Эстафета: Сыйлығымның сықпыты
Дәл қазір «сыйлықтар сезоны» болғандықтан, актуалдылығы бар тақырып деген ойдамын. Бұл эстафетада қабылданған/қабылданбаған, бірақ кейіннен өзіңнің күлкіңді келтіретін, мүмкін болса өз қолыңмен жасалған сыйлықтарыңыз һақында қалам тербесеңіздер деген өтінішім бар. Мүмкін жаңа жылға бір жақын адамына ерекше сый дайындағысы келіп жүрген біреу-міреу осы жерден идея тауып қалар…
Сонымен… ал кеттік..
Сүгірет
6-сынып болуы керек. 8-наурыз. Ол кезде мамамнан басқа әйел затын мойындамайтын кезім. Сыйлық жасағым келді. Жасымнан ақша жинай алмаймын. Сондықтан да қалтам бос. Қолдан сыйлық жасамасам…
Қолда бар заттардан тек қалам мен ақ қағаз ғана бар. Өлең шығарам деп біраз әурелендім. Алайда, тіпті 6-сынып оқушысының өзі ырза болмайтын өлең-сымақ шадыр-шұтпақ шықты. Қоя салдым сол жерден. Сәл ойланып, мамамның студент кезде түскен әдемі бір суретін алып, соны сала бастадым. Ұқсамады. Сосын, мына ойына келгенін істей салатын (көбіне кейіннен опық жейтін) басқа бір ой сап ете қалды ғой… Суреттің астына қағазды қойып суреттің бетіне қаламмен сызып шықтым. Із қалдыру үшін. Із түскеніне түсті ау… Бірақ… Мына бас суреттің құртылуын ойламапты.
Кешке мама келгенде бердім енді суретін. Әрине қуанды. Анау сурет қоқыс жәшігіне кетті амалсыз
Кактус
2 курс. Тағы сол 8-наурыз. Бұл жолы қызыма сыйлық жасау керек болды. Оған көөп ойланып жүріп не сыйлады деп ойлайсыздар?!.. Дұрыс! Кактус. Кактус болғанда да жәй кактус емес, ақ кактус, бетінде қызыл гүлдері бар. Ал, 2003-жылдары ондай кактусты Шымкентте табу қиын болатын.
Алды. Рахметін айтты. Бірақ кейіін, 2-3 айдан кейін айтады: — Ана құрбымның жігіті алтын жүзік сыйлады, ана құрбымның жігіті телефон сыйлады… Ал менің жігітім… Кактус…
Айттым енді… былай… типі өлмейтін гүл, өлмейтін махаббат деп келтіріп ))))))
Қобдиша
2007-08 жылдар ау деймін… Тағы сол 8-наурыз. Әлі студентпін. Сырттай оқимын. Жұмыс істеймін. Ақша бар енді… Бірақ өз қолыммен бірнәрсе жасағым келді. Жұмысым жарнама агенттігінде тұғын. Құрал сайманның, қажетті материалдың бәрі бар. ПВХ-дан қосылған екі жүрек формасындағы қобдиша істеп, қызылмен боядым. Жүрегім жүрек емес, жел шығаратын жерге ұқсап кетті енді былай )) Бірақ, түсінеді деп ойладым.
Кешке алып барып бердім. Ол рахметін айтты. Со «күчтііі» деген сөздер. Бірақ…
Құрбысымен жақсы араласатынмын. Сол абайсызда айтып қалды, қобдишам қоқыс жәшігіне тоғытылыпты ))
Ол қыз да алдыңғы посттағы қыздың кебін киді амал жоқ. Тойыс, ляхтырылды… Менім қобдишам секілді ))
Содан бері өз қолыммен сыйлық жасамаймын, және сыйлықты көбінесе қаржылай ғана беремін. Тіпті гүл де сыйламаймын ешкімге. Уоотт…
Эстафета басталды Ханымдар мен оның жанында жататындар! Бұтақ omarbirat -та!

Тағы бір жағдай. Жақында керемет бір мұғалімнің туған күні болды. Біз жиналып торт пен букет гүл алып стол үстіне қойдық та, бәріміз стол айнала хорға тұрғандай,қатарласа тұрдық. Топтағы бір ұл гитара ойнау білетін. Апай есікті ашып қалғанда гитара тартылып, хормен «Хаппи боз дай ту ю» деп әндете жөнелдік. Ол да күтпеген еді, есік аузында таң қалған күйі біраз тұрып қалды. Қатты қуанды, біз де мәз болдық. Меніңше қолдан сыйлық жасай алмасақта, азын-аулақ сюрприз жасап жіберуге болады.Меніңше бәрі көңілде.
Сыйлық алу. Ата-анам жылда туған күнімді жасайтын.кішірек кезде Пицца, Дөнерде,өсе келе клубтарда.Сонда сыныптастарымды джынды-джынды қымбаттық заттар сыйлайтын. Сосын олардың туған күндерінде ал жүгір, дәл сол бағаға әперетінмін, тепе-теңдік үшін.
Тааак… жігіттерден қымбат сыйлық алуға болмайды! Бұл енді аксиома.Болмаса тәуелділік болады.
ПыСы: Айтпақшы, осы аптаның соңы Нұрберген Ң мырзаның туылған күні ғой… Бір жақсы сыйлық алу керек, на!
5-ші ме, 6-шы ма сынып. Есімде жоқ. Сол кездерде таусылмайтын сникерс деген бәле мода еді. Күнде мамама көмектескенімнің ақысы бір сникерс еді. Мектепке барамын да соны сатып алам. Бір күні қыздардың мерекесімен құттықтайық деп сынып жетекшіміз кеш ұйымдастырды. Сыныптағы ұлдар жағы соңында барлық қыздарға сыйлық берді. Ал маған не берді деп ойлайсыздар. Көөөөөөөөөөөөөөөөөөпппп «Сникерс» Содан кейін жек көрем, ол бәлені. Әлі күнге дейін түйсігім жетпейді? Шын көңілмен, әлде мазағы ма? Сіз қалай ойлайсыз?
Есімде қалған сыйлық… Облыстық газетте жұмыс жасайтын кезім. «Сізге бір сыйлығымыз бар еді» деп хабарласып, артынан әкеліп берді. Кішкентай алабайдың күшігі. Сүп-сүйкімді сондай. Қаладағы пәтерде ұстау қиын болған соң, кішкентай інілеріме сыйладым.
Сосын тағы бір туысқан сіңліммен(екеуміз басымыз қосылса, отқан бөлмеміз «творческая комната» болып кететін) бір сыйлық жасамақ болдық басқа сіңліме. Соның суретін альбомнан ұрлап, оны бір картонға жабыстырдық. Ортасын тесіп суреттің, ішіне сағат тілдерін орнаттық. Идеямыз қыздың суретінің бетіне сағат жасау. Сағатты орнатттық қой, тілдерін бәрін қойып орнына. сосын сағат цифрларын фломастермен жаздық. Батарейкасын қоссақ сағат жүрмейді. Амал жоқ, қоқысқа лақтырдық. Обал болған сурет пен сағат ай))
мә. Жалғастыр енді
Жалпы әйелге иіссуды не күйеуі алып бере алады, не құрбылары. Еркектің иіссуды қалыңдығына кәмпит-бөкет кезеңінде беруі талқыланбайтын тыйым және жаман ишарат.
— Қап… Есіңнен шығып кеткені ме? — деді ол тұңғиық жанарларымен қадала.
— Жоқ, билетін алуын — алып, бірақ бармай қалу арқылы осынау өнер шаңырағына құсық екенін жеткізгім келді — дедім мен.
— Қиялиииисың бар ғой...-деді ол өкінішпен.
Одан кейін оның дүниеде бары өзінен өзі есімнен шығып кетті. «Екі езуге» бармай қалғанына өкінетін адаммен бір көрпе жамыла алмайтынымды түсіндім…
Жергілікті kariim бар-тын. Айырмашылығы — араб тыңшысы емес, осы жақтың пәс те арзанқол бір медресесінде хат таныған. Кирилше. Содан бір танысым қажылықтан келіп, зәмзәм суы деп, шыны бөтелке мен тәспихті сыйлай салған. Мен оны ішу арқылы Таяу Шығысты балағаттамайын деп, жаңағы жергілікті kariim ге ұстата салдым. Лібә, қуаныштан құдайға тап қазір жүріп кете ме деп қорықтым. Молдалардың қуанғаны қорқынышты осы.
-Ия!
-Біржерің сия!-дегендей бопты ғой!!!
А менің балам үлкен ай салады, ол-мен, қасында күн, ол -папасы, и екі жұлдызз-олар інісі екеусі… А мен үшін ол ең мықты сыйлық!
Мен өзім папамнан ақша сұрап мамама, или керісінше жасайтынмын!