Жұмбақ

-Еу, құрдас. Осы сен жұмбақты жақсы шешуші едің ғой. Мен саған бір жұмбақ жасырайын, сен маған жауабын айтшы.
-Айта бер, кез-келген жұмбақты шағып тастаймын ғой.
-«Алысты жақындатады, жақынды алыстатады» ол не?
-Осы да жұмбақ болып па! Бұл интернетте отыратындар жайлы ғой. алыстағы біреулермен жақында отырғандай сөйлеседі де, жанындағылармен тіпті сөйлеспейді.
-Таппадың…
-Онда… бұл кәдімгі ұялы телефон. Алыстағы туысымызбен сөйлестіріп жақындатады да, бір қалада тұратын туысыңмен сөйлесе салып, үйіне бармағандықтан алыстатады.
-Ой, осы сенің оңай жұмбақтарды күрделентіп жіберетінің бар. Таппадың бұл жолы да…
-Енді не болды сонда? Бұл көлік шығар, мысалы мәшине алыс жолды жақындатады, ал жақынды алыстататыны біздің елдің жолдары шығар, ойдым-ойдым жақын жерді алыстатып жеткізбей қоятын…
-Лағып кеттің.
-Онда бұл… біздің биліктегілер шығар… алыс біреудің тілін жақындатып, Тәңірі берген өз тілінен алыстап жүрген анау Тәңірберген секілділер шығар…
-Қуып кеттің қуып! Бұл дүрбі ғой...
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше