Ізгілік Нағиевтің жауабына жауап

Ізгілік кешегі хатыма жауап жазыпты, өзінің блогына. Оқып оны аядым, жыладым, өзімнің иттігіме налыдым. Енді монақ болып Тибетке кетпекпін, деп шұбыртсаң. Сол жауабына жауап жазбасқа амал болмады.

Ассалаумағалейкум Ізеке. Өткендегідей хатшыларыңызға сілтеп қоймай, «үлкен басшы» басыңызды иіп, жауап жазып отырғаныңызға «шексіз алғысымды» қабыл алғайсыз. Жағдайыңыздың жақсылығы да қуантады. Енді сіз жауабыңызда жазған мәселеге көшсек. Сөзіңізде тұрам дегеніңіз дұрыс екен. Рахмет. Қалған өміріңізде де осындай азаматқа тән тірліктермен көзге түскейсіз. Хатыңызда менің кешегі хатымда жазылған нәрсенің бәрі рас екендігін үнсіз мойындапсыз. Бірақ соңғы тұяқ серпіс деген сияқты бірақ нәрселерді жазған боласыз. Керектің бетін, Маша.кз жасамау керек еді. Бірақ амал жоқ, ақ-қараны айыру үшін жауап берем. Ақтөбе мұсылмандарының ашық хаты» деп жазылғанға қатысым жоқ екенін тағы да қайталаймын, депсіз. Бірақ хат сіз мешіт үшін тіркеген, тұрақты пайдаланатын, сіздің хатшыларыңыз маған жауап беріп жүрген эл.почтадан жіберілген соң, менің қатысым жоқ деп қанша ант-су ішсеңіз де көңілді сендірмейді.

«Бұл шаруа саған сенім білдіргендігімнен, әрі журналист жарнамашы ретінде өзіңді танып білгендіктен саған сеніп тапсырылған жұмыс болатын… Журналистердің ақысына материал жазып, жарнамалайтындары жасырын жағдай емес. Бұл шаруаның ақысы 50 000 (Елу мың) теңге деген соң, кейін екі жаққа да байланыс телефондарыңды жібердім. Өзара сөйлесіп, келісерсіңдер деп айттым. Бұрыннан бірге сөйлесіп жүрген кезімізде ақысына материал жазып, жарнамасын жасайтының туралы да өзің айтқансың, сол қызметі бойынша жасасын дегенім»,-депсіз хатыңызда.

Бұндағы тапсырдым деген сөзді өтініш жасадым десеңіз дұрыс болады. Тапсыратын бастығым емессіз ғой. Сосын мен жарнамашы емеспін. Жарнамашы мен пиарщиктің үлкен айырмашылығы бар. Журналистер, иә, жан бағыс үшін арасында тапсырысты мақалалар жазатыны жасырын емес. Бірақ, журналистік этика деген болады, ол мақаланы бүкіл халық оқиды.Сондықтан ақша төленсе болды екен деп, кім-көрінгенді мақтап мақала жаза бермейді, шын журналист. Мен өзімді журналистикадан ғана көретін, өмірімнің соңына дейін соның ауасын жұтып өтетін адаммын деп есептеймін. Сондықтан көрінгенді жазып, алаяқтық таныта беруді ар көрем. Кейде банктердің, ірі компаниялардың өтінішімен жарнамалық немесе пиар мақала жазатыным рас. Бірақ ол мақалалар газет, журналда қоршалып, жарнама негізінде деп жазылып тұрады. Сосын таза фактлерге негізделеді. Бұл кім-көрінгенді мақтау болмаса керек. Сіздің имамға келсек сізге мазақ ретінде елу мың дегенім рас. Бірақ имам мен Ербол сөйлесіп, ақшасына келісіп, мақала шықты ма? Имамнан сұрап көріңіз менімен сөйлесіп, сондай әңгіме болып па? Агентте жазған хатыңызға, ол өзі дін адамы болса, маған да, оған да ақша туралы сөйлескен ұят болады дедім. Дедім ғой, дедім. Сосын сіз айтып қоймаған соң, все таки Медиалабқа «еңбегі сіңген» азамат қой деп, сосын сайттардың билігі қолыңызда түрған соң, бірден наққа жібермей, дипломатиялық тәсіолмен мынаған хабарлассын деп сізге өтірік нөмір бердім. Қандай нөмір бергенімді жазарсыз жауабыңызда, ол нөмірді менің пайдаланбайтынымды, ел біледі. Ол үнемі өшіп тұратын болған соң, әрине хабарласа алмады. Егер мен сондай мақала жазғыш болсам сізге шын нөмірімді беріп ойбай қазір звондай қалсын, болмаса сіз нөмірін берген берген имамға сол сәтте қоңырау шалып, е, көке давай дер едім. Одан бері бір апта өтті. Имам досыңыздан сұрап көріңіз. Егер сол «келісім» жасалса, мен мақаланы жазсам онда хатыңызға қосып сүйінші сұрауға болар еді. Жалпы, менің ондай тірліктерден қашатынымды жақсы білесіз. Әйтпесе талай рет сондай «тірлік» ұсындыңыз. Қарапайым «Ұждан» деген «мега жобаңызды» айтсақ болады. Егер ақшаға сатылатын адам болсам, сол «мега жобаны» жанталасып қолға алар едім. Мен керісінше оны ақша табатын емес, қоғамға пайдасы тиер жоба жасайық дедім, талай.

Иә, ҚазАқпараттың жалақысы туралы министрге твиттер арқылы сауал жолдап, Маса кз-дағы мақалаға пікір қалдыршы өтініш жасағаным рас. Мынандай пікір емес, тек пікір дегенімді естен шығармаңыз. Мен сол кезде ҚазАқпараттағы жағдайды көтеріп, мақала жазғаным рас. Өкінішке орай бізде шындықты айтқан ешкімге ұнамайды. Сондықтан басшылықтың мені ең біріншілердің бірі болып қысқартуға жібереміз деп жүрген кезі. Сізге ҚазАқпарат туралы мақаланың сілтемесін өз атыңыздан министрдің твиттеріне жіберсеңіз деп өтініш жасадым.Онда да сіз ғана отырып қалдыңыз сол сәтте. Әйтпесе кез-келген адам бұл өтінішті орындар еді. Мен бұл жерде біреуге жамандық жасап тұрғам жоқ.Болмаса біреудің сайтын жауып таста деп отырғам жоқ.

Иә, клуб туралы идея мүлдем ұнамады. Сіз жазғандай «Идея өте тамаша» деген болсам, онда бірден қолға алар едім. 5 ай бойы маған өткізейік деп, менің мойнымды бұрғыза алмағаныңызды ұмытпаған шығарсыз. Ұждан блогына оны мен жазғам жоқ, сіздің қолдан шықты. Иә, клуб бағытын өзгерту туралы ұсыныстар айтқаным рас. Оны жоғарыда айттым.

«Жеке офистік бөлме, баспасөз клубын алуға мүмкіндік сол кезде болды» дейсіз, үшбу хатта. Болса қайда, неге алмадыңыз? Қақсап,қақсап, орындата алмадық қой. Істейтін адам үшін 5 сек. «Медиалаб атынан Ербол сен барып сөйлесіп, таныс деп айтқаным рас. Сол кезде белгіленген уақытта кездесуге неге келмей жүргеніңді де енді түсіндім»депсіз. Түсінбейтін нәрсем мен неге барып сөйлесуім керек, танымайтын адаммен офис туралы. Кеңсе мәселесін ала-алатындығыңызды сіз айттыңыз, сіз уәде еттіңіз. Әрине, мен барып танымайтын адамға кеңсе берші деп қайыр сұрап тұрмаймын. Одан да жалға алғаным жақсы.Ізгілік алам деп уәде береді, Ербол сол уәдені Ізгілік үшін орындай ма сонда.

«Домендер басында Медиалаб атында деп жазулы тұрды. Кейін ол жағдайда тіркелмеген мекеме атына жазылған болып есептеледі де, доменге бәрібір жауапты Каламгер ТЕН болады». Иә, Медиалаб атына тіркелді. Сіз оны менімен ақылдаспай, ескертпей ауыстырып алдыңыз. Қаламгер тен қалай жауапты болады. Түсіндірмепсіз. Бұндағы шаруаларға Қаламгер теннің еш қатысы жоқ.Тек домендер Қаламгер тен арқылы тіркелгені болмаса. Қалай сонда құрылып жатқан ұйым үшін басқа бір ЖШС жауап береді. Сонда Ізгіліктің Қаламгер теннің Медиалабты құруға қатысқаны, сосын Қаламгердің басшысы болғаны үшін Медиалабтың сайтына Қаламгер жауап беру керек па? Менің де ИП-ым бар. Сонда Медиалаб үшін менің ИП-ым да жауапты болар ма еді. Логикаңыз түсініксіз. Хатыңызда сандырақ сөздер көптеу.Еще 7 күнге өз атымнан мақала салам дейсіз.

«Оның үстіне осы жағдай алдында, сайттың редакторлық билігі қолында тұрған: Редактор: Ербол Азанбек деген жазудың өшірілгенін неге екенін білмедім. Сайтқа қайтадан кіріп өзгертіп орнына қойдым да Ерболдан себебін сұрадым: «Редактор болмаймын, материалдарына жауап бермеймін» деген әңгімелер айтылды. Сіз маған айтпай сайтты Қаламгер теннің атына ауыстырып алған соң, сайт Қаламгердің меншігі деген әңгімеңізді естіген соң, әрине мен «иесі басқа біреу» сайттың редакторлығынан бас тартам. Ол үшін Қаламгер мені жалдауы керек, келісім-шарт жасасуы керек. Сіз соны естіп маған хатыңызда көрсеткен бірінші договорды жібердіңіз. Адамды ақымақ қылғыңыз келеді. Сайтты маған білдірмей, атыңызға ауыстырып аласыз.Сосын маған келісім-шарт ұсынасыз. Ол келісім-шартты оқи сап-ақ Патиктің көршісі Әшөкке бергем мынандай пәлелерді оқи бер деп.

«Олай болса мен де сайтты жауып қоямын, қазіргі жағдайда кім жауапкершілік алады деп сайтты сол уақыттан бері жауып қойдым. Ербол: «Егер сайтты жауып қойсаң, казинформ журналистері сотқа береді, жаман болады» деп ескертулер жасады». Бұл жерде Қаламгер тенге жауапкершілікті ешкім берген жоқ. Өзіңізден өзіңіз жауапкершілікті алып-ап, мақтау туралы талаптарыңыз орындалмаған соң сайтты жауып тындыңыз. Мен талап етіп атыңызға ауыстыртып, сосын авторлық құқық туралы әдейі әңгіме бастасам, онда басқа мәселе. Мен юристермен ақылдасқан соң олар Қаламгер тенмен араңда келісім-шарт болмаса онда авторлық құқығыңды бұзғаны үшін смело сотқа бересің деді. Мен Қазақпарат тілшілерімен, әріптестеріммен келісіп, олар ақпарат жазып жүрген 7 күнге. Сізге соны түсіндірдім, жарайды сайт Қаламгердікі –ақ болсын, онда мен және басқа да ақпарат жазып жүрген Қазақпарат тілшілері сотқа береміз бірігіп дедім. Дұрыс қой, сіз үн-түнсіз атыңызға ауыстырып алып, сайт менікі деп шықтыңыз. Сайт сіздікі болып кетті жарайды, онда менің материалдарымды пайдаланып, авторлық құқығымды бұзған болып тұрсыз ғой. Оны да бұрмалап жазып тұсыз.

«Олай болса өзара келісім шарт жасайық деп, Ербол жіберген келісім шарт мәтіні негізінде келісім шарт әзірлеп қойдым». Мен сайттың жабылып қалмауы, ары қарай жұмыс істей беруі үшін амалсыз келісім-шарт жіберуге мәжбүр болдым. Онда Медиалаб тіркелген соң, сайттарды Қаламгер тен өз иесі Медиалабқа беруі керек, қазір уақытша басқара тұрады, Медиалаб тіркелген соң Қаламгерден шыққан шығындарды қайтарады дегем. Алайда сіз маған қайтара жіберген келісімде сайттардың домен+ хостинг бағасын айдан алып қойыпсыз.Ол өзіңіз шеккен шығындарды қайтару емес, өз сайтымды өзіме сату болып табылады. Ең басындағы келісім, идеяны жүзеге асырған соң, меншігіне алып-ап, медиалабтың өзіне қайтара сату емес, тек Медиалаб тіркелген соң Қаламгердің шығындарын қайтару келісім болған. Амалсыз тағы да Әшөкке сыйладым шартты.

«7кун сайтын өзіміз-ақ жасайық, ешкімнің көмегінің қажеті жоқ дегенімде, Ерболдың: «Сағын деген жігіт тегін жасап беріп көмектеседі, ешқандай құқық талап етпейді» дегеніне қарсы болдым. Шындығында: Сағынмен өзара келісімдерің бар екенін жоққа шығарған соң, келісімдерің бар екенін білмедім». Аха, құпия келісім болды, сені тақтан төңкеру мақсатым еді, деді большевик Сашка, ақ патшаға. 7 күн сайты біздің жобада болмаған. Шындықты айту керек. Сағын ұсыныс айтып, ол екеуміз бастаған соң ғана сіз өзіміз жасайық дедіңіз. Алайда сіздің бұрынғы сайттарды қарап шығып, дәл сондай сайт жасай алатыныңызға күмәным бар. Кеше жігіттер жазыпты премиум шаблондарды настройкасын жасап берші деп сұрады деп. Иә, Сағын тегін жасаймын, еш құқық жауапкершілігіне таласым жоқ, Медиалабтың меншігі деп бірден айтты. Осы ғана өзара келісім болды. Сағынның мұндағы мақсаты жеке бір сайт болса да дамыса. Ақша, басқа ой қуып тұрған жоқ. Сіз оны күманданып, қазір де өзара келісімі бар екендігін білмедім деп тұрсыз. Ал, шын мәнінде идея, дизайн Сағын мен Ерболдікі. Сайт қайта ашылса Медиалаб пен Сағынның меншігі ретінде көрсетпекпін. Еңбекті бағалау керек.

«7күн кз-ға мен жасаған сайттар мен қаламгер тен туралы мақтап мақала жазып тұр» осы жағдай туралы «сайт өзіміздікі ғой Ізеке, жариялаймыз» деп айтылған соң ғана жазшы дедім. Мен бас-көз жоқ Ізеке сайт өзіміздікі, жариялаймыз дегем жоқ. Сіздің агент арқылы қоқаныңыздан соң, сайтты сақтап қалу, сіздің тараптан жауып тастамауы үшін ғана айтуға тура келді. Өйткені домен+ хост пароль, маролі сізде болды.

«Бұл мәселе де жаңалық емес, қалыпты сайттарға тән жағдай». Оқырманға күнде бір ЖШС-ның болмайтын жаңалықтарын оқи беру қызықсыз. Сіз жасадым деп жүрген Нұр кз күнде мынандай сайт жасадық деп өз ішіндегі жаңалықтарын тықпалай бермейді. Егер адам оқитын сайт болсын десеңіз, өзіңізді мақтай беруден қашу керек. Егер өзіңді мақтайтын сайт ашқың келсе корпоративтік сайт аш, өз жаңалығыңды салып отыр.

«Ереке, жеңгеңнің екіқабат екені рас, сол кез де ауруханаға барғаны да рас, ол туралы агент арқылы сөйлестік, сен кешірім сұрағансың». Қызық -ей елдер танымайтын әйелі түннің жарым ортасында звондап боқтайды, сосын мен куйеуінен кешірім сұрауым керек па? Қартая бастапсыз, артынан агентке шығып, түнгі 12-де Ереке деп сіз кешірім сұрағандай едіңіз. Мен соңында екіқабат болса, аман-есен босансын, еркекше шешетін дүниеге екіқабат әйелді араластырып болмады –ау деген едім. «Фархадпен сөйлескеннен не түсінгеніңді білмеймін, бірақ атқарушы директор ретінде қазір «Қаламгер ТЕН» ЖШС жауапты Фархад. Ол сөзім рас». Ол ештеме түсініп тұрған жоқ, тек сіздің тапсырманы орындап сайтты өзіме сатуды көздеп тұр. Оған ысырып қойып, сайтты сатпақ ниетіңіз түсінікті ғой.

«Сөзімде тұрамын, Блогкемп жиынына жауапты арнайы қоғамдық қор құрылса, сол қорға ақысыз ауыстырып беремін». Блогшылардың қоры құрылмаса ше? Ол жәй талқылау болды басында керекте. Сіз шын ниетпен сыйласаңыз сол сайтты, біреуміздің атымызға ауыстырып бірақ сый жасағаныңыз дұрыс болар еді. Биылғы жылы домен+хостинг аты сізде болғандықтан блогшылар ол сайтты пайдаланбаймыз, Ізгілік көрінген нәрсені жазып тастайды деп бас тартып, Медиалаб атынан қостық деп, адвокат болып, жауапкершілікті мойныма алам деп сол сайтты пайдалануға көндірген едім. Кейін мүлдем сізге сенбейміз деген соң хостингі ауыстырылды.Егер сіз қорға ғана деп тұрсаңыз, онда амал жоқ, Сатыбалдыны онлайн, Қатыбалдыны оффлайн түрде атпен жіберіп, Шиваны төбеңізден түсіруге тура келеді, десең ба. Оны өзіңіздің ар-ұятыңызға қалдырайық. Ешкім сұраған жоқ, атаған соң берген дұрыс.Класстасым ренжіп жүр еді. Тойымда нағашым ат атап, кейін сұрап барсам, қасқыр жеп кетті деп лақтырды деп. Енді үйге келген сайын тойдың кассетасын қосып қойып, тура өзінің ат атап тұрған жерін көрсете берем әдейілеп деп. Сол сияқты болмаса болды.

«Жеке танымал доменді сататындар мен сияқты арзан бағаға сатпайды. Тіпті осы 7кун доменін сатшы деп 2000-5000 доллар аралығында ұсыныс білдірушілер де болды». 7 күн кзны Қаламгер тен жеке сатып алып, танымал жасап па? Көпшіліктің алдында айтыңызшы, Ерболдың айтуынсыз, тіпті ол жоқта сатып алып, танымал жасадым деп. 2000-5000 долар аралығында бағаланса, Ербол мен Сағынның еңбегі. Сіздің еңбек тек соны тіркеп бер деген менің өтінішімді орындағаныңыз ғана. Егер Қаламгер тен сол доменді жеке сатып алып, сосын сатса онда аузыңа келген бағаға сат. Ал, біреудің өтінішімен тіркеп, танымал бола бастаған соң, басып алып сату ауыр жазаланады.

«Жоғарыдағы екі сайт менің еңбегім сіңген, менің идеям.» Басында бірге пікірлесіп, ақылдасып отырып шешілген, бекіген мәселелер еді, енді тек қана сенікі бола қойсын. Ал, Ұждан клубы кімнің идеясы екен?" дегеніңізге айтарым, еңбек туралы тәпіштеп кеше жазғам, оған ешкім таласа алмайды. Өзіңіз де менің мындай еңбегім сіңді деп айта алмай отырсыз. Егер болса жазар едіңіз. Ұжданға таласым жоқ. «Ұждан» клубы ғана сіздің идея. Оған қоса, Жасылдар партиясының тегін офисі, баспасөз клубы сияқты идеяларды сізге авторлық құқығымен сыйладым. «Медиалоқ» деген қор құрып, пайдалансаңыз мүмкін ақшаның астында қалуыңыз бек мүмкін. Тоқетері хатыңыздан кешегі Ерболдың жазғандары ішінен мынауы өтірік деп бетіме басып ештеме айта алмапсыз. Жайыңыз белгілі. Сайтты қайтарам деп соңғы абыройыңызды сақтап қалғаныңыз дұрыс болған. Болды сөзім тәмам, енді жауап жазбаймын. Бәрі түсінікті елге.

Керекші ағайынға: Ағайын, ел-жүрт ықыластарыңызға, пікірлеріңізге, қолдау білдіргендеріңізге рахмет. Әр істе абай болыңыздар. Кешелі бері оқып жатырсыздар, әр нәрсеге, адамға байыппен қарау қажеттігін. Өз басым универ біткен соң, бизнеспен айналысам деп сенудің арқасында әлем ақшаға косякқа кіріп кетіп, былтыр ғана құтылсам да, әлі күнге дейін адамдарды тергеп-тексерусіз сену дегенді меңгере алмай-ақ қойдым. Кешелі бергі шу соның арқасы. Пиар маманы ретінде білерім бұның өзі Медиалаб атына, 7 күнге қара пиар. Ұйым атына шу ілінген соң-ақ болды, былайғы жұрт шуы көп жер сияқты көзқараспен қарайды. Сондықтан құрсын деп бұл домендерді тастап кете салатын да ой болды.Жаңа жобаға бастаған сәттірек болады. Солай істемек ниетпен 7 күн. де деген доменді де тіркеп қойдық. Алайда шындық қымбат, абырой қымбат, еңбек қымбат.Сен істемесең сен үшін біз сайттарды қайтарамыз деп жігіттер ашуланған соң, осылай шешуге тура келді. Әйтпесе тып-тыныш шешкім, Керектің бетін айқай-шуға толтырғам келмеген. Ізгілікке дипломатиялық тәсілдермен сөйлесіп, түсіндіріп, сөзін жеткізбек болып едім. Көнбеді. Ақыры осылай болуға тура келді. Дауымыз осымен аяқталсын. Бүгін хатын алдым, тегін берем деген. Тегін ештеме жоқ. Тиісті ақысын есептеп, берем. Осы уақытқа дейін талай шығын шектіргені үшін тегін алуым керек деп ойлағам. Алайда кешелі бері жазылып жатқан пікірлердің өзі-ақ соның өтеуі деп білем. Сондықтан Қаламгер тіркегендегі құнын қайтарам, әділі осы. МеdiaLab-қа келсек жақын күндері бірқатар жобаларды қолға алмақпыз.Бұйырса күзден бастап белсенді жұмыс атқаратын боламыз. www.7kun.kz интернет газетін қайтарған соң, қайта ашып, бұрынғыдай белсенді жұмыс атқармақпыз. Сонымен қатар оған www.7kun.de домені арқылы да қосымша кіруге болады. «MediaLab» жүмысын жандандыру туралы ақыл-кеңес беріп, қолдау білдіріп жатқан Асхат бауырыма мың алғыс. Менің интернетке келіп блог, Керектің бетінде отырып, осы саланы меңгеруіме жол сілтеген Асхат, алла разы болсын Асеке. Сайт жабылып қалғанда Ереке не көмек деп тұрақты хал сұрап тұрған Аршат админ братқа, Сағын, Садық, Қожеке, Сатыбалды, Қатыбалды (епті байымайды, бүттән кетті деп қоюға тура келеді осы жерде), басқа да қолдау білдірген Садықша айтсақ әпше, быратарға үлкен алғыс. @qisiq Ізгілік жіберген шпиен сияқты, үндемеді. Кеше бір тамыздым деп қойды, арасында. Қайда қарап, кімге тамызды, че то не то. Қатыбалдыны жіберем, анықтап қайтсын. Керекті жеке бастың ақпаратына толтырсам, айыпқа бұйырмассыздар. Талай айға созылған ашу-ызаның әңгімесі бәрі. Жалпыға пайда бір сайт болса да, қайта ашылып жұмыс істейтін болды. Рахмет. Тағы 5 бет болып кетті )))
Бөлісу:

115 пікір

Zilola
Алаяқтың екі аяғын бір балеткаға тығып, аққу көлін билету керек!!!
деп айттым емес пе, хат алмасып сіз-біз десіп отырғаннан пайда жоқ
Qojeke
Соттау керек деймін нахты!
Zilola
turme.kz, kisen.kz, aidau.kz, kamau.kz деген сайттардың ашылуына сұраныс бар меД
Кісен ашқан, түрмеден қашқан дегендей болып жүрмесін
Qojeke
Егер ербол, сатыпалды Изгілікті соттаса, түрмеде отырғанда turmede.kz деп ашуға болады. Ерболмен сөйлессе turme.de деген доменді де алуына болады. Ерболда .de деген домен бар ғой. Сол алып береді.
timurrr
Eee… mynadai do montany soilep otyryp, arkadan pyshak kadaityndar kop eken goi? Chkchk… Jagamdy ustadym. Men de butkil kujatymdy bireuge berip, ol menin atymnan kredit alyp, tolemei, en sonynda Alians meni sottaityn bolyp aren kutylyp edim. Shimirikpesten ol algan myn dollardy men toledim. Seniki de dal sol siakty eken. Uialmai-kyzarmai shantazh jasagany bolmagan eken, Izekennin. Birak menin bolzhagysh jerlerim, Igiliktin sagan domendi kaitaratynyna sengisi kelmeidi. Istin adamy eki sekundtyk sharuany «berem-berem» dep eki aiga sozbaidy. Shikilik bar. Kelesi bir kanjarlaryn kairap jatyr-au… Allah keshirsin. Birak Izekennin isterin istep alyp, dym bilmegendei «Allaga tauekel» degeninen «Allah» degen sozdin kuny ketip kalgandai… okinishti! Isine sattilik, Erbol! Kisyk-kynyr syn kerek bolsa habarlasarsyn hehe
qisyq
@qisiq Ізгілік жіберген шпиен сияқты, үндемеді. Кеше бір тамыздым деп қойды, арасында. Қайда қарап, кімге тамызды, че то не то. Қатыбалдыны жіберем, анықтап қайтсын

#1 факт. @qisiq емес @qisyq.
#2 факт. Шпиен екенім рас, бірақ ақымды әлі ала алмай жүрмін. Үш ай болды. Айтпақшы, Ақтөбе-Алматы-Ақтөбе ұшағының билеті қанша, білмейсіңдер ме?
#3 факт. Тамызып қойғанымды жасырмаймын. Оған МедиаЛабтың да, Қаламгер Теннің де қатысы жоқ. Омар быраттың Изиликс дегеніне тамыздым. Бағыты төмен.
#4 факт. Қатыбалдыдан қорықпаймын. Оң қолымнан оралған шөп, сол қолымнан булбулятор алып шеккен інішектен қорқып жын ұрып па мені?!
Пікір түзетілген: 21 маусым 2011, 17:46
Erbol
 Қисиқ. 2 фактыңды меңгере алмадым.Былай да қарадым, былай да қарадым. Астарын ақтарып-төңкеріп өзің шпиен деген тектес бірдемелер келді көз алдыға.
Qojeke
Изяның шпиені. Сол үшін алуы тиіс ақысын ала алмай жүр Қаламгер Теннен
Пікір түзетілген: 21 маусым 2011, 18:41
asaubota
7kun.kz доменіне 2000 бакс ұсынылды дегенге сенбеймін. саған сол кезде айттым ғой сайт әлі піспеген, басқа доменмен аша сал деп. сен Ізгілік қайтарып береді деп сеніп, уақыттан ұтылып қалдың.
Qojeke
Иә, сұраса анау Изяң ойланбастан сатып жіберер еді.
asaubota
Аллаға тәуекел, бір Ербол кешірсін деп па?
Qojeke
ее, мұндай алаяқтықтың қаншамасын жасадық. Не болып соншама күнә болатындай. «Аллаға тәуекел» деп ұрып жіберсе де не дей аласыңдар ал?
VKM
сонымен, біз жеңдік пе?
patick
ия, фашистер жеңілді тағы да
blackbeard
Қасиетті Шива Трипитака кітабының Поли жазбасында былай дейді:
— Уа, адам тектестер, жай ғана доменді 92 жылғы Golf II-ның бағасына сатып алатындай әлі есімнен ауысқан жоқпын, әнәсс!
Zilola
хе-хе, жынД десе )))))))))))
satibaldi
Чемберлен ана жақта еш жауап жазбапты ма, қазақтелекомныңцензорытуалеткешығыпкеткендекіріпалғыр жама'ат?
Qojeke
Шпиендер жауап жазылмады дейді.
Пікір түзетілген: 21 маусым 2011, 18:42
monti
ей богу, тура мексикандық теле хикая )))

так сұрак туындап кетті: сонда домен хосты кез келген адамдар тіркеу қиындық тудырады ма? ғаламарттың доменін кімге тіркеу керек дегенде онша мән бермедім. ол маңызды емес деп едіңіз Аршат. мындай дау туындауыда мүмкін өмір ме сонда?

2 сұрақ. егер сайтты заказ беріп келіскен соң. бірден келсім.шарт жасалу керек пе? және ең аз уақыт сайт жасау сол жерде өзіміз көрсете аламыз ба? қандай уақыт аралығында көрсетілу керек? 1 ай. әлде онан ұзақ?

сосын… доменді біреу 2000 сұрад дейд. түсінгенім, Ізгілік сатып жібере алады ғой? егер қандайда бір құжатпен көрсетілмесе, Ерболдың иелігі жайлы?
Erbol
мындай дау туындауыда мүмкін өмір ме сонда?
мен мына дауды ойдан шығарып отырмын ))). Домен тіркеп, хост алу қиын дүние емес. Өзіңіздің хабарыңыз болмаса білетін біреуден кеңес сұраңыз, сенімді адамнан. Егер хабарыңыз болмай алаяқ біреуге тіркеп бер деп, мен сияқты сәл топастық танытсаңыз, еще әлгі доменді тіркеп берем деп өз атына тіркеп алса онда бүндай дау туғаны туған. Доменді өз атыңызға, болмаса біреу арқылы тіркетсеңіз, өте сенімді адамға тіркеткеніңіз жөн. Оның келісім-шарттарын алу керек. Екінші сұрақ бойынша сайт жасаушы сенімді адам болса, келісім-шарт қажет емес, ауызша келісім жетеді ғой.Егер танымайтын адам жасап жатса, оның жөн-жобасы туралы келісіп, келісім-шарт жасасқан дұрыс.Уақыты деген келіскеніңізге байланысты. 3 сұрақ бойынша доменге Қазақстанда 2000 у.е деген ертегі. Менің иелігім жайлы құжат болмаса сатып жібере алады. Бірақ менде құжетқа бергісіз аргументтер болып тұр ғой.
Деп ақыл айтып отырсаң, иә. monti көрдіңіз бе, менің оқиғам сабақ болып жатыр. Енді домен хост аларда абай боласыз.
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 00:19
satibaldi
Берді ме айтпақшы? Проксимен кіріп, Тегеран конференциясында кездесейік дегенін оқып едім мана. Фархад деген кім, Шодиев па?
Erbol
Ертең Тегеран конференциясында екі жақ сайт қайтару келісіміне қол қоймақпыз. "Қаламгер тен" ЖШС атынан атқарушы директоры Фархад Нәлібаев, өзі Президент қой. «Медиалаб» медиа коммуникация орталығы қоғамдық бірлестігі атынан мен қатысамын. Қаламгер тен жағынан олардың сыртқы істер министрі, үлкен делегация қатыспақ. Әлемдік компания болған соң, маңызды шараға үлкен мән беріп отыр. БАҚ өкілдері-не есігіміз ашық, ана компания осыған мән беріп отыр. Жарнама қажет екен. Маңызды шараны жіберіп алмаңыздар. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне үлкен мән беретін компания екен, тегін беріп жатыр сайттарды Қазнеттің дамуы үшін.
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 00:38
timurrr
Алмасқа блогқұрылтай кезінде-ақ айтып едім "ғаламарт.кз деген доменді осы бастан алып қойыңдар, әйтпесе ел-жқртқа презентация жасап жатырсыңдар, біреу-міреу алып кетуі мүмкін" деп. Әлі жүрсіңдер ме? Ей, Қаззззззақтар-оооой...
monti
лі жүрсіңдер ме? Ей, Қаззззззақтар-оооой...
timurrr қатты кейіп кеткен сияқтысыз ғо  
алнып жасалу үстінде…
satibaldi
Дым да емес монти, басқа біреу алып қойған болса, мешіт жамааты атынан арызды жаудырып тартып алып береміз.
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 01:07
timurrr
Қой жоқ, маған бәрібір. Тек айтып жатырмын, таң қалып. Іске сәт!
asaubota
сенген адамың болса маңызды емес қой және сенімді регистратордан тіркесең, мысалы Хостер.кз сияқты. Ғаламарт GALAMART shygarmashyl jastar kluby атына тіркелген.
AKY
Изя дегенді уащще танымайтын едім, енді танитын болдық.
satibaldi
Изя дегенді уащще танымайтын едім
А еше бақытсызбын дейсің. Өтірікші.
AKY
Бақытсызбын деген жоқпын ғұӘ, не
Erbol
Сайт заказ беріп, бұдан да жақын танысатын ой жоқ па?
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 00:30
AKY
Уорпрессте өзім де жасай алам
satibaldi
Сол ғой: Изя Чемберленге жасатсаң — өзіңнің қаншалықта биікте тұрғаныңды көріп, өмір сүргің келіп кетед
Erbol
Бұндағы жазылғандарды түсінбегендер кеше жазылған 1 сериясын оқып келсеңдер. Бәрі түсінікті болады. Почта хатқа толып кетті.
AKY
Сериядан серия қалдырмай оқып отырмыз
Хэппи эндін тағы бір серия қылып жазсаңыз нұр үстіне нұр болар еді.
пы сы: Шпиен емеспін.
qisyq
Тиын түсті. Келгенде хабарлас.
Zako
Ербол аға, сіз уақыт өткізіп алдыңыз. Басында айтқанымдай Ізгілікпен заң талаптарын алға тарта отырып сөйлесу керек еді. Әлі де кеш емес.
satibaldi
"Қоқыс жәшігінен ыңырсыған дыбыс шықты да, әлдекімнің басы көрінді..." ©Гийом Апполиниер, «Транснонген көшесі».
AKY
satibaldi
Мақтанбаш нақ, Еуроодаққа бір табан жақын отырып алып.
AKY
Әчө, уорпресс әлі ашылмай ма?
satibaldi
Ашылад, бірақ Украинада ашылад.
AKY
Ашық хатқа жауап хат
Авторы:Ізгілік Нағиев

Ассалаумағалейкум Интернет қолданушылар және Уағалейкумассалам Ербол Азанбек! Мал-жан, бала-шаға жағдайы туралы сұрағаныңа алғыс білдіремін. Аллаға шүкір, аман саумыз.

Маған жазған ашық хатыңа: 20 маусым 2011, 19:47- www.kerekinfo.kz/blog/3572.html жауап жазуды жөн көрдім. Негізі КерекИнфо сайтына жазайын деп едім, тіркелгенмін. Бірақ маған арнап хат жазылған уақыттан бұрын маған сайтқа кіруге тосқауыл қойылыпты. Сайтқа кіре алмадым. Неге екенін де түсінбедім. Мені жамандап жазғандарға жаман жазбаған едім.

Нақты айтқанда: Енді мәселе дұрыс болды және мен де сөзімде тұрып 2 доменді Ербол Азанбеков атына ақысыз ауыстырып беремін. Негізі ұзын-сонар мақала жазбай-ақ «Ізгілік екеуміз бірге жұмыс істемейміз, мен бөлек кетемін» деп, жеке хат арқылы айтсаң да ақысыз ауыстырып беремін деп бұрыннан айтып келе жатырмын. Осы сөзімде тұрамын.

Енді тек Қаламгер ТЕН ЖШС мен Ербол Азанбеков арасындағы алдыңғы ұсынылған келісім шарттың орнына жаңа келісім шартқа қол қоюымыз керек. Жазатын жауабым қысқалау болады:

* «Ақтөбе мұсылмандарының ашық хаты» деп жазылғанға қатысым жоқ екенін тағы да қайталаймын. Бір немесе бірнеше топ мүддесін қорғап тұруы мүмкін және ойлай берсең неше түрлі жағдайлар болуы да мүмкін. Бірақ хатта есімі көрсетілген азамат есепші Лайық Сарин (жақсы таныс, әрі сыйласатын адамым) туралы ашық хатта: «2010 жылғы 4-желтоқсанда Бас мүфти атына Ақтөбе қалалық орталық мешіт жамағатының атынан 14 адамның қолы қойылған арыз жолдаған болатынбыз.» деп көрсетіліп тұрғанына қарағанда, бұл жерде кімдердің жазғанын білу қиын емес. Шындығында ол хат мәтіні бұрын да жазылған. Мына ашық хат соның жалғасы. Ал, менен www.nur-gasyr.kz сайты неге істемей тұрғаны туралы адамдардың сұрағандары көп. Жауабым да сол нақты жауап.
* «Бұрынғы бас имамды БАҚ арқылы мақтап, жарнамалап берсең, ақшасын төлеуге дайынбыз дедіңіз» Бұл шаруа саған сенім білдіргендігімнен, әрі журналист жарнамашы ретінде өзіңді танып білгендіктен саған сеніп тапсырылған жұмыс болатын. Негізі ешқандай да мақтап жарнамалау емес, бұрыңғы бас имам туралы мақала жазып, БАҚ арқылы таратуға көмектессең ақысы төленеді дегенмін. Журналистердің ақысына материал жазып, жарнамалайтындары жасырын жағдай емес. Бұл шаруаның ақысы 50 000 (Елу мың) теңге деген соң, кейін екі жаққа да байланыс телефондарыңды жібердім. Өзара сөйлесіп, келісерсіңдер деп айттым. Бұрыннан бірге сөйлесіп жүрген кезімізде ақысына материал жазып, жарнамасын жасайтының туралы да өзің айтқансың, сол қызметі бойынша жасасын дегенім. Журналистік құпия, адамшылық келісімді ұмытып осы жағдайды пайдаланғаныңды түсінбедім.
* Осы жағдайда «Казинформ жалақы алмай жатыр» деп Министр атына сауал жолдап жазыңызшы, бастығымыз өтініш жасап жатыр, мен жазсам жұмыстан шығарады деген өтінішің бойынша Министр атына да сауал жолдап көмектескенім және Masa.KZ сайтына сол Казинформ жағдайына байланысты мақалаларға «Мынандай пікірді жазыңызшы» деп өтініш айтқандарың есіме түсті. Жәрайды, бұл сіздердің тірлік, оған араласқым жоқ.
* «Маған ә, дегенде-ақ клуб туралы ұсыныс ұнамады» дейсің. Идея өте тамаша, т.б деп айтқандарың өтірік деп ешқашан ойламаппын. Тіпті осы туралы Ұждан блогына да жазып қойдық қой. Өзің де сол туралы ұсыныстар айттың.
* Жеке офистік бөлме, баспасөз клубын алуға мүмкіндік сол кезде болды. Медиалаб атынан Ербол сен барып сөйлесіп, таныс деп айтқаным рас. Сол кезде белгіленген уақытта кездесуге неге келмей жүргеніңді де енді түсіндім. «Сөзім жүре ме, жүрмей ме» ол жағдайды белгіленген уақытта кездесуге келіп сөйлессең немесе өзің жеке сөйлесе бер, сөйлесе алмаймын деп айтсаң белгілі болар еді.
* «Бұндағы домен+хостингке сіз жауапты болам, ақшасын кейін, қазір Қаламгер Теннің атында домен беретін жерде шотым бар, содан ала салам дедіңіз. Шығыныңызды кейін қайтармаққа келістік. Содан қордың сайты medialab.kz тіркелді. Бұл қордың корпоративтік сайты болуы тиіс болатын.» Домендер басында Медиалаб атында деп жазулы тұрды. Кейін ол жағдайда тіркелмеген мекеме атына жазылған болып есептеледі де, доменге бәрібір жауапты Каламгер ТЕН болады. Оның үстіне осы жағдай алдында, сайттың редакторлық билігі қолында тұрған: Редактор: Ербол Азанбек деген жазудың өшірілгенін неге екенін білмедім. Сайтқа қайтадан кіріп өзгертіп орнына қойдым да Ерболдан себебін сұрадым: «Редактор болмаймын, материалдарына жауап бермеймін» деген әңгімелер айтылды. Олай болса мен де сайтты жауып қоямын, қазіргі жағдайда кім жауапкершілік алады деп сайтты сол уақыттан бері жауып қойдым. Ербол: «Егер сайтты жауып қойсаң, казинформ журналистері сотқа береді, жаман болады» деп ескертулер жасады. Олай болса өзара келісім шарт жасайық деп, Ербол жіберген келісім шарт мәтіні негізінде келісім шарт әзірлеп қойдым. Енді домендерді ақысыз беруіме байланысты жаңа келісім шарт та жасалды. Оқып көріңіздер: Келісім шарт-1 және Келісім шарт-2
* 7кун сайтын өзіміз-ақ жасайық, ешкімнің көмегінің қажеті жоқ дегенімде, Ерболдың: «Сағын деген жігіт тегін жасап беріп көмектеседі, ешқандай құқық талап етпейді» дегеніне қарсы болдым. Шындығында: Сағынмен өзара келісімдерің бар екенін жоққа шығарған соң, келісімдерің бар екенін білмедім. Әйтпесе: Сағын: «Медиалаб кімнің меншігі» деп неге сұрады екен деп ойланып жүр едім.
* «7күн кз-ға мен жасаған сайттар мен қаламгер тен туралы мақтап мақала жазып тұр» осы жағдай туралы «сайт өзіміздікі ғой Ізеке, жариялаймыз» деп айтылған соң ғана жазшы дедім. Ешқандай қоқан-лоққы емес, өтініш болатын. Бұл мәселе де жаңалық емес, қалыпты сайттарға тән жағдай.
* Ереке, жеңгеңнің екіқабат екені рас, сол кезде ауруханаға барғаны да рас, ол туралы агент арқылы сөйлестік, сен кешірім сұрағансың. Әңгімені көбейтпей-ақ қояйын.
* Фархадпен сөйлескеннен не түсінгеніңді білмеймін, бірақ атқарушы директор ретінде қазір «Қаламгер ТЕН» ЖШС жауапты Фархад. Ол сөзім рас.
* «Блогкепм сайтын өткенде бір дауымыздың арасында айтып қалғансыз, ол блогшыларға берген домен + хостингім, оған қатысым жоқ деп. Сөзіңізден танып кетпейді, ол сайт блогкемптің сайты болып қала береді деп ойлаймын.» Сөзімде тұрамын, Блогкемп жиынына жауапты арнайы қоғамдық қор құрылса, сол қорға ақысыз ауыстырып беремін.
* «Егер Қаламгердің жеке сайты болса, біздің еңбек сіңбесе онда ауызыңа келген бағаны айтсаңыз болады.» Жеке танымал доменді сататындар мен сияқты арзан бағаға сатпайды. Тіпті осы 7кун доменін сатшы деп 2000-5000 доллар аралығында ұсыныс білдірушілер де болды. Ол туралы өзің де білесің деп ойлаймын.
* «Кеше «Ербол тарапынан сайттарға қатысты, өзім жеке жасаймын, сенің қатысың да, керегің де жоқ деп айтса, сайттарды бір тиын ақша алмай-ақ Ербол атына ауыстырып беремін. Ол жағдайда Ерболдың жеке атына тіркеледі», деп үш рет жазыпсыз пікіріңізде. Бүкіл дүйім жұрт куә. Осы сөзіңізді еркекше айттыңыз, орындаңыз.» Орындап отырмын.
* «Қаламгер Теннің жарнамасындағыдай клиенттерге Алматыдан филиал аштық деген …...» Қаламгер ТЕН фирмасының Ақтөбеден де бөлімшесін ашып жұмыс істеп бастағанымыз шындық. Алла бұйыртса, жақында Астана және Өскемен қалаларынан да ашамыз деген ниетіміз бар.
* «Ол сайттарды қаламгер тен атында қалдырам деген арман екенін түсінерсіз.» Ешқашан ол туралы армандамаппын. Тек қана бұл домендер емес, кейбір тапсырыс берушілердің домендері Қаламгер ТЕН атында тұр. Домендердегі материалдарға жауаптылық туралы келісім-шарттарымыз бар, сондықтан ешкім де алаңдамай жұмысын істеуде.
* «2 айдан бері 7 күн кзны жауып қойып, жүрмес едіңіз.» Домендегі материалдардың жауапкершілігі туралы келісім шарт жасайық дегеннен басталды осы әңгімелер. Сонда еліміздегі «БАҚ туралы» заңға сәйкес, сайт мақалаларына жазбаса да жауапты Қаламгер ТЕН болуы керек пе, әлде құрылмаса да жауапты Медиалаб болуы керек пе? Енді мәселе айқындалды, жауапты: Ербол Азанбеков.
* «Жоғарыдағы екі сайт менің еңбегім сіңген, менің идеям.» Басында бірге пікірлесіп, ақылдасып отырып шешілген, бекіген мәселелер еді, енді тек қана сенікі бола қойсын. Ал, Ұждан клубы кімнің идеясы екен?
Керекшілерге: Қатыбалды, Сатыбалды және т.б барлық қолданушыларға дұғай сәлем. Мен туралы жақсы-жаман, аз-көп пікірлеріңе, жарнамаларыңа Алла риза болсын деп шынайы алғысымды білдіремін.
AKY
Сендерге сәлем жолдапты
satibaldi
Қатындар құсап ерінбей жазған екен.
Ал маған сәлеміне әлі жауабын береді, причем-осы дүниеде.
Zako
Ізгілік (аға деуге аузым бармайды. «Ақылы асқанды аға тұт» дейді қазақ), ондай сайттың онын жасауға болады. Бірақ әрбір жасағанымызды көрінген біреу келіп қоқан-лоқы жасау арқылы тартып ала берсе, қажеті не бір жерімізді терлетіп?! Жаза алмасаң да оқи аласың, сен ҚазНеттегі қарабет атанған адамдардың бірегейі боласың. Сені ешкім аяқтан шалмады, өзің шалдың басқаларды.

Сенің жазған жауаптарың адамның күлкісін шақырады. Ең болмаса балаларыңның алдындағы өзіңнің абыройыңды ойласаң болар еді. Себебі мен де өз әкемнің сен сияқты алаяқтық жасап, басқаларға қарабет болып, менің алдымда абыройының түсіп тұрғанын қаламаймын.

Сен мені жақтырмайсың. Себебі сенің Уикипедияға ұқсатып ашқан өлік сайтыңды қатты сынағанмын. БӘЙГЕ жарысын бастағанда оның да ҚазНеттің моргынан шыққан жоба екендігін айттым. Ісіңнің шала екендігін үнемі айтумен болдым. Сайтымызды алып қойсаң да сынау құқымыз өзімізде.

Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме. Көпшілік істеген иттігіңді әшкерелеп, қасықтап жиған абыройыңды (егер бар болса деңіз) шелектеп төккен өзің. Халық — айна. Істеген ісің жаман болса, оны айтқан халыққа өкпелеме.

7kun.kz-ге келсек, оны алғашында МедиаЛабтың атына тіркедің. Егер МедиаЛабқа тіпкеуге болмайтын болса, о бастан қандай шөп шегіп алжастың? Алдымен МедиаЛабқа тіркеп, кейін 7kun.kz-ге лайықты ісің болмағаннан соң арамдық жасадың. Сен ол сайтты қалай дамытамын деп ойладың? Оны дамыту үшін зияткерлік қасиетің болу керек. Егер зияткерлік қасиетің болса, тор.кз сайтың ҚазНеттің моргында жатпас еді.

Сайтты жасаушы мен құрылтайшысын 7kun.kz сайтынан және сол сайтқа келіп тұрған 1,5 миллион теңгеден айырдың. Жарайды, сайттан айырылу деген қасірет емес қой. Сынақ қой бәрі. Бірақ сен солай ету арқылы өзіңді ар-ұяттан, саған нан жегізіп отырған аңқау клиенттеріңнен айырылдың. Енді не істемексің?

Менің жазғандарыма жауап жазып әуре болмай, бір сәт ойлан. Сенде әлі де болса айырылып қалмауға болатын құндылықтар бар. Қандай құндылықтар екенін ойлануға кеудеңде көтеріп жүрген басыңның қауқары жетін шығар деп ойлаймын. Давай, директор. Газеттер мен Интернет-газеттерде "Қазақ Интернетіндегі нөмірі бірінші алаяқ, қарақшы" деген тақырыпта артың ашылмасын десең, сайтты қайтаруыңа тура келеді.
satibaldi
Лібә, Ясир Арафат есіме тсіп кетті нақ…
Erbol
Zako кім деп ойлануға тура келіп тұр.
Бірақ әрбір жасағанымызды көрінген біреу келіп қоқан-лоқы жасау арқылы тартып ала берсе
тартып алған жоқ, тек тіркеп бер дегенді пайдаланып кетті. Тартып алды деген басқа түсінік қалыптастырады.
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 01:24
Zako
Мен ғой, зардап шеккен админ
timurrr
Мен ғой Ербролды теріс қарап сұхбат берсе де бірден таныдым. Мына Законы да. Ал Ербол танымай тұр… Қызззззық!
Zako
Теріс қарап ) Ия, өмірде танитын адамдар таниды ол сұқбаттан.
AKY
Арчи?
Zako
Жоқ, біз айтып отырған сұқбаттың оған қатысы жоқ.
Erbol
Еееее енді жетті санама, кім екенің
blackbeard
profiline kirip karai salu kerek edi siz uakyt otkizip aldynyz
satibaldi
@AKY, украин православтарының жексенбілік садақа жөніндегі дау-дамайын егжей-тегжей баяндап отырсаңыз.
AKY
 о жағын білмедім.
satibaldi
Ертеңгі Брюссель бейбіт келісімдерін күтейік. Доменді алсаңдар, бұл тақырыпты жабайық та, Изя Чемберленді ұмытайық.
AKY
Түсімде көретін сияқтымын
satibaldi
Доменінен айрылып қалып, ұрсып жатқан биология мұғалімі…
AKY
Информатика мұғалімін көрсем ше
satibaldi
Талдықорғанға күйеуге шығасың, артыңнан барған жүгіңнің ішінде «Сержан» деп жазылған киіз болад
AKY
Бие жарысқа кеткен шығының ше??? Оны да ұмытасың ба?
satibaldi
Оны қалай ұмытам? Шот жіберемін ғой. Өзі алыс жерде тұрмайды, курмышсстың. Біздің қолдарымыз ұзын…
asaubota
тегін хостинг бергісі келіп тұратын үнемі хабарласып, қазір ойлаймын да сайт жақсы жүріп кетсе 7күн.кз сияқты алып алар ма еді деп. хуснизан ойлағым келсе де суизанға кетіп қала береді құрғыр
VKM
Хэппи энд кеше болған сияқты еді, біз жеңіп. Бүгін кірсем 54 пікір. Мамма дедім
Erbol
Бүгін нүкте қоярмыз, бұйырса
satibaldi
Мен «Интернети қоғамдық көзқарастың қысымының күші мен жемісі» атты муахахаланың болванкасын дайындап қойып, жариялауға келіп тұрсам, келіссөз әлі болмаған ба нақ? Тал түс болды ғой, неткен мамыражай хост иесі болды бұл?
saken
Ұлы Отан соғысы басталған күні сіздердің соғыстарыңызға нүкте қойылса дұрыс болады екен.
Zilola
Ербол тағы 1-2 хат алмасуыңды жарияласаң, үздік қолданушылардың алғашқы 5-тігінде боласың ))
Жақсы талқыланатын тақырыптар ғо
Erbol
 рейтинг мақсат емес
Zilola
просты айтқым келгені, көбіміз біреуге жабыла кетуге таярмыз ғо, жерден алып жерге салу жайында ше ))
Gastarbaiter
Тағы да драма
satibaldi
Бұл боқжағыстан құр қалғаның табиғатыңа жат болып тұрған сияқты емес пе, айтқатап-үриттеп қойсаң нетті?
Gastarbaiter
Алғашқы екі хат қызық еді. Эмоциялар тулап, әшкерелеулер жазылып, көт бет ашылып дегендей. Ал одан кейінгісі «давай-давайлаған» көрерменнің үрит-айтағымен шабыттанған секілді көрінді.
Бұрын «Мас Алқаш» деген сияқты газеттерде ақын-прозаиктер мен саясаткерлердің ашық хат алмасып боқжағысқандарын оқығанда, тек соңғы абзацты оқып бірден «по-назначению» пайдаланатын едім.
satibaldi
Ау ізгі христиандар, мына фронттан не хабар бар? Келіссөздер бітіп қол әлде аяқ алысылды ма? Чемберлен зымырандарын Түркиядан әкететін болды ма? Өлдік қой нақ, бір ошарын айтсаңдарш!
Gastarbaiter
Сенің попкорның таусылмаған ба әлі?
satibaldi
Сыра мен шоу көрсет! © Халық.
satibaldi
Уа жамиғы несториандар, мынау Брест бейбіт келісімдері бітті ме біткен жоқ па? Изя Чемберленнен не хабар бар өзі, Кубадағы зымырандарын әкететін бопты ма, болмап па нақ, өлдік қой тылсым белгісіздіктен?!!!
Zilola
Бейшараны 1000 рет сальто тастаттыңыз ғо
satibaldi
Енесстің, әбден, әбден қажыдым…
satibaldi
Уа баптист бауырлар, Дейтон келіссөздерінен хабар бар ма, Изя Чемберлен Иорданнның Газа секторынан әскерлерін шығаратын болып па, неткен үрейлі өлі тыныштық мынау?
Erbol
Сатеке кешке таман ІТ саласында әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі "Қаламгер Тен" ҚазНеттің дамуы үшін үлесіміз болсын деп 2 доменді бөтен біреулерге незақ бере салды деген ақпаратты көзіңіз шалмады ма? Компания басшылары уай, бір қайырымды жандар екен. 2000 долар тұратын тегін доменді ал деп тықпыштап, оған қоса 2011-дің аяғына дейін тегін хостинг ұсынып, бір керемет кездесу болды. Келіссөз үстелінен жаңа тұрдық.Екі жақ мөр басып, саусағымыздың таңбасын түсіріп, келісім-шартты бекітіп қайттық.
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 22:33
AKY
Уффф, бітті-ау! Құтты болсын! Сәттілік жұмыстарыңа!
Erbol
Рахмет, Әумин! Сатекеңнен бастап талай елді толғандырып қойғанбыз-ау дейм.
Erbol
Айғай шуға арқау болған екі домен қайтты иесіне. Жаңа келісім-шартын бекітіп, қайттым. Ізгі ниетті көкеміздің өзі болмады. АҚШ-тан филиал ашуға кетіпті деседі аңыз. «Ресми өкілдері» бекітіп берді. Ізгілікке: ертең қарғап жүрмеуің үшін кезінде шығарған шығыныңды (бір тиын ақыңды жемедім, әділ есептеп бердім. Домен мен хост.ақысын айтам) өкілдеріңнің қолына ұстаттым. Кешегі тегін дегеніңді малданып, тегін алып кетуге кетуге болар еді. Ұятым жібермеді. Ертең мешіттен шығып ішіп алған күні, 2000 долларлық доменнің тегін кеткені үшін жынданып, көршіңнің заборын қиратып, тауықтардың басын шауып жүре ма дедім. Алланың алдында да арым таза болсын дедім. Өзімдікін алдым.
Пікір түзетілген: 22 маусым 2011, 23:09
VKM
 уряяя, біз жеңдік! Ербол аға, маладес,красной армии боец
meirzhan
Бөлінгенді бөрі жейді. ©
omarbirat
Но меркадо. Дұрыс болды бұл
Janasil
Ал жігіттер құтты болсын. Енді қашан іске қосылады?
Gastarbaiter
Голливудтағыдай хэппи энд болыпты ғой.
Zako
Ол епдігітік ертеңгі күні «Nur.kz», «Егемен»,… сайттарын мен жасадым деп жүргеніндей «7kun.kz» менің қолымнан шыққан жоба" деп жүрмейтін шығар деп үміттенгім-ақ келеді. Бірақ…
qonyrbai
7kun.kz қазір жақсы деңгейде. Материалдары қызық. SMM-і де. :)