Сайттан келетін ескертпелер туралы


Сайттан қолданушыларға неше түрлі ескертпе хаттар келеді. Мысалы тақырыбыңызға жазылған пікірлер туралы, пікіріңізге жазылған жауап пікір туралы, жаңа жеке хабарлама келсе немесе сіз қосылған қауымдастықта жаңа тақырып ашылса.

Біраз адамдар осы ескертпе хаттарға жауап жазады екен. Жазбаңдар  Ол жауаптар сайтқа шықпайды.

Сосын егер ескертпелерден құтылғыңыз келсе сайттың оң жақ жоғары бұрышында аватарыңыздың қасында Түзетулер профиль немесе сайт деген жазу бар. Сол сайт дегенді басып, ескертпелерді келтірмеуге немесе керекті ескертпелерді белгілеуге болады.
Бөлісу:

21 пікір

KILYZAMAN
Өзімше болып, ой айтып пікір бөлікенім НАҚты адресіне кетпейтіні ме сонда?
asaubota
пікірлер, ойлар немесе жәй жазулар тек сайт арқылы жазылуы керек.
sammita
тогда админ защщем бізге))
Ministry
Қарапайым затты қарапайым тілмен түсіндіретін қарапайымдылығың ұнайды, админ жолдас!
asaubota
күлмеңдер. енді шынымен адам ойлауы ммүкін ғой, хат арқылы жауап жазсам баруы мүмкін деп.

сосын почталарына автоответчик қоятындардан қырғын хат келеді. көкелер, сол автоответчик қолданбасаңдар болмай ма? а?
a63a1
мен бұл ескерпелерсіз күн көре алмаймын
meirzhan
Біраз адамдар осы ескертпе хаттарға жауап жазады екен.
araika
Осы ескертпелер келгенде, оқып-оқып аламыз да, мұнда келгенше кім не жазғанын ұмытып кетіп жатамыз әлде бұл менде ғана ма, яғни есте сақтау қабілетімнің нашарлығы?
meirzhan
хатты ашқасын, сілтеме бойынша бірден өтуді ұсынамын
asaubota
бұрын хат ішінде тек хабар ғана болатын, не жазылғаны бірге келмейтін. соны алып тастап едім, «бізге солай ыңғайлы. сайтқа кейде кіре алмаймыз, осылай оштадан оқимыз» дегендер болды.

қалай ойлайсыңдар алып тастайын ба сондайды?
VKM
Меніңше, алмай-ақ қойыңыз.Мен сол жерден оқи саламын.
sammita
мәтін болғаны керек, кейде жауапты қажет етпейтін пікірлер болады, мысалы смайл.
Ал жалпы маған көбіне ескертпе келмейді, немесе екінші күні жиналып келеді.
madlen
Аршат, алып тастамаңыз, солай ыңғайлы солай.
araika
Жооооқ, алмаңыз, жағдайымыз мүлдем қиындап кетеді
Маған ұнайды, телефонмен де оқуға ыңғайлы.
konvict
Не ғо, осы келетін хабарламаны керектегі почтаға түсетіндей етуге болмас па екен?
araika
осы ғой менің жеткізе алмай жүргенім… а то мен ұялы телефондағы почтама келгенін оқып аламын да, кейін «кім, қашан не деді?» боп отырамын.