56,8 пайыз қазақ жігіттері қызбен алғашқы кездесуге 10 мың теңге жетеді деп ойлайды

Қаншалықты шындық екенін өздерің бағамдаңдар, бірақ Beu.kz -те өткізілген сауалнаманың нәтижесінде
56,8 пайыз қазақ жігіттері қызбен алғашқы кездесуге 5-10 мың теңге жетеді деп ойлайды,
13,6 пайыз жігіттер «жол пұлым болса болды, кездесуге бара беремін» депті.
11,2пайыз бөріктінің бір кешке алып шығатыны 20-40 мың екенін айтыпты.
10,4 пайыз "қанша алып шықсам да жетпейді" деп шағымданады.
Әлбетте, көбі кездесу шығынын қыз көтерсе, немесе жартысын көтерсе де қарсы емес екенін байқауға болады.

Енді мына қызықты қараңыз, кемінде 8 пайыз жігіттердің пікірінше, алғашқы кездесудің шығындарын толығымен қыз көтеруі керек екен, яғни ақша қыздан, ал ұйымдастыру жігіттен екеніне сенімді екен.
Бөлісу:

169 пікір

satibaldi
8 пайыз жігіттердің пікірінше, алғашқы кездесудің шығындарын толығымен қыз көтеруі керек екен, яғни ақша қыздан, ал ұйымдастыру жігіттен екеніне сенімді екен.
Шешесс…
AKY
 дамыған ел болғансс
Aizhantabyn
менің алғашқы кездесуімде өз жеген-ішкенімді өзім көтердім) и екінші, үшінші и по четвертый год))) Сосын ғой, шамалы үйреніскен соң, ол төлейтін болған… жаттан ешнәрсе алма деп үйреткен папам.
AKY
Маған да үйреткен ондайды, бірақ мен оны басқаша түсініппін
AKY
Былайынша, негізі, әлгі 50 пайызбен қосылам.
AKY
10,4 пайыз "қанша алып шықсам да жетпейді" деп шағымданады.
бүйткен понты бар болсын.
Gastarbaiter
Понт екенін қайдан білдің, аноним дауыс беру ғой.
Aizhantabyn
5-10 мың теңгеге қайда баруға болады? Киноға барсаң как минимум 3000 теңге, такси 1500, кафе кемінде 7-8 мың. А можно бюджетный вариант: парк, мороженое, автобус))))
satibaldi
Қалтаның соры болғасын жоламай жүрм саған.
Aizhantabyn
жадина говядина!
AKY
Алғашқы кездесуге кино мен пиццерия жетеді. Таксиді 1000 тг.ге қысқартуға болады.
satibaldi
Соңғы кездесуге тума-туыс, ағайын-бауыр жиналып, әке-шешең мен банк те құрдай жорғалап жүретіні жақсы осы…
AKY
Құдай сол күнге жеткізсін дегеннен басқа айтарым жоқ ҚұӘ
Aizhantabyn
туда сюда алып отырмын же)))) өз көлігі болмаса)) (ғашық болсаң аузың ашылып, соған да мәз боп жүресің ғой, шіркін)))
AKY
ғашық болсаң аузың ашылып, соған да мәз боп жүресің
satibaldi
Бывалый күлді ғо.
AKY
шұлығымды жемещ
satibaldi
Тассайымды ішіп отырған сен ғо.
AKY
Алғашқы кездесулерімнің соңғы кездесулерге қарағанда көбірек болғаны рас енД
satibaldi
Қам жеме енді, жаман ойлап қалған жоқпыз.
AKY
Сол ғой, сол, қам жеп қалдым.
satibaldi
Уа, сауал жүргізуші мұғжиза ғақылия жан, сонда бұл поллстың нәтижесі арқылы мүкәммал плебисцит электорат, Есет Батырдағы түнгі, кейде — күндізгі көбелектер арзанға шығад дегенді меңзеп тұрғаны ма?
Gastarbaiter
Ол енді басқа ғой, Сатеке. 500 доллардың люкс жезөкшелері де бар.

Әдетте кездесуден техникалық бел босату ғана емес, адами қарым-қатынас, яғни біреуді біртіндеп тану, оны ашу, барыңды салып ұнау, позитив эмоциялар және өзіне деген сенім сияқты аспектілер сыйлайды. Немесе керісінше… теріс нәтиже, қираған үміт.
Алғашқы кездесулердің азарты сол болса керек, нақты немен аяқталатынын көбіне білмейсің. Рулетка сияқты.
Gastarbaiter
Толқитының тағы бар. Оның өзі бір адреналин.
izbasar
Біз барып жүргенде калта таяз еді. Жатақханада тұру деген керемет еді.
asaubota
біздің кезімізде рахат еді. 15-20 теңгеге мороженое алып, паркта, бульварда немесе жәй ғана подъездың алдында, үй жағындағы бір мектептің ауласында кездесіп, отыратын бір жер тауып отырып, сөйлесіп қайтатынбыз. біздің кезіміздегі қыздар да түсінетін ақша жоқ екенін, қинамайтын.
madlen
Енді мына қызықты қараңыз, кемінде 8 пайыз жігіттердің пікірінше, алғашқы кездесудің шығындарын толығымен қыз көтеруі керек екен, яғни ақша қыздан, ал ұйымдастыру жігіттен екеніне сенімді екен.

ну бұл енді ваще!!! солай жасаса, екінші рет кездеспеуші едім ол жігітпен.
nurbergen_makym
Жаһандық гармония мен биобаланс үшін шағалалардың қоразының да болуында еш таңданарлық та, шамданарлық та дүние жоқ секілді
Gastarbaiter
Жыныстық теңдікті аңсап жүрген нәзік жандылар бір марқайып қала ма десем
Qojeke
Пайызын бұрқыратып шығарған стаистикаңа (сауалнама не мынау?) қанша бұтақьас қатысыпты? Бір пайызда бір бұтақбас бар ма?
nurjanbay
дұрыс. сауалнамаға қанша адам қатысқаны көрсетілмеген.
Gastarbaiter
Сауалнамаға 100 ден астам адам қатысыпты. Әлбетте, шешемебельді ресторанның 100 тұрақты клиентінен сұрасаң, пайыздар өзгерері анық. Бұл қазнет қолданушыларының статистикасы деуге негіз бар.
VKM
Паркке баруға болады-минимум кетеді.Сосын кафе, такси.5-6000 тенге шамасы
Qojeke
Сендей жомарт қыздар көп болсын! 5-6000 тенге де аз емес!
VKM
Тууууййй, осы саған, осы өмірде не ұнайды?6000 деген ақша емес
Aizhantabyn
жігіт үшін!) Жұмысы бар болса, тем более)
madlen
Соны айтам. Но, қыздар, дело не в деньгах. Просто бірінші кездесуге дым да бергісі келмитіндерге жыным шығып тұр да. Қызбен кездесуге барды екенсің, будь готов жертвовать деймін да.
Сосын, тағы да бір прикол бар екен кейбір жігіттерде: қызды бірінші кездесуге шақырғанда особо ақша құртпаймыз дейді. Ол қыздың қандай екенін білмей тұрып зачем ақша кетіріп дейді.
Erkekyz
+1
Осы ойымды қалай жеткізіп жазамын деп ойлап отыр едім бағанадан.
Abilakim
Неліктен сендер бірінші кездесуде жігіт әжептеуір сомманы шашу керек деп ойлайсыңдар?
madlen
Шашпаса шашпасын. Ұнатып тұрғанда маған қанша ақша шашты демейсің ғой. Но қыз төлесін деген ужас қой, Әбеке?
Abilakim
оған сөзім жоқ,қыздың төлеуі шарт емес
madlen
шарт емес?
шарт емес, но қарсы болмас едік дегіңіз келе ме?)))))
Abilakim
ер жігіт бірде малды, бірде малсыз…
VKM
Абилаким, бір жақсысы, сізге осы сұраққа бас ауыртпай-ақ қоюға болады))))
Gastarbaiter
Маған ұнайтын қыздар, «төлеймін» десе, ешқашан қарсы болған емеспін, қайта қуанып рахмет айтатынмын. Өйткені қыз саған төлеуге, немесе сен үшін нендей бір шығынға баруға құмартып тұрса, ол да сені ұнатып тұр деген сөз. Әлбетте, қарыздар болып қалмай, оған да лайықты құрмет пен қызметін жасайтынмын. Как-то солай.
Чисто для инфо айтайын, жасым 23-ке келген кезде ғана, чайкаларды бес секундта танитын болдым.
Чайкаларды анықтау соншалықты оңай емес.
Бірден сені ақшаға сындыруға тырысқан қыз чайка болмауы да мүмкін. Жәй, сынап жатқан болуы да мүмкін.
Ол туралы, бойдақтарға біраз ақпар берермін уақыт пен желание болса.
madlen
Сені күтіп отырғам дұрыс пікір жазатын шығарсың деп. Эххх…
nurjanbay
Gastarbaiter тек ақты қара, қараны ақ қылып жазуға ғана шебер.
Gastarbaiter
айтеур бирденеден шебермин гой сенин касында
nurjanbay
өзің мойындадың.
Gastarbaiter
әй, менің алды-артымды аңдыған сорлы-ай, тақырыпқа қатысты бірдеңе деп саусағыңды жыбырлатсаң нетті
Gastarbaiter
Әлгі өзің жеккөретін «Эх, ал мен сені осындай деп ойлавем» деген сөздердің сериясынан боп кетті
Aizhantabyn
Әрине не в деньгах) Бәрі де көңілге кеп саяды. Бір кездесуге барғанда в глубокой молодости, жігіт шіріген «типа» бай, күшті ресторан, гүл анау мынау, бірақ бар ғой, сондай өзінше, маған точно сынады деп отырды да.
Алғашқы кездесуді жазда өткізген жақсы)))))))))))))))
Qojeke
такси.5-6000 тенге
Өзінің машинасы бар қыздарға такси керек емес!
neoman
Алғашқы кездесуде бір тиын да шығармаймын. Танысып, біліспей жатып қызға шығындалу — ақымақтық. Ұнаса, келесі долы аямай ақша жаратам, бірақ бірінші кездесуде емес.
VKM
Аямшақ ))
Aramza
неоман дұрыс айтады!!!
neoman
Әңгіме ақшада емес. Бірінші кездесудің мейлінше қарапайым болғанын қалаймын, ақша сияқты атрибуттарды қоспай. Еш қоспасыз, таза кездесу… Негізі Алматының ең қымбат мейрамханасына ертіп барсам да, қалтам жұқарып қалмас. Бірақ қыздың көңілін ақшаға сатып алғым жоқ, өз күшіммен жаулап алғым келеді.
araika
нағыз жігіттің жауабы Жарайсыз!
Beytanis
Аямшақ

Мына сөз күшті екен, білім базама қосып қойдым.Уәқәқәқәқә
Gastarbaiter
Кездесуге, рас, ақша жаратқанды кейбіреулер сен сияқты, банкке ақша салу сияқты қарастырады. Яғни бір қайтарымы болар деген ниетпен. Сондықтан, танымайтын адамға ақша жаратпайды. А вдруг қашып кетед? А вдруг «бермей» қояд? А вдруг наққа жіберед. И ақшам босқа кетед?

Бір нәрсені, ескерген дұрыс. Ақшаны қызға ұнау үшін жарату ақымақтық. Бірақ кейде өзің жұмсағың кеп кетеді. Ол ақымақты емес.
neoman
Менің сөзімді әркім әрқалай интерпретация жасай береді, мынау — соның таяздауы ғана. Қайтарымын болжайтындай, сонша көп ақша кетіп жатқан жоқ.

Жоғарыда жазғанымдай, әңгіме ақшада емес. Алғашқы кездесу — екі жақ үшін де бірдей мүмкіндік. Қызға жігіт табатын, жігітке қыз табатын мүмкіндік. Екі жақ та бірдей ынталы болуы керек. Қыздарымыздың жігіт алғашқы кездесуде кафеге, киноға апару керек деген сөздерінен кейін бұл кездесулер тек жігітке ғана аса қажет секілді. Өзін танытып, жігіт ұната қалатындай етіп көрсетпей жатып, қыздардың осылай көпіруіне күлкім келетіндіктен, мен принципиально кездесуді мейлінше қарапайым етуге тырысам
Gastarbaiter
Сенің екінші коментіңді оқымастан жазып едім әлгі пікірді. Әлден, мені таяздықта кінәлап, түйреп жатыр екенсің Жә, өкпелеме. Шабыңа тиген, «сен сияқты» деген сөзді алып тастап оқуға кеңес беремін. Бәлкім сол кезде, жазғанымды дұрыс қабылдай аларсың.
Aizhantabyn
Афигеть!
madlen
+8 қойылған ол пікірге, Айжанннннн! Так что давай үндемей отырайық )))))
neoman
Ол пікірдің не себепті жақпай қалуын толықтай түсінем. Барлығы — көңіл ғой дерсің. Ия, келісем. Бірақ көңілді, ең болмаса, алғашқы кездесуде ақшамен байланыстырмай-ақ қояйық. Көңілді басқаша да білдіруге болады. Кездесуге өз уақытында келіп, баратын жерді алдын ала жоспарлап дегендей…
Gastarbaiter
бастысы акшанын керектиги сезилмеу керек.
Aizhantabyn
+10! САРАҢДАР ӨҢКЕЙ! Бесит прям, будто біреуге солардың ақшасы керектей.
satibaldi
Ну жалко мне для тебя 10 000, ну жалко, қалай түсінбейсіз?
Aizhantabyn
сізден, аға, бір тиын да ала алмаймын ғой! Брат есть брат, елки палки!
satibaldi
Аға, аға деп шеттетесің қарағым, «ағаңның да» потребності бар қыздарға!
Aizhantabyn
сіздің потребностьтарыңызға сай қыздар бар шығар, аға)
satibaldi
Сол ғой, сен құйып қойғандай келіп тұрсың.
Aizhantabyn
зато сіз менің потребностьтарыма кұймай қойғандай келмейсіз.
Gastarbaiter
Ох блин, Сатеке мынау
сіз менің потребностьтарыма
әлгі тақырыпты оқып қойған жоқ па?))))
meirzhan
Неоманның екінші пікірі бірінші комментті толықтырып тұрғандай. Гастарбайтер де байқамай қалып, түсініспеушілік туған еді.
Бірақ қыздың көңілін ақшаға сатып алғым жоқ, өз күшіммен жаулап алғым келеді.
деп айтты Неоман. Осыны оқу арқылы бірінші комменттің сырын түсінуге болады.
meirzhan
Дауыс берген жігіттер ғана емес. +10 ға кіргендер.
Qojeke
Шағалалар өңкей!!!
AKA
Дұрыс айтасыз
Qojeke
Жаза түс! ҚЫздардың апшысын қуыра түс! Айтақ!
Nurgisa
Осындай сұрастырудың априори мақсаты да қызық.
Романтика не жомарттық рандевуға қарышталған қаржыңның мөлшерімен қалай өлшенсін?
Мың теңгеге әдемі букет гүл алып қатты қуанту бар да, бір миллион евроға ең соңғы модельдегі фешн көлікті әперіп, кеще неме атанып кету қаупі бар. Салыстырмалы дүние болса керек қой
Соған қарағанда, ердің жомарттығы/қыздың қанағаты емес, кәдімгі қарапайым ниетке келіп тіреліп тұр ғой бәрі.
Әр жұптағы ер кісі өз басындағы жағдайларына қарап оригинальный бола білуі керек пе деймін.
e_zhalgas
мен суырылып шығып, «төлегіш» болатын әдетім бар. жігіт төлеу керек деген принципке сүйенемін, бірақ қыздың да ырқын назарға ілу керек сияқты.
madlen
ути-пути!
e_zhalgas
шоколад алып беееееершшшш… "ұялып тұрған смайл"
Aramza
айдағанның алдында кете берме
Aldeken
Аршат айтқандай, подъезд бен аула, скверде кездесіп, балмұздақ сыйлап жүріп те үйлендік…
Ал, шынында кездесуге шыққанын бұлдап, жігіттер төлегенін бұлдап, екі жақ та ұсақталып бара жатқанын түсіндім…
asaubota
түріктің қыздарының түсінігі мол еді, шіркін! сен де студентсің мен де студентпін, екеуіміз бірдейміз бірге төлейік деуші еді жарықтықтар. үйлерінен ақша келсе жомарт еді
VKM
біз де сондай жақсымыз))))))қиналып тұрса, төлей саламыз
madlen
әрине, ол дұрыс қой. Бірақ, әңгіме бірінші кездесу жайлы болып тұр ғой.
Aldeken
е-е-е, бәсе, түрік қыздары туралы неткен романтика сендегі десем, деп қағытып қояйын… )))))))))
Abilakim
Алғашқы кездесуде қатты шығындалудың қажеті жоқ. Өйтетін болса екі тарап та бір-бірлері жайлы жаман ойға кетіп қалулары ғажап емес. Маған салса қыздарға қатты шығындалудың қажеті жоқ дер едім. Жігіттің қандай екенін, шашқан ақшасы арқылы емес басқа да қырлары арқылы бағамдауға болады. Аямшақ жігіт екен деген ой кетпей ме? Аямшақ жігіт балмұздаққа да ақша аяйды. Қызды о бастан көп ақша шашуға үйретудің қажеті шамалы. Бірақ, бұл мейрамханаға апарма, айтулы күндерде, мерекелерде сыйлық берме деген сөз емес.
Aramza
мен балмұздақ алдым, барғанша еріп кетіпті, өзім жеп қойдым
nurbergen_makym
Мен Машкамен бірінші кездескенде екеумізге бір бөтелкі арақ пен бір коржык алып подъезде отырдық. Керемет кездесу болды. Әңгіме дүкен құрып, кәдімгідей жақын таныстық. Рухани. Содан кейін, Дашкамен кездестім. Машка, ойбай, ол қыз шоколадтағы блондинка, жергілікті бомондтың айқын өкілі дегесін, бар жиған тергенімді алып шықтым. Кездесу маған да, оған да ұнаған жоқ. Есесіне со күні кещке бір жарты, жарты коржыкпен Машка келіп көңілімді көтеріп кетті.
Ақша бермесең, жер де айналмай қалатын рационалды заман ай десейЩ!((((((((((((((((((((
VKM
Саудың тамағын ішіп, аурудың сөзін сөйлеу))))
satibaldi
Ауруға раналған тамақ та бола ма не?
omarbirat
Таксимен баруға 250 теңге, үйге қайтуға 250 теңге — барлығы 500 теңге жұмсаппын.
madlen
Әрине, 1 тиын да кетірмей-ақ кездеуге болады. Қыз ұнатып тұрса, барлығына да көнеді ғой. Бірақ, сәл де болса, приятно жасау керек шығар. Киноға, кафеге барып деген сияқты. Ну, енді оны түсіндіріп жатудың не керегі бар. Қалтасында көк тиыны жоқ студенттер де 1 тал раушан гүл алып жүреді ғой. Ал, сіздер, мұнда 50 на 50 деген сияқты әңгіме айтып отырсыздар. Өзіңе ұнаған, жақсы көрген қызыңды шақырып алып, жартысын төлейік деп қалай ғана айтасыңдар? Ер жігітке сай келмейді ғой. Или мен дұрыс емес айттым ба?
2 ай жүргеннен соңғы әңгіме, сосын 2 жыл жүргеннен соңғы әңгіме басқа енді.
e_zhalgas
дұрыс айттың, биылғы сөзіңнің алды болды
Ereke
Қалтасында көк тиыны жоқ студенттер де 1 тал раушан гүл алып жүреді ғой.
Студент кезде романтик боласың ғой, соңғы ақшаңа дейін қыз сұрамаса да өзің алып бересің балмұздақ, гүлдерді. Және қыздың әр жымиғаны немесе нәзік күлгені үшін де жанымды беруге даяр едік. Ал соңғы курста ондай романтикалық қасиеттеріміз азайып кетеді екен…
Gulistan
Менің Медияр деген курстасым болды, қақ та соқ, сол жүргені анда-мында, өзі және әдемі қыз десе, есі кететін. Біз 3-курста жүргенде (2001 жылдар) перваштар арасынан бір қызды ұнатып қалды, ана қыз енді керемет, үріп ауызға салғандай, тіпті Медиярдан да қызғанатындай едік, шашы белден, көздері әдемі. Айтып-айтпай не керек, Медияр жаңағы қызбен танысып, араласып кетті. Біраз уақыт өткен соң «аруымыз қалай?» деп сұрасақ, «болды бітті» дейді, «не болды?, неге?» десек, «ол 1-Алматыда тұрады, алыс» деп қарап тұр Соған қарағанда, күтіп алу мен шығарып салу ол үшін шығын болғанға ұқсайды.
AKY
Меніңше, ол қыз оны наққа жіберген секілді.
madlen
Точно!
Qojeke
Точно!
Сен емессің бе сол қыз?
madlen
Ия, мен! Шашым белден, көздерім әдемі, керемет үріп ауызға салғандаймын ғой, Қожеке! Жалпы маңдайымда жұлдыз жанып тұрады  
Менен ары жүр, бейшара тролль!
VKM
хехе)))меніңше де,қыз 1-ші айтты, кездеспейік деп
Qojeke
Сейфуллинді бойлай жүретін тролллейбус ше?
Gulistan
Ол Орбитада тұратын.
Gulistan
Негізі жігіттер ол жағын көп ашып айтпайды ғой, таяқ жесе де «баспалдақтан құладым» деп қатырады"
nurbergen_makym
Неге? Бұл — қыздардың бәрі жоқ дегенде Саин көшесінде бір түн тұрып шықты, дегенмен пара-пар тұжырым сияқТ ғой… Мен, мысалы, таяқ жесем, лифттен құладым деп айтып көрмеппін.
Gulistan
Ашық айтсаң, сені Қызыл Кітапқа енгізу керек екен, шын сөзім!
patick
Бір коньякты бөліп ішіп, тартып жібердім. Ең арзан алғашқы кездесуім осы.
patick
Счет келгенде безеріп отырып алатын қыздар да ұнамайды енді. Ырымын жасап, кошелекке қол жүгірткеннің әрекетіне имитация жасаса да болады ғой, оны байқаған жігіт: «Жо-жоқ, өзім төлеймін ғой» деп міндетті түрде айтады.
Жо-жоқ, құдды «сен төлеуге міндеттісің» деген кейіппен отыра беретіндер бар. А так, екі коньякты бөліп ішіп, қисая кеткеннен жеңілі жоқ негізі.
Gastarbaiter
Алғашқы кездесу екі жаққа да қызықты өтсе, әдетте қанша жұмсағаны да, кім жұмсағанын да ұмытып қалады. Қажетті эмоциялар ала-алмаған кезде ғой, әңгіме цинизм мен ақша жағына қисаятыны.
Ол кезде тіптен зеленый едім. Небары 20 жастамын. Байдың қызымен (бұл туралы бұрын да жазғам) Алматыны автобуспен аралап, мороженное жегізіп, кілең жұмыстан шаршаған ашулы мұжықтар сыралатып отыратын, Тұлпар деген кафеде көкшандыр шашлык жеп те өткізгем. Әрине, ақша қимағандықтан емес, жәй, ақшам соған ғана жетті.
Есесіне, автобуста тегін «шоу» қойдым, алдымен өзім өлең айттым, одан кейін оны өлең айтуға мәжбүрледім, шашлыкты тістегенде күлкіден жарылып кетті, мен не боп қалд? деп мен де тістедім де күлкіден қаттып, Бір жағын тістеп, екінші жағынан қолмен тартып, жұлып отырып жедік.
Ал, мә саған.
Екінші кездесу Абай атындағы Опера Театрінде болды 
Өлем-күйем-сүйем. Екі жақтан да.
Екі айдан соң, мені лақтырып кетті ол қыз Өйткені мен оны Тұлпарға романтика үшін емес, қалтамның тесік болғандығы үшін, және мәмбет болғаным үшін апарғанымды біліп қойд.

ПС. Жақынырақ танысу үшін, қыздарға да бізге де эмоция керек. Ал шешемебелді жерде қалталы жігітпен отыру, қаншалықты баналды болса да, көп қыздарға ұнайды. Романтикаға пысқырмайтын жігіттер сияқты, қыздар да болады.
Qojeke
Бөліп-бөліп жазшы. Шыдамым жетпейді ұзаааақ пікірді оқуға.
Gastarbaiter
Пікір емес, ол үш абзацқа сығылған 2 ай өмір ептібаймағыр)))))
satibaldi
Шетінен адам жанының маманы болып алған нақтар кілең
zarema84
Баға беру үшін күш, рейтингтіқалай жинайды достар???
VKM
Замира, сол рейтинг қуаламай-ақ қой. Жақсы тақырып жазып, пікір қалдырып жатсаң-жинала береді
qisyq
Алғашқы ондықта отырып осылай айту оңайғҰә?
VKM
менің орныма Замираны қойып қоюға рұхсат етемін
qisyq
Иии, қідай жірек, сондай бауырмал, сондай ақкөңіл өзі…
Gastarbaiter
А так, күш рейтинг неғұрлым белсенді болсаң, сосын бір немесе екі автаритетті адамға ұнайтын жазба жаза бастасаң, қалғандары инерциямен саған плюс қоя береді.
Цинично, но факт.
Админмен сөйлесіп көр, полюбовно шешу жағын Ол да адам ғой.
asaubota
админ адам емес, ол админ!

рейтинг ешқашан төсек арқылы болған емес.
e_zhalgas
дегенмен, өз иіріміне тарта кететін идея екенін мойындаш
patick
рейтинг ешқашан төсек арқылы болған емес.

Продюсерлер де интервью бергенде осындай сөздер айтатын еді
asaubota
осы ғо, қазақ болғасын көре алмайды ептылар. сырттан өсектейсіңдер ғо өйстіп
Gastarbaiter
Айтайын дегенім, мейлің мына жерде жасыл кеңірдек боп, сарыңнан жарылып, керісіншені дәлелдеуге тырыссаң да, сен керекинфода админдік ғана емес, қолданушылық белсенділігің де үлкен.
Тіпті қайсысы үлкенірек деген сауал туындап қалады
«Адам» деп балағаттағаным үшін ренжи көрме, Админ!
Вкусың бар ма? Бар.
Талғамыңды ашық жариялайсың ба? Жариялайсың. Оған біреулер ереді, өйткені сенің лидер екеніңді біледі.
Админ отбасылық суреттерін қойып, өзінің интернеттен басқа да өмірі бар екенін білдіреді.
«Админ де әзілдейді» -демеп пе едің?
Ел қатарлы дискуссияға қатысып, өзінің субъективті пікіріңді білдіресің бе? Білдіресің.
Дебаттарға ерікті түрде қатысасың ба? Қатысасың.
Бірақ бұл керектің Админі Асаубота жаман деген нәрсе емес. О, тоба, Админді «адам» деп айтқанымыз үшін ақталуға мәжбүр қылған заман-ай десейш.
asaubota
жоқ, адам деп отырсың деп нетіп отырған жоқпын. просто сен продюсер мен әнші қарым-қатынасына келтіріп әзілдегеніңе жауабым ғой
Gastarbaiter
Тіпті патшалардың өзі кейде алдына кешірім сұрап, амнистия тілеген зұлымдарды кешіретін кезі болады. Мен соны меңзеген едім.
Патша да адам.
Мен бұның бәрін не үшін айтып жатырмын дерсіңдер? Жоқ, Админді шалқайып отырған Олимпінен шалып құлатып, оның қарапайым "өлімді" пенде екенін әшкере ету үшін емес, адами қасиеттен айырылмаған, қажет кезде жаны аши білетін, дұрыстап сұраған адамға шанс бере алатын кісі екенін меңзеп жазғанмын.
Кез-келген адам екінші мүмкіндік алуға лайықты деп ойлаймын. Ақиқатты естеріңе түсіріңдер.
Qojeke
Админмен сөйлесіп көр, полюбовно шешу жағын Ол да адам ғой.
Ептібайымағыр, біз сияқты еркекжыныстыларды не істесін админ? ))
Gastarbaiter
Кхм, төсек туралы ойыма да келмепті. Рейтинг үшін төсек ұсынған ақымақтар қыздар да болды ма не?
Qojeke
Бір тиын да төлемеңдер қыздарға! «О, шешесс, жігіттермен алғашқы кездесу осылай өтеді екен на!» деп, ертең басқа жігіттермен кездесіп жүрмесіне осында отырған қай бұтақпас кепілдік береді?
Araylim
Адам гашык болса, калтасынын таяздыгына да, устинде киим жогына да карамайды. Студент кезде, Жатаханада туратын жигитпен кездестим. Озим гашык болдым, алгашкы кездесуге барганда акшасы жок екенин билген едим, сол ушин озим саябакка серуендеп кайтайык деген усыныс жасадым. Ол гул алып беретин ойы болда, оныны орнына мен «оданда 1 кели картошка мен жидек алайык» деген едим ))) Сол жигитке мен турмыска шыктым ))) калталы жигит турмыска шакырган одан бурын, мен бармадым, ойткени суймедим… )))) ол да журегимди акшамен жаулайм деп ойлаган еди… Жигиттердин биринши кездесуде акша жумсамаганы да дурыс шыгар…
Jacqabaies_Chirac
«оданда 1 кели картошка мен жидек алайык»
қу өмір-ай ((((
Araylim
бирак, неткен бакытты болдык!!!
Aizhantabyn
жоқ болса, жұмса деп қинайтындай емес қой енді) мӘСЕЛЕ, ақшасы бола тұра, намеренно жадничать ететіндерде боп тұр. Жалпы сараң адамдарды жақтырмаймын.
asaubota
ақшасы жоқ екенін түсінетін ақылды қыздар осылай дейтін. ой одан да былай жүріп қайтайық дейді. шын көңілмен және түсіністікпен айтқанын жігіт те түсінеді. сосын ашылып жақсы әңгіме айтады.

сосын ішке келіп картоп қуырып жедіңдер ма?
Araylim
сосын ішке келіп картоп қуырып жедіңдер ма?
Шынымды айтсам есимде жок. Ол 8 жыл бурын болган дуние )) Сол куни биз кеш кайттык, сол себептен куырмадык )) Барлыгы шынымен картошка алдык деп ойлап калган-ау шамасы! ))) картошка алмадык, бирак фрукты алып жегенимиз рас ))))
19852407
«ақша қыздан, ал ұйымдастыру жігіттен екеніне сенімді...»
:-))
araika
56,8 пайыз қазақ жігіттері қызбен алғашқы кездесуге 5-10 мың теңге жетеді деп ойлайды
немене, шашылып жатқан адамдар? Бәлкім ақымақтар
Сауалнамаға қатысқандар шатастырды деп ойлаймын, себебі алғашқы кездесуде дәл осылай шашылған болса, қазіргі жағдайларын ойлау тіпті қиын
Nurgisa
Мына жердегі жарыссөзді оқыған қыздардың жігіттерінің арманы жоқ шығар. Қайткенмен, шошаңдай бермей, ақылды экономикамен қаруланған қыз баласы ә дегеннен қытықтай қоймас көкжиекте мен мұндалаған кавальерді. Әр неде рационалды жүрістен жаңылмауды мұрат тұтуды жазғыруға келмес.

Адам баласының бұ күндері азаматтық неке дегенге шекеден қарамауында да зор гәп болса керек. Тамырын ұстап тануға, ішкі менінің қалтарыс-бұлтарыстарын сезіп білуге мүмкіндік ашатын механизм дер біреу. Солай да болуы мүмкін. Бастапқы сіз-біздесулерде қай тарап болмасын жарқынжүзді маскасының арғы жағындағы нағыз менді әшкерелей бермейтіні бар емес пе еді…
KILYZAMAN
Мысалы мен мына әңгімелереіңді әңгүдіктік дер едім(Гугл топас)… Шынайылық қайда? Патик бауырымының бірқалжыңындағы /---хана/-ға телмірушіліктен басқа?
satibaldi
Абайдың тілі мен 19 ғасырдың хрестоматиясы өзін сарқып бара жатқанын байқамайсың ба, бәдік?
KILYZAMAN
Абайдың тілін сарқуға сен сықылды сүйектен(жуындыны армандама) дәмелілер жол бермес…
Gastarbaiter
Жігіттер, қыздар бұл әншейін сауалнама ғой, өмірде түрлі жағдайлар мен ньюанстар болады. Жан алысып, жан берісетіндей ештеңе де болған жоқ. Еркектер сволыш, әйелдер сұрқия деген қағидамен ешқайсымыз алысқа бармаймыз. Сосын денсаулық пен потенцияға да зиян. Қыздардан түңіліп, пидараз боп кететіндер де, жігіттерден түңіліп суық феминист болатындар онсыз да көбейіп барады.
Есі дұрыс еркек пен әйел қалмайтын жағдайға жетпей тұрғанда доғарайық.
Сәл, тормоза беріп, мәселеге мамыражай көзбен қарап, лох болып та қалмай, сараң, «аямшақ» та болмаудың ортасынан компромис тапқанға не жетсін. Оның бәрі екеудің бақытты жұп құрудағы айласына (сөздің жақсы мағынасында) байланысты.
patick
… деген кезде Ақзере, Мадлен, Айжантабын етектерін қағып "Қой, үйде шаруа күтіп қалды" деп тұрып жатты, АКҮ ерніп сылп еткізді де, басындағы орамалын қайта тартып, ол да түрегелді. Еркектер жағы қозғала қоймады — олардың ойлары қазанда бүлкілдеп қайнап жатқан қарт ешкінің сүрленген етінде еді. Сырттай бұл пиғылдарын байқатқысы келмей, әркім өзара әңгіме айтысқан болып отырса да, Қилызаман қария тіпті именбеді. Қайыс қонышынан бәкісін суырып, жүзін тексеріп көрді де, ВКМ келін жаққа қарап жұтынып қойды…
qisyq
Бір кезде «О, Садық!», «Сақалды жігіт!», «Сәке, Сәке!» деген дабұр-дұбыр дауыс есіктің аузын алып кетті. Мойылдай қара сақал қойған, мөлдір көз, дөңгелек жүзді, орта бойлы, сырма шапанды, қайқы етік киген жігіт домбырасының үкісін бұлғаңдатып кіріп келді.
Сол-ақ екен, есіктің аузында отырған Конвикт бір түймешікті басып қалды.
Төр жақтан жарқ етіп прожектор ұрды.
Шаңыраққа ілініп тұрған аспалы шам қызылды-жасылды шамдарын ойнатып үйдің ішін әп сәтті әлем-тапырақ қылды.
Абажа мен ВКМ-ның жасауымен келген кебеженің үстінде тұрған төртбұрышты қара колонкалар «дүңк-дүңк» етіп әлдебір алапат әуенді ойнап сала берді.
Садық екі қолын екі жаққа лақтырды да, төбеге қарап қарқылдай күлді.
Зилола, Айкона, Монти серінің артына тұра қалды да «Монтана Булстың» 78-ші жылы чемпион болатын кезіндегі чирлидерз биін билей кетті.
Қилызаман бәкісін ербеңдетіп «Алла, Алла» деп шалқалай құлап бара жатты…
madlen
новичоктар дым да түсінбей отырған шығар
asaubota
осындай жазуларыңды жақсы көремін
VKM
Қисық, фантазер)))Сонда мен кімге тұрмысқа шығыппын деген ой мазалап отыр))))
madlen
Сол, Теріски-оңки жоқ қой чето
qisyq
Соны біз де түсінбей отырмыз ғой.
VKM
Әйтеуір көркем шығармада күйеуге шығыппын ғой… соған қуана тұрамын))
neoman
Бір ыржиып алдым. Респект, жаза аласыңдар Патик екеуің!
Gastarbaiter
лібә-ә… міне енді әңгіме басқа
asaubota
мен мынаны qisyq жазған екен деп қалдым, енді көріп отырмын patick жазғанын
nurbolsaparbai
еркектін бәрі бірдей емес шын суйсе егер акшасы тугілі озінде аямайды
Botik11
қазақ жігіттерінің пәлен пайызы деу керек дұрысы
VKM
Бір кезде «О, Садық!», «Сақалды жігіт!», «Сәке, Сәке!» деген дабұр-дұбыр дауыс есіктің аузын алып кетті. Мойылдай қара сақал қойған, мөлдір көз, дөңгелек жүзді, орта бойлы, сырма шапанды, қайқы етік киген жігіт домбырасының үкісін бұлғаңдатып кіріп келді.
Сол-ақ екен, есіктің аузында отырған Конвикт бір түймешікті басып қалды.
Төр жақтан жарқ етіп прожектор ұрды.
Шаңыраққа ілініп тұрған аспалы шам қызылды-жасылды шамдарын ойнатып үйдің ішін әп сәтті әлем-тапырақ қылды.
Абажа мен ВКМ-ның жасауымен келген кебеженің үстінде тұрған төртбұрышты қара колонкалар «дүңк-дүңк» етіп әлдебір алапат әуенді ойнап сала берді.
Садық екі қолын екі жаққа лақтырды да, төбеге қарап қарқылдай күлді.
Зилола, Айкона, Монти серінің артына тұра қалды да «Монтана Булстың» 78-ші жылы чемпион болатын кезіндегі чирлидерз биін билей кетті.
Қилызаман бәкісін ербеңдетіп «Алла, Алла» деп шалқалай құлап бара жатты…

Қисықтың шедевры!
asaubota
қалаға да байланысты шығар?
ken
Мен бір тиын да жаратпаппын.