Бұл қай керекші? #11 (Эстафета)

Блог - Ispek92: Бұл қай керекші? #11 (Эстафета)
Сонымен, ханымдар мен мырзалар, эстафета бұтағын тағы мен алғаныма ырза еместер мен ырзалар жағдайды цүндіре кететін болсам, негізі өзіме де аса түсініксіз жағдайда эстафета бұтағы маған тиесілі болып шықты. Осы қысқа уақыттың ішінде бұл эстафета Алтай мен Атыраудың, Ертiс пен Едiлдiң, Арқа мен Алатаудың арасындағы ұланғайыр алқапты аралап қайтқаны бәрімізге белгілі Сонымен эстафетаның алғашқы қадамын және алғашқы ондықты артқа тастап, келесі ондыққа бастар қадамын өзім бастағалы отырмын. Мұны кейбір білгіштер мистикаға, тенденцияға одан қалды жаман-жақсы ырымдарға теңеп жатса керек. Азырақ өзімді мақтап алғаннан соң келесі қаһарманды табуға тырысып көріңіздер, ағайын мен бауырлар!

1. Қалай ойлайсыз, логика мен интуицияның арасында Эльвира ханым айтқандай айырмашылық бар ма?
Эльвира ханым деген кім екенін және ол интуиция мен логика арасындағы айырмашылықты қалай деп белгілеп бергенін табам деп біраз уақытым кетті. Түк те айтпаған ғой, Эльвира ханымың. Интуиция мен логика адамның болмысы, бар өмірін, тірлігін анықтайтын категориялар. Тек қана салқын сана, салмақты қисынмен, не тек бесінші нүктесінің түйсігімен әрекет ететін бір де бір адамды білмейді екем. Соған қарағанда, екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, ажырамас байланысты болса керек. Айырмашылығы болса да, оны қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтындықтан, анау мынау деп айтудан бас тартамын.

2. Сізге Голливуд фильміндегі қай суперқаһарман ұнайды? Не себепті?
Супермен. Бала кезімде «Лоис и Кларк» деген телесериал болған. Сондағы Супермен, яғни журналист Кларк Кентқа ғашық едім. Сұлу жігіт еді, көзәйнегі қандай десеңші. Денесі енді… Жігітім сондай болса деп армандайтынмын. Бірақ, сол Суперменнің одан басқа бір фильмі ұнамады, ұнамағанда, селт еткізбеді.

3. МамаЯ-ның (MamaAya ) қысқа уақыттың ішінде осы керекке оп-оңай сіңіп кетуіне не себеп?
Адамдарға позитифф керек. Секс керек. Ал енді әдемі әйел позитифф көңіл-күймен секс туралы жазып отырса, оны өзгелер жақсы қабылдауына кепілдік бар. Бірақ, бұл жерде бір гәп бар. Керекте осы тектес бір кейіпкер болған. Осыдан екі жылдай бұрын. Ол да сұлу келіншек, оның да екі ұлы бар, ол да позитиф, ол да секс туралы еркін жаза береді. Бірақ, ол келіншектің кей сөздерінен отбасы тірлігіне көңілі толмайтыны, еріне ренжулі екені көрініп тұратын. Мамая да тура сондай кейіпкер. Ол келіншек те, тек өзін мақтағандармен жақсы, сәл сын айтқандармен арпылдасып шыға келетін, және қарсыласын тұқырту жолында еш әдіс, тәсілден жиіркенбейтін, ештеңеден қаймықпайтын. Солай, біреуді тұқыртып, біреуді өзіне ғашық қылып жүріп өз эгосын қанағаттандыратын. Кейін кетіп қалды ғой. Жұр оны әлі күнге дейін еске алып отырады. Мамая да сондай кейіпкер.

4. Бала күнгі арманыңыз бен болашаққа құрған жоспарыңыз қандай еді? Бөлісе отырыңыз?
Бала күнгі арман… Оны жазсам, мені бәрі танып қояды.

5. Осы сұрақты Көркемге қойған едім, жап-жақсы көңілді көтеретін жауап алдым. Енді сізге қойып көрмекпін, сіздің ойыңызша керектің ең әдемі аруы мен сымбатты сұлтаны кім?
Мен ештеңе деп жауап бермей көңіліңді көтерейінші, жарай ма? (Ешкімді ренжіткім келмейді)

6. Сіз осы эстафетаның таяғын жеңіп алдыңыз, ең бірінші болып ойыңызға кімді жасыру келер еді?
Нұрберген Мақымды

7. Мен 1-100 аралығындағы бір санды ойладым делік, сізге сол санды табу үшін қанша мүмкіндік керек болар еді?
ЭЭЭЭЭ… егер, әр санды ретімен бірден бастап айтсам, сен қай санды ойласаң, сонша мүмкіндік керек болар еді. Артынан бастап айтсам, сол санды жүзден алып тастағанда қанша қалса, сонша мүмкіндік керек болар еді. Ал басынан бір, аяғынан бір санды айтып отырсам, онда құдай біледі.

8. Қазіргі уақытта керекке не жетіспей тұр?
Ештеңе жетпей тұрған жоқ, бәрі бар.

9. Керекинфодағы сіздің ойыңызша ең мықты тролль?(Сәтекемізден басқа)
Гастарбайтер. Без комментариев.

10. Қаймағы бұзылмас сұрақ: сүйікті әнегіңіз?
Әйелдер ғана жұмыс істейтін бір коллектив екен. Бір күні бір әйел жұмысқа көзі көгеріп келеді. Қасындағылар енді сұрайды ғой, не болды деп. «Таңертең оянып, күйеуімнің әпшуім ұстасам, жұмыртқасы сұп-суық екен. неге суық деп сұрап едім, көзімнің отын жарқ еткізді» депті. Ертесіне тағы бір әйел көзі көгеріп келіпті. «Саған не болды?» «Таңертең оянып, кешегі әңгіме есіме түсіп кетіп, күйеуімнің әпшуін ұстап көрсем, сұп суық екен. „Сенікі де суық па?“ деп едім, көзімнің отын жарқ еткізді». Үшінші күні тағы бір әйел мүлде көгала қойдай болып келеді. «Не болды?» «Таңертең оянғанда, кешегі әңгіме есіме түсіп кетіп, күйеуімдікін ұстап көрсем, сұп-суық. „Бәріңдікі суық бола ма не?“ деп сұрап едім...»

Сәттілік жолдас болмасын сіздерге бұл кісіні жауаптарына қарап оңай табуға болатын секілді. Негізі әр қолданушыдан бір ғана жауап қабылдаймын, мүмкіндігінше неге олай ойлағаныңызды, аргументіңіз бен айғақ-дәлеліңізді(Делхидің стилінде) болмаса әнЧейін жаза салғаныңызды мойындай салыңыз! Жауаптар ертең кешкі 9-00-ге дейін қабылданады  
Бөлісу:

87 пікір

MamaAya
ойлану керек, ойлану,,, бірақ арнайы 1 сұрақтың маған арналғаны туралы оқып, марқайып шаттану ойға мешать етіп тұрғаны, бір білгенім әйел адам!!! Анар ма деп қоям… қысқасы тағы ойланайын...)))
алда мен де жоқ боп кетем, сеземін)))))
Соңғы түзету:
MamaAya
Назгүлге де ұқсайды, бірақ ол Эльвираны жақсы таныса керек!!!
Ispek92
Жеңеше-ау не болд? Бір вариантты айтып, жеңілдеп қалмайсыз ба? Анау болуы мүмкін, мынау болуы мүмкін дегенді санамаймын енД
MamaAya
жоқ, мен алғашқы жауабыма қайта келдім, бұл-Анар, бізбике!!! соңғы әрі нақты жауабым!!!
007
сөз мақамына қарасам Айқаракөз әпке сияқты
Meyirim
Айкаракоз ол Эльвира гой
Meyirim
Менiмше де айел адам.
VKM
Назгүл! Однозначно
dark_nazgul
Эльвира дейін десем, ол андай ұятсыз анекдоттар айтпаса керек… Адназначно, АКҮ.
Adiletshu
Салтаны еске алса АКҮ
dark_nazgul
неге Салта деп ойлайсың?
Adiletshu
Керекте осы тектес бір кейіпкер болған. Осыдан екі жылдай бұрын. Ол да сұлу келіншек, оның да екі ұлы бар, ол да позитиф, ол да секс туралы еркін жаза береді. Бірақ, ол келіншектің кей сөздерінен отбасы тірлігіне көңілі толмайтыны, еріне ренжулі екені көрініп тұратын. Мамая да тура сондай кейіпкер. Ол келіншек те, тек өзін мақтағандармен жақсы, сәл сын айтқандармен арпылдасып шыға келетін, және қарсыласын тұқырту жолында еш әдіс, тәсілден жиіркенбейтін, ештеңеден қаймықпайтын. Солай, біреуді тұқыртып, біреуді өзіне ғашық қылып жүріп өз эгосын қанағаттандыратын. Кейін кетіп қалды ғой. Жұр оны әлі күнге дейін еске алып отырады. Мамая да сондай кейіпкер.
AKY
Кечіна.
Adiletshu
Не үшін, дӨс? Салтаны еске алғаным үшін бе?
AKY
Пензес шығарсың, өзінше жұртты шатастырған түрін
dark_nazgul
жынды шатастырып жібердім, ә?
aikarakoz
Назғұл апым ғо нау
araika
Ая, менің ойымша
MamaAya
жок, Назгуль екен!!! бир жерге пал аша-пал аша, надоел боп кетти, айтшы кайным,!
Соңғы түзету:
Ispek92
Негізі бұл эстафетаның да күні қараң болатын уақыт жетті-ау деймін, бұрынғыдай белсенділік аз деп жылап отырсаң я  қазір айтамын кім екенін, шыдац тұрыңыз
MamaAya
ия, солай болыпты неге екенин!!! айтш болш! мен ак белсендимин ба деп калдым!
Исалек! казахша шрифт калай ауыстырам едим айтжверш билсен плиииз!
Ispek92
Кен браттың жазбаларын тексеріп жібер сол жарде бар. мына жерге жазсам роман бов кетед
Korkem
Мында жасырылған адамның көңіл күйі жоқ шығар, иә?
dark_nazgul
Келесі эстафетаға жақсы сабақ: сенбі күні кешке бастамаңдар
Ispek92
Аса белсенсіздікпен өткен мына жазбаның құпия керекшісі өзіміздің аса мәртебелі dark_nazgul ханым еді, эстафетаның қызығы кетіп, тізесі шығып кетті. Меніңше осымен бұл эфтафетаның түбіне жетіп, жерлей беруге болатын секілді, ары қарай қолдап, қатысқандарыңызға екі мыңда үш жүз рахмет Ал егерде Мәлика ханым өзінен тән емес мейірімділігін танытамын десе пәжәлістә жалғастыра берсін
zholantai
дұрыс эстафета ,үзіліп қалмасын, прості уикэндке түсіп, тұралап қалд, VKM жалғап жібер,
Aldeken
Мен ештеңе деп жауап бермей көңіліңді көтерейінші, жарай ма? (Ешкімді ренжіткім келмейді)
азғын қиялды шарықтатжверетін жауап екен, негізі… )))))))))))))))))))))
dark_nazgul
Енді сізді айтсам, Аршат ренжиді деген сияқты… біреуіңе сүйеніп, біреуіңе сүйкеніп жүрген соң…
MamaAya
 домалағым кеп кетті тағы сіздермен!!!)))
dark_nazgul
Ол үшін алдымен біздермен сіҢісу керек.
MamaAya
сіңе берсеңіздерш жүрм ғой араларыңызда!!!)))) сіңу үшін сол!!!
Соңғы түзету:
dark_nazgul
сіңетін сен, біз тек сіңіреміз.
MamaAya
қалай ұнайды айтсаңыздарш, солай сіңейін!)))
dark_nazgul
маған ұнаған саған ұнамауы мүмкін. мен де бар жерде доминировать еткенді ұнататын едім десе…
MamaAya
Алдекең ұйықтап қалды))))
Aldeken
біз тек сіңіреміз.
не ғо, өзімнің сіңіре алу мүмкіндігіме күмәнданып тұрмын, негізі…
dark_nazgul
стареешь, дружищще…
Aldeken
мен, негізі жыныстық тұрғыдан меңзегем, а так, сіңісуден бас тартағанмын… сәрсенбіге үлгерсең сен де кел…
dark_nazgul
жооооқ, сәрсенбі бізде Сұрапати!
Aldeken
цүнікті, бұл сәрсенбі Арчидің еншісінде, знәшит…
dark_nazgul
бұл сәрсенбі сүйкенетін емес, сүйенетін күн десе
Aldeken
Очм, біз, Шымкенттік келіншекпен беймарал домалай берейік, онда…
dark_nazgul
әй домалай алмайдау сол келіншек…
Aldeken
негізі, менде де домалайды дегенім, сол күні сүйеніп жүре ме деген күдіктің бары рас…
dark_nazgul
сүйкенбесе бопты да
Aldeken
сүйкенгенін жақсы көріп тұрғанымды да жасырмаймын…
Aldeken
ійбәәәәй, бет моншағы үзілгенінен сол…
dark_nazgul
айтпа, Қыз Жібектің моншағындай сау ете қалды.
Aldeken
Екеуміз шымылдықтың ішінде сүйКеніп, моншақ жинаватқанда, шымылдыққа сүйеніп Шегенің ариясын айтыватқан Арчи елестеп кетті…
MamaAya
ия домалағаннан аса алмай тұрқ енді)))
Aldeken
сіңе берсеңіздерш жүрм ғой араларыңызда!!!)))) сіңу үшін сол!!!
мдаааа… өте-мөте батыл «заявление», однако…
dark_nazgul
шошып кеттіңіз бе, Алдеке? әлде вызов принят па?
Aldeken
бұл вызовтан қалай бас тартасың, айтшы, а?
dark_nazgul
 еще біреуге ұқсап тұрса деш)))
Aldeken
оған ұқсамайды-ау, сол…
MamaAya
кімге ұқсайт???
Aldeken
өзіне ұқсайд, басқа кімге ұқсасын, енді? ну, папасы, мамасы не в счет…
Aldeken
сосын отырайық сол,
түсіністік, сыйласты-ы-ы-ы-қ, арада бар қимасты-ы-ы-ы-ы-қ деп әндетіп…
Aldeken
саунаға жү-ү-ү-үр, қалқатай, ең кішкентай лыпаме-е-е-н... десең, ия?
Менің екінші баламның мамасы тілге тиек болғанынан-ақ, сен және гареміңнің өкілдерінің бірі болу мүмкіндігі 80 пайыздан бір шыққан негізі…
dark_nazgul
 ол қайда өзі? Шынымен, сол бір кез оның өміріндегі бір кризис кезең болды дегенмен келісесіз бе?
Aldeken
Төртінші баласын емізіп жүр. кризис кезең дегенмен келісе алмаймын, проста бір кезең болды, қызық кезең, причем… өз сөзі.
dark_nazgul
ай маладес. ондай қызық кезең менде де болған, содан кейін кенжетай туды ғой.
MamaAya
 кеттікс!
Aldeken
адресті жекеге жібердім, Шымкенттен келу уақытыңды есептеп, сәрсенбінің сәтті күніне заказ беріп қойдым.
dark_nazgul
есі дұрыс адам сәрсенбі бара ма екен?
Aldeken
стареешь, дружищще…
Korkem
   осыны айтқым кеп, өзіме тиіп кететін болғасын қойған едім…
dark_nazgul
Мен Эльвира ханымды жақсы танымасам да, ол мені жақсы таниды екен. Мені таңқалдырған — Мәликаның мені соншалықты жақсы білетіндігі.
VKM
Назгүл, егер де виртуал өмірде маған 10 адам керремет ұнайды десем,ішінде сіз (сен ди алмайды екенмін) алдыңғы қатарда тұрасыз. Жазғандарыңызды оқып жүрмін ғой,өміріңіздің өзі бір ерлік. Қыздасыз, анадасыз, мамандасыз, ең жақсысы-қиындыққа бас имей,өмірге әзілмен қарайсыз.Үлгі алуға лайықсыз
P.S.Келесі қолданушыны мен жасырамын. Жұмыстамын,2 сағаттай күтіңдерші
Соңғы түзету:
aikarakoz
Назгүл, мені танымаймыныңыз қалай? Цүмбедім
Aldeken
Назгүл, мені танымаймыныңыз қалай? Цүмбедім
депті Айқаракөз…
«екі сиыр — айран, екі қатын — айран» девед атттттаааам қазззақ, "үш қатын — ваще катастрофа" шығар, ия?
bizbike
Эльвира
Ispek92
Көркем тағы біреуі келД, не істим???
bizbike
Мен ұзақ ашып отырып, бәрінің коментін оқып, жазып едім ғой. Қарасам шешіп қойыпсыңдар. Түзетейін десем, уақыт өтіп кетіпті.
Ispek92
Ренжімеңіз, біздікі сол баяғы орынсыз қалжыңдар ғой