деді(папам, ағам және мен). Қайдан білейін, таразыға 300 гр тартып көрдім, аз көрінді, сосын 500 гр қылдым, ол да аз көрінді, 1кг қылдым, ол да аз көрінді, сосын 1 кг 700 гр болады-ау деп салдым қазанға. Біраз уақыт өткен соң, қақпағын ашып қалсам, ісініп барып, шашылып қалды, қазанға симай кетіпті. Олай ісінетініп білмегенмін ғой. Үйтіп-бүйтіп, даққа өзімізге бір легенге салып алдым. Қалғанын қорамыздағы 3 қойымыз 3 күн рахатына бөленді. Ужас, тойға жететін тамақ еді анау.  
Ең алғашқы рет блинчик пісіргенімді айтайын. Үйде мамам жоқ. Әжем пештің қасынан шықпайтын. Өзімше пысықсынып, блинчиктің тестосын жасап алдым. Дала суық, үйге электропешке жасамақ болдым. Біріншісін жасадым, қисық-қисық шеттері, екіншісі күйіп кетті. Осылай әбіржіп жатқанымда үйге мамам келіп қалды. Ұрысады қазір мені деп, сасқанымнан сковородканы кілемнің үстіне тастай салыппын. Ал кеп күйсін кілем. Апыр-топыр барін жинастырып, пісіріп үлгерген блинчиктерімді аузыма сиғанынша тығып жеп тауыстым. Сөйтіп, түкпір бөлмеге қашып үлгердім. Біраздан соң шықсам, мамам әжең кілемді күйдіріпті, дөңгелек қой, шәугім қойған-ау деп жүр. «Уф» деп жүрегім орныма түсті. Сонда қатты қорқады екенмін деймін да мамамнан, жасырмай айтқанымда, мүмкін мақтар ма еді, қызым бойжетіп келе жатыр деп.

сурет vkusom.ru сайтынан алынды.
bk
Бөлісу:

24 пікір

araika
хехе, қызық. Мен әлі күнге дейін тамақ жасамаймын, бірақ блинчиктің «мастерімін».
Түһ, екі ортада әжеңіздің кінәлі боп қалғанын-ай
AKY
ақыры мойындамадың ба, кілемді күйдіргеніңді?
Erkekyz
Былтыр ма мойындадым әңгімеден әңгіме шығып)).
Aikona
Менде алғаш тамақ жасағанымды жазбасам, 1 кг 700 г вермишельді піскен кездесгісін елестетіп отырмын ужас
VKM
1,700 мамммаааа))өлдім күлкіден.Мен 5-6 сыныптан бастап үйрендім, бірақ под чутким руководством Бәрі рецептпен, бәрі өлшеумен…
Zhan
Мен алғаш қалай тамақ пісіргенім есімде жоқ. Үй шаруасына қырсыздығым соншалық элементарно шаугімдегі судың қайнағанын білмейтінмін. Ертесіне кластасым Ақмарал бліп қойып бүкіл класқа жайып салған еді. Ең алғаш тамақты 9 сыныптан бастап істей бастадым-ау ұмытпасам… Сен қайта бір қазан болса да батылдық жасапсың.
sammita
тақырыпқа қарап ана сүті туралы ма десем)
Ужинға не пісірем деп отыр ем. Спагетти-жақсы.
AKY
кабачки қуырш, а
AKY
ең алғашқы тамағым басталған-ды картоптан…
Argyn
Палау жасай аласыз ба)))))
Erkekyz
Сіз жеп келген палаулар сияқты палауды пісіре алмайм)))
satibaldi
Тұрмысқа шыққан кезіңде пісіргенде — соңғы тамағыңыз болуы да мүмкін екен…
AKA
легенге
 Шұңғыл ыдыс деген ба, диалект? Менде тамақтарды ең алғаш жасағанда да сәтті шыққан. Бірақ, бірде балық қуырамын деп, күйдіргенім есімде. Май қатты қызған болуы керек, ұнға аунатпай сала салғанмын, ол бүрісті де қалды. Көлемі кішірейгені болмаса, былай жақсы болД
meirzhan
Леген деген тазик болу керек.
AKA
 мам*мааа, ондай емес шығар. Диалект-ау шамасы, кей жерлерден естігенім бар. Тамақты тазикке салмайдқо
Erkekyz
Тазик емес, кәдімгі тамақ салып жейтін ыдыс ше? ҚОрдалықтар үшін табақ деп жазайын деп тұр едім басында)
sammita
бізде де табақ. Легенді білем бірақ)
Altygradus
туу бүгін палауды айтып одан қалса блинчикті айтып…
Zilola
мен ең бірінші нан пісіруді үйренгенмін, сосын нан ашытуды, сосын еттің нанын илеуді, сосын жаю, пісіру… кете береді.
Қазір дайын тамаққа қасығыммен жетіп келетін жалқау болдым
araika
нан пісіруді үйренгенмін
 Есіңізде қалғаны болса, рецептісін ортаға Қазір дүкеннің нанына да күдікпен қарайтын болдық, сол үшін арасында өзіміздікін жасап отырғанымыз жақсы ма деймін…

Құрамында қатығы бар тәтті нанның жасалу жолын білетіндер бар ма?
Zilola
ең обычный нанның рецепті, суға алдын ала ашытқыны (ол кезде пакмая мед басқа мед не помню) езіп дайындап аламыз. Сосын ашытқы езіліп біркелгі сұйықтыққа айналғанда, жылы суға тұз салып, езілген ашытқыны құямыз да шетінен ұн салып илейміз.
Негізі қант қосып, сүт қосып жасаса да болады. Бірақ осы қара сумен ашытқан нанды да пісіре алу өнер еді ол кезде.