Ұнатамын/Ұнатпаймын

Ұнайды:
Кеш жатып, ертеңінде сағат он екіге дейін ұйықтау, жаңбырлы күні ешқайда шықпау, жақсы бір корей сериалының қызығына кіріп, күні бойы соны қарап тастау, жақсы бір тақырып тауып, блогқа жазба жазу, «бір адамның» қалжыңдары, жалпы суырып-салма қалжыңдайтын адамдар, отырыстарда гитарада, домбырада романтикалық әндерді тыңдау, өзімнің таңертең боянып шыққандағы түрім, ақылды, терең адамдармен әңгімелесу, адамдардың кішіпейілділігі, мейірімділігі, жұмыстан қарның ашып келгенде мамамның дәмді тағам жасап қоятындығы, бір әнді ұнатып қалып, соны мың рет тыңдау, істелген жұмысымнан ләззат алу, Сатыбалды.

Ұнамайды:
Аяқ астынан топас бола қалатын адамдар, жмоттар, өркөкіректер, бай адамдар (олардың жанында өзімді некомфортно сезінемін), мәдениетсіздік, мәмбеттер, асфальтқа түкіретіндер, кондукторлар, таңертеңгі қара суық, әділетсіздік, жаныңа кіруге құмар адамдар, мақтаншақтар, көп білгішсінетіндер, қыздардың мәселесін шешуге құмар жігіттер, мүлде кітап бетін ашпайтындар, агентке қате жазатындар, сонымен қатар агентте күнде «сәлем», "қал қалай" деп жаза беретіндер, қашан тұрмысқа шығасың деген сұрақтар, бой-бітімімді сөз қылатындар, мияу-қыздар, біреумен ұрсып қалып, келіп жалоб жасап, біраздан соң сонымен қайта шүйіркелесіп отыратын қыздар (оның алдында маған келіп не үшін жалоб жасадың?), өте түзу адамдар, "қазіргі жастар, қазіргі адамдар" деп сөйлейтіндер, мини юбка кисе бітті — бұзылған деп қорытынды жасайтын адамдар, радикал діншілдер.
Бөлісу:

41 пікір

Zere
Ұнайтынға қарағанда ұнамайтын нәрсе тез жазылады екен. Бірақ керісінше болуы тиіс еді ))
VKM
мини юбка кисе бітті — бұзылған деп қорытынды жасайтын адамдар
осы жері ұнады))) жалпы, бәрі ұнады!!!
ken
мияу-қыздар
ол қандай қыздар?
Zere
Қалай түсіндірсем екен… Болады сондай майысқақ, ісі де баяу, сөйлегені де баяу, өмірге икемі жоқ сияқты болып көрінеді.
Altygradus
не сөзінде, не ісінде бәтуа жоқ.мияулай беретін қыздар)
sammita
мияу дегенді мен де айтам. Ұнамайдыға адамдардың мінезі, қасиеті көбірек жазылыпты. Тамақ, зат, дүние қайда))
Zere
Адамдардың мінезіне қарағанда ол мелочь қой ))
sammita
өзім сол еріккен ойларға мелочьтарды жаздым
Zere
Өзің қатты ашыла беретін адамдар қатарынан емессің ғой )
sammita
 
Zere
Неге күліп жатырсың?
sammita
Зере: «жаныңа кіруге құмар адамдар ұнамайды»
Zere
Өзің айтып бергенде басқа жағдай, ал біреу қазбалап сұрай бастаса сол жаман. )
sammita
қазір ойлап жүрмін. Біреулерге қызығам, адам талғамай бәрімен дос бола алады. Қарсы пікірін ішінде сақтай алу да ерлік. Оның жаман, ұнамайтын мінезіне кешіріммен қарайды. Жағымсыз мінез бәрімізде бар. Түзелуге болады, бірақ көбіне ол туралы адам ойлана бермейді. Әркімге өзінікі жөн. Сондықтан өзгені сол бар қалпымен қабылдай алу өте жақсы қасиет сияқты.
Zere
Дос болу міндет емес, араласуға болады. Бірақ мен шектен шығып, әділетсіз болып бара жатса қателестің деп айта беремін. )
Gulistan
болады, менің де жыным келеді.Кейбір жігіттер де сондай.
Altygradus
мияу-қыздар
міне міне
satvaldo
қысқасы, қазіргі Қазақстанның бет бейнесі ұнамайды екен…
satvaldo
өте түзу адамдар
осы жерден толығырақ, плыйз…
Zere
Слишком правильный адамдар десем түсінікті бола ма? ))
satvaldo
түзулік алаңы сіздің манайыңыздан өтетіндігімен ол бейбақтар жақпайтын шығар :ҚҚҚ
madlen
Sagan 3 surak koyuga bolmaitynyn jazbapsyn goi
Miyau-kyzdar dep katyrypsyn ))
araika
агентте күнде «сәлем», "қал қалай" деп жаза беретіндер
ех, солар маған да ұнамайды. Айтар маңызды әңгімесі не арнайы жұмысы жоқ осындайлар жүйкемді жұқартады
TERISKEY
" агентте күнде «сәлем», "қал қалай" деп жаза беретіндер" -мақұл, енд жазбайм
Gastarbaiter
Кез-келген ұнамайтын нәрсені сөйлемнің грамматикалық құрылысын өзгерту арқылы позитивті тұжырым жасауға болады, бауырым.
Zere
Теріскей, сенің одан кейінгі қызықты әңгімеге әркез сөзің табылады ғой )
qisyq
Зееееерееееееее!!! Зеееееееереееее!!!
Zere
Не болды, адасып қалдың ба? ))
monti
бай адамдар (олардың жанында өзімді некомфортно сезінемін)
бай адамдардың көбі маған кездескен, ішкі дүниелері өте бай, прям, солардай болғың келіп, ұмтыласың))) ажь бақытты сезнесің, ал тек байлығын мақтан еткендерге шынымен бір түрлі болып қаласың...(((
Zere
Біріншілері интеллигент адамдар шығар. Бірақ анадай бай болады киімдері енді сондай мұнтаздай таза, брендтерден киінген. Өзіңді олардың жанында бейшара сезініп қаласың ба… очм, маған өзімнің ортамда жүрген ұнайды.
neoman
«Маған мынадай адамдар ұнайды, мынадай адамдар ұнамайды» — деп өзінше болатындар ешкімге онша жақпайды
Zere
Түптеп келгенде кіммен достасқың келеді, не келмейді соны өзің таңдайсың ғой. Әйтпесе әркімге жүйке құртып жүретіндей өмір аз. Мен жәй ұнамайды дедім, бірақ оны әркімнің бетіне барып айтып жүреді деген сөз емес.
neoman
Осы типтес бірдеме жазыларын болжау аса қиын емес еді… Жақсы көрем мен Ақзерені… дегім келген еді негізі
e_zhalgas
екі-үш пункт бойынша ұнамайтындардың ішінде үмітсіз кеттім
Zere
бай адамдар
??? )))
e_zhalgas
если бы, если бы…
qisyq
мүлде кітап бетін ашпайтындар, агентке қате жазатындар...өте түзу адамдар
e_zhalgas
толықтырғаныңа рахмет
AKY
өзімнің таңертең боянып шыққандағы түрім
 Шынымен.
зы: Бүгін универге ерте бару керек болды да, дым боянбай бара салдым, ят-ай
Zilola
унайды да ен бiрiншi пункт бойынша кеттiм )))