Исламдағы таңдаулы 100 сұрақ (02)
Екінші бөлім
Сұрақ: Әйгілі төрт халифа кімдер?
Жауап: Әбу Бәкір (р.а.), Омар (р.а.), Осман (р.а.), Әли (р.а.).
Сұрақ: Құран кәрім қай халифаның кезінде кітап болып жиналды?
Жауап: Әбу Бәкірдің (р.а.) кезінде.
Сұрақ: Құран қанша аяттан тұрады?
Жауап: 6216 аят.
Сұрақ: Құранда қанша сүре бар?
Жауап: 114 сүре.
Сұрақ: Құранда қанша пара (жүз) бар?
Жауап: Құранда 30 пара бар.
Сұрақ: Ең алғаш түскен сүре қайсы?
Жауап: «Алақ» сүресінің алғашқы бес аяты.
Сұрақ: Құран қай сүремен басталады?
Жауап: «Фатиха» сүресімен.
Сұрақ: Құран қай сүремен аяқталады?
Жауап: «Нас» сүресімен.
Сұрақ: Мәзһаб деп нені айтамыз?
Жауап: Шариғатта арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығы.
Сұрақ: Төрт үлкен мәзһабты атаңыз?
Жауап: 1-Ханафи мәзһабы;
2-Шафиғи мәзһабы;
3-Малики мәзһабы;
4-Ханбали мәзһабы.
Сұрақ: Сенімдегі мәзһабымыз қайсы?
Жауап: Әһли сүннет уәл жамағат, яғни Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен сахабалары жүріп өткен сара жол.
Сұрақ: Сенімдегі имамымыз кім?
Жауап: Сенімдегі имамымыз Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди.
Сұрақ: Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди кім?
Жауап: Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди IX ғасырда Самарқанд маңындағы Матурид қалашығында дүниеге келген мүжтаһид ғалым.
Сұрақ: Амалдағы (шариғаттағы) мәзһабымыз қайсы?
Жауап: Ханафи мәзһабы.
Сұрақ: Амалдағы мәзһаб имамымыздың аты кім?
Жауап: Нұғман ибн Сәбит имам Ағзам Әбу Ханифа.
Сұрақ: Имам Ағзам Әбу Ханифа қай жылы туылды?
Жауап: һижри 80 жылы, милади 699 жылы.
Сұрақ: Имам Ағзамның туған жері қайда?
Жауап: Ирак елі, Куфа қаласында.
Сұрақ: Әбу Ханифа қай сахабалардың
көзін көрген?
Жауап: Әнас ибн Мәлік, Абдуллаһ ибн Ауф, Уасила ибн Асқия, Сахл ибн Сайда, Әбу Туфайл Әмір ибн Уәсила.
Сұрақ: Әбу Ханифаның ұстаздарынан
кімдерді білесің?
Жауап: Алқама ибн Қайс ән-Нәхәи, Мәсруқ ибн Әждә, Әмир ибн Шәрәхил әш-Шағби, Ибраһим ибн Язид ибн Қайс ән-Нәхәи, Ата ибн Әбу Рабах, Мәлік ибн Әнас, куфалық Хаммад ибн Әбу Сүлеймен әл-Әшғари.
Сұрақ: Әбу Ханифа қай жылы қайтыс болды?
Жауап: һижри 150 жылы, милади бойынша 767 жылы.
Сұрақ: Балиғат жасы қай жастан басталады?
Жауап: Ер балаларда 12-15 жас аралығы; Қыз балаларда 9-12 жас аралығы.
Сұрақ: 32 парызды санап бер?
Жауап: Иманда — 6,
Исламда — 5,
Дәретте — 4,
Бой дәретте — 3,
Тәйәммүмде — 2,
Намазда — 12 парыз.
Сұрақ: Иман шарттары нешеу?
Жауап: Иман шарттары алтау, оның реті:
1. Аллаһтың бар және бір екеніне;
2. Аллаһтың періштелеріне;
3. Аллаһтың пайғамбарларына;
4. Аллаһтың кітаптарына;
5. Ақирет күніне;
6. Жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екеніне шын жүрекпен илану.
Сұрақ: Ислам шарттары қанша?
Жауап: Ислам шарты бесеу, оның реті:
1.Кәлима шәһадат келтіру;
2. Намаз оқу;
3. Зекет беру;
4. Ораза ұстау;
5. Қажылыққа бару.
(Жалғасы бар)

2 пікір