ЖАУАП

Көктемді күтем дегенше,
Қой қоздап кетті дегейсің.
Өртеніп бітем дегенше,
Ой маздап кетті дегейсің.

Суықтан тоңдым дегенше,
Жаурады жаным дегейсің.
Жалғанға сендім дегенше,
Алдады бәрі дегейсің.

Өртеніп біттім дегенің-
Болмады сенер ешкімің.
Көктемді күттім дегенің-
Көрдің ғой оны кешқұрым.

Жалғанға сендім деген үн,
(Сен емес болсаң, кім деймін...)
— Не дейсің бұған, Өлеңім?!
— Білмеймін..!

Әлия Іңкәрбек
Әрі қарай

Бұл қай керекші? #11 (Эстафета)

Блог - Ispek92: Бұл қай керекші? #11 (Эстафета)
Сонымен, ханымдар мен мырзалар, эстафета бұтағын тағы мен алғаныма ырза еместер мен ырзалар жағдайды цүндіре кететін болсам, негізі өзіме де аса түсініксіз жағдайда эстафета бұтағы маған тиесілі болып шықты. Осы қысқа уақыттың ішінде бұл эстафета Алтай мен Атыраудың, Ертiс пен Едiлдiң, Арқа мен Алатаудың арасындағы ұланғайыр алқапты аралап қайтқаны бәрімізге белгілі Сонымен эстафетаның алғашқы қадамын және алғашқы ондықты артқа тастап, келесі ондыққа бастар қадамын өзім бастағалы отырмын. Мұны кейбір білгіштер мистикаға, тенденцияға одан қалды жаман-жақсы ырымдарға теңеп жатса керек. Азырақ өзімді мақтап алғаннан соң келесі қаһарманды табуға тырысып көріңіздер, ағайын мен бауырлар!
Әрі қарай

Теріс - қағыс сұрақтар мен жауаптар

Негізі біреуге теріс жауап беру көбіміздің басымызда бар бірақ оған сондай бір мән бере бермейміз (мән беретіндерде бар шығар). Жалпы өзгені сөзбен құлату қазақ халқының қанына сіңген үрдіс. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады дейді. Бүгінгі күні қайда болмасын мейлі көшеде, мейлі жұмыста, тіпті отбасында да дұрыс бірдеңе сұрап тұрған адамды ақымақ қылып алып барып негізгі әңгімеге көшеміз. Сондай әңгімелерде кеңінен қолданылып жүрген тіркестердің бір топтамасын ұсынбақпын, олардың ішінде тек жауаптар емес кейбір қисық сұрақтарда бар. Сіздердеде болса қосыла отырыңыздар.

Үй телефонына қоңырау соғып:
— Әлөу Ассамайкум
— Әликімсалам
— Қалайсыз Бәке? Нестеп жатсыз? Үйдесізбе?
— Көшеде жүрм епті

Ұялы телефонға қоңырау соғып
— Досик қайдасың?
— Мерхаттың үйінде.
— Қасыңда кім бар?
— Мерхат бар
— Нестеп жатсыңдар?
— Тігісіп жатырмыз.
— Кетей шеше

Ауылға телефон соғып:
— Ало мам қалайсыздар
— Жақсы – жақсы өзің қалайсың? Сабағың қалай? Қарның ашып жүрген жоқпа? Қалтаңда ақшаң барма…
— Ой мам менде бәрі жақсы, скоро 2-3 күндік демалыста келіп кетермін, папам калай?
-Әкең жатыр сі*ігіне тойып алып, неше күн болды сырдың суы сирағынан келмей жүргеніне.
— Ой…

Басқада жерлерде…
— Аға мынауыңыз домбырама?
— Жоқ скрипка (негізі домбыра болатын)

— Аға телефоныңыз Айфонба?
— Біліп тұрып бұтағыма сұрайсыңба?

— Неғып тұрсың андағы жерде?

— Тігеме сені?

— Ана қыздың фигурасы жақсы екен
— Тіксемші.

— Не қарайсың?

— Қарауға нестойтсыңба?

— Темекі барма?
— Қосып қойған темекің бармет?

— Темекі барма?

— Бар нақ саған деп 19 жыл бойы сақтап жүрген сигарам, шегесіңбе?

— Тиын берш
— Мен саған банкоматқа ұқсап тұрмба?

Машинаның есігін қатты жапқандарға немесе жаппай кеткендерге жиі айтылатын сөз:
Үйіңде тоңазытқыш жоқпа?

— Лібә түнімен ішіп басым тігіліп тұр.
— Өмірде к*тің тігілмесін!

— Сіріңке сатып алып келші

— Қайдан?

— Дәріханадан епті

— Сағат неше?
— Бұтақтан бұтақ кетті
Әрі қарай

Ұлтты сақтап қалу не үшін қажет?

Жә, сабыр. Ашуланбай тұра тұрыңыз. Біреудің жынын келтірейін, болмаса, мағынасыз жанжал тудырайын деген ниетім жоқ. Шын сұрақ.
Қазақ ұлтының сақталып қалғанына мүдделі адамдардың бірі мен. Осы уақытқа дейін ұлт, тіл туралы біраз әңгіменің басын шалыппын, жалпы, бәріміз сөйтіп жүрміз ғой. Енді, қызықты қараңыз. Жақында бір қарындас: "Ұлтты сақтап қалудың қажеті қанша",- деген сұрақ қойды. Әуелі абдырап қалдым. Өйткені бұл туралы ойланып та көрмеппін. Содан соң бар ойымды жиып, мейілінше түсінікті, пафоссыз, ұрансыз жауап беруге тырыстым. Жауабым қаншалықты қанағаттарлық шықты, білмедім. Енді сізден сұрап отырмын.
Ұлтты сақтап қалу не үшін қажет?
Әрі қарай

Исламдағы таңдаулы 100 сұрақ (02)

Екінші бөлім

Сұрақ: Әйгілі төрт халифа кімдер?
Жауап: Әбу Бәкір (р.а.), Омар (р.а.), Осман (р.а.), Әли (р.а.).
Сұрақ: Құран кәрім қай халифаның кезінде кітап болып жиналды?
Жауап: Әбу Бәкірдің (р.а.) кезінде.
Сұрақ: Құран қанша аяттан тұрады?
Жауап: 6216 аят.
Әрі қарай

Бос қалбыр өмір

Айналамда ешкім жоқ. Өлі тыныштық. Сөйлесерге адам табылсашы. Ішімдегіні ақтарып-ақ тастағым келіп отыр. Әттең, тірі жан жоқ жанымда…
Бары бар ғой. Бірақ оларды жоқтай сезініп отырмын. Неге екенін өзім де түсіне алар емеспін. Қаңғырлаған бос қалбырдай күй кешіп отырмын. Біреулер бірдеңе сұрайды, құлықсыз жауап беремін. Ешкіммен тілдесуге ынтам жоқ. Әйтеуір бәрі жай өткінші тірлік сияқты. Бүгінге дейін жайдары сөйлесіп жүрген жандарға неге бұлай қарап қалдым екен? Өзі осылай болады кейде. Құлазу ма екен… Бірақ, нені аңсаймын соншалық? Осы сұраққа жауап таппай маза кетті. Қайғы-мұңсыз бала күнімді ме? Әлде сейілмен өткен студенттік шақтар ма екен сағындырған? Бәлкім, жай ғана ата-анам бәріміз бірге болған күндер болар ойға оралған? Не де болса шешімі қиын сұрақтар.
Қойшы өзі! Бос қалбырдан да дыбыс шығады. Мен де тірлігімді жалғастырайын. Жауабы уақыт өте келе жатар. Не жағдай екенін білетін жан болса айтсын. Тыңдап көрейік…
Әрі қарай

Ешкі жетектеген он тоғыз

Сайтымыздың белді мүшесі qisyq -тың «Ашық хатына» ақталу

Мүштәр Мақановтар өзі бойкүйез бәле боп жабысты: саясатта жолы болмаса — тілге қайтып келе салатын боп алыпты.
Арызқой амиго асқан байқампаздықты талап ете бермейтін әдіспен, сайттағы кейбір әрекеттерімнің шетінен тартып-тартып, Болат ағайдың сүйікті ісі — жеке басқа табынушылықты дәріптеуге балап қойыпты.
Дәл сол уақытта, посттарымның көзге күйік болып алдыңғы бетке шығып кетуінде қарапайым ғана
Әрі қарай

Сайттан келетін ескертпелер туралы


Сайттан қолданушыларға неше түрлі ескертпе хаттар келеді. Мысалы тақырыбыңызға жазылған пікірлер туралы, пікіріңізге жазылған жауап пікір туралы, жаңа жеке хабарлама келсе немесе сіз қосылған қауымдастықта жаңа тақырып ашылса.

Біраз адамдар осы ескертпе хаттарға жауап жазады екен. Жазбаңдар  Ол жауаптар сайтқа шықпайды.
Әрі қарай

56,8 пайыз қазақ жігіттері қызбен алғашқы кездесуге 10 мың теңге жетеді деп ойлайды

Қаншалықты шындық екенін өздерің бағамдаңдар, бірақ Beu.kz -те өткізілген сауалнаманың нәтижесінде
56,8 пайыз қазақ жігіттері қызбен алғашқы кездесуге 5-10 мың теңге жетеді деп ойлайды,
Әрі қарай

Ізгілік Нағиевтің жауабына жауап

Ізгілік кешегі хатыма жауап жазыпты, өзінің блогына. Оқып оны аядым, жыладым, өзімнің иттігіме налыдым. Енді монақ болып Тибетке кетпекпін, деп шұбыртсаң. Сол жауабына жауап жазбасқа амал болмады.

Ассалаумағалейкум Ізеке. Өткендегідей хатшыларыңызға сілтеп қоймай, «үлкен басшы» басыңызды иіп, жауап жазып отырғаныңызға «шексіз алғысымды» қабыл алғайсыз.
Әрі қарай

Жұмбақ

-Еу, құрдас. Осы сен жұмбақты жақсы шешуші едің ғой. Мен саған бір жұмбақ жасырайын, сен маған жауабын айтшы.
-Айта бер, кез-келген жұмбақты шағып тастаймын ғой.
-«Алысты жақындатады, жақынды алыстатады» ол не?
-Осы да жұмбақ болып па! Бұл интернетте отыратындар жайлы ғой. алыстағы біреулермен жақында отырғандай сөйлеседі де, жанындағылармен тіпті сөйлеспейді.
-Таппадың…
Әрі қарай

Анкета

(31.29 Kb, 402x400)
Мектепте сырты қызыл-жасыл пастамен, фломастермен шимайланып, өзімізше әлеміштелген «Анкета» деген дәптеріміз болушы еді. Орта тұсында «Секрет»
Әрі қарай

Сұрақ-Жауап сайты!

surak-zhauap.kz: Сұрақ-Жауап сайты!

Қазақстандық қолданушыларға тағы да бір қазақ тілінде сайт жол тартты. szh.kz -бұл сұрақ және жауап сайты. Көкейіңізде сауал жүр, кімнен сұрарыңызды білмейсіз? Онда сіз сұрағыңызды szh.kz сайтында жариялаңыз. Сайт қолданушыларынан пайдалы да, мәнді жауап алыңыз.

Қойылған сұрақтарға жауап жазып, дауыс беру арқылы балл жинаңыз. Өзіңіздің білгеніңізбен бөлісіңіз. Жауаптарға пікір қалдырыңыз немесе жауаптың өз нұсқасын ұсыныңыз.

Сайт сіздерге бағытталған. Тіркеліңіз! Дауыс жинаңыз! Өзіңіздің білгір Маман(экперт) екеніңізді көрсетіңіз!
Әрі қарай