Бос қалбыр өмір

Айналамда ешкім жоқ. Өлі тыныштық. Сөйлесерге адам табылсашы. Ішімдегіні ақтарып-ақ тастағым келіп отыр. Әттең, тірі жан жоқ жанымда…
Бары бар ғой. Бірақ оларды жоқтай сезініп отырмын. Неге екенін өзім де түсіне алар емеспін. Қаңғырлаған бос қалбырдай күй кешіп отырмын. Біреулер бірдеңе сұрайды, құлықсыз жауап беремін. Ешкіммен тілдесуге ынтам жоқ. Әйтеуір бәрі жай өткінші тірлік сияқты. Бүгінге дейін жайдары сөйлесіп жүрген жандарға неге бұлай қарап қалдым екен? Өзі осылай болады кейде. Құлазу ма екен… Бірақ, нені аңсаймын соншалық? Осы сұраққа жауап таппай маза кетті. Қайғы-мұңсыз бала күнімді ме? Әлде сейілмен өткен студенттік шақтар ма екен сағындырған? Бәлкім, жай ғана ата-анам бәріміз бірге болған күндер болар ойға оралған? Не де болса шешімі қиын сұрақтар.
Қойшы өзі! Бос қалбырдан да дыбыс шығады. Мен де тірлігімді жалғастырайын. Жауабы уақыт өте келе жатар. Не жағдай екенін білетін жан болса айтсын. Тыңдап көрейік…
Бөлісу:

5 пікір

Elenka
Бұл жазғанын менің жан-дүниеме еніп, ойымды оқып шығып қағазға түсіргендей көрінді маған. Менің ойымша, мұндай күйден тек титтей де болса оянып, тұтанған сезіммен ғана шығуға болады.
Armanjan
не боп кетті өзі соңғы кездері, жұрттың бәрінде стресс, өткенде Айнұр деген қыз артына аманат жазып қалдырғандай болып бізді ұлардай шулатып жіберіп еді. Мына жазбаға қарасам түрмеде жазылған сияқты.
Tyulpan
күзгі депресняк…
a63a1
Бос уақыттың көптігі, бірдеңемен айналыс.
ken
синематография?